Игі іс – балалар игілігіне

0

Қоғамның дамуына, өскелең ұрпақтың сапалы білім мен тәлім-тәрбие алуына қолдау көрсету – үлкен азаматтық жауапкершілік. Балалардың қуанышы мен игілігі үшін жасалған әрбір қайырымды іс олардың жарқын болашағына салынған инвестиция екені сөзсіз.

Балалардың қауіпсіз әрі жайлы ортада тәрбиеленуі – қоғамның ортақ міндеті. Осы бағытта әлеуметтік жауапкершілікті серік еткен кәсіпорындардың қолдауы ерекше маңызға ие. Осындай игі бастаманың бірі жақында «Айгөлек» балабақшасында жүзеге асты.
«Қазфосфат» ЖШС-нің «Қаратау» тау-кен өңдейтін кешенінің директоры Әділхан Шынайдарұлы Ералиевтің қолдауымен балабақшаның ойын алаңын жақсарту жұмыстары атқарылды. Демеушілік көмек аясында бүлдіршіндерге арналған құмсалғыштарға жаңа құм жеткізіліп, ойын алаңына құмсалғыштарды күннің ыстығынан қорғайтын 9 саңырауқұлақ қалқаны орнатылды.
Бұл жұмыстар балалардың денсаулығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз етіп қана қоймай, олардың таза ауада еркін ойнап, қызықты уақыт өткізуіне қолайлы жағдай жасайды. Балалардың жарқын күлкісі мен шат көңілі – осындай игі істердің ең үлкен жемісі.
«Айгөлек» балабақшасының ұжымы көрсетілген жанашырлық пен қамқорлық үшін «Қазфосфат» ЖШС-нің «Қаратау» тау-кен өңдейтін кешенінің басшылығы мен директоры Әділхан Шынайдарұлы Ералиевке шынайы ризашылығын білдіреді.
Балабақша тәрбиеленушілеріне көрсеткен қамқорлығы мен қолдауы, бүлдіршіндердің қуанышына себеп болған ізгі ісі үшін ерекше ризашылығымызды жеткіземіз. Жасаған жақсылығыңыз бен қайырымдылығыңыз балаларға мерекелік көңіл күй сыйлап қана қоймай, олардың жайлы әрі бақытты ортада тәрбиеленуіне қосылған маңызды үлес болды.
Осындай игі бастамалар қоғамда мейірімділік пен жанашырлықтың арта түсуіне ықпал етіп, өзгелерге де үлгі болады. Балалардың шат күлкісі мен ақжарқын қуанышы – кез келген жақсылықтың ең үлкен жемісі. Әлеуметтік маңызы бар мұндай игі бастамалар алдағы уақытта да жалғасын тауып, өскелең ұрпақтың игілігі жолындағы ізгі істер көбейе берсін. Жомарттық пен жанашырлық танытып жүрген азаматтардың еңбегі әрдайым ел құрметіне бөлене бермек.
«Айгөлек» балабақшасының ұжымы Сізге және «Қазфосфат» ЖШС ұжымына зор денсаулық, отбасыңызға амандық, еңбектеріңізге толағай табыс, кәсіптеріңізге өркендеу тілейді. Ел игілігі жолындағы игі істеріңіз жалғасын тауып, жақсылықтарыңыз еселене берсін!

Галина Мороз, «Айгөлек» балабақшасының меңгерушісі және балабақша ұжымы.

Leave A Reply

Your email address will not be published.