Талантты шәкірт-аудан мақтанышы

0

Киелі құтты мекен Сарысу жерінен небір талантты тұлғалар шыққан киелі жер. Тұлғалардың ізін жалғастырып келе жатқан жас таланттылар өнерімен көзге түсіп, түрлі байқауларда жүлдегер атанып келеді.

Ауданымыздағы Жаңатас қалалық өнер мектебінің 4-сынып оқушысы Бекет Інжу Рауанқызының 50-ден аса өнер туындысы бар. 3 жасынан бастап сурет салуға қызыққан талантты шәкірт 5-сыныптан бастап аудандық Жаңатас қалалық өнер мектебі бейнелеу өнер сәндік қолданбалы өнер бөліміндегі сурет үйірмесіне барады.
– Кішкентай кезімнен сурет салуға қызықтым. Сурет өнері – өнер атаулының ішіндегі асыл қазынасы деп білемін. Сурет салғанда халқымыздың ұлттық дүниетанымына назар аударамын. Бұл өнер түрі жеке тұлға ретінде қалыптасуына мол септігін тигізеді. Жалпы болашақта архитектор болғым келеді. Осы салада еліміздің дамуына үлес қосу басты мақсатым, – дейді жас суретші.
Жас таланттың жетістіктерге жетуіне жетекшісінің де қосып отырған үлесі зор.
Хусайнова Айқанат жетекшілігімен жас суретші бірнеше байқауларда топ жарып, облыстық «Русская Мозайка» байқауында 2-орынды иеленсе, республикалық «Ғарыш әлемі» байқауында 1-орынға қол жеткізді.
Өнерге деген сүйіспеншілігі мен талабының арқасында Інжу бүгінде аудан мақтанышына айналып отыр. Осындай дарынды жастардың жетістігі – аудан өнерінің өрісін кеңейтіп, болашаққа деген үмітті арттырады.

Арайлым БАТЫРҚЫЗЫ, М. Х. Дулати атындағы Тараз университетінің 1 — курс студенті

Leave A Reply

Your email address will not be published.