Halyk Bank-ке-100 жыл

0

Биыл Қазақстанның жетекші банкі маңызды тарихи межеден өтеді: 100 жыл бұрын 1923 жылдың қазан айында Ақтөбеде жүйе құраушы қаржы институтының негізі қаланған алғашқы жинақ кассасы ашылды. Дәл осы күн Қазақстанның бүкіл банк жүйесінің туған күні болып саналады.

Банктің тарихы еліміздің қалыптасу тарихымен тығыз байланысты деп айту артық болмас. Өз Отаны мен халқының игілігі үшін жұмыс істей отырып, Halyk жергілікті сақтандыру банкінен аймақтық көшбасшыға дейін өсті. Бүгінгі таңда банк ел өмірінде маңызды рөл атқаратын республиканың ірі қаржы тобының өзегі болып табылады. Halyk Қазақстан экономикасының нақты секторының негізгі кредиторы болып табылады, сол арқылы гүлденген қоғам орнатуға өз үлесін қосып келеді деп айту жеткілікті.

Өзінің жүз жылдық мерейтойын Halyk Bank Қазақстан халқымен бірге атап өту дәстүрін жалғастыра отырып, «100 игі іс» іс-шарасын іске қосты. 2023 жыл бойы банк Қазақстанның барлық өңірлерінде ауқымды әлеуметтік жобаларды іске асырып келеді.

Halyk банктің аудандық  басқармасының  басшысы Тимур Айтеков: -Жүз жыл бұрын шағын жинақ кассасының ашылуымен халықпен жұмыс істеуге бағытталған заманауи банк жүйесінің іргесі қаланды. Бүгін күні сол бірінші Ақтөбе жинақ кассасының мұрагері Halyk банк – еліміздің барлық өңірлерінде ғана емес, Өзбекстанда, Грузияда, Қырғызстанда да жұмыс істейді. Қоғамның жоғары сеніміне ие болып отыр, оның белсенді клиенттері–жеке тұлғалар саны 9 млн. адамнан асып, Қазақстанның ірі компанияларының 80%-ына қызмет етіп келеді. Еліміздегі барлық ірі өнеркәсіп кәсіпорындарын біздің банк қаржыландырады. Бұл банктің жүз жылда жүріп өткен жолының айқын дәлелі, – деді.

Halyk банктің аудандық басқармасында ұзақ жылдар бойы талмай еңбек етіп келе жатқан банк саласының  ардагері   медалінің иегері,  бөлімше басшысы  Жанат Алимова өз сөзінде: -Мен осы банк саласында 1990 жылдан бері үздіксіз қызмет атқарып келемін.  Біздің басқармада Ақбаян Рахышова, Құндызай Шалабаева, Жұлдыз Маселеева,  Жібек Ергешова, Ұлдана Айжанова,  Арайлым Мырзамбетова, Шолпан Қонтай халыққа үздіксіз қызмет атқарып келеді. Бұл біздің халықпен ынтымақты бірлікте болуға деген ұмтылысымызды толық көрсетеді, әрі қарай дамуға күш беріп, жігерлендіреді. Біз өз тарихымызда ешқашан сырттай бақылаушы болған емеспіз және оны мақтан тұтамыз. Қиын сәттерде көмек қолын созып, жеңістеріміз бен жетістіктерімізді қуана бөлісіп келеміз. Halyk банк – елімізбен бірге дамып, халықтың сенімді серігіне айналды. Halyk банк халық үшін қызмет етеді, – деп өз ойын білдірді.

Банк  жүйесі  нарықтық экономиканың ажырамас бөлігі. Оның рөлі салымдар мен инвестицияларды басқарумен, несиелік және басқа қаржылық операциялармен тығыз байланысты. Сонымен қатар, ол шағын және орта бизнестің дамуына үлкен үлес қосуда.  Бүгінгі таңда банктің бөлімшесі біздің өңірдегі әрбір тұтынушыға сапалы және лайықты қызмет  атқаруда.

Банктің Сарысу аудандық филиалын бірқатар негізгі көрсеткіштер бойынша сөзсіз көшбасшы бола отырып, шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері үшін де, халық үшін де банк қызметтерінің барлық түрін ұсынады. Банк аймақ тұрғындарымен өзара тиімді іскерлік ынтымақтастық құрудан бөлек әлеуметтік жауапты құрылым болғандықтан мүмкіндігінше  Сарысу ауданының өзекті мәселелерін шешуге атсалысып келеді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.