Намысты бермеген балуан қыз

0

Ауданымызда күрестің қазақша күрес, грек-рим күресі, еркін күрес, дзю-до және самбо сияқты жекпе-жек түрлері кең дамыған. Көпшілігі ер балаға ғана тән деп білетін күреске бүгінде нәзік жанды аруларымыз да ықылас қойып жүр.

Жарқын жеңістерге қол жеткізіп, намысты қолдан бермей жүрген аруларымыздың бірі Балғабаева Аяулым. Жас спортшы қыз — 2005  Сарысу ауданы, Ұйым ауылында дүниеге келген. Спорттың ішінде күреске қызығушылығы артқан жас өреніміз түрлі сайыстарда бағын сынап, жүлделі орындарды иеленіп келеді. Мәселен, өткен жылы Қазақ күресінен Тараз қаласында өткен ҚР кубогінде 65 кг салмақта 3 — орынды иеленсе, жуырда Ақтау қаласында өткен ҚР чемпионатында 65 кг салмақта 2 — орынға қол жеткізді.

Сондай — ақ, жақында жауынгерлік Самбодан Ақтау қаласында өткен жастар арасындағы ҚР чемпионатында 1- орынды жеңіп алып, абыройымызды арттырса, Астана қаласында өткен күрестен ҚР чемпионатында қарсылас шақ келтірмей 1 — орынмен марапатталып, Азия чемпионатына жолдама алды. Аяулым бүгінде самбодан спорт шебері әрі Саудакент ауылындағы спорт мектебінің түлегі. Жаттықтырушысы  шәкіртінің әр жетістігіне мақтаныш сезіммен қарайды. \

Спортпен қатар, білімді де қатар алып жүрген болашақ чемпион қазіргі таңда Тараз мемлекеттік университетінің дене шынықтыру және спорт мамандығы бойынша 2 курс білімгері. Ендеше, болашағынан зор үміт күттіретін жас талапқа спортта бағың жана берсін деп тілейміз.

Талаптыѕ

мініп тўлпарын…

Өнер айдынында қанат қағып, шыңдарды бағындырып жүрген аудан жастары еңбектерімен көпке үлгі. Туған жердің мақтаныштарына айналған өнерлі жастар әр қатысқан сайыстарда қоржындары жүлдесіз қайтқан емес.

Жуырда Шымкент қаласында республикалық «Самға самұрық» атты дарынды оқушылар байқауы өткізілген болатын. Аталмыш шараға ауданымыздың атынан қалалық балалар өнер мектебінің 29 оқушысы қатысып,  домбыра, қобыз,  баян, фортепиано аспаптарында жеке орындау, дуэт, трио, квартет, ансамблімен өнерлерін жоғары деңгейде көрсетіп, жеңіспен оралды.

Атап айтқанда, фортепиано аспабы бойынша жетекші А.Кабдрахманованың 4-ші сынып оқушысы Құттыбаева Асел жеке орындаудан сондай — ақ, баян аспабы бойынша жетекші М.Берікованың 1-ші сынып оқушысы Қуатбек Нұрғиса 2 -орынды иеленсе, домбыра аспабы бойынша квартетте жетекші Ж.Тұрарбектің   3-ші сынып оқушылары Сәрсен Нұрислам,  Күнтайлақ Гүлназым, Жұмағұл Айзере мен  Оспанбек Әбілмансұр үздік өнер көрсетіп, бас жүлдені жеңіп алды.

Квартеттің 4-ші,  5-ші сынып оқушылары Сәрсен Әбілмансұр,  Әбжаппар Айша,  Данабек Айша, Әзімхан Бергей және дуэттен 3-ші сынып оқушылары Балтабек Асылай,  Баянды Арнұр 1 — орынды иеленсе, Әжібай Самғат, Мадияр Нұр 2-орынға қол жеткізді.

Жеке орындауда 3-ші сынып оқушысы Омар Сұлтан 1-орынды жеңіп алса, триодан Бейсенбай Рамазан,  Жұпарбек Алихан,  Құрманбек Азамат 2 -орынды иеленді. Дуэттен жетекші М.Нұрханованың оқушылары Нұрлан Аяжан, Дәулет Айым 1 -орынды қанжығаға байлады. Қобыз аспабы бойынша жеке орындауда жетекші Г.Еркебаеваның  5-ші сынып оқушылары Әзімхан Іңкар мен Оралқызы Айша бас жүлдені жеңіп алса, жеке орындауда 3-ші сынып оқушылары Бахадур Дария 2 -орын,  Иманәлі Дильназ 3 -орын, жеке орындауда жетекшілер Г.Абраимова мен Б.Нүсіпбекованың 4-ші сынып оқушысы Құрмаш Айда мен 2-ші сынып оқушысы Рыскелді Ақбаян 2 -орынмен,  3-ші сынып оқушылары Оспанбек Дария, Оспанбек Інжу мен Медет Рабиябегім 1 — орынмен марапатталды. Ансамбльдің жетекшісі Ж.Меирбекованың 3-ші сынып оқушылары Оспанбек Інжу,  Оспанбек  Дария,  Медет Рабиябегім,  Рыскелді Ақбаян жүзден жүйрік шығып бас жүлдені жеңіп алды. Барлық жетекшілерге Құрмет грамотасы берілсе,  мұғалім Ж.Тұрарбек оқушыларды мықты дайындағаны үшін,  12 оқушы дуэт,  квартет те орындауда сапалы өнер көрсеткені үшін ҚР Әділет Министрлігінде тіркелген «Үздік ұстаз»  төсбелгісімен марапатталды. Жеңімпаздарға бағалы сыйлықтар мен арнайы дипломдар тапсырылды.

Аталмыш ұжым байқауға қатынайтын автобусты ұйымдастырып, барып қайтуға зор үлес қосқан мұғалім Ж.Меирбековаға алғыс білдіреді.

 

 

Leave A Reply

Your email address will not be published.