ТӘУЕЛСІЗДІК-ТАРИХ ТҰЛПАРЫНЫҢ ҚОС ТІЗГІНІ
Ұлттық болмысты анықтайтын Тәуелсіздікке қол жеткізу үшін ата-бабамыз талай қиындықтарды басынан өткерді. Аттың жалында, түйенің қомында жүріп, біздерге бейбіт өмірді орнатып берді.
Ұрпақты Отансүйгіштік қасиет әркезде де қастерлеуге тұратын қасиеттердің бірі. Осы ұғым біздің үлкен құндылығымыз болуы керек. Отаншыл болу – ең алдымен өткенді білу. Тарих толқынында талай нәубетті бастан кешірген еліміздің аңсаған Тәуелсіздікке жетіп, егеменді ел болғанымызға 32 жыл толып отыр. Айтулы мерекеге орай, қаламыздағы «Еңбек Ерлері» аллеясындағы «Тәуелсіздік» монументіне гүл қою рәсімі өтті. Шараға аудан әкімі С.Мамытов, аудандық мәслихат төрағасы Ш.Мұсабеков, аудандық ардагерлер кеңесі, мекеме, кәсіпорын қызметкерлері, аудан тұрғындары қатысты.
Жиналғандар Тәуелсіздікке қол жеткізуде жанын қиған азаматтарды бір минут үнсіздікпен еске алып, «Тәуелсіздік» монументіне гүл шоқтарын қойып, тағзым етті.
АЌТОЄАЙ ауылында «Асар» жобасы аясында ЇЙ БЕРІЛДІ
Асар-қазақтың ежелгі дәстүрі, оның басты мақсаты-қиын жағдайға тап болған жақынына көмектесу. Бұл игі дәстүр ауданымызда қайта жаңғырып, мұқтаж отбасыларға арнап үйлер салып беруде.
Ақтоғай ауылында «Асар» жобасы аясында осы ауылдың тұрғыны Ермек Дүйсеновтің баспанасы қайта күрделі жөндеуден өтіп, пайдалануға берілді.
Шарада Жаңаарық ауылдық округінің әкімі Қуандық Алдабергенов, Ақтоғай ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы Шәді Салықбаев сөз сөйлеп, ауыл тұрғындарын игілікті шарамен құттықтады. Асарлатқан ағайынға алғыстарын білдіріп, бұл шара тек үй салып немесе жөндеп беру ғана емес, ауылдағы ағайынның бірлігі мен ынтымағының, татулығының көрінісі екендігіне тоқталды.
Одан кейін «Асарлатып үй салу» жобасы арқылы баспана қуанышына ие болған үй иесі Ермек Дүйсенов сөз алып, осындай істі қолға алып, бастамашыл болған аудан, ауыл басшыларына, қол ұшын созған ауылдастарына ризашылығын білдірді.
Бірлік пен өзара қайырымдылыққа негізделген ата-бабаларымыздың ізгі дәстүрлері халқымыздың ең жақсы қасиетінің бірі әрі негізі болып қала бермек.
Сәулет ЕСҚАРАЕВ, «Sarysý»
Туған жердің туын көтерген қаламгер
Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі,
жазушы Дулат Шалқарбаев қазақ әдебиетінің қабырғалы қаламгерлерінің
бірі болды.
1923 жылы өмір есігін ашқан Дулат аға барлық саналы ғұмырын туған жерге арнады. Еңбек жолын 1941 жылы есеп-санақ мекемесінде инспектор болып бастаған ағамыз 1953 жылға дейін аудандық астық дайындау мекемесінде есепші, агент, қызыл отау меңгерушісі, аудандық атқару комитетінде инспектор болып қызмет етті. Бұдан кейін, зейнетке шыққанға дейін ширек ғасырдан астам уақыт аудандық, облыстық газеттерде, кәсіптік білім беру және мәдениет салаларында абыройлы қызметтер атқарды. Еңбек ете жүріп, көркем шығармашылықпен де үзбей шұғылданды.
Жиырмадан аса поэзиялық және прозалық кітаптың, бірнеше пьесаның, балаларға арналған туындылардың авторы. Жазушының қазақ ұлтазаттық қозғалысы жайындағы «Кенесары мен Мыңжасар» поэмасы, тарихтағы «ақтаңдақтарды» жоюға үлес қосатын «Ақиықтар» деген танымдық кітабы және ауылдастарының 20–30-шы жылдарда бастан кешкен қилы тағдырын көрсететін «Дүрбелең» атты тарихи романы жарық көрді.
Дулат Шалқарбаев аудандық газетте істеп жүрген кездерінде белгілі жазушылар Илья Жақанов, Бейбіт Қойшыбаев, Берік Шаханов, Пернебай Дүйсенбин т.б азаматтардың шығармашылық жолына айтарлықтай ықпал жасаған қаламгер.
30-шы жылдардың ортасында ауданның айтулы азаматы, жазушы Балтабай Адамбаев ашқан, 14 жасынан бастап өзі қатысқан үйірме «Толқын» шығармашылық бірлестігінің жұмысын жүргізуге өмірінің соңына дейін атсалысты. Осы бірлестік арқылы талай шығармашыл жастарға қолдау білдірді, бағыт-бағдар берді. Жас толқындар жиі бас қосатын. Дүкеңнен кейін бұл бірлестіктің жұмысы көрінбей қалды.
….Үйдегі ескі газеттерді ақтарып отырып, аудандық «Sarysý» газетінің 2008 жылғы 27 қыркүйек күнгі жарық көрген санын тауып алдым. Ақтарып қарасам, Қазақстан халықтары тілдерінің онкүндігіне байланысты «Қазақстанның болашағы-қазақ тілінде» атты «дөңгелек үстел» жиынын өткізгеніміз туралы аудандық газеттің тілшісі Асхат Райқұл шағын материал жариялапты. Жиынды мен ашып, жүргізгенмін. Ол кезде мен «Сарысу жастары» мекемесінің директоры қызметінде болатынмын. Осы жиынға жазушы Дулат Шалқарбаев ағамыз да қатысып, ата-бабадан мұра болып қалған ана тілдің қадір-қасиеті, бүгіні мен ертеңі туралы әңгімеледі. Жиынды сол кездегі аудан әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің бастығы Тоқсанбаева Мағия апай қорытындылап, жазушы ағамыздың 85 жасқа толған туған күнімен құттықтап, жастар атынан сый-сияпат жасадық. Міне, содан бері 15 жыл өте шығыпты.
«Қазір Жазушылар Одағында ең үлкені болып Әбдіжәміл Нұрпейісов бар, бір-екі ғана жазушы қалдық. Келесі жылы 90 жасымды аудан болып, дүркіретіп атап өтетін шығарсыңдар» деп, жүретін жазушы ағамыз. Бірақ, оны көре алмады. 2012 жылы 89 жасында бақилыққа аттанды.
Дулат аға аудан өміріне белсене араласты. Көптеген мәселелерді көтерді. Жақсы бастамаларға ұйытқы болды. Тіпті, қайтыс боларынан шамалы күн бұрын аудандық мәдениет үйінде жастар театрын ұйымдастырып, театрдың ашылуын өткізіп, қойылымдар сахналатты. Ізденімпаз, өмір ағысына тез бейімделуге тырысатын Дулат аға шаршауды білмейтін. Аудан көлемінде өткізілетін ауқымды шараларды қоспағанда, аудан жастарының, мәдениет, білім салаларындағы өткізіліп жатқан шаралардың бәріне қатысуға тырысатын. Ел руханиятының жоқтаушысы болды. Кейінгі кезде жастардың кітап оқуға қызықпайтындығына налитын.
Алғаш мен жастар мекемесіне директор болып келгенде бізге, ішкі саясат бөліміне жиі келіп, ақыл-кеңесін айтып, өткізетін іс-шараларымызға бағыт-бағдар беріп кететін. Өзінің біраз қолжазбаларын компьютерге тергізетін.
Сексеннің ортасынан асқан кезде Дулат аға компьютер үйренуге ден қойды. Апта сайын мен үйіне барып, компьютерде жұмыс жасауды үйретіп жүрдім. Қойын дәптеріне компьютерді қосу, құжатты ашу, әріптерді теру, жазған тексті үлкейту, кішірейту, жылжыту, көшіру т.б көптеген компьютерде жұмыс жасаудың функцияларын жазып алып, соны ерінбей жаттап, әрі күнделікті тәжірибе жүзінде жасап отыратын. Кейінгі жазбаларын үйде отырып компьютерге өзі терді. Анда-санда іздеп хабарлассақ, «үйдемін, компьютер жазып отырмын» деп қоятын.
Дулат аға туған жерінің туын көтерген жазушы. Ол туған елі, туған жері Сарысуын өте жақсы көрді. Аудан тарихын түгендеуге, жинақтауға үлкен үлес қосты. Аудан шежіресі туралы көпшілікке беймәлім деректерді, аты аңыз боп кеткен әйгілі Қарабура әулиенің өмір тарихы, ұлы қобызшы, сазгер Ықылас Дүкенұлы, Арқа төсінде, оңтүстік өңірде солармен серіктесіп, қоян-қолтық өмір сүрген ел ағалары, ауданның құрылуына, дамуына атсалысқандар, қатардағы азаматтар жөнінде естеліктерді жазды.
Өз заманындағы елдің айтулы тұлғасы, қайраткер Шоқай датқа бабаның 200 жылдығында «Шоқай датқа және Құдияр хан» атты көп көріністі драмалық пьеса жазып, қайраткер тұлғаның бейнесін елімен қайта қауыштырды.
Ауданның сол кездегі редакторы Төкен Мақашевпен бірге аудан тарихын түгендеп, ел аузындағы естеліктерді, аудан тарихына қатысты құнды дүниелерді жинақтағаны туралы өзі де айтып отыратын.
Ардагер журналист, Сарысу ауданының Құрметті азаматы Бергентай Нұрмаханұлы ағамыз өзінің Дулат аға туралы естелігінде «Дүкең бір кітабы жарық көрісімен табан астынан жазушы болып, артынып, тартынып, Алматыға көтеріліп көшіп жататындардың тобын толтырған жоқ. Француздар айтпақшы: Ақындар қыстақта туып Парижде өледі деген санға кірмеді. Мүмкіндігі болса да, қасиетті құт мекенін, Сарысуын қимайтын. Топырақ та туған жерден бұйырды», — деп дәл көрсеткен.
Қандай оймен жазғаны белгісіз, 2009 жылы облысымызға белгілі бір журналистің «Дала мен қала» газетінің 20 қазандағы санында «Сарысу… сенде не сыр бар?» деген мақаласын жариялағанда да, «Сырын білмеген аттың сыртынан жүрме» деген ауданның арғы-бергі тарихын қозғай отырып жазған тегеурінді мақаласымен тойтарыс берген де Дүкең болатын.
Дулат аға «Сарысу құт қонған жер, қасиетті, киелі мекен. Киелі жерге кім болса да құрметпен қарау керек» деп жиі айтатын.
Биыл туғанына 100 жыл толып отырған қаламгер ағаны еске ала отырып, бұл естелігімді жазушының «Сарысу жері – киелі» атты өлеңінің үзіндісімен аяқтағанды жөн көрдім.
Жері жайсаң қырмызы,
Қазақтың жарық жұлдызы –
Өріп-өскен ұл-қызы.
Сарысу жері – киелі,
Сарысу елі – күй елі.
Босамайтын ешқашан,
Домбыраның тиегі.
Даттаса кім Сарысуды,
Киесі келіп тиеді.
Сондықтан Сарысу киелі!
Мұнда келсе алыптар,
Топырағын сүйеді,
Бабамның жатқан сүйегі.
Сарысу ән мен күй елі,
Сондықтан Сарысу киелі!
Басыңды іи, жұртым, басыңды іи!
Басыңда болса ақыл ми!
Басыңды іи!, Басыңды іи!
Асан Тілемісов, Сарысу ауданы
ЖАҢА КӘСІПКЕРЛІК НЫСАН АШЫЛДЫ
Кәсіпкерлік-ел экономикасының негізгі қозғаушы күші. Мемлекет тарапынан қабылданған түрлі бағдарламалар мен мемлекеттік қолдаудың арқасында ауданымызда шағын және орта бизнес қарқынды дамып келе жатыр.
Мереке қарсаңында Тоғызкент ауылында «Шыңғысхан» көлік жуу орталығы салтанатты түрде ашылды.
Салтанатты шараға аудан әкімінің орынбасары Қайрат Аманов қатысып, ауыл тұрғындарын мерекемен және жаңа кәсіпкерлік нысанның ашылуымен құттықтады. Аудан экономикасының дамуында шағын және орта бизнестің алар орнының маңыздылығын айтып, жаңа кәсіпкерлік нысанның ел игілігіне қызмет етуіне тілектестігін білдірді.
Бұдан кейін сөз сөйлеген ауыл қариясы Берік Абдималиков, Досбол ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы Пернебек Алтынбеков, жеке кәсіпкер Сейдмұхаммед Абдималиков ауыл тұрғындарын игілікті шарамен құттықтап, ізгі тілегін жеткізді.
Айта кетейік осы ауылдың тұрғыны, жеке кәсіпкер Жұманәлі Көкішов 9 млн. теңгеге жаңа көлік жуу орталығын салып, ел игілігіне берді. Енді ауыл тұрғындары 45 шақырым жердегі аудан орталығына бармай-ақ көліктерін осы орталыққа алып келіп, тазалық жұмыстарын жүргізе бермек. Жаңа нысан ауыл ажарын аша түскендей.
Иә, Тоғызкент ауылында биылғы жылы ауқымды істер атқарылып, халықтың ұсыныс-пікірлері кезең-кезең бойынша орындалып жатыр.
С.ЕСҚАРАЕВ, «Sarysý»
Тәуелсіздіктің тағылымды тарихы
Тәуелсіздік-қасиетті,киелі ұғым.Ол ата-бабаларымыздың сан ғасырлар бойы аңсаған арманы,үміті мен сенімі.Ол-азаттықтың алтын арқауы,елдігіміздің мызғымас тұғыры.Тәуелсіздік таңбасы таста,қаны қара жердің тамырында жатқан құдіретті сөз.
Саудакент ауылдық кітапхана қыз-меткерлерінің ұйымдастыруымен Б.Қашқынбаев атындағы орта мектебінде 11-сынып оқушыларының қатысуымен «Тәуелсіздіктің тағылымды тарихы» атты тарихи кеш болып өтті. Кітапхана қызметкерлері Қазақстан Республикасы Тәуелсіздік күнінің-тарихы тереңде жатқанын, елдің жаңа заманда өз алдына егеменді Мемлекет болғанын баяндау, 1986 жылғы желтоқсанда солақай саясатқа қарсы алғаш рет бас көтеріп демократия жолында құрбан болған ұл-қыздарымыздың ерліктері жайында түсінік бере отырып, жастардың алаңға не себепті, қандай мақсатпен шыққандығын жете түсіндіру. Өз Отанына, туған жеріне деген сүйіспеншілігін арттыра отырып, ана тілін, әдет-ғұрпын, салт-дәстүрін сақтай білуге, патриоттық сезімге тәрбиелеу мақсатында ұйымдастырды.
Тәуелсіздіктің тарихы жайында кітапхана қызметкері Ишанбекова Аяулым тереңінен айта өтті: «Бабаларымыздың қанымен, білегінің күшімен, найзасының ұшымен келген киелі де қасиетті тәуелсіздіктің қандай қиындықпен келгені баршамызға мәлім болса керек-ті. «Орнында бар оңалар» демекші, ел орнында, жер орнында, жерге жетер байлық жоқ». Б.Қашқынбаев атындағы орта мектебінің 11-сынып оқушылары Марат Жансая мен Марат Қарақат «Ләззат Асанова мен Сабира Мұхамеджанованың аналарының жоқтауынан» үзінді оқыды. Еркін Ұлданай «Тәуелсіздік» атты өлеңді мәнеріне салып жеткізді. Жақай Дидар «Тәуелсіздік – ата тарихымызды, ана тілімізді, дінімізді, даламызды қаз–қаз тұрғызып, «қазақ» деген атауға қан мен жан кіргізді. «Отан» деп жүрегімізді қақтырды, «Елім» деп елеңдетіп, «Жерім» деп желпінтіп, барша 62 тамырымызды игізіп ата-жұртын сүйдірді, қазақ елі енді еңсесі биік, көңілі көтеріңкі, қадамы мығым болсын. Құрметті оқырмандар! Тәуелсіздікке жету жолындағы сан тарап қиындықтарды, тарихты соның жолында құрбан болған жандарды ұмытпайық»,-деп желтоқсан құрбандарын еске алды. Ишанбекова Аяулым «Тәуелсіздік – қасиет қонған ұлы ұғым» атты кітап көрмесіне библиографиялық шолу жасады. Қазақ елін тәуелсіз ету жолында қан төккен боздақтарымызды ұмытпайық, ұлықтайық. Жастардың бойына патриоттық сезім ұялатып, қазақ жанашырларының қатарынан болуына септігімізді тигізейік.
К.тұрмаханова,
Саудакент ауылдық кітапхана меңгерушісі.
Имандылық-
тәрбие бастауы
Бүгінде ауданымызда мешітке келіп, діни сауаттылықты терең меңгеріп жүрген білімді жастардың қатары артып келеді. Сауапты істермен қатар салауатты өмір салтын қалыптастыруды ұмытпаған жастардың алға қойған мақсаттары да айқын.
16 желтоқсан- Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні мерекесіне орай, аудан әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімінің «Бұқаралық спорттық іс-шараларды өткізу орталығы» қызметкерлерінің ұйымдастыруымен қаламыздағы спорт кешенінде аудандық мешітке келуші жастар арасында кіші футбол, кір тасын көтеру және қол күрестен аудандық турнир өтті.
Турнирдің мақсаты — салауатты өмір салтын қалыптастыру, жастар арасында бейбітшілік пен бірлікті нығайту және экстремизм мен терроризмнің алдын алу. Қызықты өткен турнир қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер ұйымдастырушылар тарапынан дипломдар және медальдармен марапатталды.
Ұлт рухының жаршысы
Саудакент ауылдық кітапханасында Қазақтың қоғам қайраткері, халық жазушысы, артына мол мұра қалдырған Шерхан Мұртазаның «Ұлт рухының жаршысы» атты шерхантану сағаты болып өтті.
Кештің мақсаты қоғам қайраткері халық жазушысы Шерхан Мұртазаның мол мұрасын насихаттау. Жастардың бойына ақыл мен парасатты,сөз құдіреті мен көркем сөздің мәйегін сіңіру.Қанымызда бар шешен де тауып шебер сөйлеу мәдениетін ұрпақ бойынан көру. Ұлыларымызды құрметтеу, сол арқылы жастардың бойына мақтаныш сезімін тудыру, даналардың даралығын бағалау, қастерлей білуге баулу болды. Кітапханашы Б.Керімбекова қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі, кесек тұлғалы, қайсар мінезді наркескені, шындықтың шырақшысы атанған, халқы Шер — аға деп сүйіспеншілікпен әспеттеген абыз ақсақалымыз Шерхан Мұртаза туралы баяндап берді. Қаламнан шыққан әрбір еңбегі үнемі оқырман жүрегіне жол тауып, асыл бұйымына айналып отырды. Саудакент ауылдық мәдениет қызметкері З.Ниязбекова жазушының қазақ журналистикасы тарихында із салып, талай өрімдей жастың бағын ашқан, туған әдебиетімізде де өзінің қайталанбас талантымен олжа салған сөз зергері Шераға-деп өз пікірін айтса, Ж.Қуандық Шерхан Мұртазаның «Бір кем дүние» шығармасынан үзінді оқып берді. Кітапханашы А.Ишанбекова жазушының «Жүректен маржан іздеген» атты шығармалар жинағына библиографиялық шолу жасады.
Білімді мыѕды жыєар
Білім — асыл қазына. Білім инемен құдық қазғандай. Адам өмірінің соңына дейін білім алады, ал кейде тіпті оның өзі аз болады. Адам қаншалықты білімді болса, соншалықты бай-қуатты болады.
Адамның білімсіз өткен бір күні бос күні. Батыл бірді жықса, білімді мыңды жығады. Білім адам бойына біткен ең мықты қару. Адамзаттың жетер ең биік шыңы білімді толық меңгеруі болып табылады.
Білім түбі — еңбек. Ал еңбек түбі -жетістік екені баршамызға аян. Ауданымызда білім саласында түрлі сайыстарда жетістіктерге жетіп жүрген жастарымыз баршылық. Түрлі сайыстарда сынақтардан сүрінбей оқ бойы озық шығып жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар атанып жүрген дарынды жастардың болашағынан зор үміт күтеміз. Жуырда Қазақстан Рес-публикасы оқу ағарту министрлігінің 514 бұйрығына сүйене отырып «Алтын білім кілті» әдістемелік ғылыми-зерттеу орталығының қолдауымен Халықаралық «Zeyindi_bala» балалар журналының ұйымдастыруымен «Бояулар құпиясы» атты конкурсы өткен болатын.
Аталмыш сайыстың бейнелеу және көркем еңбек бағыты бойынша «Бейнелеу өнері» үйірмесінің бес бірдей тәрбиеленушілері қатысып, жеңімпаз атанды. Атап өтсек, Тұрсынбек Айсұлу, Алпысбай Аяулым, Ердәулет Минура, Тұрсынбек Кәусар, Шорахан Сезім — І дәрежелі дипломмен марапатталды. Үйірме жетекшісі Г.Қадырова конкурсқа шәкірт дайындап, өнерге деген құштарлығын оятқаны үшін «Құрмет грамотасымен» марапатталды.
Самат Тоқбанов,
«Sarysý»
Учения
спасателей
Прошли учения по пожарной безопасности на территории производственных площадок
ЕвроХим в Сарысуском районе.
Безопасность на производстве всегда остается ключевым принципом компании ЕвроХим. Поэтому с ее работниками на постоянной основе проводятся занятия, направленные на отработку полезных навыков и привычек в этой сфере.
На территории производства ЕвроХим в г. Жанатас была проведена учебная тревога и противоаварийная тренировка по отработке тушения пожара, совместно с подразделениями Жанатасского и Шолактауского (г.Каратау) военизированного горноспасательного отряда ЮКФ ТОО «РЦШ ПВАСС».
В мероприятии было задействовано порядка 50 человек, в том числе 3 отряда спасателей, 2 бригады медицинских работников, сотрудники военизированной охраны, а также 11 сотрудников железнодорожного цеха компании ЕвроХим.
При проведении учебной тревоги дежурный диспетчер, сотрудники охранной организации, ВГСП ЮКФ ТОО «РЦШ ПВАСС» г. Жанатас и Каратау, и прочие работники действовали слаженно, профессионально, согласно плану учебной тревоги.
Кульминацией учений стал момент, когда, согласно планам взаимодействия, командир ВГСП ЮКФ ТОО «РЦШ ПВАСС», оценив обстановку и масштабы условного пожара, принял решение о дополнительном вызове подразделения ЮКФ ТОО «РЦШ ПВАСС» из городов Жанатас и Каратау, после прибытия которых «пожар» был локализован и ликвидирован.
Сотрудничество спасательных отрядов из соседних районов помогает отрабатывать сценарии повышенной сложности, и приходить на помощь коллегам, когда это необходимо.
Подобная взаимовыручка давно стала доброй традицией для компании ЕвроХим, которая всегда оказывает помощь регионам в местах своего присутствия.
Например, в январе 2023 г. компания помогла очистить дороги Жамбылской области после снежной бури, с помощью большегрузных автомобилей, когда за сутки были расчищены более 10 дорог в сельских округах Ушбас и Туркестан, в которых высота снега достигала, чуть ли не крыши одноэтажных домов; после чего компания ЕвроХим осуществила перевозку на своем трале дизель-генераторной установки на водохранилище «Кокбулак» и в поселок Актогай.
Наш корреспондент
Дарынды оқушы- ұлт болашағы
«Ұрпағы білімді халықтың болашағы бұлыңғыр болмайды» дегендей жас ұрпаққа сапалы, мән-мағыналы, өнегелі тәрбие беру, оқушының қалыптасқан даралығын анықтап, жігер-қайратын ескеріп, ұлттық мәдениетімізді, салт-дәстүрімізді бойына сіңірген ұрпақ тәрбиелеу-біздің басты мақсатымыз.
21 ғасыр ғылым мен техника ғасыры екендігі баршамызға мәлім. Осындай ауқымды мәселені шешудің негізгі тетіктерінің бірі – балалардың дарындылығын дамыту. Жүсіпбек Аймауытовтың пікірінше, адам өмірге өзіндік табиғи қасиеттерімен, қабілеттерімен келеді. Қызығушылық, іздену, білімге құштарлық бұл оқушыларды дарындылыққа жетелейтін бірден -бір көрсеткіш. Ал баланың бойындағы туа біткен қасиеттерді дамытатын – сапалы білім мен саналы тәрбие. Тәуелсіздік үшін күрескен желтоқсан құрбандарын еске түсіріп, ерлігі жайында түсіндіру, отанды сүюге және ерлікке баулу мақсатында «Жас дарын» ғылыми қоғамы оқушылары мен жетекшісі директордың бейінді оқыту жөніндегі орынбасары Көлбаева Айсұлу ұйымдастыруымен мерекелік кездесу ұйымдастырылды. Шараға Байқадам ауылдық округ әкімінің орынбасары Құлыбеков Жамбыл, ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы Төлмағанбетов Арқабай және ардагер ұстаз, мектептің ата-аналар комитетінің төрайымы Сатиева Алима қатысты.
Кеш қонақтары оқушыларға найзаның ұшымен, білектің күшімен келген тарихи оқиғаларды баяндап берді және білім алушыларға біздің Отанымыз-Қазақстан Рес-публикасы өзінің одан әрі даму жолында нық сеніммен қадам басып келе жатқанын және Қазақстан халқының басты игілігі-ұлттық бірлік, бейбітшілік пен келісім, біз оны сақтауымыз керек екенін жеткізді. Оқушыларды уақытты қадірлеп, кітапты көп оқуға, еліне абыройлы қызмет етуге шақырды.
Кеш барысында оқушылар патриоттық әндерден шашу шашып, көрермендерге рухани азық сыйлады. Сонымен қатар желтоқсан оқиғасына қатысқан боздақтардың өмір жолдарына тоқталып, арнау өлеңдер оқыды.
А.Сансызбайқызы,
директордың бейінді оқыту
жөніндегі орынбасары