АУЫЛ ТҰРҒЫНДАРЫНЫҒ МӘСЕЛЕСІ ТЫҢДАЛДЫ

0

Мемлекет басшысы Қасым – Жомарт Тоқаевтың «Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы»  Жарлығына сәйкес, барлық деңгейдегі әкімдердің 2024 жылға арналған халықпен тұрақты кездесулерінің күнтізбесі бекітілген. 

Осыған орай, аудан әкімі Сәкен Мамытов   Шу бойындағы ынтымағы мен бірлігі жарасқан Қамқалы ауылдық округіне атбасын тіреп,  тұрғындармен кездесіп, ұсыныстарын тыңдады.

Кездесу  жиынға аудан-дық мәслихат төрағасы Шаттық Мұсабеков, аудан-дық мәслихат депутаты,  мекеме, кәсіпорын басшылары, құқық қорғау органдарының өкілдері, ауыл тұрғындары қатысты.

Жайлаукөл ауылында өткен есепті кездесуде Сәкен Үмбетұлы 2023 жылы ауданда атқарылған жұмыстар мен алдағы атқарылатын   жұмыс жоспарлары туралы есебіне баяндама жасады.

Сонымен қатар   аудан көлемінде және шалғайдағы  ауылдардың тыныс –тіршілігіне қатысты  есепті мерзім ішінде жүзеге асқан оң істерге,  мемлекеттік бағдарламалардың орындалу  барысына, сондай-ақ  алдағы міндеттер мен  шешімін күткен түйінді мәселелерге кеңінен тоқталды.

-2023 жылы ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуында оң динамика қалыптасқан. Бірқатар ауқымды жобалар жүзеге асқан. Соның ішінде өткен жылы 245,1 млн. теңгеге Жайлаукөл ауылында 30 келушіге арналған дәрігерлік амбулаторияның құрылысы, 16,5 млн. теңгеге Жайлаукөл ауылдық клуб үйіне ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілген.

2024 жылдың наурыз-сәуір айларында «Ауыл аманаты» жобасы Қамқалы ауылдық округінде де жүзеге асырылады деп күтілуде. Жоба іске асса тұрғындар табысының артуына, өндіріс пен салық көлемінің ұлғаюына оң әсерін тигізетін болады.

Сондай-ақ, биылғы жылы Жайлаукөл ауылындағы шағын футбол алаңын ағымдағы жөндеуден өткізу, ауылдық округтегі үш ауылға бейнебақылау камераларын орнату,  ауылдық округте биотермиялық шұңқыр құрылысын жүр-гізу,  әр елді мекенде бір көшеден орта жөндеу жұмыстарын жүргізу,  Жайлаукөл ауылындағы Ықылас Дүкенұлы ескерт-кішін ағымдағы жөндеу, Шығанақ ауылдық клуб үйіне ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізу жос-парланып отыр. Ауылдық округтегі 12 көшенің 7-уі жарықтандырылған. Қалған 5 көшені жарықтандыруға өтінім беру ауылдық округ әкіміне тапсырылған,-деді.

Есептік кездесуде тұрғындар сөз алып,  округтегі шешуін күткен   интернет, Тоғызкент-Шығанақ, Шығанақ-Қам-қалы бағытындағы жол мәселелерін жеткізді.

Аудан әкімі  бұл мәселелерге байланысты жауап берді.

-Жайлаукөл-Ұланбел аралығында 29 шақырым жол пайдалануға берілген. Оның ішінде, 24 шақырымы 2023 жылы жасалынды, қалған 5 шақырымы осы жылы аяқталады. Сонымен қатар, биыл Қамқалы округінің төлқұжатынан бастап Шағалалы ауылының бұрылысына және Қамқалыға баратын жолдың ойылған жерлерін, ескі асфальттарын турап, грейдермен (катоктармен) тегістеледі.

Жалдың ішіндегі жолдың толық ойылып кеткен жерлеріне қосымша материал төге отырып, грейдермен тегістеліп берілетін болады. Тоғызкент округінен бастап Жалға дейінгі аралықтағы жолға  ағымдағы (ямочный) жөндеу жұмыстары қаралып отыр.

Ал, елді мекендерді сапалы мобильді байланыс және интернетпен қамтамасыз ету мақсатында, аталған елді мекендерде биіктігі 30 метрлік антенна-діңгек құрылысы соғылды. Техникалық құрылыстар жүргізілді.

Бүгінгі таңда, облыс әкімдігінің цифрлық технологиялар басқармасы тарапынан «Кселл» АҚ-на координаталары бойынша зерделеу жұмыстары жүргізу керектігі туралы хат жолданған, жауабы күтілуде.

Қамқалы ауылдық округіндегі 18 мекеме 20 м/биттік деңгейі бар интернет таратушы байланыс мекемесімен келісім-шартқа отыратын болады,-деді.

Одан кейін аудандық мәслихат депутаты Талғат Наханов сөз сөйлеп, ауылдық округтегі барлық мәселелердің тиісті орындарға жеткізіліп отырғандығын, кейбір өзекті мәселелер аудан әкімімен бірлесе атқарылып жатқандығын айтты.

Жиын соңында ауыл  тұрғындары атқарылған жұмыстарға оң бағасын беріп, алдағы жұмыстарға сәттілік тіледі.

Түстен кейін Досбол ауылдық  округіне қарасты клуб үйінде аудан әкімі С.Мамытовтың округ тұрғындарымен кездесу жиынын өткізді.

Аталмыш жиынға аудандық мәслихат төрағасы Шаттық Мұсабеков, сондай-ақ, аудандық құқық қорғау органы,  аудан әкімдігінің бөлімдері мен мекеме басшылары, ауылдық округ тұрғындары қатысты.

Жиынды аудан әкімі С. Мамытов ашып, Күн тәртібіндегі мәселе бойынша «2023 жылдың қорытындысы бойынша атқарған жұмыстары мен алдағы жоспарлары туралы» есебіне баяндама жасады.

— Халқымызда: «Тірлік басқа болса да тілек бір, бармақ басқа болса да білек бір» деген аталы сөз бар. Өткен жыл егемен еліміз үшін түрлі саяси, экономикалық және әлеуметтік жетістіктерге толы болды.Барша тұрғындардың берекелі тірлігінің арқасында ауданның әлеуметтік-экономикалық даму-ының барлық саласында оң динамика қалыптасты.

Атап айтқанда, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда өнеркәсіп — 104,2%-ға, инвестиция — 175,3%-ға, құрылыс — 182,4%-ға, тұрғын үй — 101,2%-ға, ауыл шаруашылығы — 90,0%-ға, бөлшек сауда — 132,2%-ға орындалды.

Ауыл шаруашылығы саласы бойынша өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда ауданда мүйізді ірі қара — 1 850 басқа, жылқы — 1 729 басқа, түйе — 643 басқа, құс — 319 басқа артқан (мүйізді ірі қара — 25 817 басқа, қой-ешкі — 215 810 басқа, жылқы — 10 253 басқа, түйе — 3 372 басқа, құс — 26 873 басқа жетті). Мал шаруашылығы өнімдерінің көлемі де артуда. 2023 жылы өндірілген ет көлемі 4,6%-ға, сүт өнімі 5%-ға артты.  Аудандағы егістік жер көлемі 24 717 га, оның 24 508 алқапта ауыл шаруашылығы дақылдары орналастырылды. Бұл 2022 жылмен салыстырғанда 279,5 га артық.Ауданда барлығы 683 дана ауыл шаруашылығы техникалары тіркелген.

Жайылым жерлерін пайдалану  бойынша барлық ауылдық округтерде жайылымды пайдалану схемасы мен жоспары дайындалып, мәслихатпен бекітілді. Аудан халқын жайылыммен қамтамасыз ету мақсатында атқарылған жұмыстар нәтижесінде елді мекен жерлері 72 470 гектардан 182 470 гектарға ұлғайып, қосымша 110,0 мың гектар жайылым аудандағы елді мекенге бекітіліп берілді. Бүгінгі таңда ауданда жайылым жетіспеушілігі жоқ. 2023 жылы пайдаланылмаған жерлерді қайтару бойынша  белгіленген 31,5 мың гектар жер толық қайтарылып, жоспар 100 пайызға орындалды. Аудандағы суармалы егіс көлемі 3 950 гектар, «Ынталы», «Бүркітті» су қоймаларына жиналған ағын су 16 канал жүйесімен суармалы алқапқа су жеткізілуде. 2023 жылы Бүркітті каналына облыстық бюджеттен  113,8 млн. теңге қаржы бөлініп,  2,0 шақырым ұзындығына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар, облыстық «ҚазСуШар» РМК мекемесі теңгеріміндегі 12 канал аудандық коммуналдық меншікке алынып, аудандық бюджеттен 48,0 млн. теңгеге 10 каналға күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін жобалық сметалық құжаттары әзірленіп, мемлекеттік сараптамадан өтуде.  Аудандағы шабындық жер көлемі 34,0 мың гектар. Талас өзені арнасында орналасқан шабындық жер — 6 508,0 га, облыс әкімі Ербол Шырақпайұлы Талас өзенінің суы Сарысу ауданына жетуін тапсырған, осыған орай жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Шу өзені бойында шабындық жер 13 800 га. Шу арнасымен келе жатқан ағын су Мойынқұм ауданы арқылы 80 м3/сек. өтіп, аудан шекарасына жетуге 13 шақырым қалды,-деп «Ауыл аманаты» пилоттық жобасы, кәсіпкерлік саласы ірі  компаниялар мен инвестициялық жобалар, тұрғын үй бойынша, құрылыс жұмыстары, инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым, елді мекендерді ауыз сумен қамту, автокөлік жолдары, елді мекендерді газдандыру, аудандағы әлеуметтік сала, бюджеттік-инвестициялық жобалар, мобильді байланыс және интернет туралы, жолаушылар тасымалы және жарықтандыру бойынша тоқталып өтті. Кездесуде ауыл тұрғындары  жарыссөзге шықты.

Досбол ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы П. Алтынбеков :

-Сіздердің есептеріңізді тыңдадық. Ауданның көрсеткіштері көңіл қуантады. Есептеріңізді ауыл тұрғындары атынан қанағаттанарлық деп есептейміз. Менің сұрағым: жер мәселесі. Ауылдық округте мал басы санының өсуіне байланыс-ты жайылымдық  жерлер жетіспеушілігі қиындық туғызуда. Ауылдың іргесіне жақын  2 шақырымнан кейін жайылымдық жердің барлығы жеке қожалықтарға өтіп кеткен. Егелері қорып ауыл халқының малын кіргізбейді. «Шах» және «Тоғызкент» ЖШС-не тиесілі ауыл маңын сатып алған шаруа қожалықтардың жерін мемлекет меншігіне қайтарып, ауылдық округ жеріне қосып берулеріңізді сұраймын. Себебі, жоғарыда аталған шаруа қожалықтар жерлерді игеріп жатқан жоқ,-деді.

Одан кейін сөз алған ауыл тұрғыны, зейнеткер Х.Сұлтаналиев:- Кіші Көкдала ауылының жері елді мекен жеріне кірмей, есептік квартал жасалмаған. Сол себепті үйімді заңдастыра алмай отырмын. Осыған ықпал жасасаңыздар, деп өтінішін жеткізді.

Ауыл тұрғыны Б. Иманбеков:- Бүгінгі есепті баяндамаңызбен атқарылған жұмыстарға көңіліміз толды. Жақсы деген бағамызды береміз. Менің сұрағым, ұялы байланыс желісі Үлкен Көкдала, Кіші Көкдала ауылдарында ұялы байланыс тартпайды. Ұялы байланыс желісін және мал тоғытатын тоғытпа(купка) салып берсеңіздер,-деген ұсынысын айтты.

Ауылдың тыныс-тіршілігін толықтай қамтыған жиында шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту мен қолдау мақсатында қолға алынған жұмыстар да қамтылды.

Ауыл тұрғындары аудан әкімінің есепті баяндамасын талқылауда белсенділік танытты. Тұрғындар тарапынан айтылған орынды ұсыныстар, құнды ой-пікірлер ауылдарды көркейтуге бағытталған. Әрі нақты жауаптар қайтарылып отырды. Аудан әкіміне алдағы ел игілігіне арналған жоспарларына сәттілік тіледі.

Аудан әкімі  С. Мамытов  әр сұраққа жауап беріп, ең алдымен  халықтың ұсыныстарын шешуге жұмыс жасалатындығын жеткізді.Сондай-ақ ауылдық округ әкімдігі жиында айтылған пікірлерге іс-шара жоспарын жасап, жұмыстар атқаруды жүзеге асыруды тапсырды.

Сәулет есқараев,

«Sarysý»

Қоғамдық

жиналыс өтті

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 39 бабының талаптарына және аудандық мәслихатының 2018 жылғы 26 маусымдағы № 35-9 шешіміне сәйкес Жаңатас қаласының жергілікті қоғамдастық жиналысын ұйымдастыру мақсатында жақында қалалық әкімдік ғимараттың мәжіліс залында жергілікті қоғамдастық жиналысы өткізілді.

Жиынға қоғамдастықтың сайланған өкілдері, аудандық мәслихат депутаттары, аудандық ардагерлер кеңесінің мүшелері, қоғам белсенділері мен тұрғындар қатысты.

Кездесуде қала әкімі И.Домалақов төрағалық етіп, жүргізіп отырды. Алдымен ашық дауыс беру тәртібімен жиналыс төрағасы мен хатшысын сайлау ұсынысы талқыланып, жиналыс хатшылығына Қыдырәлі Айдар сайланды. Күн тәртібінде үш мәселе қаралды. Алғашқы және екінші мәселе бойынша жергілікті маңызы бар мәселелерді шешуге 2023 жыл басынан  бөлінген бюджет қаражатын және жергілікті өзін-өзі басқарудың кіріс көздерін пайдалануға жүргізілген мониторинг нәтижелері туралы есепті тыңдау және талқылау және 2024 жылғы жергілікті өзін-өзі басқарудың кіріс көздерін қалыптастыру және пайдалану мәселелерін талқылау туралы комиссия мүшесі Атанчаева Ғалия баяндама жасады.

Күн тәртібіндегі үшінші мәселе бойынша қала әкімі И.Домалақов жан-жақты тоқталып өтті. Өз кезегінде қатысушылар көкейлеріндегі сұрақтарын қойып, тиісті жауаптар алды. Ұсыныстар мен сұрақтар толығымен қаралып, бірауыздан мақұлданды. Оның нәтижесі тиісті хаттамамен бекітілді.

Самат Тоқбанов,  «Sarysý»

Ұсыныс-пікірлер

айтылды

Өткен аптада Байқадам ауылдық округі әкімі аппаратының мәжіліс залында   Байқадам ауылдық округі әкімі М.Өксікбаевтың  2023 жылдың қорытындысы бойынша халық алдындағы есеп беру   жиыны өтті.

Жиынға  ауыл тұрғындары, аудандық ардагерлер кеңесінің мүшелері, көше комитеттері, шаруа қожалық төрағалары қатысты. Кездесуде ауылдық округі әкімі        М.Өксікбаевтың  2023 жылдың қорытындысы бойынша атқарылған жұмыстар және 2024 жылдың алдағы міндеттері туралы есебі тыңдалды.  Жиын барысында ауыл тұрғындары ұсыныс-пікірлерін ортаға салды.

Ауыл тұрғыны С.Әбдіхалықов ауылдық округі әкімінің   жұмысына қанағаттанарлық деген бағасын беріп, Саудакент ауылындағы орталық саябақтың  қоршауын қайта жөндеу керектігін айтты. Одан кейін ауыл тұрғыны Н.Есмаханов Саудакент ауылындағы  көше бойындағы талдар көбісі  ескіріп қураған, осыған сәйкес қураған талдарды кесу  және жаңа талдар егу керек екенін жеткізді. Сонымен қатар «Саудакент- 2019» корпоратив жұмысын   жандандыруын және Саудакент ауылында орналасқан ауылдық стадионға жөндеу жұмыстарын жүргізіп, ауыл тұрғындарының пайдалануына берілуі керектігін айтты.

Кездесу барысында Саудакент ауылдық  ардагерлер кеңесінің төрағасы А.Төлмағанбетов  сөз алып, ауылдық аурухана жағдайы сын көтермейтінін жеткізіп, қазіргі таңда білікті дәрігерлер, яғни гинеколог  дәрігері жоқ. Осыны қолға алса деген ұсыныс білдірсе, Саудакент ауылындағы балалар және жасөспірімдер спорт мектебінің директоры М.Әбішов ауылдық округте орналасқан спорт кешені маңынан «street workout» орнатуын сұранды.

Сондай-ақ ауыл тұрғыны Д.Дүйсенбеков  ауыл ішіндегі Абылайхан және Сармолдаев көшелеріндегі қалып кеткен орамдарға асфальт жабындысын төсеп беруді айтса,  зейнеткер Д.Наурызбаев ауылдағы бұрынғы 4 қабатты почта ғимараты бар, басқа да ғимараттарды қайта жаңғыртып, жастар орталығы, арнайы үйірмелер ретінде қайта пайдалануға беруін, Саудакент ауылдық  ауруханасын маңайына түнгі жарықтар орнату және кіре-беріс  жолына асфальт төсеу мәселесін көтерді.

Ауданның Құрметті азаматы А.Досжанова ауылдық округі әкімінің бір жылда атқарған жұмысына қанағаттанарлық деген бағасын берді.

Жиынды қорытындылаған  ауылдық округ әкімі М.Өксікбаев ұсыныстар мен ескертпелерді іске асыру жөнінде арнайы іс-шаралар жасалып, бұл мәселелер алдағы уақытта шешімін табатындығын айтты.

С.рысбекұлы, «Sarysý»

Leave A Reply

Your email address will not be published.