Қызметкерлер марапатталды

0

19 қазан- Құтқарушылар күні мерекесі аталып өтті. Төтенше жағдайлар бөлімінің негізгі міндеттері тұрғындардың қауіпсіздігін сақтау болып табылады.

Осыған орай, аптаның жұмасында аудан әкімі С.Мамытов аудандық Төтенше жағдайлар бөліміне арнайы барып, сала мамандарын мерекемен құттықтап қайтты.

— Құрметті құтқару саласының қызметкерлері мен ардагерлері! Сіздерді  кәсіби мерекелеріңіз — Құтқарушылар күнімен шын жүректен құттықтаймын! Жауапты да қиын мамандықты игеру кез-келген адамның қолынан келе бермейтін іс. Кәсіби міндетін бұлжытпай орындап, қызмет бабында қайсарлық пен өжеттік көрсетіп,  адам өмірін түрлі апаттар мен қауіп-қатерлерден сақтап, төтенше оқиғаның алдын алу мақсатында еңбек етіп жүрген азаматтарға алғысымыз шексіз. Төтенше жағдайлар саласы үлкен жауапкершілікті талап етеді. Қауіпті қызмет кез-келген тосын жағдайдың алдын алып, зардабын жоюға үлкен күш жұмсайды. Жыл басында ауданда қатты дауылдан  орын алған төтенше жағдай кезінде Жамбыл облысының  төтенше жағдай департаментінің қызметкерлері аяқтарынан тік тұрып, үлкен жауапкершілікпен  қалыпты жағдайға көшуімізге қызмет етті. Баршаңызға ауыр да, адал еңбектеріңіз үшін шынайы алғысымды білдіремін. Дендеріңіз сау, отбасыларыңыз аман болcын, — деп ізгі тілегін жеткізіп, ауданымыздың экономикалық- әлеуметтік дамуына үлес қосып жүрген бірқатар сала мамандарын аудан әкімінің Құрмет грамоталары және Алғыс хаттарымен марапаттап, аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы, азаматтық қорғау подполковнигі Ж.Танабаевқа ауданымыздың экономикалық-әлеуметтік дамуына үлес қосқаны үшін мерекелік төсбелгіні тақты. Сондай — ақ, «AMANAT» партиясы аудандық филиалының төрағасы М.Есмұрзаев та ізгі тілегін айтып, партияның аудандық филиалының Алғыс хаттарын тапсырды. Сарысу ауданы Төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы, азаматтық қорғау подполковнигі Ж. Танабаев, сала ардагері Т.Тілеуқабыловты Алғыс хатпен марапаттады.

Арайлы алтын кїз

«Шапағат» балалар орталығы қызметкерлерінің ұйымдастыруымен «Арайлы алтын күз» атты ертеңгілік өтті. Шараға ата-аналар мен кішкентай бүлдіршіндер қатысты.

Балаларды күздің кереметтілігін таныстыру, табиғатты қорғауға тәрбиелеу мақсатында ұйымдастырылған шара барысында кішкентай бүлдіршіндер ертегі кейіпкерлерінен көрініс көрсетіп, би биледі. Күз ханшайымы, көңілді кірпі, ата мен әже алтын күздің көріністері кештің көркін қыздырды. Сондай — ақ, ән шырқап, күз туралы тақпақтарды да жатқа орындады. Ертеңгілікте түрлі ойындар ойнатылып, балалардың зейінін ашатын сұрақ- жауап ойын түрі ұйымдастырылды. Қолдан түрлі пішіндегі күздің бейнелерін жасалып, көпшілікке ұсынды. Кішкентай өнерпаздардың өнерлеріне тәнті болған көрермендер қошеметтерін аямады. Бүлдіршіндердің жүзіне қуаныш сыйлап, шығармашылығын дамытуда ертеңгіліктің маңызы зор екенін айта кету керек.

Самат қуандықұлы, «Sarysý»

Мереке қарсаңында Студенттер Альянсы ашылды

Мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыру, мемлекеттік бағдарламаларды насихаттау, жастардың бос уақытын тиімді пайдалану, психологиялық, құқықтық кеңес беру, NEET санатындағы жастармен жұмыстар жүргізу —  жас-тар саясатының басты мақсаты болып табылады. Жамбыл облысында мемлекеттік жастар саясатын дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған «Әулиеата жастары» өңірлік бағдарламасы ауданымызда

іске асып жатыр.+ Сонымен қатар, жастарымыз қолдары бос уақытында ерікті түрде қарт кісілерге көмек көрсетіп, түрлі қайырымдылық акцияларына белсенді түрде атсалысуда. Жастарға арналған қолдаулар мен бағдарлама аясында 25 қазан — Республика күніне орай, аптаның сәрсенбісінде Жаңатас көпсалалы колледжінде Қазақстан студенттерінің Альянсы ұйымы ауданымызда филиалы ашылды.

Қазақстан студенттерінің Альянсы Республикалық студенттер қозғалысы еліміздің барлық өңірін қамтитын ұйым болып табылады.

Ұйым мақсаты — студенттердің білім сапасына үлес қосу,  құқықтарымен мүдделерін қорғау волонтерлық, тұлғалық, кәсіптік сауаттылығын арта отырып жас-тар саясатын негізін қалау болып табылады.

Ұйымның Жамбыл облыстық филиалы Тараз қаласында орналасқан. Төрағасы Байпақ Дархан Қуанышұлы.

Өңір бойынша Тараз қаласында ЖОО және орта оқу орындары сонымен қатар мектепаралық филиалдары бар.

Ең алғашқы аудандық филиалы  Жаңатас қаласында ашылып отыр. Ашылу барысында Жаңатас көпсалалы колледжі директоры Түйтебаева Нурландия және ұйым төрағасы Байпақ Дархан екі жақты меморандумға қол қойылды.

Колледж студенттеріне ұйым туралы түсіндірме жұмыстары жүргізіліп ұйымдастыру тарапынан концерттік бағдарлама ұсынды.

Түсіндірме жұмыстары барысында Қазақстан студенттерінің Альянсы ұйымына 20-дан аса студент қосылды. Сонымен қатар, «Сарысу ауданы бойынша студенттер Альянсы төрағасы» Геннадии Сұлтан тағайындалды. Ашылу салтанаты концерттік бағдарламаға ұласып, жас өнерпаздар өнерлерін көрсетті. Ендеше, айтулы мереке қарсаңында ашылған ұйымның жұмысына сәттілік тілейміз.

Самат Тоқбанов,

 «Sarysý»

Баќтарын сынады

Журда «Жастар Ресурстық орталығының» ұйымдастыруымен Жаңаталап ауылдық округіне қарасты Ұйым ауылындағы №11 Сарысу колледжінің асханасында  25 қазан республика күніне және Халықаралық аспаздар күні қарсаңында «Шебер аспаз» аспаздар сайысы өтті.

Сайысқа осы білім ордасының «Аспазшы» мамандығы бойынша білім алып жатқан білімгерлер арасынан өзара бақ сынасты.

Сайыс 6 кезең бойынша өткізілді.  «Таныстыру» кезеңі бойынша  қатысушылар өздерін таныстырып өтті.

«Ұлттық тағамдар» кезеңінде қатысушылар арнайы үйден дайындап келген қазақтың ұлттық тағамдары «сірне», «бешбармақ» және «өрме төсті» ұсынды. Ал, «Сұрақ-жауап»  кезеңінде ұйымдастырушылар тарапынан аспаздық өнер, түрлі тағамдарға қатысты дайындалған сұрақтарға  қатысушылар жауап беріп, бақтарын сынады. Одан кейін қатысушылар «Жеміс-жидектерді әсемдеп турау»  бойынша күздік жеміс өнімдері: алма, банан, апельсин, анар, алмұрт, киви т.б. әсемдеп турау арқылы шеберліктерін көрсетті. Сондай-ақ  «Күздік тарту» сайысының   бұл кезеңінде қатысушы аспазшылар күздік салаттар дайындап, олардың дәмінің ерекшелігін баса назарда ұстап, қазылар алқасына ұсынды.  Қатысушылар «Дастарханды әсемдеу»  кезеңі бойынша  үйге қонақ келгенде дас-тарханды қалай дайындауға болады? деген сұраққа жауап беріп, өздерінің аспаздық өнерлерін барынша жан-жақты көрсетуге тырысты. Өз кезегінде әділ-қазы алқалары қатысушыларды ұсынған және дайындаған астарының дәміне және ұсынуларына қарай бағалады.

Нәтижесінде 1-орынды Г.Балиева, 2-орынды Л.Қожагелдиева, 3-орынды Г.Мырзабай иеленіп, ұйымдастырушылар тарапынан диплом, Алғыс хаттар және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Сонымен қатар қатысушыларды сайысқа даярлап жетекшілік еткен топ жетекшісі С.Баймурзаева, өндірістік оқыту шеберлері З.Алуева Замзат, П.Төлекенова естелік сыйлық ретінде қабырға сағаттары берілді.

Сәулет есқараев,  «Sarysý»

Leave A Reply

Your email address will not be published.