ЗАҢСЫЗ АҢШЫЛЫҚҚА ЖОЛ ЖОҚ
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Жолдауында мемлекет дамуына тың серпін беретін міндеттерді айқындаумен қатар құқықбұзушылықтың алдын алу мәселелеріне айрықша тоқталды. Осы қатарда браконьерлермен күрес шараларының күшейе түсетіндігін баса айтты.
Осыған орай, үстіміздегі жылдың 31 қаңтары күні бірлескен рейдтік іс-шара кезінде «Сарысу ормандарды және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі» КММ-нің Орман пайдалану инженері Н.Оңалбеков, Түгіскен орманшылығының орманшылық басшысы Б.Түкібаев, орманшы-қорықшылар А.Кентай, А.Сушин Шу-Талас облысаралық бассейндік балық шаруашылық инспекциясының қызметкерлерімен бірге рейдтік іс-шара ұйымдастырылды. Рейд барысында мемлекеттік орман қоры жерінің 17 орамның 5 телімінен Қаратау қаласының азаматы ұсталды, тексеру барысында заңсыз қызыл кітапқа енгізілген сирек кездесетін және құрып кетуге қаупі төнген 1 дана қарақұйрық жануары. 1 дана қоян, 1 дана кекілік құсы және 1 дана аңшы мылтығы тәркіленіп, Сарысу аудандық ІІБ өткізілді. Қазіргі таңда аталған іс 1 дана қарақұйрық жануары. 1 дана қоян, 1 дана кекілік құсы және 1 дана аңшы мылтығы бойынша Сарысу аудандық ІІБ.де сотқа дейінгі қылмыстық іс қозғау бойынша тергеп-тексеру жұмыстары жүргізілуде.
О.Адилханов,
Сарысу ормандарды және
жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі КММ-нің орман қорғау және күзету бас инженері
Адалдыќ-ардыѕ ісі
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы «Жаңатас көпсалалы колледжі» МКҚК – да (әрі қарай Кәсіпорын) Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабының 3-тармағына сәйкес, Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің (сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің) төрағасының 2023 жылғы 31 нау-рызда бекіткен «Квазимемлекеттік сектор субъектілеріндегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметтер туралы Үлгілік ережені» басшылыққа ала отырып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты іске асырудың бірыңғай тәсілін қалыптастыру мақсатында кәсіпорын сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс қызметін жүзеге асыратын осы Ереже әзірленді. Кәсіпорындағы-сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың негізгі принциптерін, сондай-ақ сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және онымен күресу, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың салдарын барынша азайту және (немесе) жоюдың басқарушылық, ұйымдастырушылық негіздерін белгілейді. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саясатының аталған ережелері мүмкін болатын сыбайлас жемқорлық фактілерінің алдын алуға, кәсіпорында сыбайлас жемқорлықты қатаң қабылдамауды қалыптастыруға бағытталған.
- 2. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат – сыбайлас жемқорлыққа қарсы тиімді іс-қимыл жүйесін құруға бағытталған қызмет.
- 3. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мыналар бойынша кәсіпорын лауазымдық тұлғаларының құзыреті аясындағы қызметі:
- 1) сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, соның ішінде сыбайлас жемқорлық себептерін анықтау және кейіннен жою (сыбайлас жемқорлықтың алдын алу);
2) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарын анықтау, алдын алу, бұлтартпау және ашу (сыбайлас жемқорлықпен күрес).
Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында жылдық жоспар жасалынып, бекітілді. Бекітілген жос-пар негізінде студенттердің бойына рухани адамгершілік қасиеттерін ұялату, өскелең ұрпақты адалдыққа, шыншылдыққа баулу мақсатында ашық алаңдар, пікірталастар, кездесулер, акция, флешмобтар, дебат турнирлері, дөңгелек үстелдер өткізілуде.
Н.Түйтебаева, Жаңатас көпсалалы колледжінің директоры
ЎНДЫ ФОРТИФИКАЦИЯЛАУДЫЅ
артықшылығы мен қажеттілігі
Ұнды Қазақстанда фортификациялау халықтың денсаулығы мен еліміздің экономикасын нығайтуға мүмкіндік береді. Фортификация дегеніміз не? Ол ұнды тарту кезінде аз мөлшерде дәрумендер мен минералды (премикс деп аталатын витаминді – минералды кешен) қосу процесі.
Бұл өнімнің сапасы мен қоректілік құндылығын арттыруға мүмкіндік береді. Фортификация процесі кезінде жоғары және бірінші сұрыптағы бір тонна ұнға 150 грамм темір, мырыш қоспалары, фолий қышқылы мен В-тобының дәрумендері қосылады. Қоспа элементтері тағамдық сапаны арттырады, бірақ ұнның органикалық және басқа да қасиеттеріне әсерін тигізбейді және жанама құбылыстарды туғызбайды. Фортификацияланған ұнның сақтау мерзімі – 6 ай.
Соңғы 50 жыл ішінде бұл әдіс кең таралған технологияға айналды, яғни 85 елде ұнды міндетті фортификация-лау туралы заң қабылданды. Бидай әлемде аса өріс алған дәнді егіс, ал ұн – көпшілік тұтынатын аса әмбебап және күнделікті өнім болып табылады. Осы себепте, бидай ұнының жоғары және бірінші сұрыптарын фортификациялау адам ағзасы үшін темір мен дәрумендер тапшылығының орнын толтыру мәселесін шешуде қолайлы, тез және экономикалық жағынан тиімді. Адамның денсаулығына қаупі бар проблемалардың бірі – ол ас үлесіндегі темір мен фолий қышқылы сияқты дәрумендер мен минералдардың жетіспеушілігі болады. Анемияға әкеп соғады. Анемиясы бар әйелдер аз салмақтағы балаларды 30-40 пайыз жиірек босанады, барлық жүрек-қан тамыр, иммундық, эндокриндік, жүйке және басқа ағза мен жүйелер функциялары бұзылады, шала тууға, күтпеген түсік пен өлі тууға, нәрестенің дамуындағы туа біткен ақаулығы бас миының жоқтығы, ми жарығының пайда болуы т.б. әкеп соғады.
Ал, балаларда дене бітімі дамуындағы жетілмеуі, әлсіреген иммунитет, індет пен зиянды экологиялық факторларға тұрақтылықтың нашарлауына әкеледі.
Денсаулықты сақтау мен қалпында ұстау үшін нан, тоқаш өнімдерін дайындау кезінде тек фортификацияланған (дәрумендермен байытылған) ұнды қолдану керек. Сауда жүйелерінде ұн және кондитер өнімдерін сатып алған кезде өнімнің қандай ұннан жасалғаны туралы қызығушылық білдіріп, сұрау керек.
Әр адамның денсаулығы – өз қолында, «Ауырып ем іздегенше – ауырмайтын жол ізде» демекші, фортификацияланған ұнды күнделікті тұтынуды үрдіске айналдыруға мән бергеніңіз жөн.
Н.Байжанова,
ҚР ДСМ СЭБК «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК Жамбыл облысы бойынша филиалының
Сарысу аудандық
бөлімшесінің маманы
Аќиыќ аќын
Жаңатас көпсалалы колледж кітапханасының ұйымдастыруымен ақиық ақын, «Ғасыр ақыны» атанған Мұқағали Мақатаевтың туылғанына 93 жыл толуына орай «Хан-тәңірінің мұзбалағы» атты 1-курс білімгерлерінің қатысуымен жыр кеші өтті.
Кештің мақсаты М.Мақатаев өлеңдері арқылы қазақ әдебиетінен жалынды поэзиялық туындылардың тақырыбы мен ой тереңдерін сараптай білуге үйрету, олардың мәнерлеп оқу қабілеті мен рухани танымдарын кеңейту. Шараны колледж кітапханашысы Сандуғаш Абдирова жүргізіп, «Мұқағали-мәңгілік ғұмыр» бөлімінде ақынның өмірбаянына тоқталып, «Хан-тәңірінің мұзбалағы» атты слайд және М.Мақатаев жайлы 9 дерек видеоролик ретінде көрсетілсе, қазақ тілі және әдебиет пәнінің оқытушысы Рахимова Райхан ақынның шығармаларын, шығарған өлеңдерін, бастан кешкен қиындығы жайлы кеңінен тарқатып айтып берді. «Поэзия жүрек тілі» бөлімінде 07-23 тобының студенттері Нұрпейс Денислам ақынның «Туған елім», Түлкібек Абылай, Асан Мұхаммедали 11-23 тобының студенті Болатхан Жанерке «Тарту», 04-21 тобының студенттері Боранбаева Арайлым «Арыз жазып кетейін», «Шыда», Асқар Назгүл «Аққулар ұйықтағанда» поэмасы мен «Үш бақытым» өлеңдерін жатқа айтып берді. Кеш соңында директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ақнұр Қойлыбекова шараға қатысқан студенттерге алғыс айтып, марапаттап, алда болатын көпшілік іс-шараларға белсене атсалысуға шақырды.
«Sarysý-Aqparat»
Гендірлік теѕдік-берік отбасы
Дүние жүзіндегі миллиондаған әйелдер мен ер адамдар нәсіл немесе жыныс, жыныстық бағдар, гендерлік сәйкестік, саяси немесе басқа пікірлердің себебінен, мүгедектікке, этникалық шығу тегіне, байырғы халыққа немесе тайпаға жататындығына, дініне байланысты белгілі бір қызметпен айналысуға мәжбүрленіп, білім алу және жұмысқа орналасу мүмкіндіктерінен айырылған.
Әйелдер, этникалық немесе нәсілдік азшылықтар және мигранттар сияқты халықтың жекелеген санаттарына қатысты еңбек нарығындағы кемсітушілік олардың қанау мен зорлық – зомбылық, оның ішінде мәжбүрлі еңбек түріндегі қауіп – қатерге ұшырауын айтарлықтай арттырды. Көбінесе кемсітушілік өзінің көптеген көріністеріне қарамастан адамдардың қадір-қасиетіне нұқсан келтіріп, болашақтан айыратын көзге көрінбейтін, жасырын түрлерге ие болады. Бұл олардың жұмыста өз пікірін білдіру және оған толық қатысу мүмкіндігінен айырады. Кемсітушілік адам әлеуетін тұңшықтырады, экономикалық прогреске қажетті таланттарды босқа жұмсайды, әлеуметтік шиеленіс пен теңсіздікті күшейтеді. Бұл сондай-ақ әлеуметтік оқшауланудың және кедейліктің негізгі себебі болып табылады. Кемсітушіліктен бостандық – жұмысшыларға жұмыс орнын еркін таңдауға, өз әлеуетін толық дамытуға және еңбегі үшін лайықты жалақы алуға қажетті негізгі адам құқықтарының бірі. Қазақстанның гендерлік саясаты да, әртүрлі атаумен, әртүрлі шарықтау, іркілістерімен, осындай заңдылықтар аясында қалыптасты.
Қазір Қазақстан – адам құқықтары бойынша, соның ішінде жыныстар арасында теңдікті қамтамасыз етуге және әйелдер мен балаларды қорғауға бағытталған бірқатар маңызды шарттар мен конвенцияларға қатысушы. Осы бағытта заң қабылданып, мемлекет тарапынан тиісті шаралар әзірленді. Мәселен, Президент жанындағы әйелдер мүддесін көздейтін, мемлекеттік органдар мен халықаралық және үкіметтік емес ұйымдар арасын байланыстыратын Әйелдер істері және отбасылық – демографиялық саясат жөніндегі Ұлттық комиссия 22 жыл бойы толассыз жұмыс істеп келеді.
Президент Қ.Тоқаевпен жүргізіліп отырған гендерлік саясатқа сәйкес, қазақстандық даму жағдайында еліміздегі әйелдер қауымына саяси және белсенді азаматтық ұстаным тұрғысынан барынша басымдық беріліп келеді.
Заманауи әлемде мемлекеттік қызметте, жеке кәсіпкерлікте болсын, әскери істе, ғылымда және өзге де өмірлік маңызды салаларда болсын әйелдердің орны айырықша екені белгілі. Гендерлік бағытта кадрлық саясат жүргізіліп жатқанын, мемлекеттік қызметтің барлық деңгейде жұмысқа орналасу және қызмет бабымен көтерілу үшін тең мүмкіндіктер жасалғанын, әйелдердің еңбек құқықтарын қорғау қамтамасыз етілгенін, қандай да бір кемсітушілік пен кедергілерге жол бермеу үшін іс-шаралар қолға алынғанын атап өту керек. Бүгінгі таңда әйелдер жоғары шешім қабылдау жұмыстарына түгел араласып жүр. Жалпы, қазіргі кезде қоғамның барлық саласындағы жұмыстарға әйелдердің араласуы үйреншікті жағдайға айналған. Бірақ қашаннан шаңырақтағы жылулықтың ұйытқысы болып келген әйел затының үй ішіндегі орны лайықты бағаланбай, кемсітуге тап келетін жағдайлар да кездеседі. Қазақстан 2030 жылға дейінгі отбасылық және гендерлік саясат тұжырымдамасының негізгі мақсатының бірі – осы әйелдің мәртебесін көтеру арқылы отбасы құндылығын арттыру.
Адам капиталын дамытуға ерекше мән беріп отырған елімізде әйел теңдігі мәселесі маңызды болып тұр. Бір қолымен бесікті, бір қолымен әлемді тербетіп, айналасын үйлестіріп, жарастырып отырған әйелдің өзіне тең дәрежеде, зор құрметпен қараған абзал.
М. Үркімбаев, аудандық соттың төрағасы