ӘСКЕРГЕ БАРУ-АЗАМАТТЫҢ БОРЫШЫ

0

«Әскерге бару- азаматтың борышы» тақырыбында  Түгіскен орта мектебінде 9,10,11 сыныптың  ұлдары Тоғызкент ауылдық округі әкімі аппаратының әскери есеп маманы А.Баймаханбетова мен Жаңатас қаласының Қорғаныс істері жөніндегі әскерге шақыру және әскерден тыс біріктірілген бөлімі жұмыс тобының басшысы, аға сержант Азимбек Нұралиевпен  кездесу өткізді.

Жиын барысында аға сержант Азимбек Нұралиев:-Бүгінгі күні Қарулы Күштерді дамытуды анықтаушы үрдіс олардың кәсіпқойлықтары болып табылады. Кәсіби армияны құру жауынгерлік қабілеттілікті, армия беделін арттыру мүддесінде ғана емес, әскерлерде тәртіпті күшейту, қоғам мен армия арасындағы белгілі бір негативті жою тұрғысында да өзекті болып табылады.

Жоспарлы жұмыстардың нәтижесінде қазіргі уақытта Қазақстанда кәсіби дайындалған армия құрылды. Қазақстан Қарулы Күштерінде әскери қызметтің маңыздылығын насихаттауды, жастардың Отанды  қорғау қажеттілігі туралы дұрыс түсінігін қалыптастыруды мақсат еткен. Жастардың бойында адалдық, аға ұрпаққа құрмет, батылдық, Отанға және өз халқына деген сүйіспеншілік және моральдық психологиялық қасиеттерді сіңіріп, салауатты өмір-салтына оң көзқарасты қалыптастырып, жауынгерлік рухты көтеруді көздеді. Сонымен қатар, мерзімді әскери қызметті өткерген және өзін жақсы жағынан көрсеткен Қазақстан Республикасының Жоғары оқу орындарында тегін оқу мүмкіншілігі бар.

Сондай-ақ жүректілікті бойына жиып, Отан алдындағы борышты әр азамат өтеуге тиіс. Себебі, бойын тік ұстап, әскери қызметті өтеп жүрген ағалары үлгі. Өз елінің патриоты болу кез келгенге бұйыра бермейтін бақыт екенін де естен шығармаған жөн,-деп Отан қорғауға қабілетті, өз елінің патриоты болуға шақырды.

Отан алдында борышын өтеу әр азаматтың парызы екені, әскер қатарына барып келген азаматтарға, сонымен қатар әскери қызметтің пайдасы, жеңілдіктері туралы түсіндірді.

Кездесу соңында оқушылар көкейлеріндегі жүрген сұрақтарын қойып, тиісті жауаптар алды.

Сәулет есқараев, «Sarysý»

Leave A Reply

Your email address will not be published.