Топ жарған балуандар

0

Жуырда Жуалы ауданында дзюдодан жасөспірімдер арасында «Жуалы Жұлдыздары» атты республикалық ашық турнир өтті.

Жарысқа көршілес  Өзбекстан, Қырғыстан Республикаларынан және еліміздің Ақтөбе, Астана, Семей, Шымкент, Түркістан, Тараз қалаларынан, Қордай , Шу, Меркі, Т. Рысқұлов, Байзақ, Жамбыл, Талас, Сарысу, Жуалы аудандарынан жалпы 550 спортшылар бақтарын сынады.

Бұл жарысқа Жайылма ауылындағы Бөрібек Тоғызақбаев атындағы спорт мектебінің жаттықтырушысы Манарбек Тоғымановтың шәкірттері қатысып,  жүлделі орындарынан көрінді.  Атап айтар болсақ.  46 келі салмақта Тұрар Нұрасыл  3-орынды,44 келі салмақта Ескендір Балауса  2-орындардан көрінді.

Б.Тоғызақбаев атындағы спорт мектебінің спортшы жастарын аталмыш жарысқа  баруына қаржылай демеушілік көрсеткен Жайылма ауылының азаматы Балықбаев Қуанышқа спорт мектебінің ұжымы,  спортшы жасөспірімдердің алғысы шексіз.

«Sarysý-Aqparat»

Leave A Reply

Your email address will not be published.