Оқыту семинары өтті
23 тамыз күні елімізде алғашқы рет Құрылтай депутаттарының сайлауы өтеді. Әр демократиялық сайлауда негізгі қатысушы үш тарап болады, олар: сайлау комиссиялары, сайлаушылар (ҚР азаматтары) және байқаушылар. Бұл жерде байқаушылардың рөлі өте маңызды, себебі олар сайдаудың әділ және ашық өтуіне кепілдік беретін қоғамның өкілдері болып табылады.
«Дауыс» қоғамдық байқаушылар коалициясы Республикалық қоғамдық бірлестігінің Жамбыл облысы филиалы мүшелері облыстағы байқаушыларды оқыту семинарларын әр ауданда және Тараз қаласында өткізіп жатыр. Жуырда Сарысу ауданының Жаңатас қаласында семинар өтті. Қоғамдық бірлестіктің басшысы Асқар Қадырқұлов ауданға келіп, өңірдегі байқаушылармен кездесіп, оларға түсіндіру дәрісін оқыды, сонымен қатар қатысушыларды ашық форматта әңгімеге тартып, сұрақтарына жауап берді.
М.Пірімбек, аудан әкімдігі ішкі саясат бөлімінің “Жастар ресурстық орталығы” КММ директоры