Теңбіл доп шеберлері

0

Ауданымызда спорт саласында спортшы жасөспірімдеріміз спорт түрлерінен халықаралық, облыс, аудан аралық байрақты бәсекеде асығы алшысынан түсіп, ауданымыздың намысын қорғап, жеңіс тұғырынан көрініп жүр.

Жуырда Қарағанды қаласында футзалдан кіші жасөспірімдер арасында VI Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті.
Аталға жарысқа еліміздің түкпір-түкпірінен 16 команда қатысып, бақтарын сынады.
Байрақты бәсекеде Жаңатас спорт мектебінің футболдан жаттықтырушысы Даурен Төлеубаевтың шәкірттері жас футзалшылар қатысып, қарсылас командаларынан басым түсіп 2-орынды иеленіп, күміс жүлдеге қол жеткізді.Чемпионаттың үздік қорғаушысы болып Бөрібай Сұңғат марапатталды.
Ұйымдастырушылар тарапынан арнайы диплом, кубок, медальдармен марапатталды.
Жаңатас спорт мектебінің футболдан жаттықтырушысы Д. Төлеубаев өз сөзінде:
-Теңбіл доп додасында 16 команда бақ сынады.
Турнир жоғарғы деңгейде ұйымдастырылды. Жарысқа қатысушы командалардың жоғарғы деңгейде дайындалып келгені айқын байқалды.
Шәкірттеріме жеңіске жету қиынға түспеді.Командамыз намысқа тырысып, ойын өрнегін көрсетті. Нәтижесінде жеңімпаз атандық. Осындай жарыстарға қатысуымызға қолдау көрсетіп жатқан азаматтарға алғысымыз шексіз. Алдағы байрақты бәсекелерде де топ жарамыз деген сенімдемін,-деді.
Иә, аудан намысын қорғаған жас таланттардың ішінен қазақ футболының намысын қорғайтын таланттардың шығатынына сеніміміз мол.

Сәулет РЫСБЕКҰЛЫ, «Sarysý»

Leave A Reply

Your email address will not be published.