РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ТУРНИР

0

Апта ішінде қаламыздағы спорт кешенінде ауданның Құрметті азаматы, спорт ардагері Тұрар Мысықбаевты еске алуға арналған жасөспірімдер арасындағы грек рим күресінен республикалық турнирдің ашылуы өтті.

Турнирдің ашылуына қатысқан аудан әкімі Сәкен Мамытов құттықтау сөз сөйлеп, Тұрар Мысықбаевтың өнегелі өмір жолы мен еселі еңбектеріне тоқталды. Мұнан соң аудандық алқабилер кеңесінің төрағасы Қалмырза Жандарбек, қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Жұмәлі Орымбаев пен Тұрар Мысықбаевтың қызы Клара Мысықбаева да ізгі тілегін жолдап, салауатты өмір салтын қалыптастыруда спорттың маңыздылығын айтып, жарысқа қатысушыларға сәттілік тіледі.
Республикалық турнирде көршілес Қырғызстан республикасынан және еліміздің Жетісу, Қызылорда, Ақтөбе, Алматы, Түркістан, Жамбыл облыс-тары мен Алматы, Қызылорда, Шымкент қалаларынан 300-ге жуық жас балуандар қатысып, бозкілемде белдесті.
Жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне ұйымдастырушылар тарапынан диплом, медальдар тапсырылды.
Иә, ауданның Құрметті азаматы, спорт және еңбек ардагері Тұрар Мысықбаев талай жастарға үлгі бола білді. Спорт ардагері-үнемі шынығуды басты міндет санаған. Ол кісі Астана қаласында өткен спорт ардагерлерінің спартакиадасына қатысып, 2 шақырым 400 метр қашықтықта жүгіруден озық шығып, спорт ардагері Дәулет Тұрлыхановтың қолынан Құрмет грамотасын алған. 2002 жылы көне қала Тараздың 2000 жылдық тойы өткен кезде 190 шақырым қашықтықты 5 күнде жүгіріп өткен болатын.

«Sarysý»-АҚПАРАТ

Leave A Reply

Your email address will not be published.