ТҰРҒЫНДАР ҚУАНЫШЫ
Жылдар санап уақыттың биігінде жаңа белестерді бағындырып, бірлік пен береке жарасым тапқан шақта ауданымыз тоқырау кезеңдерді артта қалдырып, жаңа бағытқа жол бастап келеді.
Қаламыздағы бос тұрған үйлер қайта қалпына келтіріліп, тұрғын үй кезегінде тұрған жандарға беріліп, қоныс той құтты тойға ұласып жатыр. Еліміздің басты мерекесі — Тәуелсіздік күнінде тұрғын үй – коммуналдық инфрақұрылымды дамытудың 2026 жылға дейінгі тұжы-рымдамасы аясында Жаңатаста 1-шағынаудан. №44 жаңа үйдің кілті тапсырылды.
Игілікті шараға аудан әкімі С.Мамытов қатысып, ашылу салтанатында сөз сөйлеп, жаңа пәтер иелерін Тәуелсіздік күні қарсаңындағы қуаныштарымен шын жүректен құттықтады. Көптен күткен пәтерлеріне қол жеткізген тұрғындардың атынан Роза Танабаева сөз сөйлеп, аналық ақ алғысын білдірді. Бұдан соң аудан әкімі 6 баланың әкесі Ғалымжан Байжомартовтың шаңырағына кіріп, ақ дастарханнан дәм татып, мерекемен құт-тықтады. Биыл аудан жұртшылығының игілігі үшін бірқатар нысандар ашылып, ауданымыздың әлеуметтік жағдайы артып келеді. Жаңатас қаласында жылдан-жылға қайта жаңғыртылған көпқабатты үйлердің кілті тапсырылып, аудан жұртшылығын зор қуанышқа бөлеп, өз сәнімен қаламыздың көркін кіргізіп, көңілімізді қуантып тұрғаны анық. Бұл үй көпбалалы жанұя мен әлеуметтік тұрғыдан аз қамтамасыз етілген отбасыларға пайдалануға беріліп отыр.
Самат Тоқбанов, «Sarysý»