АТА-АНАЛАРДЫ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚОЛДАУ

0

Байқадам Қашқынбаев атындағы орта мектебі бойынша «Біртұтас тәрбие» бағдарлмасы аясында «Ата-аналарды педагогикалық қолдау» мақсатында    1-4 сынып ата-аналары арасында «Білімдіге дүние жарық», « Әр баланың ерекшелігін қалай ашамыз?» тақырыбында  психологиялық тренинг өтті.

Мақсаты: мектептің оқу процесіне сәтті бейімделуі үшін балалардың когнитивтік дағдыларын дамытуға  ата-аналардың   дайындығын қалыптастыру.

2023-2024 оқу жылынан бастап біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында  жүзеге асырылып жатқан «Ата-аналарды педагогикалық қолдау» мақсатында 1-4 сынып ата-аналарымен   «Білімдіге дүние жарық.», «Әр баланың ерекшелігін қалай ашамыз»  тақырыбында екінші сабағы  өткізілді. Міндеттері: баланың жеке бас-ын дамытудағы мектепке бейімделуінің маңызы.Баланың танымдық қабілеттерінің даму деңгейін және мектепке бейімделуін диагностикалау.
Осы мақсатта  сынып жетекші Абуова Мадина  Жолтайқызы  ата-аналарға  бастауыш сынып оқушыларының танымдық дағдыларының ерекшеліктерімен, ұлттық рухани құндылықтарды бала бойына сіңіре білу әдістерімен таныстырды.  Сонымен қатар балалардың оқуға қызығушылығын арттыру үшін отбасы мен мектептің өзара әрекеті маңызды рөл атқаратынын атап өтті. Мектеп  психологі Бағлан Жақсыпейілова  ата-аналарға баланың есте сақтау қабілетін, зейінін, ойлауын және қарым-қатынас жасау дағдыларын ұлттық мәдениет негізінде дамыту әдістері жайлы психологиялық тренинг өткізді. Тренинг барысында  ата-аналар бірінші сабақтан алған әсерлерімен  бөлісті. Баланың жеке басын дамыту үшін мектепке бейімделуінің маңыздылығы- физиологиялық, психологиялық және әлеуметтік ерекшеліктерімен таныстырып,  осы ерекшеліктерде кездесетін қиындықты  шешу жолдағы проблемалық ахуалдарды бірге талдады. «Балалардың үй тапсырмасын орындау барысында  көмектесеміз бе әлде…» деген тақырып аясында  әр түрлі проблемалық  жаттығулар мен тренингтер өткізді.
Сабақты қорытындылау барысында  отбасында оқушы үшін психологиялық қолайлы ортаны құруды, баланы мектепке бейімделу кезінде өзінің рөлін  сезінуді, когнитивтік дағдыларының ерекшеліктерін ажырата білуді, танымдық дағдыларын  дамыту үшін  тренингтерді, жаттығуларды іс-жүзінде  жиі өткізіп бала қабілетін ашуға жол салатынын айтып өтті.

Бүгінгі жиналысқа келген ата-аналар өз әсерлерімен бөлісіп, ұйымдастырушыларға алғысын білдірді.   Біртұтас тәрбие бағдарламасын жүзеге асыру барысында атқарылып жатқан  жұмыстарына сәттілік тілеп, мектеппен тығыз байланыста жұмыс жасайтындарын айтты.

Г.Сыздықова,

директордың тәрбие ісі

жөніндегі орынбасары

Қауіпсіз жаңа жыл

Жаңа жыл мерекесін қауіпсіз өткізу үшін төменде көрсетілген пиротехникалық бұйымдарды пайдалану кезіндегі өрт қауіпсіздік талаптарына назар аударуларыңызды сұраймыз: Петардалар, фейерверктер, бенгал оттарын сатып алу кезінде неге назар аудару қажет?

Ең алдымен, өнімнің сертификатталғанын көру керек, пиротехниканы пайдалану ережелерімен танысу керек. Оны сақтау және сату мерзіміне назар аударуды ұмытпаңыз: егер өнім мерзімі өтіп кетсе, оны ешқандай жағдайда қолдануға болмайды. Қаптама бүтін, жыртылмаған болуы керек. Пиротехниканы іске қосқан кезде темекі шегуге қатаң тыйым салынады. Тұрақталған көліктердің жанында зымырандарды атуға болмайды. 50 метр радиуста өрт қауіпті объектілер болмауы тиіс. Көрермендер фейерверктің іске қосу алаңынан 15-20 метр қашықтықта, жел оларға түтін мен бұйымдардың жанбай қалған бөліктерін түсірмеуі үшін міндетті түрде жел жағынан болуы тиіс. Бұйымды қолдан іске қосуға жол берілмейді.

Жанғыш зат бар жерде ашық отты пайдалану ұсынылмайды. Бенгал — бұл ашық от. Шыбықтың температурасы 2 мың градусқа жетеді. Сондықтан оны жанғыш материалдардан алыс пайдалану керек. Пиротехниканың кез келген түрі адам денсаулығына елеулі зиян келтіретін қауіпті құрал екенін есте сақтау қажет.

Пиротехникалық заттар өрт қауіпсіздігі ережелеріне сәйкес қоймаларда сақталуы керек, олар ішкі істер органдарында тіркелуі керек. Пиротехниканы оның сақталуы үшін жағдайлар бар жерде ғана сатуға болады, оған тікелей күн сәулесінің, жаңбырдың немесе қардың түсуіне жол берілмейді.

Мереке күндері қайғылы жағдайлардың алдын алу үшін отшашулар мен шапалақтарды тек дүкендердің мамандандырылған бөлімдерінде ғана сатып алу керек, бірақ ешқандай жағдайда оларды сақтау шарттары сақталмайтын базарларда сатып алмау керек. Температуралық режимдердің сақталмауына байланысты пиротехника қолда жарылуы мүмкін. Сапасы күмәнді тауарды сатып алмаңыз, қажетті сертификаттарды талап етіңіз және қазақ және орыс тілдерінде жасалған оларды қолдану жөніндегі нұсқаулықты мұқият оқыңыз. Қаптамадағы ескерту жазбалары қаріппен белгіленуі тиіс, «Назар аударыңыз!»

Қарапайым ережелерді сақтай отырып, жаңа жылда өзіңіз бен жақындарыңыздың өміріндегі қауіпті сейілте аласыз.

Ж.Нұрмаханұлы. 

аудандық ТЖБ  бас маманы,  азаматтық  қорғау аға  лейтенанты

2024 жылдың 1 қаңтарынан

бастап міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіндегі өзгерістер туралыМемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры (Қор) жұмыс істейтін азаматтарды әлеуметтік қорғаудың қосымша деңгейін жүзеге асырады.

Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінің қаржы ресурстары жұмыс берушілердің өз жұмыскерлері үшін, сондай-ақ дара кәсіпкерлер мен жеке практикамен айналысатын адамдардың өздері үшін ең төменгі бір жалақыдан кем емес және жеті еселенген мөлшерінен аспайтын табыстың 3,5% мөлшерінде төленетін әлеуметтік аударымдары есебінен қалыптасады.

2024 жылдан бастап ең төменгі жалақының 85 мың теңгеге дейін  артатынын ескере отырып,2024 жылғы 1 қаңтардан бастап әлеуметтік аударымдардың ең төменгі мөлшері айына 2 975 теңгені(3,5%*85 000 теңге),ал ең жоғары мөлшері – 20825 теңгені(3,5%*7*85 000 теңге)құрайтын болады.

Әлеуметтік аударымдардың уақытылы түсуі әлеуметтік тәуекелдердің 5 түрі – еңбек ету қабілетінен айырылуы, асыраушысынан айырылуы, жұмысынан айырылуы, жүктілікке және босануға, сондай-ақ бала күтіміне байланысты кірісінен айырылуы кезінде азаматтарға әлеуметтік төлемдер алуды қамтамасыз етеді. Сонымен қатар, атап өтетін жағдай жұмыскер үшін әлеуметтік аударымдар түскен жағдайда базалық мемлекеттік жәрдемақыларға қосымша Қордан ұзақ мерзімді әлеуметтік төлемнің 2 түрі төленеді. Қордан еңбекке қабілеттілігінен айырылған жағдайда әлеуметтік төлем жалпы еңбекке қабілеттілігінен айырылу дәрежесі белгіленген кезеңге тағайындалады және еңбек қызметін жалғастыруына қарамастан төленеді.

Қордан асыраушысынан айырылуы жағдайына әлеуметтік төлем асырауындағылар 18 жасқа толғанға дейін, ал күндізгі оқу нысаны бойынша оқыған жағдайда — 23 жасқа дейін төленеді.

Бұл төлемдердің мөлшері жыл сайын арттырылады. 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап ұзақ мерзімді әлеуметтік төлемдердің мөлшері автоматты түрде 7% — ға өсетін болады.

Жамбыл облысы бойынша 4 066 алушыға еңбекке қабілеттілігінен айырылған жағдайға және 2 723 асыраушысынан айырылған жанұяға төлемдер мөлшері ұлғайтылады.

Осылайша, жұмыс істейтін азаматтар алатын төлемдердің жиынтық мөлшері жұмыс істемейтін азаматтарға қарағанда көбірек болады.

Бұдан басқа Кодексінің 85-бабының 2-тармағына сәйкес бала күтіміне байланысты ай сайынғы әлеуметтік төлемнің мөлшері осы Кодекстің 76-бабына сәйкес ұсталуға жататын міндетті зейнетақы жарналарын қосымша есептей отырып, осы Кодекстің 82-бабына сәйкес бала туу кезектілігіне қарай белгіленген бала күтіміне байланысты жәрдемақының мөлшерінен кем болмауға тиіс.

Осыған байланысты, 2024 жылғы 1 қаңтардан бас-тап бала бір жарым жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты кірісінен айырылу жағдайына төленетін әлеуметтік төлемнің мөлшері міндетті зейнетақы жарналарын қосымша есептеу ескеріле отырып, мемлекеттік жәрдемақы мөлшеріне дейін арттырылады. Сонымен қатар, төлемдерді қайта есептеу, арттыру және ұзарту автоматтандырылған режимде жүргізілетінін, яғни алушыларға қосымша құжаттар жинаудың қажеті жоқ екенін ерекше атап өткім келеді. Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесі туралы толығырақ ақпаратты Қордың gfss.kz интернет-ресурсы арқылы, сондай-ақ Қор мен филиалдардың әлеуметтік желідегі аккаунттарынан алуға болады.

Н.С.Искаков, Жамбыл облысы бойынша «МӘСҚ» АҚ филиал  директоры

А.Рахимов, Сарысу аудандық әлеуметтік  қамсыздандыру бөлімінің  басшысы

Что такое корь?

Профилактика кори

Корь-это острое инфекционное вирусное заболевание.

Характерна сезонность, большинство случаев кори наблюдаются в зимне — весенний (ноябрь — май) период с подъёмом заболеваемости каждые 2- 4 года.

Путь передачи инфекций: воздушно — капельный, вирус выделяется во внешнюю среду в большом количестве больным человеком со слизью во время кашля, чихания и т.д.

Источник инфекции — больной корью в любой форме, который заразен для окружающих с последних дней инкубационного периода, в пределах 4-5 дней от момента начала кожных высыпаний. Инкубационный период при кори чаще всего продолжается с 8 до 21 дня.

Восприимчивость к кори очень высока. Болеют преимущественно не привитые дети в возрасте от двух до пяти лет и взрослые, имевшие хотя бы кратковременный контакт с заболевшим.

После перенесенного заболевания развивается стойкий иммунитет.

Заболевание корью проявляется симптомами общей интоксикации, повышением температуры тела, катаральными явлениями со стороны верхний дыхательных путей (насморк, кашель), выраженной воспалительной реакцией со стороны глаз. Через 3 — 4 дня от начала заболевания на лице и шее появляется пятнисто-папулезная сыпь, на следующий день сыпь распространяется на туловище и руки, а еще через день сыпью покрываются и ноги. Самые частые осложнения после кори — воспаление легких, носоглотки, конъюнктивы, судороги. Возможно развитие отита, пневмонии и энцефалита, панкреатита, сахарного диабета.

Профилактика кори.

Наиболее доступным и эффективным методом борьбы с корью является вакцинация.

В соответствии с Национальным календарем профилактических прививок в Казахстане плановая вакцинация детей против кори проводится дважды: первая в возрасте 12-15 месяцев, и вторая в возрасте 6 лет.

Кроме того, по эпидпоказаниям, прививкам подлежат все лица в возрасте до 25 лет, не привитые ранее или имеющие только одну прививку против кори. Меры неспецифической профилактики кори: регулярно и тщательно мыть руки с мылом или протирать их спиртосодержащим средством для обработки рук; избегать тесных контактов с людьми, которые могут быть больными по возможности, сократить время пребывания в местах скопления людей; регулярно проветривать помещения вашего жилого дома или квартиры путем открывания окон; вести здоровый образ жизни, в том числе спать достаточное количество времени, правильно питаться и сохранять физическую активность; родителям детей, особенно не привитых против кори по различным причинам, ограничить участие в различных культурно-массовых мероприятиях, посещение игровых площадок в торгово-развлекательных центрах.

Если же появились признаки кори, необходимо: срочно обратиться за медицинской помощью (вызвать врача из поликлиники по месту жительства или — в случае тяжелого состояния — скорую медицинскую помощь); не посещать поликлинику самостоятельно, а дождаться врача; до прихода врача свести контакты с родственниками, знакомыми и другими людьми до минимума; при кашле и чихании прикрывать рот и нос, используя носовой платок или салфетку использовать средства защиты органов дыхания (например маску или марлевую повязку); не заниматься самолечением!

Н.Муликова,

заместитель руководителя

Департамента санитарно-эпидемиологического контроля

 Жамбылской области

Leave A Reply

Your email address will not be published.