АУДАН ӘКІМІ «ЕВРОХИМ» КОМПАНИЯСЫНДА БОЛДЫ
Өткен аптада аудан әкімі Сәкен Мамытов «ЕвроХим» химиялық кешенінің құрылыс алаңында болып, құрылыс жұмыстарының барысымен танысты.
«ЕвроХим» компаниясында қуаттылығы жылына бір миллион тонна минералды тыңайтқыштар мен өнеркәсіп өнімдерін шығаратын химиялық зауыт салынуда. Қазіргі таңда құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізілуде. Бас мердігер — химия саласындағы жобаларға маманданған «CNCEC» (Chinese National Chemical Engineering Company) ірі қытай құрылыс — инжинирингтік компаниясы. Жұмыс барысында аудан әкімі құрылыс алаңының талапқа сай салынуы барысын бақылап, өңірдің өркендеуі жолында зауыттың маңызды екендігін атап өтті.
«Sarysý-Aqparat»