ҚОС ІШЕКТІ КҮМБІРЛЕТКЕН ЖАС ӨРЕН

0

Сарысу жері — өнердің ордасы. Солардың бір сыпырасы өнер мектептерінде білім алуда. Бүгінде қазақтың киелі қара домбырасын жастайынан жанына серік еткен.

Жаңатас қалалық өнер мектебінің оқушысы Сәрсен Нұрислам Әлиұлы жас таланттардың бірі.
Нұрислам болашағынан үлкен үміт күттіретін ерекше оқушы десек те болады. Ол 4-сынып оқып жүргенде домбыра аспабына қызығушылығы оянып, содан бері Тұрарбек Жұлдыз Тұрарбекқызынан дәріс алады. «Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға» — демекші, білікті ұстаз қаршадай Нұрисламның қанат қағуына септігін тигізді.
Қаршадайынан қасиетті домбыраның қадірін ұғынып, өнер жолында өресі биік ұстаздан білім алған ол халықаралық, республикалық, аймақтық додаларда топ жарды. Оның ішінде республикалық «Күй – құдіретті әуез» атты байқаудан 2 – ші орын, облыстық «Русская мозайка» байқауының гран при иегері.
Сәрсенбай Нұрислам сияқты таланттылар тұрғанда біздің күй халқымен мәңгі бірге жасап, ғасырдан-ғасырға ұзақ ғұмыр кешпек.

Аяжан КӨБЕЙ, М. Х. Дулати атындағы Тараз университетінің 2 — курс студенті

Leave A Reply

Your email address will not be published.