Отанды қорғау-абыройлы міндет

0

Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара академиясы Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасын қорғау және ұлттық қауіпсіздік саласына мамандар даярлайтын жоғары әскери оқу орны. Академия Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің құрамына кіреді және болашақ шекара офицерлерін кәсіби даярлауды жүзеге асырады. Академия Алматы қаласында орналасқан.

Академияның Негізгі міндеті: Мемлекеттік шекараны қорғау және күзету саласында қызмет атқаратын офицерлерді даярлау, қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру.
Академияда: шекара қауіп­сіздігі, әскери басқару, құқықтық пән­дер,тактикалық және арнайы дайындық, дене және жауынгерлік дайындық бағыттары бойынша білім беріледі.
Түлектерге:әскери жоғары білім беріледі, офицерлік әскери атақ тағайындалады,ҰҚК Шекара қызметінің бөлімшелерінде қызмет атқару мүмкіндігі ұсынылады.
Оқуға түсу талаптары:Қазақстан Республикасының азаматы болуы.
Жалпы орта немесе техникалық және кәсіптік білімінің болуы.Денсаулық жағдайы әскери қызметке жарамды болуы.
Жақсы дене дайындығынан өту.
Психологиялық және арнайы тексерулерден сәтті өту.
Мінездемесі мен моральдық қасиеттері талаптарға сәйкес болуы. Жас шектеуі 4 жылдық бағдарламаға: оқуға түсетін жылы 17-21 жас аралығындағы азаматтар (әскери қызмет өтпегендер). Әскери қызмет өткерген азаматтар үшін жас шегі жоғары.
Мамандықтары
Негізгі білім беру бағдар­ламасы: «ҚР ҰҚК Шекара қыз­меті бөлімшелерінің қызметтік-жауынгерлік іс-қимылын басқару». Оқу барысында, шекара қауіп­сіздігі, әскери тактика,құқық негіздері, атыс және арнайы дайындық, дене шынықтыру, шет тілдері оқытылады.
Оқу мерзімі
Негізгі жоғары білім бағдарламасы: 4 жыл.
Қабылдау тәртібі
Талапкер: тұрғылықты жері бойынша ҰҚК органына өтініш береді.
Құжаттарын тапсырады.
Арнайы тексеруден өтеді.
Медициналық комиссиядан өтеді.
Дене даярлығы нормативтерін тапсырады.
Психологиялық іріктеуден өтеді.
Конкурстық іріктеу нәтижесі бойынша оқуға қабылданады.
Қажетті құжаттар
Жеке куәлік көшірмесі;
Аттестат немесе диплом көшірмесі;
Туу туралы куәлік көшірмесі;
Әскери есепке алу құжаты;
Өмірбаян;
Сауалнама;
6 дана 4,5×6 см фотосурет;
Қажет болған жағдайда жоғары білім туралы диплом және еңбек өтілін растайтын құжаттар.
Оқудың артықшылықтары
Толық мемлекеттік қамтамасыз ету (тегін оқу, жатақхана, тамақтану, киім-кешек). Ай сайын ақшалай қамтамасыз ету. Оқуды аяқтағаннан кейін офицерлік әскери атақ беріледі. ҚР ҰҚК Шекара қызметіне жұмысқа орналасуға кепілдік беріледі. Сонымен қатар ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің Жамбыл облысы бойынша департаментіне әскери қызметке жұмысқа қабылдау жұмыстары жүргізілуде
Әскери қызметке орналасу талаптары:
Әскери қызметке жарамды, әскери билеті бар
Жас шектеуі
18 жастан 33-34 жас аралығы
Қазақстан Республикасының азаматы болуы.
Жалпы орта немесе тех­никалық және кәсіптік білімінің болуы, құжаттарын тапсырады.Арнайы тексеруден, медициналық комиссиядан, психологиялық іріктеуден, полиграфологиялық зерделеулен өтеді,шекара қызметі ұсынады, тұрақты мемлекеттік қызмет, әлеуметтңік кепілдіктің толық болуы, өзіне және отбасы мүшелеріне тегін медициналық көмек,қызметтік тұрғын үй немесе тұрғын үй төлемдері, жыл сайынғы ақылы еңбек демалысы, арнайы әскери киім-кешекпен қамтамасыз етілуі.

Әділет Тұрсынали, капитан, ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің өкілі

Leave A Reply

Your email address will not be published.