ЖАСТАР ЧЕЛЛЕНДЖІ

0

Тарихи маңызы бар оқиғалар құрметіне ие ұлттық мереке  Республика күні — жастардың бойында жалын отын жандыруда. Бұл күн еліміздің Тәуелсіз ел болуы үшін алғашқы қадам жасалған күн,  Тәуелсіздік туын тік көтеруге себеп болған маңызды күн, Қазақстанның Егемендігі туралы Декларациясы қабылданған тарихымыздағы таңдаулы күн.

Дербес ел ретінде шекарамызды шегендеп, рәміздерімізді қабылдап, мемлекеттік құжаттарымызды рәсімдеген құтты күн!

Республика күні ұлттық мереке қарсаңында аудан әкімдігінің ішкі саясат бөлімі «Жастар ресурстық орталығы» КММ-сі #Менің Отаным мерекелік челленджін өткізді. Мерекелік челлендж мақсаты – Республика күнін мерекелеу аясында жастар арасында ұлттық мерекенің мән-маңызын ашу және насихаттау, жастардың жеткен жетістіктері мен елдің дамуына қосудағы үлесін жариялау.

Осы челленджді қолдау мақсатында, жалғасын табуы үшін барша жастарға жолдап, мерекенің маңыздылығын ұғындырды. Бойында қуаты, жүзінде шуағы бар жастар ұраны қашан да алда болмақ.

Самат қуандықұлы, «Sarysý» 

Әнім сенсіѕ Отаным!

Республика күні мерекесі еліміз бойынша кең көлемде аталып өтуде. Ауданда әр түрлі байқаулар, сайыс-тар, түрлі шаралар өткізу арқылы жастар арасында патриоттық, ұлттық тәрбиені нығайту басты назарда болып отыр. Осындай «25 қазан Рес-публика күні»  мерекесін атап өту мақсатында Оңалту және бейімдеу орталығында  «Сен деп шырқаймын, Қазақстан!»  атты мерекелік іс-шара ұйымдастырылды. Іс –шара барысында  балаларға туған жеріне деген сүйіспеншілігін, еліне деген мақтанышын, патриоттық сезімін ояту, жасөспірімдер саласына жалпы ұлттық қасиет сіңіру мақсаты көзделді.

Шара барысында тәрбиешілер бүлдіршіндерге Қазақстан туралы мәлімет беріп, балалар туған жер, Отан туралы өлең шумақтарын жырлап, әндерін шырқайды және логопед мұғалімі Жанерке Отыншинаның ұйымдастыруымен, балалардың қатысуымен ата-аналар және орталық қызметкерлерінің арасында спорттық ойындар ұйымдастырылды. Спорттық ойында ата-аналар, балалар, орталық қызметкерлері топтарға бөлініп, шарларды жинау, «Кім жылдам?» ойындарында өздерінің шапшаңдықтарын байқатса, үстел үстінде тұрған тулардың арасынан Қазақстан Республикасының туын тауып, тақтаға ілуде бүлдіршіндер тапқырлықтарын көрсетті. Осындай керемет шара барысында ата-аналардың да, балалардың да көңіл күйлері көтеріңкі болып, алғыстарын білдірді.

Сонымен қатар, Республика күнін мерекелеу шеңберінде аудандағы жеке кәсіпкерлердің тарапынан балаларға және ата-аналарына демеушілік көмек ретінде арнайы сыйлықтар тарту етілді.

Гүлсім Сердалиева,

әдіскер

Орталыќ-балалыќтыѕ баќытты мекені

Техникалық-шығармашылық үйірмелер оқушылардың болашақ кәсіптерін нықтап, қабілеттерін дамытумен қатар өз — өздерін танып — білуге, техника әлемін зерделеуге мүмкіндік жасайды.

Қазіргі заманда ғылыми – техникалық үрдістің қарқыны білім беру жүйесінің алдына мүлдем жаңа міндет қойып отыр. Техникалық шығармашылық үйірмелері өзге үйірмелерге ұқсамайтын өзіндік атқаратын қызметі мен тәлім – тәрбиелік  мүмкіндігі зор үйірме,  «Ұшақ үлгілеу, Кеме үлгілеу,  Автобагги,  Робототехника»  үйірмелері базалық мазмұны тәрбиеленушілердің болашақ кәсіптерін анықтап, қабілеттерін дамытумен қатар өздерін – өзі  танып білуге, техника әлемін зерделеуге, әр түрлі салалар бойынша қабілеттерін, біліктерін шыңдауға үйретеді.

Бала жұмысты өз қолымен істеп көреді, тапсырмаларды қызығушылықпен орындап, оның қорытындысын көрсеткісі келеді. Үйірме сабағында өзін еркін сезініп, орындаған жұмыстарынан моральдық қанағат алады. Тапсырманы орындап қана қоймай өзге оқушыларды да шығармашылықпен жұмыстануға тарта біледі. Осылайша үйірме жұмыстарында оқушы үйренуші шәкірттен белсенді үйретуші, өзіндік шығармашылық ой – өрісі бар, жан – жақты  дамыған дара тұлға дәрежесіне көтеруге ықпал жасаймыз. Осы белсенділік арасында оқушы әрбір жұмысын шығармашылық оймен жасап, зерттеп, оған жан-жақты талдау жасап, өз бағасын берумен қатар, өз бойында келешек кәсіби мамандығын да қалыптастырады. Сонымен қатар «Авто ХХІ, тракторшы» үйірме оқушылары екі жылдық мемелекеттік бағдарламамен оқып, яғни 10-11 сынып оқушылары «В» санатты көлік жүргізушісі және тракторшы мамандығын оқығаны туралы куәлік алады. Үйірме оқушылары сабақтан тыс уақытта шикізат түрлерінен техникалық құрылғы үлгілерін жасаумен айналысады.  Практикалық жұмыс кезінде оқушылар техникалық құрылғы үлгілерін құрастырушылық қабілеттерін, шығармашылық қабілеттерін дамытады. Үйірме оқушылары алғашқы жұмыстарын шаблон үлгімен істейді, сызбалармен танысады, үлгілерді сызба бойынша жасайды. Үйірме барысында оқушы жұмысты өз қолымен істеп көреді, жұмыстың қорытындысын көрсетеді. Оқушының ой – өрісі  дамып, шығармашылық шеберлігі шыңдалады. Үйірме оқушылары белгілі бір дәрежеде, жасалынатын нысанды ойлап табудың тиімді жолдарын үйренеді. Үйірме жұмысында оқушылардың графикалық білім алуы да қарастырылған. Үйірме мүшелері алғашқы жұмыстарын қалыптағыш (шаблон) үлгімен істесе, одан әрі сызбалармен танысып, үлгілерді сызба бойынша жасайды. Осындай жетістіктерге қол жеткізу мақсатында үйірме сабақтарында әр түрлі әдістемелік тәсілдерді қолданамыз.

25-қазан Республика күні мерекесі қарсаңында орталықтың оқушылары жеңіс тұғырынан көрініп жүлдегер атануда. Атап айтар болсақ,  аудандық білім бөлімінің ұйымдастыруымен «Ұлы өнер-тапқыштыққа алғашқы қадам» атты аудандық инновациялық идеялар байқауына, орталықтан 8 номинация бойынша қатысқан 14 экспонат жүлделі орындарға ие болып, аудандық білім бөлімінің басшысының дипломдарымен марапатталып аталмыш жарыстың облыстық кезеңіне жолдама алды.

2023-2024 оқу жылында «Ұлттық рухани жаңғыру» ұлттық жобасын жүзеге асыру мақсатында «Ұлы өнертапқыштыққа алғашқы қадам» атты облыстық инновациялық идеялар байқауына үйірме оқушылары  8 номинация бойынша қатысып, орталықтың 14 оқушысы мен жетекшілері Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының екі оқушы І дәрежелі, алты оқушы ІІ дәрежелі, алты оқушы ІІІ дәрежелі дипломдармен марапатталып облыс бойынша командалық есепте екінші орынды иеленді. І дәрежелі дипломдармен марапатталған екі шығармашылық жұмыстар республикалық қашықтықтан  өткізілетін аталмыш байқауға  жолдама алды.

Қамбар Қалдарбеков,

                  орталық директорының

                                        орынбасары

Leave A Reply

Your email address will not be published.