ОТБАСЫ-ҰЛТТЫҢ ТІРЕГІ

0

Отбасы — ол Отан. Отбасы белгілі дәстүрлердің, жағымды өнегелердің мұралар мен салт-дәстүрлердің сақтаушысы. Дегенмен өмірдің кейбір кезеңдерінде отбасында да қарым қатынас қиындықтары болып тұрады.

Кемшіліктің себебімен күрескеннен гөрі, алдын алған әлдеқайда пайдалы. Әсіресе қылмысты болдырмаудың алғышарты — отбасындағы тәрбиемен өзектес.  Жанұясында ата-ананың жылылығын сезінбеген, қамқорлығын көрмеген балалардың да қиыс жолға түсуі оңай. Психологтар сонымен бірге ата-ананың ұрыс-керісіне куә болып, қатігездікке ұшыраған балалардың да үлкейгенде қатігездік жасауға бейім тұратынын алға тартып отыр. Осының барлығы елдегі тыныштық пен бейбітшіліктің негізі отбасылық құндылықпен  өзектес екенін дәлелдейді.

Өкінішке орай, қазіргі таңда сотқа ерлі-зайыптылардың неке бұзу туралы арыздары азайып отырған жоқ. Қазақстан ажырасу көрсеткіші бойынша әлемде алдыңғы қатарда. Оның себептерін ашып айтатын болсақ, көбінесе жауапкерлердің яғни ер азаматтардың отбасына деген салғырттық танытуы, ішімдікке салынуы, қаражаттың жетіспеуі, өзара мінездерінің жараспауы, екі жастың арасына сырттағы туысқандардың араласуы кедергі болып жатады. Дегенмен, жастардың отау құрғанда олардың бір-бірін ұнатып, сезімдерін білдіріп, өзара келісіп  қосылатынын жоққа шығаруға болмайды. Демек, жеке — дара тұлға ретінде дамыған, екі азаматтың өз отбасын құрып, оны ары қарай ата-баба салтымен жалғастырып, берік сақтап, өмірге бала әкеліп ұрпағын жалғастырып көбеюі әрбір ер азаматтың мемлекет алдындағы борышы екенін ұмытпаған жөн деп санаймын. «Ел боламын десең бесігіңді түзе» демекші сотқа талап қою арызын жазардан бұрын ерлі-зайыптылар арнайы медиатордың, заманауи отбасылық психологтардың көмегіне жүгінгендері дұрыс болар еді.

Өз тарапымнан қазіргі таңда ел болашағы үшін күресіп, еліміздегі өзекті мәселеге айналған ажырасу мәселесі бойынша жас отбасыларға, ата-аналарға психологиялық кеңес беріп мәселенің шешімін табуға көмектесіп жүрген  отбасылық психолог Ержан Мырзабаевты, (yerzhan. myrzabayev) бала тәрбиесі жөнінде және ата-аналармен жұмыс жасап жүрген бірнеше кітаптар авторы Елжас Ертайұлы (yelzhas.yertaiuly) азаматтарымыздың парақшаларын, тұрғындарға кеңес алуға мәселені ортақтасып шешуге көмегін тигізеді деген ниетпен атап өткім келеді.

Аудандық сот.

қауіпсіз автокөлік

Сарысу ауданы Төтенше жағдай бөлімі, көліктерді өрттерден сақтау мақсатында төмендегі өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтағандарыңызды ескертеді. Автокөлік құралдарының өртке қарсы жағдайын жақсарту және ондағы өрттердің алдын алу мақсатында, техникалық тексеру жүргізген кезде, мемлекеттік өрт бақылау бөлімі келесі мәселелерге аса назар аударуды ұсынады.

  • қуат көзі жүйесінің герметивті жалғануы;
  • электр сымының кузов элементтері мен аспап қалқанына берік жалғануы;
  • қосымша электр құрылғыларының, электрлік оталдыру шығырының, тұманға қарсы шамдарының, қосымша сигналдардың және т.б. дұрыс орнатылуы;
  • ақаусыз өрт сөндіру құралының болуы.

Автотұрақ бөлмелерінде /гараждарда/ жол бермеу қажет:

  • жанар-жағар май багінен, жанар-жағар май өткізгіштерінен, карбюраторлардан майы ағып тұрған, сонымен қатар электрмен қамтамасыз ету жүйелері өшірілмеген автокөліктерді тұрғызуға
  • электр сымдарын дәнекерлеусіз қосуға;
  • автокөліктерді бояуға, мөлшерден тыс жанар-жағар май құюға;
  • бөлшектерді тез лаулайтын және жанатын сұйықтықтармен жууға;
  • жөндеу жұмыстарын жүргізген кезде ашық от қолдануға тыйым салынады.

Аудандық төтенше жағдайлар бөлімі.

жеке бас гигиенасы

Осыдан біраз уақыт бұрын педикулез- жоқшылық пен лас адамдар арасында тарайтын ауру деп есептелетін. Қазіргі таңда бит жаңа қоршаған ортаны игеру үстінде.

Лас жерден жаңа  таза ортаға қоныс аударуда. Ғалымдар осы жәндік түрін адамдардың жағдайы жақсы елдерде,тазалық пен жеке бас гигиенасын қалтқысыз сақтайтын адамдар арасында көптеп таралу үстінде екенін байқап отыр. Аурудың аса көп таралу деңгейі 15-24 жас,екінші орында 14 жасқа толмаған балалар, үшіншісінде 35-50 жас аралығында тіркеліп отыр. Педикулез-адамда биттің ұсақ қансорғыш жәндіктердің паразиттік өмір кешуімен байланысты ауру,олар адам денесінде немесе шашында,төсек және іш киімінде өмір сүреді. Бас,киім-кишек және қасаға биті деп бөлінеді. Бит науқаспен тығыз қарым қатынас арқылы, киімін, тарағын, төсек орнын пайдаланғанда жұғады. Адам қанын сорып, оны тамақтану көзі ретінде пайдаланады. Педикулезге қарсы халық пайдаланатын: керосин немесе сірке суы әдістеріне жүгінген дұрыс емес. Олар сіздің шашыңызды айтарлықтай әлсіретеді. Педикулездің алдын алудың негізгі шараларына гигиеналық нормалар мен талаптарды нақты сақтау жатады.

Аптасына екі реттен кем емес жуынған,төсек жабдықтарын жиі ауыстырған,ыстық сумен жуған және тігіс тұсын үтіктеген абзал. Бөтен адамдардың гигиеналық құралдарын пайдаланбаңыз және өзіңіздікін бермеңіз. Осыны балаларымызға да үйреткен абзал. Отбасында битті қайтадан жұқтырмау үшін пайдаланған тұрмыстық заттарды залалсыздандыру және оларды екі аптадай қолданбау қажет. Биттің бар екенін тексеру үшін таза ақ мата немесе қағаз үстінде шашты тарау керек.

Тері ауруынан сақтанайық

Дерматомикоздар трихофития және микроспория сияқты түрлерге бөлінетін жұқпалы тері аурулары адамдар мен жануарларды зақымдайтын ауруларға жатады.

Дерматомикоз  ауруларының қоздырғыштары-саңырауқұлақтар, жануарлар мен адамдарда кездесетін түрлері көп.

Зақымдану ауру адамдар мен жануарлар арасындағы тікелей қарым қатынас пен тұрмыс жабдықтары төсек, тарақ, қырыну заттары арқылы жұғады.

Саңырауқұлақтар терінің үстіңгі  және де терінің терең қабаттарын сонымен бірге шашты зақымдайды.

Дерматомикоз аурулары мезгілділігі мен ерекше жоғары жұқпалылығымен ерекшеленеді. Отбасы және ұйымдастырылған ұжымдарда дерматомикоз ауруларының өршуі күз-қыс мезгілдерінде өтеді.

Балалар арасында саңырауқұлақ ауруларының ең көп тараған түрі микроспория. Балалардың зақымдануы көбіне ауру адамдар және ауру жануарлармен тікелей байланыста болғаннан кейін сонымен қатар грибок элементтерімен кірленген заттар арқылы жұғады.

Микроспория ауруы бастың шаш бөлігі мен жылтыр теріні зақымдайды. Дененің тері, бет және аяқ бөліктерінде дөңгелек тәрізді қызғылт түсті теңбіл, ақшыл-сұр қабықпен жабылған, жеңіл қышыма пайда болады. Шаш түскіш болып кетеді.

Зақымдану көбейгенде элементтер қосылып,алқа тәріздес  төгілу пайда болады. Көбікшелер кеуіп, жоғары қабықшақтар және түлеу таңбалары қалады.

Зең ауруларының алдын алудың ең маңызды шаралары:

-жеке бас тазалығын сақтау

-бөтен тарақты қолданбау

-моншалар мен сауналарда жеке жабық резина аяқ киімдер пайдалану

-үйдегі жануарларды, иттерді, мысықтарды уақытылы мал дәрігеріне көрсетіп,тексеруден өткізу.

К.Таңатарова,

аудандық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының

бас маманы

тұрғындар назарына

Газ мамандары тұтынушылардан тұрмыстық газды пайдалану кезінде қауіпсіздік шараларын сақтауды сұрайды.

Газ тұтынушылары қандай қателіктерді жиі жібереді және жылыту маусымында қауіпсіздікті қалай сақтау керек?

Жазатайым оқиғалардың көпшілігінің себептері — мұржаның түтін тартпауы, желдету арналарының, терезелердің ашылмайтындай орналасуы, газ аспаптарында оқыс жағдай кезінде газды сөндіретін автоматиканың болмауы, газ аспаптарын қараусыз қалдыру, тұрақты техникалық қызмет көрсетуді елемеу.

Газды пайдалану кезіндегі қауіпсіздікке деген мұндай немқұрайлы көзқарас кейде қайғылы салдарға әкеледі.

Өзіңізді қалай қорғауға болады?

  • Үй-жайда газдың иісі байқалған кезде жабдыққа дейінгі және жабдықтың өзіндегі крандарды дереу жабу, терезелер мен есіктерді ашу, желдету, сіріңке жақпау, темекі шекпеу, электр аспаптарын қоспау және өшіру, 104 телефоны бойынша авариялық қызметті шақырту қажет.
  • Газ пайдаланатын жабдыққа газ беруді автоматты түрде өшіруге арналған газ дабыл қаққыштарын (сигнализатор) орнату.
  • Үйішілік газ құбырлары мен газ аспаптарына уақтылы техникалық қызмет көрсетуді жүргізу.

Сарысу аудандық ТҮКШ, ЖК,

 АЖ және ТҮИ бөлімі.

вниманию жителей

Газовики просят потребителей соблюдать меры безопасности  при использовании газа в быту.

Какие ошибки совершают потребители газа чаще всего и как обеспечить безопасность в отопительном сезоне?

Причины большинства несчастных случаев — это отсутствие тяги в дымоходе, закрытое положение вентиляционных каналов, форточек, отсутствие автоматики на газовых приборах, оставление газовых приборов без присмотра, пренебрежение регулярным техническим обслуживанием.  Такое отношение к безопасности при пользовании газом чревато порой трагическими последствиями.

Как обезопасить себя?

  • При обнаружении запаха газа в помещении необходимо немедленно перекрыть краны перед оборудованием и на самом оборудовании, открыть окна и двери, создать сквозняк, не зажигать спички, не курить, не включать и отключать электроприборы, вызвать аварийную службу по телефону 104.
  • Установить сигнализаторы загазованности, которые предусматривают и автоматическое отключение подачи газа на газоиспользующее оборудование.
  • Своевременно проводить техническое обслуживание внутридомовых газопроводов и газовых приборов

ОТДЕЛ ЖКХ, ПТ, АД и ЖИ АКИМАТА САРЫСУСКОГО РАЙОНА.

Leave A Reply

Your email address will not be published.