Бірлікке бастар игі іс

0

Қарымы қатты қыс түсіп, қар жауғанда ел әбігерге түсетіні анық. Жаяу жүргіншілер жолы қарға толып, жүруді қиындатады. Биылғы қыс қыңыр мінезін тағы да танытты.

3 — шағын аудан, 7- үйдің маңынан көтеріле берген тұста тұрғындарға арналған баспалдақ бар. Бұл баспалдақ жаяу жүргіншілер үшін негізгі күретамыр жол іспеттес. Адам аяғы үзілмейтін баспалдақ желдің өтінде орналасуына байланысты қыс түскенде қарға көміліп қалады. Жалпы жаяу жүргіншілер жолын қардан ашып, мұзды оюда қоғамдық жұмысшылар таңнан кешке дейін екі қолға  күректі  алып, білек сыбана кірісіп жатыр. Осындайда қаламыздың ерікті жастары ұйымшылдық танытып, сауапты істі жасауда жарысып келеді. 3 шағын ауданның 7, 37,38 тұрғын үйдің жастары баспалдақты қардан ашуда жұмыла жұмыс атқарып жүр. Олар әр сәтте баспалдақтың қарын күреп, мұзын ойып, тұрғындардың емін-еркін жүруіне барынша жағдай жасап келеді. Кішкентай ғана сауапты істе қаншама алғыс жатыр. «Сауапты істесең жауапты іздеме» дегендей, ерікті жастар істердің жасырын болғанын қалайды. Дегенмен басқаларға үлгі болсын деген ниетпен газетімізге жариялауды жөн көрдік.

Өз сөзінде 3-шағын аудан 37 — үйдің тұрғыны Ербол Сағатұлы:

— Халық көп жүретін бұл жаяу жүргіншілер жолын қардан жиі тазалап тұрамыз. Бұл біздің бірлігіміздің бастамасы. Көршілер болып бірігіп осындай сауапты істерді жасау бізге шексіз қуаныш сыйлайды, — деп, жүрек жарды сөзін жеткізді. Бұл таудай алғысы бар іске тамшыдай үлесін қосып жүрген бірлігі мол жастардың игілікті ісінің бір көрінісі ғана.

Leave A Reply

Your email address will not be published.