АУДАН ӘКІМІ С.МАМЫТОВТЫҢ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАРТТАР КҮНІ МЕРЕКЕСІНЕ АРНАЛҒАН ҚҰТТЫҚТАУЫ
Құрметті ардагерлер!
Қадірменді қариялар!
Сіздерді 1 қазан — Халықаралық қарттар күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!
Үлкенді сыйлау, оларға құрмет көрсету-ата-бабадан келе жатқан салтымыз. Мемлекеттің тарапынан Қазақстанда ардагерлердiң жақсы өмiр сүруiне көп көңiл бөлiнуде.
«Қарты бар үйдің-қазынасы бар» деген дана қазақ.
Сіздердің өмірлік тәжірибелеріңіз бен ақыл-кеңестеріңіз, тәлім-тағылымдарыңыздың біз үшін орны бөлек. Себебі, әрқайсыларыңыздың ауданның өсіп-өркендеуіне қосқан үлестеріңіз бен еңбектеріңіз ерен.
Ел ағалары адасқанға жөн сілтеп, жастарға бағыт-бағдар берген. Бір ауыз сөзбен тентегін тыйып, тектісін төрге оздырған.
Біздің қанымызға сіңген осы қасиетті Сіздер одан әрі жалғастыра берулеріңіз керек.
Өскелең ұрпаққа игілік пен ізгіліктің, пайым-парасаттың үлгісін көрсете беріңіздер.
Халық арасында аузы дуалы, сөзі уәлі ақсақалдар бар да ел ішінде алауыздықтар орын алмайды. Жастары жөнсіз кетпейді.
Қымбатты ардагерлер!
Біз сіздердің бай тәжірибелеріңізді жоғары бағалаймыз.
Еселі еңбектеріңізге, шыдамдылық пен төзімділіктеріңізге алғыс білдіреміз.
Баршаңызға мықты денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасыларыңызға бақ-береке тілеймін!
Мерекелеріңіз құтты болсын!
Ќарттарым-асыл ќазынам
Қадірлі ардагер ағалар мен ақ жаулықты аналар!
Сіздерді мейірім мен ізгілік мерекесі — Қарттар күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Ел мүддесін бәрінен биік қоятын, өзінен кейінгі ізіне ерген інілеріне ізеттігін аямайтын, бір қауымға бас-көз бола білген қарияларымыздың орны ерекше. Қария деген сөз елдің басы болу, ақылын айтар дана болу, ел төрінде құрметке бөлену. Шаңырақтың шаттығын сақтап, бірлігін бекем етуге ақылын айтар елі мен жерінің кеңесшісі. Қарттарымыз қиын-қыстау заманда ел үшін аянбай еңбек етіп, балаларын өсіріп, білім беріп, жетілдірді. Қариялардың көкірегі қашанда өсиетке толы. Қарттарымызды құт-береке деп тану, ол — ұрпақтың көрегендігі.
Әр отбасында арқа тұтар ата-әжелері бар. Олардың әрбір айтқан ақылдары жас ұрпақтың өсіп-өркендеуіне мол үлесін тигізеді. Сабырлық, қарапайымдылық қасиеттерімен кейінгі ұрпақты Отанымызға адал қызмет етуге, айналадағы адамдардың өмірге, қоғамға деген оң көзқарасын қалыптастыруға үйретуде. Қазақта «Қарты бар үйдің-қазынасы бар» деген жақсы сөз бар. Аталы сөзді ұрпаққа аманаттап жүрген ардақты қариялар қоғамның басты байлығы әрі ажырамас бөлігі. Кез келген күрделі шешімнің артында дана қариялар мен ақылшы ақсақалдар тұрады. Еңбек етіп, бейнеттің зейнетін көріп жатқан көнекөз ақсақалдарымыз бүгінгі күннің анық шежіресі. Еліміздің дамуы мен сарабдал саясатына сүбелі үлес қосып жүрген ардагерлер ұйымдары тынымсыз жұмыстар атқарып жатыр. Бүгінде ауданымызда аудандық ардагерлер, алқа билер кеңестері сынды ұйымдар қоғамдағы оқиғаларға қозғау салып, түрлі шараларда белсенділік танытуда. Бүгінде қарттарға арналған «Ардагерлерді ардақтайық», «Әке мектебі» сынды көптеген іс-шаралар қолдау тауып, жыл сайын жалғасып келеді. Қала мен ауылдық округтерде де аталмыш ұйым ұйымшылдықпен қызмет атқарып жатыр. Қарияларымыз қоғамдық жұмыстарға да белсене араласып, даналықтың өнегесі болып, жас ұрпақтың тәлім-тәрбиесіне де елеулі үлес қосуда. Әрбірінің жүріп өткен жолдары, ерен еңбектері — ұрпақ үшін үлгі-өнеге. Әртүрлі қызметтерді мүлтіксіз атқарып, зейнетке шыққан шақта толысқан тәжірибелерін жастарға үйретіп, саналарына ілімнің нұрын құйып отырған ардагерлер қауымына алғысымыз шексіз.
Ардагерлерді ардақтау — бүгінгі жас өрендердің азаматтық парызы. Келелі істе кемелдігін көрсетіп жатқан қарттарымызды қадірлесек ұрпақтар сабақтастығын сақтап, ұлттық құндылықтарды жоғалтпайтынымыз анық. «Әке көрген-оқ жонар» дегендей, дұрыс ақыл, нақты бағыт алып өскен келешек жастар өз жолынан адаспайтынына сенім мол. Ізгілік пен ізеттіліктің көркем үлгісі болып табылған қарттарымызға деген құрмет қашан да жоғары тұрмақ.
Осынау мерекемен құттықтай отырып, Сіздерге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасыларыңызға амандық тілеймін. Өмірлеріңіз шуақты болып, күш-қуаттарыңыз сарқылмасын. Еліміз тыныш, халқымыз аман болсын!
Ш.Мұсабеков,
аудандық мәслихаттың
төрағасы
Бізде дәрігер бір ќыз бар…
Ол кезде қазіргі Саудакент селосы (бұрын Байқадам селосы деп аталатын) алдында аудан орталығы Талас ауданының Ақкөл селосына көшіп, қараусыз қалып, үйлері азып-тозып, көшелері ойдым-ойдым, шұқыр тесік ауылдың ұсқыны кетіңкіреп қалған кез еді.
Байқадам қазақ орта мектебінің жетінші сыныбында оқып жүрген кезім. Иә, сол 1964 оқу жылы ерекше бір қуанышпен жаңалықпен басталып еді-ау. Мен алдыңғы 5-6 сыныптарды бұрынғы “Бүркітті” (қазіргі Жаңатас қаласы) сегіз жылдық мектебінде оқыған болатынмын. Жетінші сыныпты Байқадам орта мектебінде жалғастырдым.
Қазан айының ұмытпасам 4 жұлдызында жаңа мектеп құрылысы бітіп, жаңа мектеп үйінде оқи бастадық. Мектеп болғанда қандай, қызыл кірпіштен салынған, екі қабатты, терезелері кең әрі жарық. Біз алдында бұрынғы ескі мектепте оқып келдік. Бұл мектептің бас ғимараты төбесі биік, саз балшықтан салынған. Бұдан бөлек арасы 300-400 м жерде бірнеше мектептің оқушылар сабақ оқитын ғимараттары бар. Олардың еңсесі бас ғимараттан төмен, кейбірі қазақы үйлердің бөлмелеріндей қыста от дәлізден жағылады. Енді, міне, өте әдемі, сапалы соғылған ғажайып мектепте оқимыз. Қуанышымызда шек жоқ.
Аудан көлеміндегі 8 жылдық мектепті бітірген оқушылар 9-сыныптан бастап 11-сыныпты осы Байқадам орта аралас мектептен бітіріп шығатын. Ол жылдары орта мектептің оқу бітірер сыныбы 11-сынып болатын. 9-11 орыс сыныптары да осы мектепте оқитын. Бұрын аудан орталығы болған, қазір ауыл орталығы болып қалған Байқадам ауылы үшін оқушылар санының өте көп болуының өзіндік себептері де бар болатын. Себебі аудан орталығы Талас ауданының орталығы Ақкөл ауылына көшкенде ауданның байырғы тұрғындары, зейнеткерлері көшпей, әліптің артын бағып қалып қойған еді. Ондағысы Сарысу ауданы орталығы әйтеуірі ертелі-кеш Байқадамға бір көшіп келер деген үміт оты болатын. Оны айтып отырғаным осы жаңа мектепті біздер бітіргенде 1968 оқу жылында 4 оныншы сынып бітірдік. Осы төрт сыныптағы оқушылар саны 129 бала болды. Орта есеппен бір сыныпта 30-дан аса бала бітірдік.
Сол 1964 жылы мектептің ескі бас ғимаратынан 200 қыз балаларға арналған пансионат ашылды. Ол пансионатқа аудан көлемінде ғана емес, көршілес Талас аудандарынан да келіп қыздар жатып оқыды.
Біздер жаңа мектепке сабаққа келуге асығамыз. Кейде ертерек барып, мектебіміздің сыртқы ішкі сұлулығын тамашалап, мәз боламыз. Сұлу да сымбатты мектебімізге барар жолда 200 орындық қыздар пансионатына да назар аудармай кете алмаймыз. Біз сабаққа бара жатқанда, кейде келе жатқанда ақ бантик тағып, мектеп формасын киген әдемі қыздар өзгеше бір әлем ақ раушан гүлдері көшіп бара жатқан әсер қалдыратын. Біздер сол ақ бантик тағып жүрген қыздардың арасында ойнап-күліп кетіп бара жатамыз. Бір ерекше сұлулық әлемі дерсің. Шіркін, қайталанбас сол кездер.
Әрине, менің досым Мақтабек екеуміз ғой. Жалғыз біз емес, терезе алдында талай бізден үлкен, кейбіреуі қатар оқушылардың қыздармен сөйлесіп тұрғанын көріп, кімнің қай қызбен жүретінін өзімізше іштей бағдарлаймыз.
Осындай қызығы мен шыжығы мол жылдары ауылда тағы бір әңгіме гу ете қалды. Ауылдағы емханаға бір топ сұлу дәрігер қыздар келіпті. Сұлулықтары бірінен-бірі өтеді деген жігіттер арасында әңгімелер көбейіп кетті.
Әрине мектеп оқушыларымыз. Сол жігіттер айтып жүрген қыздарды көрмесек те, сыртынан естіп жүргенімізге мәзбіз. Бір жолы бір топ жоғарғы сынып оқушылары көшеде келе жатқанда алдымызда 3 қыз кетіп бара жатты. Қашанда алдын ерте болжап жүретін досымыз Серік Тасыбаев досымыз анадағы ауылға келеді деген осы қыздар, деді киім-киісін, жүріс-тұрысын сыртынан көріп-ақ. Әрине, алақандай ауылға кімнің келіп, кімнің кеткені бізге де бірден байқалатын.
Бойлары бір құралас, орта бойлы, киген киімдері қарапайым, өздерімен өздері әңгімелесіп, алаңсыз кетіп барады. Жедел жүріп, қыздардың алдына түсіп кетіп ұзаңқырап барып, тоқтап артымыздағы алаңсыз келе жатқан қыздарға назар аудара бастадық. Қыздар сырттай қараған адамға біріне-бірі қатты ұқсайды екен. Ішінде бір қыз ерекшелеу көрінді. Қасындағы екі жолдасы әңгімеден аузы тиылар емес. Ортасындағы әдемі қыз оларды байсалды тыңдап келе жатыр. Бұл қыздың аты-жөні кім болды екен, деп зейін аударғанымызбен ешкім арамыздан атын да, өзін де білмейтін болып шықты.
Біршама уақыт өткеннен кейін дәрігер қыздарды ауылдағы кішкене клубқа киноға апарып жүрген ағаларды көріп жүрдік. Сол қыздарды киноға апарып жүрген жігіттердің ішінен Амангелді ағайды жиі-жиі көретінбіз. Қасында келген қыздардың серкесі, ең әсемі Бағдангүлді қолтықтап жүргенін көрген кезде нағыз лайықты екі жұп деген ойда жүретінбіз.
Көп ұзамай ол кісілердің отбасын құрғанын естіп, қуанып қалдық. Ауылға білікті дәрігердің келгені үлкен қуаныш болды. Әйтеуір сұлу қыздардың бірі ауылда қалғаны бізге бір жақсылықтың нышанындай сезілетін.
Амангелді ағай да автотранспорт жүргізушісі болып қызмет істеп жүрді. Өмірінің соңына дейін автокөлік тізгінінен айырылған жоқ. Ауылдағылар Бағдангүлді дәрігер қыз деп атап кетті. Тіпті кейбіреулері “біздің қыз” деп атап жүрді. Біреуі науқастанып қалса, дәрігер қызға көрінбейсің бе, ол қыз жақсы дәрігер, өз мамандығының білгірі, аурудың диагнозын дұрыс қойып, дұрыс емдейді. Қолы шипалы деген сөз ауылда жиі айтылатын. Бұл ауыл халқының Бағданкүл дәрігерге деген құрметі еді. Бағдангүл бұл құрметке лайық дәрігер болды. Мектепте оқып жүргенде тұмауым асқынып ауырып, ауылдық ауруханаға түстім. Дәрігерім педиатор Бағдангүл Ақласова болды. Ол кісі күнделікті науқасты қарағанда өзінің барлық мейірімін аударып, алма жүзі алаулап аурудың алдын алу, сақтану, уақытылы ем қабылдап, шипасын алуына барлық жағдай жасауға баса назар аударады екен. Көбінесе аурудың алдына алу жөнінде әңгіме өткізіп жүрді. Ем қабылдаушылардың Бағдангүл дәрігердің көрсеткен қызметіне ризашылығын білдіріп кетіп жатқанын көріп жүрдім. Менде аз күнде ол кісінің емін алып, таза айығып шықтым. Рахметімді айтуды ұмытқаным жоқ.
Кейін аудандық Советі атқару комитетінде, аудандық партия комитетінде қызмет атқарып жүргенде де науқастанған кезде ол кісінің емін қабылдап, кеңестерін тыңдап жүрдім. Қашан да жайдары жүзі, адамға деген шынайы мейірімі бір қалпынан ауытқыған емес. Ол кісі барлық уақытта да сабырлы, байсалды, науқастарға деген мейірімімен, терең білімділігімен айқындалып тұратын.
Майлыбай СМАҒҰЛОВ, Қазақстан Республикасы
Журналистер
одағының мүшесі
Тїсіндіру жўмыстарын жїргізді
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Қазақстан халқына Жолдауын насихаттау мақсатында Досбол, Байқадам ауылдық округтерінде жиын өтті.
Жиынға ауыл тұрғын-дары, мекеме басшылары мен аудандық мәслихаттың депутаты қатысты.
Басқосуда хабарламашылар Жолдауда белгіленген негізгі міндеттер жайында баяндап өтті.
Сонымен қатар, Жолдауда айқындалған негізгі басымдықтарды атап, оларды орындау әр қазақстандықтың міндеті екендігі туралы айтылды.
Жиналысқа қатысушылар күн тәртібіндегі мәселеге қатысты өз пікірлерін білдіріп, ұсыныстар жасады.
«Sarysý-Aqparat»
«Ќарттарєа ќамќорлыќ»
айлық акциясына қатысуға шақырамыз
1 қазан –Халықаралық қарттар күні жақындап келеді. Бұл күн біздің аға буынға ризашылығымызды білдіріп, шынайы көңіл бөлуімізге мүмкіндік беріп қана қоймай , олардың қажеттіліктеріне назар аударуға жақсы себеп.
Құрметті қазақстандықтар!
Қарияларды қолдау, оларға қамқорлық көрсету аға буынға көрсеткен парызымыздың аз ғана бөлігі. «Ардагерлер ұйымының» республикалық қоғамдық бірлестігінің бастамасымен жылдар бойы елімізде қазан айы «Қарттарға қамқорлық» акциясына ұласып келеді. Қазақ халқының дәстүрінде үлкенді сыйлап, ақылын тыңдап, алдынан кесе көлденең өтпеген. Елімізде қарттарға қамқорлық жыл сайын артуда. Жасының егде тартуына, денсаулығының сыр беруіне байланысты қарттардың көптеген шешілмеген мәселелері туындайтынын білесіздер, сондықтан оларға қолдау көрсету туған-туыстары мен барша қоғамның міндеті.
Мемлекетіміз қарттарға деген қамқорлықты экономикалық дағдарыс кезінде де тоқтатқан емес. Дегенмен елімізде әлі де болса әлеуметтік көмекке мұқтаж егде адамдар бар.
Кейбір қариялар жасы ұлғайған шағында жан жылуы мен мейірімге зәру.Барлық қазақстандықтарды, жұмыс берушілерді, бизнес құрылым өкілдерін, аға буынның ел игілігіне қосқан еселі еңбегін ұлықтауға, «Қарттарға қамқорлық» айлық акциясына атсалысуға шақырамыз.
Республикамыздағы атқарушы органдарды, жұмыс берушілерді, бизнес құрылымдарын, ерікті-лерді, қарияларға әсіресе мүмкіндігі шектеулі ардагерлерге, жалғыз басты зейнеткерлерге, аз қамтылған қарттарға арнайы көңіл бөлуге үндейміз. Оларға материалдық тұрғыда қол ұшын созуға, әлеуметтік-тұрмыстық жағдайларына қолдау көрсетулеріңізді сұраймыз. Өз елінің патриоты ретінде акцияға бей-жай қарамайтын азаматтар жергілікті әкімдіктермен, өңірлік ардагерлер кеңестерімен байланысқа шығып үлес қосады деген үміттеміз.
«Ардагерлер ұйымы» республикалық қоғамдық бірлестігі.
78 жылдан кейін келген
«Ќызыл Жўлдыз» орденіТалай жанды қыршыннан қиып, талай шаңыраққа қаралы хабарды жеткізген Ұлы Отан Соғысының қазақ еліне әкелген зардаптары орасан зор. Келместің кемесіне мініп, сұрапыл соғыста салты бөлек жат жерде қаза тауып, туған жердің топырағы бұйырмай кеткен жандар қаншама. Олар жайлы тек естеліктер мен есті әңгімелер ғана қалады.
Сол қанқұйлы майдан даласында ерлігімен өшпес із қалдырып, Отан үшін жан берген бірқатар ардагерлердің ерлігі архивтерден табылмай, есімі ұмыт болып жататыны белгілі. Артынан іздеушісі табылмай жабулы қазан ашылмай сол күйі зерттеусіз зерделеусіз беймәлім күйде жұмбаққа айналады. Біз бүгін Ұлы Отан Соғысы жылдарында ерлікпен қаза тауып, еңбегі еленген ардагер Махажанов Қарлығаш атамыз туралы айтпақпыз.
Махажанов Қарлығаш 1917 жылы Қарағанды облысы, Жаңа-арқада көпбалалы отбасында дүниеге келген. 1924- 1931 жылдары Жаңа-арқа орта мектебін бітірген. Ағасы Махажанов Киікбай Қарлығашты 1931 жылы Байқадамға алып келіп ФЗУ да оқытқан. 1934-1942 жылдары Селсоветте хатшы болып жұмыс атқарған. 1942 жылы Отан соғысына Жамбыл əскери бөлімінің шақыруымен соғысқа аттанды. Соғыста 37 — атқыштар дивизиясы взводының командирі болған. Майданда жүріп 15 немістің солдаттарына қарсы келіп, взводын аман-есен алып шыққан. Сол жолы қапыда ажалдың оғы тиіп, жараланып, əскери емханада қайтыс болған. Соғыста ерлігі үшін «Қызыл Жұлдыз» орденімен марапатталған. Алайда, «Секретно» деген сөзбен елге ешқандай хабар берілмеген. Соғыста қаза тапқан Қарлығаштың ағасы Махажанов Киікбай інісінің басына барып, туған жерге топырағын жеткізіп, орденді алуды армандаған. Киікбайдың өзі де Ұлы Отан Соғысына қатысып, аман-есен елге оралған.
Киікбай ата туралы да сөз қозғай кеткенді жөн көрдік. Махажанов Киікбай 1912 жылы Қарағанды облысы, Жаңа-арқа ауданында дүниеге келді. Орта мектепті 1924 жылы бітірді. Кооператив училищесін бітіріп, арнайы жастар жолдамасымен сауат ашуға Байқадамға жіберілді.Комсомол қатарында жүріп жастарға сабақ берді, театрда спектакль қойылымдарын қойды, жастарды тəрбиеледі. Комсомол жастарының сауатты жетекшісі болды. 1930 ашаршылық жылдары Жаңа-арқадан балалар үйіне өтіп кеткен бауырлары Мұсайып, Лəйлім, Ажай, Қарлығашты жинап, оларды Байқадамға алып келіп, тəрбиелеп, Отан алдында еңбекке баулып үлкен үлес қосқан. 1937 жылы репрессия кезінде көптеген адамдарды қорғап қалды. 1942 -1944 жылы Отан соғысында ауыр жараланып, елге оралды. Отан соғысында ерлігі үшін көптеген медальдармен марапатталды. Ұлы Отан соғысының құрметті ардагері деген атаққа ие болды. Соғыстан кейін 1944-1985 жылдарға дейін Заготскотта бухгалтер жəне бастығы болып еңбек етті. Еңбек ардагері атағымен марапатталды. Жұбайы Махажанова Жұпар көп балалы ана, Алтын медальдің иегері. Бүгінде ол кісіден тараған ұл-қыздары өсіп өнген. Туған жерде қызмет етуде.
Арада көп жылдар өтіп Киікбай атаның асыл арманы орындалды. Майдангердің қызы Махажанова Шырынкүл қажы апамыз (суретте) 13 жыл бойы Махажанов Қарлығаштың жерленген жерін тауып, туған елге топырағын жеткізді. Бұл асылында оңай шаруа емес. Қаншама елді аралап, қанша уақытын сарп етті. Қалың құжаттар мен сансыз дәйектердің арасынан деректі табу жауапкершілігі мол жұмыс еді. Табандай уақыты мен бар күш-жігерін арнаған Шырынкүл апаның еңбегі ақталып, күні кеше ғана Алматы қаласындағы Рес-ей Федерациясы консулдігінен майдангердің «Қызыл Жұлдыз» орденін салтанатты түрде алды. 78 жыл бойы талай тарихты артта қалдырып, арман болған орденге қол жеткізуге тым ұзақ уақыт кеткен екен. Бүгінде Қарлығаш атаның Польшадағы Вауч қорымында ескерткіші бар. Бұл ұрпақтары үшін үлкен мақтаныш. Ендігі Шырынкүл апаның арманы өзге елде ардақталып, есімі ескерілген тау тұлғаның өз елінде де аты өшпесе екен деген тілегі де бар. Алматы қаласынан бір көшеге Махажанов Қарлығаштың есімін берсе, үлкен қуаныш болар еді, дейді. Ол үшін тиісті әкімдіктерге барып, тілегін жеткізгенмен әзірге орындалмас арман болып тұр. Кім біледі, мүмкін бұл арман да іске асып қалар.
Самат Тоқбанов,
«Sarysý»
Отбасы-баќыт мекені
апта ішінде аудандық «COWORKING» орталығында «Зорлық-зомбылықсыз отбасы – бақыт мекені» атты аудандық
конференция өтті. Конференцияны өткізудегі басты мақсат – аудан әкімдігі жанындағы құқықбұзушылықтар профилактикасы жөніндегі ведомоствоаралық комиссиясының 2023 жылға арналған жоспарына сәйкес, қазіргі қоғамда орын алып жатқан түрлі отбасылық мәселелер және ондағы әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау, қол-дау көрсету. Конференцияға Сарысу аудандық сотының судьясы Д.Кадерқұлқызы, қалалық билер кеңесінің мүшесі Ұ.Сұрашев, «Жамбыл облыстық тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына әлеуметтік-психологиялық кеңес беру» кабинетінің психолог маманы Қ.Баккулиева, Сарысу АПБ жергілікті полиция қызметінің бастығы, полиция капитаны Р.Қуанышбаев, медиатор А.Сапабаев және мекеме қызметкерлері қатысты.
Бүгінгі таңда отбасындағы жанжалдан басталып, зорлық-зомбылыққа ұласатын әрекеттерден зәбір көретіндердің басым бөлігі – әйелдер мен балалар. Қылмыстық статистика бойынша соңғы үш жылда тұрмыстық әлімжеттік көрген әйелдердің көрсеткіші 25 пайыздан асқан. Ішкі істер министрлігі соңғы он жылда отбасындағы зорлық-зомбылыққа қатысты қылмыстық істің күрт көбейгенін мәлімдейді. Әсіресе, төтенше жағдай кезінде тұрмыстық жанжал көрсеткіші 41,7 пайызға өскен. Отбасы ішіндегі зорлық-зомбылықтан әйелдерден бөлек, балаларға да күш көрсету тыйылмай тұр. Бұл туралы ЮНИСЕФ пен Қазақстан арасындағы біріккен зерттеулерде ересектердің 75 пайызы балаларды тәрбиелеу мақсатында таяқтайтыны жазылған. Елімізде 14 жасқа дейінгі балалар әрбір екінші отбасыда не балабақшада зәбір көреді, мектеп оқушыларының үштен екісі қатарластарынан не болмаса мектеп мұғалімдерінен кемсітуге не зорлық-зомбылыққа ұшырайтыны анықталған. Негізінен зорлық-зомбылықтың ең көп көрсеткіші балалар үйі мен арнайы интернат мекемелерінде кездесетіні байқалған. Осы ретте әйелдер мен балалардың отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылық көруіне қарсы елімізде көптеген шаралар қолға алынған болатын.
Жиын барысында «Жамбыл облыстық тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына әлеуметтік-психологиялық кеңес беру» кабинетінің психолог маманы Қ.Баккулиева «Аудандағы тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарымен атқарылған жұмыстар туралы» хабарлама жасады.
Одан кейін Сарысу АПБ Жергілікті полиция қызметінің бастығы, полиция капитаны Р.Қуанышбаев «Отбасы-тұрмыстық қатынас саласындағы құқықбұзушылықтар» тақырыбындағы баяндамасын жасады.
Сонымен қатар, Сарысу аудандық сотының судьясы Д.Кадерқұлқызы, қалалық билер кеңесінің мүшесі Ұ.Сұрашев сала мамандарына түрлі сұрақтар қойып, тиісті жауаптар алынды.
«Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің психолог маманы Ж.Орынбай ауданымызда «Отбасылық сот» пилоттық жобасы аясында 2019 жылдың желтоқсан айында Сарысу аудандық соты және аудан әкімдігімен бірлесіп «Бастау» мамандандырылған жұмыс тобының мүшелері татуластыру жұмыстарын жүргізіп бастады. «Отбасылық сот» пилоттық жобасының мақсаты – ыдырағалы тұрған отбасын сақтап қалып, жұптардың жарасып кетуіне ықпал ету, отбасы құндылықтарын сақтау, отбасылық дауларды мейлінше татуластыру рәсімдерін қолдана отырып бітімгершілікпен шешу.
Жұмыс алгоритмі бойынша Сарысу аудандық сотына неке бұзуға арыз берген отбасыларды татуластыру жұмыстарын жүргізу үшін «Бастау» жұмыс тобына ұйғарым жолдайды. Жұмыс тобының құрамында прокуратура, АХАТ бөлімі, Жаңатас қалалық билер кеңесі, полиция бөлімі, тұрмыстық зорлық- зомбылық құрбандарына әлеуметтік көмек көрсету орталығының Сарысу аудандық кабинетінің мамандары, адвокат, медиатор, психолог, аудан әкімдігі жанындағы әйелдер істері және отбасы-демографиялық саясат жөніндегі комиссия мамандары бар. «Бастау» жұмыс тобының негізгі міндеті — отбасы мәселелерін шешуге бағытталған. Олар жанұяны сақтап қалумен қатар, олардың ажырасудағы себеп-салдарына үңіледі. Осы арқылы жұбайларға дұрыс жол сілтеп, кеңестерін береді.
Ағымдағы жылдың 8 айдың қорытындысы бойынша; Сарысу аудандық соты жалпы саны 40 ұйғарым жолдаған. Оның ішінде 31 келісімге келуден бас тартса, 9 отбасы татуласқан. Отбасы құндылықтарын насихаттау мақсатында семинарлар, акциялар және түсіндірме жұмыстары да жүргізіліп тұрады. Сарысу аудандық полиция бөлімінің әйелдерді қорғау бөлімінің инспекторлары мен Сарысу аудандық тұрмыстық зорлық- зомбылық құрбандарына әлеуметтік психологиялық кеңес беру кабинетімен бірлесіп түсіндірме жұмыстары тұрақты түрде жүргізіліп отырады.
Қай халық болмасын, әйел затына ықыласпен қараған. Қазақ халқында әйелдің орны ерекше. Ана деп құрметтеп, қарындас деп еркелетіп отырған. Ер азаматтың тірегі, қамқоршысы болған әйелдер – қамыққанда сүйеу, тарыққанда тіреу, қам көңілге жұбаныш бола білген. Сондықтан да әр отбасында отбасының берекесі, әйел затының қамқоршысы болуы тиіс ерлердің «жұдырыққа емес», Абай атамыз айтқандай, «ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүректің» пәрменімен әрекет еткені абзал.
«Sarysý-Aqparat»
Ќўлагердіѕ ажалы
Бұл оқиға көптің есінде қалған, асық атып, доп қуып, асыр салып ойнаған, балалықтың базарлы күндері таусылмаған он жасымда болған еді.
Ол кезде Маятас ауылы (бұрынғы Карл Маркс) Калинин атындағы кеңшардың №1 ферма бөлімшесі болатын. Бұл фермада отызға жуық шопандар отбасы бағып-қаққан жиырма бес мыңнан аса қой отарлары болды. Қара шаңырақ атанған үйі Маятаста ауылында Мұсаев Боранбай көкеміз де бір отар қой бақты. Құдай қосқан қосағы, апамыздың аты Мәуия еді. Менен бір жас кіші ұлдары Сатан осы бөлімшедегі сегізжылдық мектепте оқыды. Менің де әке-шешем №1 фермада бір отар қой бақты. Екі үйдің қыс қыстауы, жаз жайлауы бір болатын. Жазғы демалыс күндері екі үйдің балалары бірге ойнаймыз. Өріске шықпайтын қозы-лақтарды жайып, бағамыз. Мәуия апа өте балажан, мейірімді кісі еді. Топталып ойнап жүрген шопан балаларын көзі шалса «Айналайындар, мұнда келіңдер» деп дауыс көтере шақырып, айран-сүт ішкізіп, қалтамызды құрт, кәмпитке толтырып жіберуші еді. Құрт, кәмпит жегіміз келген күндері Боранбай көкенің үйіне таяу ойнаймыз. Өйткені Мәуия апаның міндетті түрде «Айналайындар» деп шақыратынын жақсы білеміз.
Боранбай көкеміздің де әйгілі Ақан серінің үш жүзге мәлім болған дүлдүл тұлпары құлагеріндей жүйрік аты болды. Түр-түсі құла болған соң ауылдастары «Боранбайдың құлагері» атап кетті. Осы құлагер аламан бәйгелерде алдына құйма тұяқ жылқы малын салмаған дүлдүл болды. Боранбай көкеміз сол тұстағы халықаралық 1 мамыр мен 7 қараша қазан революциясы мерекесі күндері құлагерін бәйгеге үкілеп қосып, бағын ашатын. Ол кезде аудан орталығы Байқадам. Аламан бәйге сылдырап сыр шерте аққан Шабақты өзеніне таяу атшабарда өтетін. Жал, құйрығы қызыл матамен түйілген құлагерге шабондоз баласы Сатан тақым басатын. Құлагердің тұла бойындағы ат әбзелдері де қараған жанның көз майын алушы еді. Шабандоз балалар мәре сызығынан жарыс жолына ат тізгінін қаққан бетте-ақ құлагер ор қояндай орғып алға шығып кететін. Оның үстіне дыбыс күшейткіш құралдан орындалған Құрманғазының әйгілі «Сарыарқа» күйінің тұла бойды шымырлатқан сиқырлы әуені бәйге аттарының да, көрермен көптің де делебесін қоздырып жіберуші еді.
Ертеде бәйге атының шабысына сенген атбегілер кеудесіне нан пісіріп «Тұлпарымның бәйгесін шаппай бер» деп қызыл кеңірдек боп шу шығарған ғой. Құлагер де шаппай бердің жүйрігі еді. Бірақ Боранбай көкеміз ондай әрекетке барған емес. Керісінше атқұмар қауымның құлагерінің аламандағы өнерін көріп, сүйсінгенін ұнатты.
Сол тұста отардан отар өргізген «Байқадам», «Коммунар», «Жаңатас», «Түркістан», Калинин атындағы кеңшарлардың шопандары Көсегенің көк жонын жаз жайлау етті. Жаз қызығы да осы ат тұяғы басқан сазды жерден бұлақ көзі қайнап шығатын жон жайлауы еді. Әрбір шопан үйі желі тартып, тулатып құлын байлап, сары қымыз сапырды. Күн құрғатпай бір отбасы бағлан қозысын сойып, ерулік жасады. Арқаны кеңге салған үлкен-кіші шопандар әңгіме дүкен құрып, күміс күлкі шуағына бөлеген әзіл-қалжыңды тілге тиек етті. Көсегенің көк жонын дүбірге бөлеген ұлттық ойынның бірі көкпар еді. Күнара жүректі де, білекті жігіттердің, додалы топты қақ жарған аттардың бағын сынатқан көкпардың қызығынан ешкім де қалғысы келмейді. Тай, құнандардың тізгінін қаққан балалар да барамыз. Үлкен қария кісілер қамқорлық танытады.
-Абайлап жүріңдер. Көкпаршылардың ауыздығымен алысқан асау аттары қағып кетіп жүрмесін,-дейді. Құлагерін мініп Сатан да жүреді. Атқұмар шабондоз көкпаршы жігіттердің көбісі атышулы құлагерді көздері шалса айналсоқтап жанынан шықпайды. Сын көзбен сұқтана қарап жүріп алады. Ырымшыл халықпыз ғой. Боранбай көкеміз тіл-көз тимесін деген ниетпен құлагердің жалының арасына тұмар тағып қоятын. Ол тұмар бірде байқалып, бірде көзге көрінбейтін. Қамыс құлақтарын қайшылап, шабыс тілеп жер тарпыған құлагерге көкпардың, салымның додасына кіруге рұқсат жоқ. Боранбай көке қатаң тыйым салған. Тақымы қызған ауыл жігіттері:
-Сатан балаңыз әлі жас. Додаға кіре алмайды. Құлагерді бізге беріңіз. Салымның бәрін өзіміз саламыз,-дейді.
-Болмайды,-дейді Боранбай көке басын шайқап,-Тұлпардың тұяғына қиянат жасап жүрерміз. Аяғын шауып алса обал болады.
Жаз жайлауда үлкен кісілер бас қосқан үйде қымызды қана ішіп, көбінесе карта ойынын қыздыратын. Ел-жұрт білген шындықты айтқанның еш айыбы жоқ болар. Боранбай көкеміз маңқаланып сөйлеуші еді. Сатан естісе ұят болады. Ол және Боранбай көкеміз жоқта үлкен кісілерден сұраймыз ғой.
-Боранбай көкенің тілі жас кезінде кеш шыққан ба?-деп.
Картаның қызығына беріле ойнап отырған кісілер күледі. Сосын бір кісі сөзге келеді.
-Әй, балалар-ай, білмегенді білгілерің келеді. Сұрамайтынды ойлап тауып сұрайсыңдар. Жарайды, сұрадыңдар айтайық. Бұл Боранбай көкелерің сендердей жас кезінде атышулы тентек, бүтінді бүлдірген бұзық, сойыл жинаған сотқар, ауыл балаларын бір шыбықпен айдаған атаман болған. Бірге ойнап жүрген қыз баланың басынан таяқпен ұрып жылатқан. Ол қыз бала да бір үйдің еркесі, бұзық екен. Боранбай көкелеріңнің тілінің ұшын қыршып тістеп жұлып алған. Содан көкелеріңнің сөзі бұзылған әрі бұзықтығын біржолата қойған.
Баламыз, сенеміз, өкінеміз. «Қап, әттеген-ай, неткен бұзық қыз еді? Тілінен емес қолынан тістесе де болатын еді ғой» деп қиялға берілеміз. Кейін есейгенде білдік қой. Ойнайтын құрдастары бізді, балаларды алдай салған екен.
Боранбай көкеміздің де қараған баланың жүрегінің отын алатын бұзық қара бурасы болды. Ол бураға ұзақ қарап тұрудың өзі қорқынышты еді. Бұл бура тентек қылық көрсетіп, шабынған күндері езуінен ақ көбік ағып, тістерін қарш-қарш қайрап, жолындағысын баса жайпап беті ауған жаққа лаға қашатын. Алқымын ашу қысып, қара терге түсе жалғанды жалпағынан баса желе жортқанда кез-келген қылқұйрықты жылқы малына жеткізбейтін. Қара бура тек Боранбай көкеден ғана қаймығатын. Ерекше естілетін дауысымен айқай салғанда кінәлі баладай тыныштала қалатын. Айдалаға лағып қашқан күндері қаншама шақырым ұзап кетсе де көкеміз құлагермен қуып жетіп, сойылмен соққылап айдап келетін еді. Көкеміздің тағы да мініс екі аты болды. Қара бура бұйдасынан қазыққа байланып тұрса да мінез шығара бастайды. Ақыр қазықтарына байланған екі мініс атына емес, кермедегі құлагерге ала көзімен ата қарап ұмтылып тұратын болған. Боранбай көке бұл жағымсыз қылығын байқаса да елең қыла қоймайды. Қара бураның көрсете бастаған оғаш қылықты мінезі қашса құтқармайтын құлагерге кекті өшпенділігінің белгісі еді.
… Сол жылы қаҺарлы қыстың қылышы ақпан айының орта шенінде сынды. Қасат қардың көбесі ерте сөгілді. Нұрлы шуағы жанды жадыратқан көктем келді. Туған жер, өскен көліне жыл құстары оралды. Жер ана бусанып, түкті кілемдей құлпырды. Қой қоздап, қорада шу басталды. Кеңшар шопандары жыл он екі ай төккен тер, еткен еңбегінің сыналар шағы қой төлдетуге кірісті. Боранбай көкеміз де көктеу төсін төлге толтырды. Құлагерді баптауға да уақыт тапты.
Бабы келіскен құлагер 1 мамыр Халықаралық ынтымақ мерекесі күні өткен аламан бәйгеде тағы топ жарды. Үкіленіп қосылған бәйге аттарының бәрін шаң қаптырды. Мерейі өсіп, қанжығасы олжалы қайтқан Боранбай көке құлагерін сылап, сипап кермеге қаңтарып таңасырып қойды. Ертеңгісін таңмен таласа тұрған Боранбай көке сұмдық көріністің үстінен түсті. Құла түсі қан-жоса болған құлагер жайрап жатыр. Қазығынан босанып кеткен қара бура асқан қатыгездікпен құлагерді шайнап өлтірген екен. Ақырда байлаулы тұрған екі ат дін аман.
Боранбай көке тұмсығы мен езуінде қан дақтары қалған қара бурасына жиіркене қарап күбір етті. «Шектен асқан қатыгез екенсің. Сенің бұл зұлымдығыңды кешіре алмаймын. Сенің қаныпезер түріңді көргім келмейді. Сені көрсем құлагерім есімнен кетпейді. Жүрегім қан жылайды. Көзіңді құртпай жаным тыныш таппайды». Ол кезде ауылдық кеңес малшыларға ет салығын салатын. Боранбай көкеміз кекшіл қара бурасын ет салығына өткізіп, көңілі тыныш тапты.
Ақан серінің құлагерін аламан бәйгеде Батыраш, Қотыраштар іштарлықпен қарақшылық жасап мерт етсе, Боранбайдың құлагері қатыгез кекшіл қара бурадан ажал құшты. Өткен күндердің күнгейі мен көлеңкесі осылай сыр шертеді.
Темірлан Әбілдаев,
ардагер журналист
Аудан әкімі С.Мамытовтың Сарысу ауданының 95 жылдық мерейтойымен құттықтауы
Құрметті жерлестер, ардақты ағайын!
Биылғы жылы, үлкен өмір жолынан өткен тағдыр-талайы күрделі соқпақтарды артқа тастаған Сарысу ауданының құрылғанына 95 жыл толып отыр. Сонау 1928 жылдың 3 қыркүйегінде Қазақ Автономиялық Кеңестік Социалистік Республикасының Халық Комиссарлар Кеңесінің Төрағасы Нығмет Нұрмақовтың қол қойған «Қазақстанда көшпелі, жартылай көшпелі және отырықшы аудандарды белгілеу туралы» Қаулысына сәйкес Сырдария округына қаратылған Қызылқұм, Сарысу, Созақ, Шу аудандары құрылған болатын.
Сол 1928 жылғы жаңа үкіметтің Қазақстанда үлкен байларды тәркілеу туралы декреті көшпелі тіршілік кешкен халыққа үлкен зардабын тигізді. Оның артынан іле-шала халықты күштеп ұжымдастыру саясаты қалың елдің тағдырын тығырыққа тіреді. Оған ілесе жағадан алған сансыз салық түрлері қарапайым халыққа ауыр тиді. Сол 1930 жылғы 11 ақпанда болған Сарысу көтерілісі де жаңа үкіметтің солақай саясатының салдары, нәтижесі еді.
Қазақстандағы ең сұрапыл аштықтың салдарын Сарысу ауданындағыдай ешбір аудан тартқан емес. Сарысу өзені аймағына жағалай орналасқан жеті мыңдай шаруа қожалықтары бар отбасылардың алты мыңнан асасы ата қоныстарынан үдере көшіп, Бетпақ арқылы Шуға, Шудан Талас бойына, одан Қаратау баурайына қарай шұбырды. Сол сұрапыл аштықтан ілдалап аман қалған екі мыңдай ғана шаңырақтың өзі жол бойы біраз адамдарынан айырылып, Қаратау алабына табан тіреді.
Кеңес өкіметінің ықпалы Қаратау аймағында 1924 жылдан бастап күшейе бастады. Бұл кезде жартылай отырықшы, жартылай көшпелі өмір кешкен бұл өңірде, яғни 1926 жылы Саудакент, Жайылма, Қарақоға елді-мекендерін біріктірген Қаракөл болысы, ал Құмкент, Бабата, Жылыбұлақ елді мекендерін біріктірген Жылыбұлақ болысы, Шаян мен Бөген өзенін жағалай жайлаған қалың елден Шаян болысы ұйымдастырылды. Сөйтіп 1928 жылы осы үш болыс ел негізінде Шаян ауданы құрылды. 1930 жылы Саудакент пен Шаян бойындағы бірқатар ел Талас ауданына қаратылды.
Қаратау аймағы, оның ішінде сонау ғасырдан аты мәлім, Ұлы Жібек жолы бойында жатқан тарихи көне қала Саудакенттің өзіндік орны бар киелі аймақ. Кезінде Керей мен Жәнібек зорлықшыл, азулы хан Әбілхайырдан бөлініп, күздің қара суығында Саудакентке аял қылып, Мойынқұмға, одан әрі болашақ Қазақ хандығының қара шаңырағы болар Қозыбасыға бет бұрған.
Ал осы өңірдегі Шабақты, Бүркітті өзендері де талай сырды бойына бүгіп жатыр Сонау 1730 жылғы қазақ елін жоңғарлардан азат ету үшін үш жүздің қалың қолын бастаған Бас қолбасшы, Кіші жүз ханы Әбілхайыр қалың жасақты Шабақты, Бүркітті өзендері бойында демалдырып, әл жинатып, осынау ұлы жорыққа, Аңырақай шайқасы өтер алапқа тастүйін болып аттанған. («Қазақстан тарихы», 3-том, 145-бет.) Міне, осынау аймақта ел тұтқасы атанған, Қоқан ханы Құдиярға анық қарсы шығып, өзі билік жүргізген аймақта кісілігімен, әділдігімен ел құрметіне бөленген Шоқай датқа есімі ел есінде. Өкінішке орай, ол сол ханның қастандығынан қапияда қаза тапты. Сондай-ақ осы өңірде Жамбыл ақын ұстаз тұтқан Майкөт Сандыбайұлының кіндік қаны тамған. Ал халық қамын жеген Шахан ата, Батырбай би, Бәйімбет би, Жарас билердің есімдерін, ізгі істерін бүгінгі ұрпақтары қастер тұтуы парыз.
Міне, Арқа жерінен үдере қоныс аударған халық осы тарихи аймаққа тұяқ іліктіріп, жаңа үкімет белгілеп берген жерлеріне қоныстанды. Бұл көшпелі жұртшылықтың өзі оңтүстіктегі ағайындардың да солақай саясаттың небір теперіштерін көргеніне куә болады. Десек те атам заманнан диқаншылықты кәсіп еткен отырықшы тұрғындар азапты жол кешіп келген қандастарына ақ көңілдерін ұсынып, көмек беріп, ізгілік қамқорлықтарын аямаған.
Аса көрнекті мемлекет қайраткері, Сарысу халқына қиын-қыстау кезінде көмек қолын созған Ораз Жандосов үдере көшіп келген жұрттың ұсыныстарына зор түсіністікпен қарап, ауданның тарихи атының өзгеріссіз қалуына өлшеусіз еңбек сіңірді.
Бұдан кейінгі кезеңде есін жиып, етегін жапқан аудан халқы мал өсіруге, егін егуге ден қойды. 1935 жылы аудандағы мал басы 18 875 басқа жетті. Ауданда 12 ауылдық кеңеске біріктілген 47 артель болды.
Өкінішке орай, 1937-1938 жылғы репрессия біздің ауданның небір асыл, жазықсыз, бейкүнә азаматтарын жалған жалынның құрбаны етті. Әлі де нақтыланбаған деректер бойынша біздің ауданда туған, сонымен бірге өзге өңірлерде туып, Сарысуға қоныс аударған, еңбек еткен 70-ке жуық азамат ату жазасына кесілген. Солардың ішінде ауданның бірінші басшысы Нұрыш Данияров ел ардақтылары Сапалай Исатаев, Төреқожа Ханқожаев қоғам қайраткерлері Дінмұхамед Әділов, Әшір Бүркітбаев, Жарылқасын Отарбаевтар бар.
1941 жылы гитлершіл Германияның тұтқылдан Отанымызға шабуыл жасауы да аудан халқына оңай тиген жоқ. Осы соғыста 2700-ден астам сарысулықтар құрбан болды. Кіндік қаны Сарысу топырағында тамған Берген Исаханов пен Амантай Дәулетбеков Кеңес Одағының Батыры атағын иеленді. Ал даңқты мерген Ыбырайым Сүлейменовтің аты бүкіл Одаққа мәлім болды. Оған Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Халық қаһарманы атағы берілді.
1948-1950 жылдары Сарысу ауданының мал шаруашылығы үлкен жетістіктерге жетті. Осыған орай ауданның 16 малшысына Соцалистік Еңбек Ері атағы берілді.
1954 жылы Жон өлкесінде «Түркістан» астық совхозы бой көтерді. Ал 1957 жылы аудандағы 11 колхозды ірілендірудің негізінде 6 совхоз құрылды. Кейіннен оған көрші Талас ауданының «Түгіскен» совхозы қосылды.
1962 жылы КСРО-ның бірінші басшысы Н.С.Хрущёвтің өзімбілермендік, волюнтаристік, солақай саясатының нәтижесінде бұрынғы алып Одақта қалыптасқан шаруашылық жүйесі негізсіз өзгертілді. Соның салдарынан 1962 жылы Сарысу ауданы таратылып, көрші Талас ауданына қосылды. Өкініштісі сол, бұл қателіктің зардабы тарқатылған аудан халқына үлкен зиянын тигізді.
1967 жылы Сарысу ауданы қайта құрылды. Көршілес жатқан Мойынқұм ауданының «Шығанақ», «Қамқалы», «Жайлаукөл» совхоздары біздің ауданымыздың құрамына өтті.
1990 жылы ауданда қой-ешкі саны 300 мың басқа, жылқы 10 мыңға, сиыр 10 жарым мыңға, түйе 1800 басқа жетті. Ауданның әлеуметтік мәдени саласы жақсара бастады, мектептер саны артты, клубтар көбейді.
Қазақстанның Тәуелсіздік алуына орай аудан тарихының жаңа беттері ашылды. Әрине, дербес дамудың дәмі қанша нәрлі болса да, даңғыл жолға түсудің қиындықтары аз болған жоқ.
1997 жылы Сарысу ауданы мен қала біріктіріліп, орталығы Жаңатас қаласы болып бекітілді. Бұл жылдар бедерінде қаладағы қаңырап, бос қалған үйлер қалпына келтіріліп, кезектерде тұрған азаматтарға берілді. Балабақшалар саны көбейді. Сандық телефон байланыс жүйесі іске қосылды. Кезінде жеке қолға өтіп кеткен қалалық мәдениет үйі мемлекет меншігіне қайтарылды. Жаңа мешіт үйі ашылды. Қаланы көгеріштендіру, абаттандыру жұмыстары белсенді жүргізілді. Жеңіс паркінде үлкен монументалды ескерткіш салынды. Ауылдардың маңында, күре жолдардың бойына «Жасыл ел» бағдарламасы бойынша көпжылдық тал-дарақтар егіліп, көркейіп келеді. Барлық ауылдарда жаңа тұрпатты пошта үйлері, медициналық пункттер салынды.
Біздің аудан – өндіріспен қатар ауыл шаруашылығы саласын дамытуға өте қолайлы аймақ. Мемлекеттік қолдаумен жүзеге асырылып жатқан жобалардың арқасында өңірде мал және егін шаруашылығы жаңа деңгейде көтеріліп келеді.
Мал шаруашылығын субсидиялау оң нәтижесін беруде. Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуға үлкен көңіл бөлінуде. Бір ғана асыл тұқымды қылшық жүнді құйрықты қойы 46 мыңдай басты құрап отырса, мүйізді ірі қара 4300-ден асты.
Аудандағы 25 елді мекеннің 20-сы орталықтандырылған ауыз сумен қамтамасыз етіліп отыр.
Ауданда мектепке дейінгі 24 мекеме, білім бөліміне қарасты 27 мектеп бар. Олардың барлығы дерлік заманауи жабдықтармен қамтамасыз етілген. Жаңатастағы өнер мектебінің халық аспаптар оркестрі Астанадағы аламан бәйгеден бас жүлдемен оралды.
Еңбек нарығы, қысқа мерзімді кәсіпке оқыту, кәсіпкерлікті дамыту, шағын несиемен қамту, жастар практикасын ұйымдастыру, әлеуметтік жұмыс бағдары, қоғамдық жұмыстарға тарту, күміс жас жобасы, т.б. жоспарланған жұмыстар оң бағытта іске асырылуда.
Аудан спортшылары 2023 жылдың жарты жылында республикалық, облыстық, аудандық жарыстарда 80 алтын, 87 күміс 167 қола медальдарды иеленді. Өткен жылы бірнеше аудан түлектері әлемдік, халықаралық жарыстарда чемпион атанып, аудан мерейін асқақтатты.
Халыққа мәдени қызмет көрсету бойынша ауданымызда 2 мәдениет үйі, 17 клуб, 25 кітапхана белсенді қызмет атқаруда. Денсаулық, құқық қорғау ұжымдарының жұмыстары да көңіл көншітерлік деңгейде.
Инвестиция тарту – ел игілігі үшін маңызды қадам. Облыс әкімі тарапынан ауданға инвестиция тарту бағытында нақты тапсырмалар беріліп, инвестиция көрсеткішінің оң нәтижесі қалыптасты.
Қаратау алабынан орын тепкен химия алпауыттары «Казфосфат» ЖШС-сі, «ЕуроХим» кәсіпорындары, жаңадан салынып жатқан жел электр стансалары, сондай-ақ Сорбұлақ маңайынан бой көтергелі жатқан сода өнімін өндіретін өндіріс ошағы, асфальт, мұнай, «Асыл тұз» зауыттары ауданымыздың экономикалық әлеуетін арттыратын өндірістік нысандар болып табылады. Біздің ауданның көптеген азаматтары осы кәсіпорындарда белсенді еңбек етуде.
Ауданның атын әлемге паш еткен, күллі қазақ еліне, алыс-жақын шетелге есімдері таныс азаматтарымызбен мақтанамыз. Ұзақ жылдар Қазақ КСР Министрлер Кеңесі төрағасының орынбасары болған – Ахай Оңғарбаев, Қазақ КСР Байланыс министрі болған көрнекті мемлекет, қоғам қайраткері Әбдіразақ Елібаев, қобыз атасы Ықылас Дүкенұлы, ақын Майкөт Сандыбайұлы, күйші Мәді Шәутиев, қобызшы Сағынтай Елепанов, қос бірдей Қазақстанның Еңбек Ері, актер, режиссер Асанәлі Әшімов пен композитор Илья Жақанов, Сарысудың бүкіл тарихын бүгініміз бен ертеңімізге аманаттаған жазушы Пернебай Дүйсенбин ағаларымыз– Сарысу өлкесіндегі рухани көшбасшылар.
Қорыта айтқанда, Сарысу ауданының тарихы оның халқының белсенді еңбегімен, болашаққа деген сенімімен кестеленіп, бедерленіп жазылатындығы ақиқат. Ең бастысы тәуелсіздігіміз тұғырлы, өмір жолымыз ғұмырлы, халқымыздың берекесі мен бірлігі берік, бекем болсын деп тілейік!
Сарысуым-сая мекенім
Сарысуым-құт мекен, сая бағым,
Балапандай құшағыңда саяладым.
Кіндігін өзің кескен перзентіңнен,
Жақсылықтың жан жылуын аямадың.
Әнұранды шарықтатып аспандаттың,
Ел-жұртымның мерейін асқақтаттың.
Болашақтың ертеңі жастарымды.
Жай оғының отындай жарқылдаттың.
Киесін ұқтырып туған жердің,
Еңбекпенен шығардың атын ердің.
Таңы нұрлы, әр күні күліп батқан,
Өзіңменен бақытты туған елім.
Құшағың неткен ыстық туған жерім,
Түкті кілем құлпырған қырат, белің,
Шертеді жыл құсының сырлы сазын,
Аққу жүзіп, қаз ұшқан айдын көлім.
Үкіледің үмітпен ел ертеңін,
Сарысуым шежірелі құт мекенім.
Тасытты ырыстың тайқазанын.
Еңбекпен тыныс алған орманды елің.
Домбырамның келтіріп құлақ күйін,
Оңынан туып жатыр ай мен күнім.
Қуаныштан көңіл шіркін көлдегенде,
Дүркіретті тойларды мақпал түнің.
Сайраған гүлзар бақта бұлбұл құсың,
Сарысуым-жер ұйығы жанатысың.
Аға ұрпақтың ерлік ісін жалғастырып,
Ұшам деген жас ұланның қанатысың.
Атады әр таңың түндік түріп,
Шығады әр күнің бұлттан күліп,
Атқан таңмен таласа басталады,
Еңбекпен еселенген қызу тірлік.
Жанымызды жадыратқан туған жерім,
Табиғатың таңғажайып неткен керім.
Тойымды тойыма ұластырған ,
Қуаныш пен думанға толы төрің.
Сайын далаң шаттықтың күйін тартып,
Ұлы көшім барады жүгін артып,
Төрі де жұмақтың бола қоймас,
Сарысуым-сая мекен сенен артық.
Мақпал түнде мүлгіген тау тыңдасын,
Тылсым дүние әуенімен маужырасын.
Ағытып күй тасқынын жіберейін,
Әкел бері бабамның домбырасын!
Темірлан Әбілдаев, ардагер журналист
«Сарысу ауданының 95 жылдығы» мерейтойына орай өтетін іс-шаралардың
БАҒДАРЛАМАСЫ
29 қыркүйек
Сағат 09.30. Жаңатас қаласы, «Еңбек Ері» аллеясында гүл шоқтарын қою рәсімі және «Сарыарқа» ұлттық — аспаптар оркестрінің күй шашуы;
Сағат 09.30. Жаңатас қаласы, аудандық төлқұжаттың қасындағы алаң, «Теңге ілу» және «Аударыспақ» ұлттық спорт ойындары;
Сағат 10.00. — 13.00. Аудандық мәдениет үйі, «Сарысуым – жанымның шуағысың, таусылмасын мәңгілік қуанышың» республикалық ақындар айтысы;
Сағат 10.00.-13.00. Жаңатас қаласының орталық алаңы, «Мәдениет – асыл қазынам» концерттік бағдарлама, ұлттық спорт ойындар, салт-дәстүр көріністері, қолөнер бұйымдары мен сурет көрмесі және ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі;
Сағат 15.00.-17.30. Аудандық мәдениет үйі, «Тағылымға толы, шежірелі – Сарысу» салтанатты жиыны;
Сағат 18.00.-20.00. Жаңатас қаласының орталық алаңы, Қазақстан эстрада жұлдыздарының қатысуымен галаконцерт.
Сарысу ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі
Ќўт ќонєан мекен
Қадірлі аудан тұрғындары!
Сіздерді өңіріміздің өсіп-өркендеуінде өзіндік орны бар, жері киелі, тарихы терең, қойнауы қазынаға толы, тұғыры биік туған өлкеміз Сарысу ауданының құрылғанына 95 жыл толу мерейтойымен шын жүректен құттықтаймын!
Сарысудың шежірелі тарихы еліміздің, оның ішінде облысымыздың даму кезеңдерімен, айтулы оқиғаларымен үндесе, біте қайнасып, қалыптасып келеді. Осыдан 95 жыл бұрын Қазақ АКСР Халық Комиссарлар Кеңесінің «Қазақстанда көшпелі, жартылай көшпелі және отырықшы аудандарды белгілеу туралы» қаулысына сәйкес 1928 жылы 3 қыркүйекте Сарысу ауданы құрылды. Сарысу өзені бойынан тағдыр талқысымен Қаратау өңіріне ауа келген жұрттың рухани жадын есте мәңгі сақтау үшін, аудан аты Сарысу болып қалуына күш салған қоғам қайраткерлері Ораз Жандосов, Жанайдар Садуақасовтар болатын. Аудан аумағын таңдауға ерік беріп, ауданымызды ұйымдастыруға тікелей ықпал етті. Шежірелі де, киелі мекендегі ауданымызды 95 жылда талай азаматтар басқарды. Олар шалғай өңірдегі жасампаз жұртты еңбекке жұмылдырып, ауданның өсіп-өркендеуі жолында өлшеусіз еңбек етті.
Ауданымыз өзінің 95 жылдық тарихында дамудың бірнеше белестерінен өтті. Сан қилы тағдыры ғасырлар қойнауынан сыр шертетін туған өлкеміз талай тарихи кезеңдерді бастан өткеріп, бүгінгі қоғамда дамудың даңғыл жолына түсті. Бірлігі мен ынтымағы жарасқан тұрғындарымыз ауданның гүлденуі жолында аянбай еңбек етіп келеді. Сарысу ауданы өндірісі өркендеген, экономикасы дамыған аймақ ретінде белгілі. Өлкеміздің әлеуметтік-экономикалық дамуын арттыруға бағытталған шаралар жүзеге асырылуда. Ауданымыздың келешегі зор, жылдан- жылға көркейіп келеді. Экономиканың негізгі бағыты ауыл шаруашылығы болып табылады. Ауыл шаруашылығымен бірге ауданда өнеркəсіп те дамуда. Аймағымызда ірі фосфорит кеніші бар. Фосфор өндірісінің қарқыны жарқын келешекке қарай аршынды қадам басуда. Орта және шағын кәсіпкерліктің дамуы экономиканың негізгі қозғаушы күшіне айналды. Бұл салаға аса көңіл бөлініп, әлеуметтік-экономикалық өрлеуге өзіндік елеулі үлесін қосуда, кәсіпкерлік субъектілері белсенді жұмыс атқаруда. Ауданымыздың бірден-бір өндірістік саласы Қазақстан химия өнеркәсібінің ең ірі нысандары «Қаратау» тау-кен өңдеу кешені мен «ЕвроХим» компаниясы және басқа да кәсіпорындар бүгінде өндіріс көлемін қарқындатып, даму үстінде. Бұл кәсіпорындардың өнім көлемі жылдан-жылға артуда, алға қойған мақсаттары айқын. Мұның барлығы жаңа жұмыс орындарының ашылуына, сол арқылы тұрғындардың тұрмыс-тіршілігін жақсартуға септігін тигізуде. Ауданды дамытуда Үкімет тарапынан көрсетіліп жатқан қолдаулар мен сәтті жобалар жүзеге асуда. Мемлекеттік бағдарламалар іске асып келеді. Ауданды дамытуға тың серпін беріп, алдағы уақытта да әлеуметтік-экономикалық, мәдени, рухани тұрғыдан өрістеп, дами түсетініне сеніміміз мол. Бүгінгі таңда қолға алынып жатқан жарқын жобалар мен айқын мақсаттар толық айғақтап отыр. Тұрғындардың берекелі тірлігінің арқасында көптеген игі істер жүзеге асырылуда. Құрылыс саласы дамуда, қарапайым инфрақұрылымнан бастап, ауданды абаттандырып, көріктендіру, жаңа нысандар салу, саябақтарды жөндеу мен жол-көлік қатынастарын ретке келтіру, көшелерді жарықтандыру, сонымен қатар қоғамдық көліктерді дамыту жұмыстары жандануда. Тұрғындарды ауыз сумен қамтамасыз ету, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту, қажетті инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымдарды дамыту жұмыстары іске асырылып келеді. Жаңатас қаласындағы көпқабатты үйлер қайта қалпына келтіріліп, сондай-ақ елді мекендерде спорт, балалар ойын алаңшалары соғылып, тұрғындардың игілігіне ұсынылып жатыр. Білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет салаларының материалдық-техникалық базасы күн өткен сайын нығайып келеді. Осындай нәтижелі жұмыстарымыз тұрғындарымыздың бірлігі мен ынтымағының жарқын көрінісі.
Ауданымыздың аймағы тарихи орындарға бай. Өлкенің кешегі өрлігін де, ерлігін де, сырға толы тарихын, келбеті мен кемел тұлғасын да толымды қалпында танып-білуге апарар әділет жолы — тарихи-мәдени мұраларда жатыр. Солардың бірі — Шабақты өзенінің сол жағындағы бұрынғы Саудакент қыстағы. Орта ғасырларда Саудакент Ұлы Жібек жолының бойында орналасқан сауда мен қолданбалы өнер орталығы болды, қазақ даласын қобыз үнімен тебіренткен ұлы күйші-қобызшы Ықылас Дүкенұлына арналған қобыз бейнесі сомдалған монумент. Қаратау баурайында туып, халқы үшін тер төккен тұлға Шоқай датқаның кесенесі.
Тарихы бай, шежірелі өлке Сарысу тек экономикалық әлеуетімен ғана емес, өзінің рухани әлемімен де бай. Қорқыттан кейінгі қобыз үнін халыққа сырлы сазбен қайтарған Ықылас Дүкенұлы — халқымыздың ұлы мақтанышы. Ақын Майкөт Сандыбайұлы, әрі күйші, әрі жырау Мәді Шәутиевтің, ақын Тынышбай Рақымовтың рухани мұрасы көпке өнеге болуға лайық. Сарысулықтар даңқты актер, Қазақстанның Еңбек Ері Асанәлі Әшімов, Қазақстан және Қырғыз Республикаларының еңбек сіңірген қайраткері композитор, жазушы Ілия Жақанов, ақын-жазушылар Пернебай Дүйсенбин, Бейбіт Қойшыбаев, Қали Сәрсенбай, Маралтай Ыбыраев, Бергентай Нұрмаханұлы, Мейрамбек Төлепберген, әншілер Сәуле Жанпейісова, Ардақ Исатаева, Гауһар Қаспақова, сазгер Төлеу Үшқоңыровтармен мақтана алады.
Сарысу ауданы өзінің белесін жарқын жетістіктермен еңсеріп отыр. Біз ауданымызды, оны дамытуға зор үлестерін қосып жүрген азаматтарды әрдайым мақтан тұтамыз. Алдағы уақытта да 95 жылдық тарихы бар Сарысу ауданы еліміздің дамуының басым бағыттарын жүзеге асыруға үлес қоса бермек.
Ардақты ағайын!
Сарысу ауданының бүгінгідей жарасым тапқан сән-салтанаты, өсіп-өркендеуі — тұрғындарымыздың ауызбіршілігі мен адал еңбегінің жемісі деп білеміз. Осынау мерейтоймен құттықтай отырып, Сіздерге зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, құт-береке, ырыс пен ынтымақ тілеймін. Ауданымыздың ертеңі нұрлы, болашағы жарқын болып, көркейіп, дами берсін.
Ш.Мұсабеков,
аудандық мәслихаттың төрағасы
Бейбітшілік ќўсы кґкке самєасын!
Бағы мен бабы жарасқан Сарысу жері топырағы құнарлы, жері жайсаң киелі өңір. Мұнда еңбек етіп, биікке ұмтылу асқан бақыт сыйлайды. Шартарапқа шуағын шашқан ұлы күнде мұндағы әрбір тұрғын бақыттың құшағында қанатын жайып, шаттыққа қауышып жатыр.
Еселі еңбек пен еңселі қайсарлықтың арқасында талай еңбек ерлері осында туып-өсті. Мен де ауданға басшылық жасап, жүйелі жұмыс жасаған кезімді ең бақытты кезең деп білемін. Арманы асқақ, мақсат — мүддесі бір айбынды жерімізді жарқын болашақ күтіп тұр. Бүгінде Сарысуым гүлденіп келеді. Мұнда түрлі инфрақұрылымдық жобалар іске асып, көптеген нысандар бой көтеруде. Жаңашылдыққа бастау алып, жасампаздыққа ұмтылған шақта өңіріміз қияға самғап, ұлы мақсаттарға қол жеткізіп жатыр. Өндірісте де оң динамика көрсетіп, инвестициялық жобалар Сарысу ауданының имиджін танытып отыр. Мұндай қарқынды дамумен Сарысу ауданы алдағы уақытта да жайнай беретініне сенім мол. Құрметті жерлестер! Сіздерді ауданымыздың төл мерекесімен құттықтаймын. Сарысу ауданы гүлденіп, қанатын кеңге жайып, көркейе берсін. Отбастарыңызға амандық, дендеріңізге саулық тілеймін.
Бейбітбек ЖАЙЛЫБАЕВ
Туєан жер тўєырлы болсын
Туған жер-жан тыныштығының отаны. Әрбір ауылда туған адам ауылдың қандай кереметтілігін түсінетіні сөзсіз. Туған жер туралы жазыпта, ән қылып айтып та, күй қылып шертіп те жеткізе алмайсың.
Ауданымыздың ғажап табиғатын, таза ауасын, жанға дауасын осында туған адам ғана түсінеді. Ауданымыз 95 жасқа толып жатқан шақта мен де ізгі тілегімді жеткізгім келеді. Бүгінгі мерейтой құтты болсын! Туған жерімнің тұғыры биік болып, елдігіміз жасай берсін! Еліміз өркендеп, өңіріміз гүлдене берсін. Өркениеттердің ұштасқан талай ұлт пен ұлыстың қызырлы мекеніне айналған ұлы далада азат елдің азаматы атанғаннан асқан бақыт жоқ. Тәуелсіздіктің тал бесігінде тербеліп, қыран құсы қалықтаған Сарысу даласында баянды да бақытты ғұмыр кешулеріңізге тілектеспін!
Н.БЕЙСЕМБАЕВ,
еңбек ардагері
Өнер көзі-халықта
қойнауы сыр мен сымбатқа толы Сарысу өлкесі өнерден кенде болған емес. Биыл 95 жыл мерейтойын өткізіп жатқан ауданымызда түрлі форматтағы іс- шаралар лек-легімен өтуде.
Жыл басынан бастау алған «Саялы өлкем – Сарысуым» атты мәдениет және өнер фестивалі Жаңатас қаласындағы аудандық мәдениет үйінде жалғасын тапты. Жоғары деңгейде ұйымдастырылған шараға аудан әкімі С.Мамытов, аудандық мәслихат төрағасы Ш.Мұсабеков, аудандық мәслихат депутаттары, аудан әкімінің орынбасарлары, мекеме және бөлім басшылары мен қала тұрғындары қатысты. Шарада аудан басшысы С.Мамытов пен аудандық мәслихат төрағасы Ш.Мұсабеков құттықтау сөз сөйлеп, ауданымыздың түрленіп, қаламыздың қарыштап жатқанын тілге тиек етіп, ауданға еңбегі сіңген бірқатар азаматтарға «Сарысу ауданына -95 жыл» төсбелгісін тапсырды. Мұнан соң аудандық мәдениет үйінің өнерпаздары өнерлерін көрсетіп, халықтың қошеметіне бөленсе, мың бұралған бишілер кештің көркін қыздырды. Мерекелік шара тұрғындарға керемет көңіл сыйлап қана қоймай рухани әсер де ұсынды.
Самат Тоқбанов,
«Sarysý»
Саудакент ауылдыќ мәдениет їйіндегі игі істер
Кең байтақ отанымыз, тәуелсіздіктің көк туын желбіреткен Қазақстанның бір ғана бөлшегі, киелі ата мекеніміз Сарысу ауданының құрылғанына биыл 95 жыл толғалы отыр.
Әрбір арайлап атқан ақ таң мен күлімдеп шыққан шуақты күннен тек жақсылық күткен аудан халқы қыркүйек айының 29 жұлдызында тарих парағына өшпестей таңба салған торқалы тойды көтеріңкі көңіл күй, зор еңбек өрлеуі үстінде қарсы алмақшы. Бұл күнгі қуаныш пен шаттық аудан халқының елдігі мен бірлігін, еңбек додасында топ жарған ерлердің ерен істерін паш еткен ұлан-асыр той болмақ.
Ендігі азды-көпті айтар әңгімеміздің арқауы да ауданымыздағы алғашқы мәдениет ошақтарының тыныс-тіршілігі, кеңге қанат жайып, өркендеуі жайлы болмақшы. Қойнауы құтты өңіріміздің сан ғасырлық құпия сырларын ішіне бүгіп, тарихи тамырын тереңнен тартқан көне қалашықтың бірі-Саудакент. Аудан құрылған алғашқы жылдары уақыт талабына сай ақ отаулар қарапайым халыққа есіктерін айқара ашқан.
Мәдениет майданының кеңге қанат жаюы ұзақ жылдар аудан орталығы болған Саудакенттен бастау алды. Саудакенттегі бұрынғы клуб үйінде жүргізілген іс-шаралар ауқымы кеңейді. Кино қондырғылары жұмыс істеді. 1954 жылдан аудан орталығы Саудакентте драма үйірмесі жұмыс істей бастады. Бұл үйірмеге 1964 жылдан бастап өнер тарланы Әлжаппар Әбдіхалықов жетекшілік етті. Алғашқы кезде 1 актілі қойылымдар сахналанып, әзіл-сықақ көріністері көпшілікке ұсынылды. Үйірмеде өнерпаздар саны көбейген соң ең алғаш М.Әуезовтің «Еңлік-Кебек» қойылымы сахналанды. Алматыда өткен республикалық халық театрлары байқауында Б.Майлиннің «Шұғаның белгісі» пьесасы ұсынылды. Сахналық көріністері сәтті шыққан бұл пьеса әділ қазылар алқасы тарапынан жоғары бағаға ие болды. Бұл қойылымға қатысқан Зиякүл Елеукенова, Гүлзинаш Әбдіралина, Пернебай Маңбаев, Жеңісбай Аманбаевтар байқаудың лауреаттары атанды. Осы жылы мәдениет министрлігінің арнайы қаулысымен Байқадам халық театры атағын алды. Сахналық қойылымдар бұдан әрі көптеген жазушылардың жазған пьесаларымен сәтті жалғасып, көрермен қауымның ыстық ықыласына бөленді. Жандана түскен халық аспаптар ансамблі Құрманғазы, Дәулеткерей, Дина, Ахмет Жұбановтардың күйлерін шебер орындап, өнер сүйер қауымның назарына ұсынды. Халыққа қызмет көрсетудегі қол жеткізген жетістіктеріне орай «Сарыарқа» ұлт аспаптар оркестріне «халықтық» атақ берілді. «Сарыарқа» ұлт аспаптар ансамблі 1974 жылы Мәскеуде өткен Бүкілодақтық халық шаруашылығы көрмесіне қатысып, олжалы оралды. Аудан халқының мақтанышына айналды. 1948 жылы құрылған аудандық мәдениет бөлімі осындай игі істердің көшбасшысы әрі ұйытқысы бола білді. Осы орайда ансамбльдің құрамында және сан алуан концерттік бағдарламаларда өнер көрсеткен саңлақтардың аты-жөндерін де айта кеткеніміз жөн. Бұлардың арасында әр салада еңбек етіп жүрген өнерпаздар да бар. Атап айтқанда Ә.Әбдіхалықов, П.Маңбаев, Ж.Нұрбеков, Қ.Ерға-раев, ағайынды Қабыл, Дабыл Ажақаевтар, О.Әбілдаев, Р.Қойшыбаев, М.Әубәкіров, Қ.Ахме-тов, Б.Дәуірбеков, Н.Бәйділдаев, С.Жолдасов, С.Сағынтаев, Р.Боран-баевалар әуелете ән салып, күмбірлете күй төккендер еді. Әр жылдары халыққа мәдени қызмет көрсеткен өнер майталмандары көп болды. Олардың барлығының аты-жөндерін жіпке тізгендей жазып шығу мүмкін болмады.
Аудан орталығы Саудакентте мәдени көпшілік жұмыстардың кеңге қанат жаюына клуб үйі тарлық ете бастады. Халық көп жиналатын орын болғандықтан бұл жағдай ең өзекті мәселенің біріне айналды. «Жақсының жақсылығын айт» дейді халық даналығы. Осы орайда от ауызды, орақ тілді, іскер азамат, жиырма жылға жуық аудан басшысының бірі болған Асанов Қырықбай ағамыздың ел игілігі жолындағы ерен еңбегін айтпай кетуге болмайды. Бір жылы Қырықбай ағамыз облыс орталығында өткен жиынға қатысады. Жарыссөзге шыққан ағамыз ауданда атқарылып жатқан игі істерді, алда тұрған ауқымды міндеттерді тілге тиек етеді. Өзіне ғана тән жігерлі де үнді дауысымен сөзінің соңында:
-Ауданымызда халыққа мәдени қызмет жанданып келеді. Өнер сүйер көптің талғамына орай қызмет етуге клуб үйі тарлық етуде. Жаңа үлгідегі мәдениет үйінің құрылысын бастау уақыт талабынан туындап отыр. Тығырықтан шығу мақсатында іске кірістік. Мәдениет үйінің іргетасы қаланатын жер аумағын тазалап жатырмыз. Енді толық аяқтауға қаражат мәселесінен көмек болса, нұр үстіне нұр болар еді,-дейді.
Жиынды басқарып отырған облыстық партия комитетінің бірінші хатшысы Бектұрғанов Хасан Шаяхметұлы елең етіп сөзге келеді.
-Жұмысты бастап жібердік дейсіз бе? Дұрыс жасаған екенсіздер. Халық игілігі үшін бәрін де жасаймыз. Бір-екі күн ішінде арнайы комиссия жібереміз. Сметалық жоспарын жасайды. Сосын тиісті қаражат бөлінетін болады,-дейді.
Қырықбай ағамыз жиын біткен бетте ат басын ауылға бұрып асығыс жетеді. Қызмет бөлмесіне келген бетте №9 жылжымалы мехколоннаның басшысы Ұ.Есенбеков пен «Жайылма», «Байқадам», «Коммунар», Калинин атындағы совхоздардың директорларын өзіне шақыртып алып, болған жайдан хабардар етеді.
-Облыс орталығында өткен жиынға қатыстым. Жарыссөзге шықтым. Жыламаған балаға емшек бермейді. Сөз соңында халқымның игілігі үшін өтірік хабарлама жасадым. Аудан орталығына жаңа типті мәдениет үйі керек, орнын тазалауды қолға алдық, енді қаражат қажет дедім. Бірінші хатшы Хасан Шаяхметұлы қолдады. Арнайы комиссия жібереміз. Сметалық жос-парын жасатып, тиісті қаражатты бөлеміз деді. Басталған жұмыс жоқ екенін өздерің білесіңдер. Ертең ертелетіп әрқайсың құрылыс бригадасын қажетті құрал-сайман, техникасымен өздерің бастап алып келіңдер. Мәдениет үйінің орнын тазалауға кірісеміз,-дейді.
Арада екі күн өткенде облыс орталығынан комиссия да келіп жетеді. Атқарылып жатқан игі істерді көріп сүйсінеді. Осылайша мәдениет үйіне тиісті қаражат бөлінеді. Мәдениет үйінің құрылыс жұмыстарының қарқынды жүргізіліп, сапалы аяқталуына Қырықбай ағамыздың өзі тікелей басшылық жасағанын ел-жұрты бүгінде аңыз етіп айтады. Осы мәдениет үйін салудағы ерен еңбегіне орай халық «Мәдениет сарайының бас прорабы» деп атап кеткен екен.
Іргетасы қаланып бой көтерген сәнді де әсем Саудакент ауылдық мәдениет үйінің халықтың игілігіне айналғанына да жарты ғасырдан асыпты. Өнер өлкесіне қанат қаққан күміс көмей, жезтаңдай аудан халқының мақтанышына айналған әншілеріміз Сәуле Жанпейісова, Ардақ Исатаева, Дариға Игенбаевалардың тырнақалды концерттік кештерінің тұсаулары осы мәдениет үйінде кесілді.
Бұл күндері халықтың думанды сауық кештерінің ордасына айналған Саудакент ауылдық мәдениет үйін білімді де білікті азамат Жақсыпейілов Ғазиз Алибасұлы басқарып келеді. 1983 жылы Қарағанды Еңбек Қызыл Ту орденді политехникалық институтын тә-мамдаған жас маман еңбек жолын аудандық мәдениет үйінде автоклуб меңгерушісі болып бастайды. Одан кейінгі жылдар ішінде инженер-механик, инспектор, авто-бейнобиль жетекшісі, аудандық мәдениет үйінің директоры қызметтерін абыроймен атқарды.
Саудакент мәдениет үйінің ұжымына он екі жылдан бері жетекшілік еткен Ғазиз Алибасұлымен жүздесіп, тілдесудің сабақты инедей сәті түскені бар.
-Халыққа мәдени қызмет көрсету,-деді ол өз әңгімесінде,-өте жауапты да мерейлі міндеттердің бірі. Өскелең өмір уақытының талабына сай еңбек етіп жатырмыз. Қаңтар айында жылдық мәдени көпшілік іс-шаралардың жоспарын жасаймыз. Әрбір айға бекітілген іс-шаралар өз мезгілінде өтіп келеді. Мысал үшін тамыз айында өткен іс-шараларды ғана айтып өтейін. «Жемқорлық-ғасыр дерті» атты дөңгелек үстел, «Жастар-елдің ертеңі» атты мерекелік кеш, «Имандылық-рухани тәрбие» атты жастармен сұхбат кеші, ауданымыздың құрылғанына 95 жылдығына орай «Сарысуым-құт мекенім» атты мерекелік концерт, ҚР Конституциясы күніне арналған «Нұрын шашты Ата Заң» атты жиын, мерекелік концерт ұйымдастырдық. Осы көпшілік іс-шараларды өткізуде мәдениет үйінің қызметкерлері режиссер Б.Баулыбеков, дирижер Қ.Алтынбеков, көркемдік жетекші әрі әнші Н.Халықов, мәдени ұйымдастырушы А.Әлтенова, әншілер М.Оспанова, М.Таутаев, Ж.Ахажанова, З.Ниязбекова, киномеханик Р.Бексейітовтердің еселі де жемісті еңбектерін мақтанышпен айтуға болады.
Қатал сыншы қаһарлы қыс айларына дайындық көңілдегідей болып жатыр. Саудакент мәдениет үйінің қазандығын ауыстыруға 14,0 млн. теңге қаржы бөлініп, бүгінгі таңда жөндеу жұмыстары қызу жүргізілуде. Қысқы маусымға қажетті 240 тонна көмір түсірілді. Бүгінгі таңда мәдениет үйінің ұжымы ауданымыздың құрылғанына 95 жылдық мерейлі тойына жан-жақты әзірлік үстінде.
Ие, айтса айтқандай, шежірелі Сарысудың Саудакент мәдениет үйінде өткен жылдарда атқарылған, бүгінгі таңда жүзеге асып жатқан игілікті істер осындай.
Темірлан Әбілдаев,
ардагер журналист
Ґткен кїнде белгі бар
Биыл Сарысу ауданының құрылғанына 95 жыл толып отыр. Ауданымыз негізінен ауылшаруашылығы саласымен, оның ішінде мал және егін шаруашылығымен айналысты.
Сол мақсатта кешегі кеңес кезінде ауданымызда он совхоз жұмыс істеді. Оларда мыңдаған жұмысшы, шаруалар еңбек етті. Ғасырға жуық уақытта ауданымыз шарықтап даму жолынан, кейінгі тоқырау жылдарындағы қиындықтарды басынан өткізді.
Сарысу ауданының оңтүстік шығысында орналасқан, ынтымағы мен бірлігі жарасқан, тұрғындары мамыражай күн кешіп келе жатқан Ақтоғай мен Ұ.Сыздықбаев бұрынғы Жаңаарық ауылы ауылдары бар. Мереке кезінде жазып отырған менің осы шағын мақаламда осы екі ауылдың өткені туралы көзім көріп, құлағым естіген жайларды бөліссем деп едім. Аталып отырған екі ауылдың да өмір тарихы санқилы тағдырлы болды. Осы ауылдардың аймағында кеңес өкіметі кезінде экономиканы дамытудың отырықшылық жүйесіне негізделіп құрылған 10 ауыл болды. 1949 жылы үкіметтің тапсырмасына сәйкес аудан көлеміндегі барлық майда, шағын ауылдар біріктіріліп, ұжымдық шаруашылықтар ұйымдастырылды.
Бұрынғы «Ақтоғай», Ілгерібас», «Жаңакүш», «Серго» ауылдары «Талдыбұлақ» ауылдық кеңесіне біріктіріліп, аудан бойынша 7-ші ауыл, «Ақтоғай» колхозына, ал, Көсегенің көк жонының жоғарғы өңірінде «Көркею», «Ынтымақ», «Жаңаарық», «Каганович» шағын ауылдары бірігіп, «Жон» ауылдық кеңесінің құрамында болып, 4-ші ауыл атанды және «Жаңаарық колхозына қарады. Колхоз кезінде мал өсіру мен егіне егу біршама дамыды. Әрине, ол кезде ауыл шаруашылығы техникалар жеткіліксіз болды. Негізгі жұмыстар қолдың қара күшімен, ат пен өгізді пайдалану арқылы атқарылды. Шаруалар еңбеккүн ақысын алып жұмыс істеді. Үй іргесіндегі жерлеріне түрлі дақылдар егуді меңгере бастады. Ауылда мектеп үйлері, дәрігерлік пункттер салына бастады.
1957 жылы елімізде барлық колхоздарды ірілендіру мақсатымен кеңестік шаруашылықтар /совхоздар/ құрыла басталды. Жергілікті жердің табиғатын, географиялық орналасуын жете білмейтін сол кездегі аудан басшылары «Ақтоғай» мен «Жаңаарық» колхоздарын бұл өңірден 300-350 шақырым жерде орналасқан Шу бойындағы «Сарысу» совхозына біріктіріп жібереді. «Жайлаукөл», «Талдыбұлақ», «Жон» ауылдық кеңестері қосылып «Жон» ауылдық кеңесі деп аталды. Ауылдық кеңестің орталығы Жаңаарық ауылы болды. Бұл өзгеріс Шу бойындағы ауыл тұрғындарына ыңғайлы болмады. Мәселен, ауылдық кеңестің анықтамасын алу үшін соншама шақырымнан қазіргідей техника жоқ кезде келіп-кету оңай болмады. Жайлаукөлден Жонға жету үшін Тасты, Созақ, Шолаққорғанды айналып келу керек болды. Ауыл тұрғындары аудан басшыларына осы қиындықты жою керектігін сұрап хат жолдады. Кейінірек бұл мәселе де шешімін тапты. Осы орайда есімде қалған еліміздің саяси өміріндегі мына оқиғаны айтайын. 1958 жылы Қазақ КСР-і Жоғарғы кеңесіне депутаттар сайлауы өтті. Осы сайлауда ұлы қобызшы Ықылас бабаның ұлы Ақынбайдың қызы, Ырым апамыз «Сарысу» совхозында шопан болып еңбек етіп, депутат болып сайланады. Апамыз да еңбекқор жан болатын. Сөйтіп, еліміздің бір түкпірінде жатқан «Сарысу» совхозының аты елімізге белгілі болды да шықты. Осы совхозда тұрып еңбек етіп жатқан жұмысшылар, басшылар, ауылдың қадірлі қариялары ынтымақтың, бірліктің үлгісін көрсетті.
1959-1960 жылдары аудандағы мал қатты боранды, қарлы, аязды қыстың салдарынан жұтшылыққа ұшырады. Кейбір мал отарларынан бір де бас қалмаған жағдай да кездесті. Бірақ, осы Шу бойында қыстаған малдардан шығын аз болды. Қазақстанда қой санын 50 миллионға жеткізу ұранымен ауданымызда қаракөл қойын өсіру қолға алына бастады. Қаракөл қойының 10 күндік жас қозылар сойылып олардың елтірісі мемлекетке өткізілетін. «Сарысу» совхозы да алғашқылардың бірі болып қаракөл қойын өсіруге бейімделді. Аудандағы халық шаруашылығы, мәдени-ағарту салаларына мықты мамандар топтастырылды. Ауылдық кеңес Жон өлкесінен Жайлаукөлге көшірілді. Біздің Ақтоғай мен Жаңаарықтан да біраз мамандар қоныс аударды. Сонымен қатар, осында өсірген малдар да Жайлаукөлге топтастырылды. Өз кезегінде кешегі күні Жайлаукөл тұрғындарына түскен қиындық бізге түсіп, жұртта қалғандай күй кешті. 1960 жылы екі ауыл бірігіп Жон өлкесіндегі астықты «Түркістан» совхозының бір фермасына айналды. Ел қайта еңсесін көтеріп, ертеңгі күніне үмітпен қарап шаруамен айналыса бастады.
1967 жылы Сарысу ауданы Талас ауданының құрамынан бөлініп шықты. Бөлек отау болып шыққан ауданды әркездері Ұзақбай Сыздықбаев, Рахыжан Ерсейітов, Қырықбай Асанов, Ұзақбай Төлеуов, Болатбек Кәриев, Сейфулла Қожаханов, Манап Сқақов, Басие Әбдірахманов, Ермекбай Сейналиев т.б. азаматтар басқарды. Аудан шаруашылықтарында қайта құру, өзгерту жұмыстары жүргізілді. 1970 жылы Жаңаарық, Ақтоғай және Шағалалы елді мекендері біріктіріліп «Жаңатас» қаракөл совхозы болып құрылды. Совхоздың алғашқы директоры болып Ақтоғай ауылының тумасы Ақатай Ақбаев тағайындалды. Бұл қызметті 1986 жылға дейін атқарды. Ауылымыздан сонымен қатар Жұмаділда Ынтымақов, Талас Алтайбаев, Көпбай Жолшыбеков, Есен Ақділдаев, Жұмабек Артықбаев, Бөкенбай Шегіров, Советбек Әбілдаев, т.б. сынды білгір мамандар, автокөлік жүргізушілері Керімбай Әділбеков, Әсембек Тайжанов, Төлеубай Ақділдаев, Ұзақбай Өскенбеков, Абай Зикирияев, құрылысшы Кәріпбай Сүлейменов, механизатор Мұсатай Мелдебаев, жұмысшылар Мейраш Қаракесекова, Рымкүл Айтжанова, Сырғаш Кигізбаева, Үмітжан Байғараева сынды еңбек адамдары өсіп шықты. «Жаңатас» қаракөл совхозын ұйымдастыруда, ауылымыздың өркендеп дамуына әсіресе марқұм Ұзақбай мен Рахыжан ағалардың еңбектері зор болғанын, өткен күндерде белгі бар екенін естен шығармағанымыз жөн. Сарысу ауданының 95 жылдық мерекесін Жаңаарық ауылдық округіне қарасты ауылдарымыз өсіп, өркендеу жолымен қарсы алып отыр. Соңғы жылдары ауылдағы 10 көшеге асфальт жабыны төселді, көшелердің барлығы дерлік, ауылымыздан өтетін күре жолдың бойы да жарықтандырылды. Спорт алаңшалары, Ұ.Сыздықбаев ауылында ардагерлер аллеясы іске қосылды. Биылғы жылы Ақтоғай ауылында су құбырларын жаңарту жұмыстары жүргізіліп жатыр. Ел ауызында «Ақтоғай Сарысудың Швейцариясы» деген жақсы сөз айтылып жүреді. Айтса айтқандай, ауыл көк желекке көмкерілген, тұрғындары үй іргесіндегі бау-бақшаны пайдаланудан өздерінің еңбекқорлығымен ерекшеленеді. Еліміздің мақтанышы, Қазақстанның Еңбек Ері Ілия Жақановтың осы ауылдан шыққанына мақтанамыз, марқаямыз!
Жалпы алғанда Жаңаарық ауылдық округіне қарасты Талдыбұлақ, Ақтоғай, Бүркітті өзендерінің сағасында орналасқан Ақтоғай мен Ұ.Сыздықбаев ауылдары аудандағы алдыңғы қатарлы ауылдардың қатарында деп есептеймін. Ауданымыздың 95 жылдығы құтты болсын!
Ж.Әділбеков, еңбек ардагері
Артында өшпес мұра қалдырған тұлға
Саудакент ауылында КСРО Журналистер одағының мүшесі, баспасөз майталманы, «Сарысу» аудандық газетінің редакторы болған, аудандық мұражайдың ірге-тасын қалаған Төкен Мақашевтің 100 жылдық мерйтойы аудан көлемінде аталып өтті. Ең әуелі Саудакент ауылындағы спорт кешенінде жасөспірімдер арасындағы футбол тур-нирі өтті.
Турнирді аудандық мәслихат төрағасы Шат-тық Мұсабеков пен журналистика саласының үздігі Шоқан Шөжеев ашып, қатысушыларға сәттілік тіледі.
Ала доп жарысына аудандағы спорт және орта мектептерден командалар қатысып, кім мықтыны анықтады. Жеңімпаздар аудан әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімінің тарапынан диплом, медальдармен марапатталды. Одан кейін Төкен Мақашев атындағы аудандық мұражайдан қаламгер журналистің атынан арнайы бұрыш ашылу салтанаты өтті.
Шарада Байқадам ауылдық округінің әкімі Мейіржан Өксікбаев, Т.Мақашевтың қызы Гүлнар Мақашева, еңбек ардагері, ауданның Құрметті азаматы Алтын Досжанова лебіздерін білдірді.
Сонымен қатар Саудакент ауылдық мәдениет үйінде «Өткен күндер елестері» атты салтанатты жиын өтті.
Жиынды аудан әкімі Сәкен Мамытов ашып:
Төкен Мақашев ағамыз ұзақ жылдар партия комитетінде, 20 жылдан астам баспасөз саласында қызмет етіп, аудан тарихын терең зерттеп, құнды дүниелерді келер ұрпақтың игілігіне қалдыра білді. Сол кездегі аудан орталығы Байқадам ауылынан аудан тарихынан сыр шертетін мұражай ашып, тың деректер мен дәйектерді іздеп, мұражайға құнды жәдігерлерді жинақтады. Төкен ағамыз теңізден маржан тергендей, білімді жастарды алыстан танып, жан-жағына жинап, Сарысу баспасөзінде қаламы қарымды журналистер мектебін қалыптастырды. Төкен ағамыздың мол мұрасы да біз үшін алтын қазына, деді.
Аудандық мәслихат төрағасы Шаттық Мұсабеков, шәкірттері, ардагер журналистер Бергентай Нұрмаханов, Темірлан Әбілдаев Төкен Мақашев жайлы жылы естеліктерімен бөлісті. Сондай-ақ, «Ақ отау» мейрамханасында Т.Мақашевтың рухына құран бағышталды.
«Sarysý-Aqparat»
Кїміс алќа табысталды
Қоғамда көпбалалы аналарға деген құрмет пен ізет жоғалған емес. Оларға үкімет тарапынан көптеген қолдаулар мен қамқорлық көрсетіліп келеді. Осы орайда аптаның жұмасында аудандық әкімшіліктің мәжіліс залында аудан әкімі Сәкен Мамытов «Күміс алқа» иегерлерімен кездесу өткізіп, Мемлекет басшысы Қасым—Жомарт Тоқаевтың 2023 жылғы 17 шілдедегі №284 Жарлығымен бекітілген мемлекеттік награда табысталды.
Жиында аудан әкімі Сәкен Үмбетұлы ауданымыздың демографиясының дамуына үлес қосқан аналарға құттықтау сөз сөйлеп, жылы лебізін білдірді.
Өз кезегінде ана-лардың атынан сөйлеген Гүлзира Бекұзақова мемлекет тарапынан көрсетіліп жатқан қолдаулардың арқасында қоғамда көпбалалы аналарға деген құрметтің жоғары деңгейде екенін айтып, осындай игі шараның ауданда іске асуына ұйытқы болған аудан басшылығына алғысын жеткізді. Бүгінде аудан бойынша алтын құрсақты аналар саны – 1610 болса, оның ішінде «Алтын алқа»-672, «Күміс алқа» -938, ал батыр аналар саны 134.
Самат Тоқбанов,
«Sarysý»
Сарысуым, туєан ґлкем
Сарысуым, туған өлкем, құтты далам,
Шежіре тарихың бар сыр сақтаған.
Өзіңде туып өскен мен бір ұлың,
Сенің ыстық мейіріміңе құндақталған.
Уа, далам, неткен сымбат, көркем едің!
Тасы асыл, шөбі шүйгін, өлкем едің!
Көк шалғынға ойнақтап асыр салып,
Еркелегім келеді, еркелегім.
Құшағын кеңге ашып, дархан далам,
Қарсы алады Шоқай датқа, Ысты бабам.
Арқаның самал желі ескен кезде,
Ықылас күй тартқандай, абыз бабам.
Батысыңды жатыр мына күнгей бөліп,
Теріскей тебіренеді өрлей келіп.
Батысың таулы, шығысың құмақты боп,
Жатыр ғой, нарға артылған теңдей болып.
Бөленіп сәбиің боп құндағыңа,
Тербелгем бесігіңе ырғатыла.
Киелі, қасиетті қарт Қаратау,
Асыр салып жүгіргем, қыратыңда.
Гүлің ұқсап, сұлу қыздың сырғасына,
Тербелген «Жайлау көлдің» ырғағына.
Табанымды күйдіріп жалаң аяқ,
Із салғам бұйрат-бұйрат құматыңа.
Сарысуым, ұлан байтақ атырабым,
Құрметпен мен өзіңе бас ұрамын.
Қазақтың қасқаларын әйгілі еткен,
Киелі сенің мынау топырағың.
Қызды ауылға мен барып жасырына,
Кездескен киелі жер ғашығыма.
Осындай ардақ тұтқан туған жерді,
Айырбастамаймын дүниенің асылына.
Мен үшін баға жетпес асылымсың,
Ойнаған бала күнгі асығымсың.
Киелі Сарысуым, туған өлкем,
Бас тігем сенің әрбір тасың үшін.
Мойныма анам таққан тұмар едің,
Көліңе шомылғанға құмар едім.
Дүниенің билігі менде болса,
Сарысуым, сені «Жұмақ» қылар едім.?!
Талғат құсайынов, айтыскер ақын
Єасыр белесіндегі аудан ќарќынды дамып келеді
Биыл Сарысу ауданының құрылғанына 95 жыл толып отыр. Ғасырға жуық жыл ішінде аудан халқы талай қиындықты да, жақсылықты да бастан кешті. Халықтың басым көпшілігі мал және егін шаруашылғымен
айналысып келеді.
Бүгінгі таңда құндылық-тарымызды қадірлеп, өткенімізді түгендеуге толықтай мүмкіндік туды. Бұрындары қазақтың қазақылығы мен тарихтың талай парақтарын еркін ақтарып, айтылмай қалған тұстарын ашық айта алатындай күн де болған. Мұның барлығы бір кездері тарихымызды жоққа шығаруға талпынған кеңестік сананың салқыны еді.
Расында қазақтың тарихы отыз жылдың көлемінде қалыптасқан жоқ. Оған көнеден келе жатқан естеліктер дәлел. Кейінгі ұрпаққа том-том болып жетер тарихы бар мекеннің бірі бүгінгі Сарысу жері.
Сарысу ауданының 95 жылдық мерейтойын тойлағалы отыр. Ғасырға жуық бұл уақытты атап өту әрбір сарысулықтар үшін зор абырой. Ауданның 95 жылдығы расында ерекше мерейтой. Жергілікті халық үшін бұл тарихи мекеннің тағылымы жайлы терең түсінік беру, оны кейінгі ұрпаққа жеткізу біздің басты міндетіміз. Жыл сайын оң өзгерістер орын алып, қашан да сапалы нәтиже үшін жұмыс жасап келеміз. Тәуелсіздік алған жылдар ішінде еліміз еңсесін тіктеп, кемелдікке бет бұрды. Сол еңселі егемендіктің арқасында жасампаздыққа, жаңашылдыққа ұмтылдық. «Ауылдың дамуы – тұтас мемлекеттің дамуы» деген қағиданы басты нысана етіп, Мемлекет басшысының ел дамуы бағытында берген тапсырмаларының үдесінен шығып келеміз. Бұл сөзімізге ауданымызда атқарылып жатқан ауқымды істер мен толымды тірліктер айқын дәлел бола алады.
Серік АППАЗОВ, аудандық алқа билер кеңесінің төрағасы.
Берекеміз арта берсін
самалды сарыарқадағы Сарысудың жері қандай кең болса, мұндағы халықтың де көңілі жазира дархан дала іспеттес.
Ауданымызға келген кез-келген қонақ мұндағы ыстық қауышу мен ізгі ілтипатқа ие болады. Киелі Сарысуымның әр тасы мен үшін аса қымбат қазына. Қарт Қаратаудың баурайына қоныс тепкен ұлы өлке талай жанның өрісін ашып, шыңға шығуына себеп болып келеді. Кешегі қиын кезеңдер артқа қалып, бүгінде қуанышты сәттерге қол жеткізіп жатырмыз. Ауданымыз экономикалық дамудың жарқын жолына нық қадам басып келеді. Бүгінгі мереке ерекше. Бүгінгі сәт аса айрықша. Айтулы мереке қарсаңында туып өскен ауданым ғұмырлы болсын деп тілек білдіргім келеді.
Дариға Игенбаева, Жайылма ауылдық балалар өнер мектебінің ұстазы
Армысыѕ, Сарысудыѕ Байќадамы
1967 жылдың мамыр айының орта кезі. Сарысу ауданы қайтадан құрылып, аудан халқы мамыражай тірлік кешіп, әр-кім өз тіршілігімен алаңсыз еңбек кешіп, бір елдің көңілі көтеріңкі тұрмыс жасап жатқан кезі еді.
Аудан орталығындағы Байқадам атындағы орта мектебінің 10-сыныбында оқып жүргенмін. Жалпы орта мектепті бітіру үшін мемлекеттік емтиханға дайындалып жатқанбыз. Жастардың құлағы қашанда түрік жүретіні белгілі жәйт қой. Сондай бір күні жазғы кинотеатрда ақын-жазушылар мен кешке кездесу болады, деп естідік. Ақын-жазушылардың кімдер екенін бізге ешкім тәптіштеп айтқан жоқ. Қуанышымызда шек жоқ. Бұрын-соңды мектеп қабырғасында оқып жүргенде ақын-жазушылар мен кездесіп көргеніміз жоқ-ты. Бізге ақын-жазушылар ерекше дарын иелері, жылағанды жұбататын, күлкі етіп жүргенді құлататын, махаббатты жыр ететін, ерекше құдіретті сезім патшасы сияқты көрінетін. Кешті тағатсызданып күттік. Әйтеуір кешке де жеттік-ау. Жазғы кинотеатрға дейін баратын бардюрдің айналасы гүлдермен көмкерілген болатын. Сол гүлдердің хош иісімен кең тыныстап жазғы кинотеатрға келіп кірдік. Кинотеатр айналасы, іші ығы-жығы толған адам, жаста, кәрі де бар. Орта кезіне таман бос тұрған орындыққа келіп отырып жайғастық. Елдің бәрі ақын-жазушыларды тағатсыздана күтіп отырғаны байқалады.
Ақын-жазушылар қандай адамдар екен? Олар жыраулар мен суырып салма ақындар сияқты кез-келген тақырыпты жыр етіп, сөз мәйегін ағызатын ерекше жандар шығар,-деген ойлар санамызды жаулап алып, өз ойларымызбен алысып отырғанда масаты келген бой-бойымен, реңді келген 5 ағалар сахна төріне беттеп бара жатты. Бәрі келісіп алғандай бой-бойларымен қатарласып кетіп барады. Артында аласа бойлы, денесі шымыр, толық, орта бойлы, көзінен от шашып, жігерлі аға бара жатты. Жұрт ду қол соқты.
Алдыңғы кісі Сарысу аудандық партия комитетінің үгіт-насихат бөлімінің меңгерушісі Тоғайбек Сейітжанов аға екен. Ол кісі бойы ұзын, қап-қара шашын артына қайырған, қара торының әдемісі масаты кісі. Киім-киісі, жүріс-тұрысы, өзін көпшілік алдында ұстауы, мәдениетті, партиялық жұмыста ысылғанын көрсетіп тұрғандай. Дауысы жанға жайлы, сөзі майын, шешен кісі екен. Оны жиналысты ашып жүргізгенінде байқадық. Екінші кетіп бара жатқан аудандағы жергілікті жазушымыз Дулат Шалқарбаев аға болып шықты. Дукеңнің мақалаларын, әңгімелерін, повестерін оқып, біліп жүргенбіз. Дукең ұзын бойлы, ақ құба жүзді, түсі жылы, мейірі мол, шуағын айналасына шашып жүретін, тек қана байқалғаны сәл еңкіштеу жүретін кісі сияқты көрінді. Үшінші кісі орта бойлыдан жоғарылау, шашы қап-қара, қошқар мұрынды, қара торы сыпайы көрінген кісі жазушы Бек Тоғысбаев ағамыз болып шықты. Төртінші шығып бара жатқан ұзынша бойлы, түсі суықтау, шашы қалың, бұйралау, аққұба өңді, алыстан қой көзді көрінгенмен, көзі көкшілдеу екені байқалған Өтеген Күмісбаев деген ақын ағамыз екен.
Соңында кетіп бара жатып, жан-жағына жалт-жалт еткен жанарынан нұрын шашып, жазира-жарқын мінезі бар кісідей көрінген, өзіне-өзі риза болып, әлденені сын тезіне салып бара жатқандай болып көрінген, келте бойлы, көз жанары үлкен кісі сатираның майталманы Шона Смаханұлы болып шықты.
Кездесуді жүргізіп отырған Тоғайбек Сейітжанов ағай кезек-кезегімен ақын-жазушыларға сөз беріп жатыр.
— Бірінші сөз жазушы Бек Тоғысбаевқа беріледі,-деді Тоқаң. Бек ағай асықпай орнынан тұрып, жайлап сөз бастап кетті. Өзінің творчествосы жөнінде айта келіп, «Асыл адам айнымас» деген кітап жазатынын, оның кейіпкері Бәйкен мен Ақжан екенін айтып өтті. Біз Бәйкен деген кім, ол не қызмет атқарған. Елге қандай еңбегі сіңді. Ал Ақжан Шауқарбаевтың қандай еңбегі бар, біз оны неге білмейміз, деген сан-салалы сұрақ басымызда тұрды. Біз оны жасқанып, Бек Тоғысбаевтан сұрай алмадық. Әйтеуір Сарысу ауданының азаматтары туралы кітап жазатынын Бекеңнің сөз төркінінен түсіндік.
Өтеген Күмісбаев өзінің жұмсақ қарлыңқы даусымен жүрек жарды, тарихи деректерге құрылған поэмаларынан үзінділер, тәрбиелік мәні бар өлеңдерін оқып, көпшілікті риза етті.
Сөз сатирик Шона Смаханұлына келгенде жұртшылық ду қол шапалақтап жіберді. Қашанда ашық, жігерлі дауысымен аузын ашса көмейі көрінетін, жазира-жарқын мінезімен көңілді Шөкең аттың басын қоя берді. Елдің ішек-сілесін қатырып, біраз шымшыма, күлдіргі сатиралық өлеңдерін оқып, жиналған халықты риза етті.
— Кейбір қаламгердің шығарған кітабынан қызмет істеген жері көп, ал менің қызмет істеген жерімнен гөрі жазғаным көп. Сатиралық шығарма роман көлеміндегі кітаптай қалың болмайды, жұқалау болып шығады. Содан да жолы жеңілдеу,-деп елді бір күлдіріп алды.
Арасында алдында Шөкең Бек Тоғысбаевтың әзіл-қалжыңның сөзіне де жауап беріп кетті. Бек ағай Шөкеңнің шығарған кітаптары биттің қабығындай болып келеді деген қалжыңына: «Мен биттің қабығындай кітаптарымды, оқылмай кететін бос белбеу романдарға айырбастамаймын», деп Бекеңнің романдарын бір сынап өтті.
Соңынан Сарысу халқына, оның басшыларына көрсеткен құрметі мен ізеті үшін рахметін айта келіп, өзінің осы сапар кезінде туған өлеңін оқыды. Елдің бәрі риза болып қол соқты. Сол шығарған өлеңінің мәтіні 53 жылдан бері жадымда жатталып қалыпты. Бұл өлең «Қайтейін» деген атпен қазақ композиторларының әндер жинағына, Шөкеңнің шығармаларына енген. Сол әннің мәтініне назар аударайық!
Қайтейін….
Армысың, Сарысудың Байқадамы,
Көшеңде, көк желегің жайқалады.
Бозторғай, қой үстіне жұмырт-қалаған,
Белгісі нұрлы өмірдің байқалады.
Біз жүрміз, көпшілік пен дидарласып,
Кезі келген жерде, әнге басып.
Айналдым пейілінен халқыңның,
Бетіндей Ынталының көңілі ашық.
Армысың, Сарысудың Байқадамы,
Боларсың, жүрегімнің айтар әні.
Қайтейін, қара көзді қарындастар,
Ағасын, аңқылдаған байқамады.
Аузын ашса, көмейі көрінетін Шона ағамыздың бала болсақ та сол жолы тек сатирик емес, үлкен ақын, халықтың адамы екенін көріп біз қатты риза болған едік. Осы өлең жарты ғасырға жуық жүрегіме жазылып, ұмытылмай келеді. Бұл өмірі өшпейтін әдебиет әлеміне, Шөкеңе деген құрмет сезімі. Бұл ақын-сатирик Шона ағамыздың шын жүректен шыққан өлеңінің құдіреті шығар, деп ойлаймын.
Шона ағаның туғанына 90 жыл толу қарсаңында журналист Ерман Әбдиевтің «Шоқ тілді Шона» атты мақала, естелік, зерттеулер кітабы шығып, Шона ағаның өмір жолдары, шығармашылығы жөнінде жан-жақты әдемі әспеттеліп көрсетілген екен. Қатты риза болдым. Таулар алыстаған сайын, биіктей береді дегендей Шона аға рухы асқақтай берсін. Жанұясы, елі-жұрты есінде Шона аға есімі ұмытылмайтынына сенімім зор.
Майлыбай СМАҒҰЛОВ,
Қазақстан Журналистер
одағының мүшесі
Бейнетініѕ зейнетін кґрген аќсаќал
Қоғамымызда мемлекеттік және еңбек тәртібін көздің қарашығындай сақтап, мінсіз қызмет ететін шешуші саланың бірі құқық қорғау органдары. Оның ішінде аты айтып тұрғандай Ішкі істер бөлімінің қызметкерлеріне жүктелер міндет пен жауапкершілік жүгі де ауырдың үсті, жеңілдің астымен жүретіндей шаруа емес.
Ұзақ жылдар осы ішкі істер бөлімі саласында мінсіз қызмет етіп, көп құрметіне бөленген азаматтың бірі бүгінде сексеннің сеңгіріне, абыз ата жасына жетіп отырған қария Қалжанов Жақсылық ағамыз. Өткен ғасырдың алғашқы жартысы дүрбелеңге толы болғаны тамырын тереңнен тартқан тарихтың таңбалы шежіресінен баршаға аян.
Қалжанов Жарылқасын ағамыз 1943 жылы қыркүйек айының 23 жұлдызында жарық дүние есігін ашыпты. Бұл тұста күндей күркіреген Ұлы Отан соғысының жан алып, жан берісіп, қаскөй жаудың басы тасқа тиген бекіре балықтай беті қайтып, қанқұйлы ордасына шегініс жасаған кезі екен. Жақсы сөздің өзін жарым ырыс еткен халықпыз. Ұлды болған асқар тау әке Қалжан қария тебірене толғанысқа бой алдырыпты. «Ел басына күн тудырған жау шегінді. Бұл жақсылықтың нышаны. Халқымыздың жеңіске деген үкіленген ақ тілеулі үміті ақталды. Енді күн санап жеңіс тойы да жақындай бермек. Алла қаласа өскен елін, туған жерін жаудан қорғап жүрген ер азаматтарымыз елге оралады. Ақ дас-тарханымыз жақсылыққа, дүркіреген жеңіс тойының құрметіне жайылады. Мен ұлымның атын Жақсылық қоямын.»
Осылайша көңілге қуаныш себелеп, жүректерге нұр құйған өмірдегі ең қастерлі сөз Жақсылық атын иемденген ағамыз балалықтың базарлы шағын бастан кешіп, жеті жасында мектеп табалдырығын аттайды. Үлкен өмірдің өткелін кешіп, соқпақты да сүрлеулі жолдарын жүріп өткен ардагер қариямен жүздесіп, әңгіме дүкен құрудың да сабақты инедей сәті түскені бар. Сол жолы көпті көріп, көненің көзі болған ардагер қария жүріп өткен өмір, еңбек жолдарынан былай деп аз-кем сыр шерткен еді.
— Мен Оңтүстік Қазақстан (қазіргі Түркістан) облысы, Шаян ауданы, бұрынғы Бұралбай атанған ауылда дүниеге келіппін. Шаян ауданындағы Гренко ауылында 8 жылдық мектепті бітірген кезімде отбасымыз Сарысу ауданына қоныс аудардық. Байқадам Қашқынбаев атындағы орта мектептің кешкі маусымында оқи жүріп, орта білім алып шықтым. 1961 жылы №124 Байқадам кәсіптік техникалық училищеде оқып, таракторист, жүргізуші мамандықтарын алдым. Алғашқы еңбек жолымды Калинин атындағы совхозда көмекші шопан болып бастадым. 1963 жылы Жұмабаева Несіпбаламен тұрмыс құрып, отау тіктім. 1964 жылдан Беларусь ССР-нің Слоинг қаласында үш жылдық Отан алдындағы әскери борышымды өтедім. 1968 жылдың қаңтар айында Сарысу аудандық ішкі істер бөліміне шофер милиционер болып жұмысқа қабылдандым. 1975 жылдан 1991 жылдың қаңтар айына дейін ГАЙ инспекторы қызметін абыроймен атқарып, зейнет демалысына шықтым. 1976-1979 аралығында Оңтүстік Қазақстан облысы, Түлкібас ауданы, Вановка ауылындағы гидротехнлогия техникумында білімімді жетілдіріп, гидротехник мамандығын алдым. 1992-1995 жылдар аралығында Сарысу ауданының су бөлімінде инженер-механик болып қызмет атқардым. 1995-1996 жылдар аралығында Жаңатас қаласында күзет бөлімінде қызмет еттім. Жаратушы иенің берген 2 ұл, 4 қызынан 12 немере, 8 шөбере сүйдім. Ішкі істер саласында қызмет еткен жылдарда еткен еңбектеріме орай көптеген марапаттарға ие болдым,-дейді ардагер қария.
Бүгінде еткен еңбегінің рахатын, бейнетінің зейнетін көріп отырған Жақсылық қарияны аудан халқы жақсы таниды. Әсіресе Жақсылық ағамыз ГАИ инспекторы болған жылдарда жүргізуші, механизатор болған аудан азаматтары жақсы біледі. Қоғамдық тәртіпті сақтауда бұл ағамыз қарапайымдылығымен, көппен тіл табыса білетін сан қырлы адамгершілік қасиеттерімен көп құрметіне бөленгенін көзіміз көрді.
«Отан-отбасынан басталады» дейді дана халқымыз. Жақсылық аға шаңырағы шаттыққа толы жанұяның алтын діңгегі, жапырағы жайқалған алып бәйтерегі болды. Құдай қосқан қосағы Несіпбала апай екеуінің тағдырлары тоғысып, жұлдыздары жарасқанына биыл 60 жыл толыпты. Әрине бұл аз уақыт емес. Осы асқаралы алпыс ішінде Жақсылық пен Несіпбала апай екеуі үлкен өмірдің ыстығына бірге күйіп, суығына бірге тоңды. Үкілеп ұл мен қыз өсірді. Перзенттеріне асқар тау әкелік, ардақты аналық мейірім шуақтарын күн нұрындай шашып, мақсат, мұраттарына жеткізді. Халқымызда «Әке көрген-оқ жонар» деген қанатты сөз бекер айтылмаса керек. Екі ұлы да әке жолын қуды. Полиция полковнигі Қалжанов Қуаныш Жақсылықұлы бүгінде Сарысу аудандық ішкі істер бөлімі бастығының орынбасары қызметін абыроймен атқарып жүр. Екінші ұлы Қалжанов Серік Жақсылықұлы ішкі істер бөлімі саласында жемісті еңбек етіп, майор шенімен зейнет демалысына шығыпты. Алтын бесік ауылдың елінің амандығын, жұртының тыныштығын тілеген қадірменді ақсақалдарының бірі Жақсылық ағамыз және жанұясы жайлы бір үзік сырымыз осындай.
Әбілданың ТЕМІРЛАНЫ
Сессия өтті
Аптаның дүйсенбісі күні сегізінші шақырылған аудандық мәслихаттың кезекті ІХ сессиясы өтті.
Сессия жұмысына аудан әкімінің орынбасары Қ.Аманов, қала және ауылдық округ әкімдері, аудан әкімдігінің бөлім және кәсіпорындардың басшылары қатысты.
Аудандық мәслихаттың кезекті ІХ сессиясының күн тәртібіне ұсынылған мәселелер бірлескен тұрақты комиссиялар отырысында тыңдалып, талқыланып, сессияда тиісті шешімдер қабылдады. Олар:
Байқадам ауылдық округі әкімінің өзіне жүктелген функциялары мен міндеттерін орындауы туралы есебі.
Түркістан ауылдық округі әкімінің өзіне жүктелген функциялары мен міндеттерін орындауы туралы есебі.
«Жамбыл облысы Сарысу аудандық мәслихат аппараты» мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы.
«Аумақтық және учаскелік сайлау комиссияларының мүшелерін сайлау туралы» алтыншы шақырылған Сарысу аудандық мәслихатының 2019 жылғы 9 қаңтардағы №45-2 шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
Жоғарыда аталған мәселелер бойынша хабарламашылар баяндамаларын оқыды, депутаттар өздерінің сессиядан бұрын ауылдық округтер мен құрылыс нысандарына жүргізген зерделеу жұмыстарымен таныстырды. Комиссия отырысында депутаттар сауалдар қою арқылы әр мәселені толық талқылау арқылы танысты, тиісті мекемелер өкілдерінен қажетті мәліметтер алынды. Сессия барысында депутаттар айтқан қосымша ұсыныстар қабылданып, алдағы уақытта ескерілетін болады.
Сессия отырысының онлайн-трансляциясы Facebook әлеуметтік желісінде (Сарысу мәслихат) қолжетімді.
Аудандық
мәслихат аппараты
Ќаламызды таза ўстайыќ!
Тазалық — жаныңды жадыратып, көңілді көтеретін адам өміріне ең маңызды орын алатын элементтердің бірі. Таза қоғам — үлгілі қоғам. Қоғам болып, қоқысты тиісті орындарға тастау-біздің азаматтық парызымыз. Осы орайда, өткен аптаның сенбісінде қалалық әкімшіліктің ұйымдастыруымен «Қоқыс менікі болмағанымен қала менікі» атты тазалық акциясы өткізілді.
Ауданымыздың 95 жылдық мерейтойын тазалық жұмыстарымен жалғастыру қала әкімінің лайықты бастамасы екені даусыз. Сенбілікке мекеме және бөлім қызметкерлері мен қала тұрғындары қатысып, тиісті бөлінген аумақтарды күл-қоқыстан тазалады. Сонымен қатар, талдарды әктеп, қалың өскен арамшөптерді отап, қаланың тазалығына үлестерін қосты. Сенбілік жұмыстарын аудан әкімі С.Мамытовтың өзі аралап, жұмыс сапасын бақылады. Қалада қоқысты бей-берекет тастаған тұрғындарға алдағы уақытта шара қолданылатындығын айтып, тұрғындарға сын-ескертпелер жасады.
Отбасы-алтын діѕгек
Жақында отбасылық құндылықтарды насихаттау мақсатында Д.А.Қонаев атындағы облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасының ұйымдастыруымен «Отбасы-алтын діңгек» атты облыстық байқауы өтті.
Байқауға қатысушылар «Отбасындағы бір күн», «Білгенге маржан», «Дәм-думан», «Өнерлінің өрісі кең» кезеңдері бойынша сынға түсті. Бұл ізгілікті шараға ауданымыздан Ақтан отбасы қатысты.
Тартысты өткен сайыста барлық кезеңдерден сүрінбей өтіп, өз өнерлерін көрсеткен аталмыш отбасы 3 орынды иеленді. Жеңімпаз отбасыларға диплом мен бағалы сыйлықтар тапсырылды. Байқау барысында белсенділік танытып, жүлдегер отбасына сайысқа дайындаған қалалық балалар кітапханасының меңгерушісі Тұрлыбекова Мадина Алғыс хатпен марапатталды.
Самат Тоқбанов,
«Sarysý»
ЖАСТАРДЫ ЖАТ АҒЫМНАН САҚТАУ-МІНДЕТ
Жуырда М.Әуезов, Абылай хан және Абай атындағы мектептерде Астана қаласы «Діндерді зерттеу орталығы» ЖШС-нің маманы Бейсембі Айгерім және Алматы облысы «Діни экстремизм құрбандары мен деструктивті ағым ұстанушыларын оңалту орталығы» КММ-нің психолог маманы Ұзақбаева Лаураның қатысуымен семинарлар өткізіліп, жастар арасында рухани құндылықтарды түсіндіру, діни сауаттылықты арттыру, ҚР жалпы білім берудің зайырлы сипаты тақырыбы аясында кеңінен түсіндірілді.
Аталған семинарларға мектеп мұғалімдері, психолог және жоғары сынып оқушы қыздары қатысты.
«Sarysý-Aqparat»
«Жақсылық жаса!»
мектепке жол акциясы
Жылдағы дәстүр бойынша ұйымдастырылып отырған «Мектепке жол» республикалық қайырымдылық акциясы «Ақтоғай» орта мектебінде 1 тамызы мен 30 қыркүйек аралығында «Жақсылық жаса!» ұранымен өтіп жатыр.
Науқанға кез-келген адам қатыса алады: еріктілер, кәсіпкерлер, меценаттар, үкіметтік емес ұйымдар және т. б. қатысушылар қолдау көрсете алады немесе керісінше көмек сұрай алады.
Аталмыш акцияға сәйкес, Жалпыға міндетті білім қорынан берілетін көмекке Ақтоғай орта мектебінен 8 отбасынан шыққан 14 баланың ата-аналарының жеке шоттарына 40567 тг аударылды және ата –аналар осы қаржыға балаларына мектеп формасын, оқу құрал-жабдықтарын алғандығы туралы чек немесе киім-кешектің фото есебін берді. Жаңаарық ауылдық округ әкімінің аппараты демеушілік көрсетіп 4 сыныптың бір оқушысына 50000 тг қаржыға мектеп формасын, спорттық киім, сөмке және оқуға қажетті құрал-жабдықтарын алып берді.
«АMANAT» партиясының демеушілігімен 5-сынып оқушысына оқушы сөмкесін құрал-жабдықтарымен алып берді.
«Білім қызметкерлері кәсіподағының Сарысу аудандық комитеті» филиалы демеушілік жасап, 6-сынып оқушысы мен 9- сынып оқушысына оқушы сөмкесі мен оқуға қажетті құрал-жабдықтарын алып берді.
Акцияда Ақтоғай орта мектебіндегі мұғалімдер ұжымының ұйымдастыруымен 15000 тг қаржы жиналып, 9 сыныптың бір оқушысына спорттық аяқ киім алынды.
Ауылдағы жомарт түлектер де «Мектепке жол» акциясына өз үлестерін қосуда. 1975 жылы туылған осы мектептің түлектері атынан Жексенбин Өмірзақ, Омарова Мадина, Ақділдаева Қатира мектебімізге келіп 75000 тг қаржылай көмек беріп, демеушіліктерін білдірді. Осындай игі істер бұдан әрі де жалғасын табады.
Б.ТАЙКЕШОВА,
педагог-ұйымдастырушы
Ауыл ажарлана түсуде
Ауданымызда, оның ішінде ауылдық округтер жылдан-жылға гүлденіп, ажарланып келеді. ауыл ішіне ауыз су құбырлары тартылып, жолдар жөнделіп, көше жарықтары орнатылуда.
Сонымен қатар саябақтар ашылып, балалар ойнайтын алаңшалар заманауи үлгіде салынып жатыр. Әлеуметтік нысандар күрделі жөндеуден өтіп, халық игілігіне пайдалануға берілуде.
Тоғызкент ауылында да біршама жұмыстар атқарылып келеді. Ауылға қарасты Төреқожа, Сапақ датқа, Бекпенбет атындағы көшелерге орта жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Сондай-ақ ауыл бойынша ауыз су құбыры тартылуда.
Тоғызкент ауылдық округінің ардагерлер кеңесінің төрағасы Жансерік Майров:
— Дамудың даңғыл жолына түскен ауданымызда бұдан басқа да ауыз толтырып айтарлық жетістік көп. Тоғызкент ауылында халықтың әл-ауқатын арттыру мен аудан экономикасын нығайту бағытында ауқымды жұмыстар атқарылып, экономикалық көрсеткіштер өскен. Соңғы жылдары қолға алынған бірқатар маңызды шаруалар мен атқарылған жұмыстар ауқымды. Ауыл көшелеріне ауыз су құбырлары тартылып, жол жабындысы төселуде. Қуантарлық жәйт ауыл жастары мал шаруашылығымен айналысып, ауылымызды көркейтуге атсалысуда,-деді.
Ауылдың гүлденуіне атсалысу баршамыздың міндетіміз. Ауылдың инфрақұрылымын дамытып, өркендеуіне жол ашу — бүгінгі күннің басты талабы.
С.Есқараев, «Sarysý»
тіл-басты байлығымыз
Тәуелсіздік алғалы бері Қазақстандағы мемлекеттік тілді дамыту және қолдау нәтижелері қандай деңгейде екенін айқындайтын басты көрсеткіш-бұл шынайы қоғамдық орта, қоғамдық ортаның мүддесі мен рухани саналы көзқарасы.
Мемлекеттік тілдің қолданылуы қоғамдағы тілдік ортаның нығаюымен күшейеді. Ал қазақ тіліндегі қоғамдық ортаны қалыптастыруға ықпал жасайтын факторлар – білім беру, мәдениет БАҚ жүйесі мен мемлекеттік тілде ісқағаздарының жүргізілуін қадағалайтын әрбір мекемедегі тіл дамыту бөлімдері мен департаменттері, т.б. институттар мен қоғамдық ұйымдар, сондай-ақ мемлекеттік биліктің тікелей өзі болып табылады. Екі (2012-2013 жылдың) көлемінде Қазақстан қоғамында мемлекеттік тілді дамытуға қатысты сан түрлі іс-шаралар өткізілген. Олардың барлығы дерлік халықтың қазақ тілін үйренуге қажетті сұраныстарына сай жүргізілген. Әсіресе сөздіктер мен аудармашылардың электронды жүйесі көптен күткен сұраныстар болатын. Ал «Kazinform» халықаралық ақпараттық агенттігінің осы жылдарға дейінгі хабарламаларында мемлекеттік тілді қолдау және дамытуға қатысты іс-шаралардың басмы бөлігі тек насихаттау, өзекті мәселелерді талқылау, оқулықтар шығару, олардың сапасын анықтау, түрлі семинар-тренингтер өткізу, тәжірибелі ұстаздар дайындау, олардың біліктілігін жетілдіріп отыру мәселелеріне қатысты шаралармен шектелетін. Дегенмен, қазіргі жетістікке жетудің алғышарттары осы талқылаулардың нәтижелері болмақ. Қалай болғанда да, 1991 жылдан 2000 жылға дейін іс-шаралар сөз жүзінде болып келді, ал 2000 жылдан бастап іс жүзінде нәтижелерін бере бастады. Оны жасырмауымыз керек. Себебі 2000 жылға дейінгі мерзімді БАҚ-тағы мемлекеттік тілді дамыту жайындағы мақалалар қазақ тілін алдымен грамматикалық құрылымынан бастап оқыту керек пе, әлде қазақ халқының ұлттық болмысынан бастап түсінік бере отырып оқыту керек деген дұрыс әдістемелік жолын таңдау мәселесіне айналды. Қоғамдық пікірталас, қоғамдық мұқтаждықты өтеу салдарынан қазақ тілі оқулықтарының әдіснамалық жүйесі өзгеріп, ұлттық болмысты таныта оқытудың түрлі әдістерін сіңірген оқулықтар жарыққа шықты. Олар өз нәтижелерін бере бастағаннан кейін жаңа сұраныстар пайда болды. Ол – тез, қолжетімді аударма ісі (орысша-қазақша, қазақша-орысша). Осындай сұраныстардың арқасында электронды үйрету порталдары мен сөздіктері іске қосылды. Демек, Қазақстанда мемлекеттік тілді дамытуға байланысты жүргізіліп жатқан жұмыстар қоғамның талап-тілегін уақытында өтеуге қызмет етуде және баяу болса да оның жетістіктері көрініп келеді. Олай болса мемлекеттік тілдің қоғамдағы рөлін анықтау, мемлекеттік тілге мұқтаж етуші немесе мұқтаж етпеуші факторларды тану негізінен БАҚ жүйесінде айқын көрінеді екен.
М.Үркімбаев, Сарысу аудандық
сотының төрағасы
Тергеу сотының өкілеттіктері
Қылмыстық іс жүргізу заңнамасына сәйкес, тергеу судьясы – қылмыстық сотқа дейінгі іс жүргізуді адам құқықтарының, бостандықтары мен заңды мүдделерінің сақталуын бақылауды жүзеге асыратын бірінші сатыдағы соттың судьясы.
Оның мақсаты – қылмыстық қудалау органдарының заңсыз әрекеттерінің алдын алу, заң талаптарын адал орындайтын азаматтар құқықтарын қорғау.
Тергеу сотының өкілеттіктерін бірнеше санатқа бөлуге болады: қылмыстық процеске қатысушылардың конституциялық құқықтары мен бостандықтары бұзылуы мүмкін, тергеу іс-әрекеттерін санкциялау, — қудалау органдарының, прокурордың іс- әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) және шешімдеріне шағымдары қарастыру; — қорғаушы жақ ұсынған дәлелдерді сотқа дейін алдына-ала зерттеуді қамтамасыз ету және де өзге де іс жүргізу әрекеттерін орындау, күзетпен ұстау, үйқамақ, кепіл түріндегі бұлтартпау шараларына санкция беру, сондай-ақ органдардың тергеу әрекеттерін, мәжбүрлеу шараларын және жасырын тергеу әрекеттерін санкциялау. Қазақстан Республикасының Қылмыстық процестік кодексінің 106-бабына сәйкес құқықтары мен бостандықтарын прокурордың, тергеу және анықтау органдарының әрекеті (әрекетсіздігі) және шешімі тікелей қозғайтын тұлға қылмыстық құқық бұзушылық туралы, сондай-ақ сотқа дейінгі тергеп-тексерудің басталуында, тергеп-тексеру мерзімдерін үзуде, қылмыстық істі тоқтатуда, сот-медициналық сараптама жүргізу үшін медициналық ұйымға мәжбүрлеп орналастыруда, тінтуді және (немесе) алуды жүргізуде, өзге де әрекеттерді (әрекетсіздіктерді) жасауда және шешімдерді қабылдауда заңның бұзылуы туралы арызды қабылдаудан бас тартуға шағыммен сотқа жүгінуге құқылы.
Тергеу судьясы сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын органнан қаралатын мәселе бойынша қосымша мәліметтерді талап етуге, тиісті сотқа дейінгі тергеп-тексерудің барлық материалдарымен танысуға және оларды зерделеуге, процеске қатысушыдарды сотқа шақыруға құқылы.
Сондай-ақ азаматтар тергеу соты арқылы Қылмыстық процестік кодексінің 106-бабына сәйкес шағым беру арқылы өз құқықтарын қорғай алады. Шағымды тергеу судьясы үш тәулік ішінде сот отырысын өткізбей жеке-дара қарайды. Егер заңды және негізді шешім қабылдау үшін маңызы бар мән-жайларды зерттеу қажет болса, тергеу судьясы шағымды он тәулік ішінде жабық сот отырысында тиісті адамдар мен прокурордың қатысуымен қарайды, олардың келмеуі шағымды қарауға кедергі келтірмейді.
Д.КАДЕРҚҰЛҚЫЗЫ, Сарысу аудандық
сотының судьясы
Статистика хабарлайды
Сарысу ауданының 2023 жылғы қаңтар-тамыз айларындағы әлеу-меттік-экономикалық дамуы
Ауыл шаруашылығы. Ауданда ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірумен негізінен шаруа қожалықтары мен жұртшылық шаруашылықтары айналысады. Есепті мерзім ішінде төрт түліктің барлық түрлерінің өнімдерін қоса есептегенде 5233,1 тонна ет, 4205,1 тонна сүт, 2971,3 мың дана жұмыртқа өндіріліп, өткен жылғы сәйкес кезеңдегімен салыстырғанда 200 тонна ет, 167 тонна сүт, 3,6 мың дана жұмыртқа артық өндірілді. Мал басы өз төлдері есебінен көбейту арқылы мүйізді ірі қара мал саны 30674 басқа, қой 230463 басқа, ешкі 26374 басқа, жылқы 10509 басқа, түйе 3489 басқа, үй құстары 25850 басқа жетіп, өткен жылғы есепті мерзімдегімен салыстырғанда мүйізді ірі қара малы 6169 басқа, қой 20172 басқа, жылқы 2044 басқа, түйе 294 басқа, үй құстары 513 басқа көбейіп, ешкі 13010 басқа азайған.
Өнеркәсіп өндірісі. 2023 жылғы қаңтар-тамыз айларында өнеркәсіп кәсіпорындарымен (шағын кәсіпорындар, қосалқы өндіріс және үй шаруашылықтарын қосқанда) 60331,6 млн. теңгенің өнеркәсіп өнімдері өндірілді. Өнеркәсіптік өндірістің индексі 2022 жылғы сәйкес кезеңге 105,2%-ды құрады.
Инвестиция. Құрылыс. Аудан бойынша қаңтар-тамыз айларында негізгі капиталға салынған инвестициялардың көлемі – 33691,1 млн. теңгені, пайдалануға берілген тұрғын үй – 9756 шаршы метрді, құрылыс жұмыстарының көлемі – 7103,5 млн. теңгені құрады.
Бөлшек сауда. Есепті мерзім ішінде ауданда бөлшек сауданың көлемі 2395,2 млн. теңгені құрап, оның ішінде азық-түлік тауарлары 583,6 млн. теңгеге, азық-түлік емес тауарлары 1811,6 млн. теңгеге сатылды.
Әділет органдары қызметкерлерінің күні
Алғаш рет Әділет органдарының күні 2012 жылы аталып өтті. Латын тілінен аударғанда «юстиция» сөзі әділдік, заңдылық деген мағынаны білдіреді. Әділет органдары – ол Әділет министрлігінің барлық мекемелері мен ведомстволарының жиынтық атауы. Тарихы тереңде жатқан Әділет органы 1919 жылы құрылып, өзі өмір сүрген жүзден аса жыл ішінде ел өмірінде болған аса елеулі тарихи оқиғалардың бел ортасында болып, саяси, құқықтық және әлеуметтік-экономикалық өмірдегі күрделі өзгерістерге атсалысты.1920 жылы Әділет халық комиссариаты ретінде құрылса, 1946 жылы Әділет министрлігі болып қайта аталды.Жалпылама айтқанда, халыққа заң қызметін ұсынып, азаматтардың бостандықтары мен мүдделерін қорғайтын бірден бір орган. Еліміз тәуелсіздік алғаннан соң Әділет органдары үшін жаңа кезең басталды. Әділет министрлігі және оның органдары түбірімен өзгеріп, жаңа сипатқа ие болды. Осылайша, өзінің сан қырлы қызметінің арқасында егеменді мемлекеттің құқықтық саясатын жүзеге асыру ісіне үлес қосып келеді. Бағдарланған міндеттер негізінде еліміздің әділет органдары жаңа кезең талабына орай мемлекеттік құқықтық реформаны қалыптастырып, жұмысын дамытып келеді.
Бұл мереке конституциялық мемлекеттің тұтастығын қамтамасыз етіп жүрген әділет қызметкерлерінің басын біріктіретін айтулы күн.
«Әділет органдары туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әділет органдарының міндеттері жалпы мемлекеттік даму стратегиясын әзірлеу мен іске асыруға қатысу, заң жобалау жұмысын жүргізу, заңнаманы талдау, жетілдіру, жүйелеу, нормативтік құқықтық актілердің жобаларына заң сараптамасын жүргізу арқылы адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарының үстемдігін, Қазақстан Республикасының егемендігін, Қазақстан қоғамы мен мемлекетінің тұрақты және қарышты дамуын қамтамасыз етуге бағытталған ұлттық заңнаманы қалыптастыру болып табылады. Әр азаматтың құқықтары мен бостандықтарының ауқымды бөлігін қамтамасыз етуі әділет органдарымен тығыз байланысты. Әділет органдары әрқашан азаматтардың заңды мүдделері мен бостандықтарын, конституциялық құқықтарын жүзеге асыру және қорғау, әділдік принциптерін бекіту, заңнаманы жетілдіру, мемлекеттілікті нығайту және дамытуға белсенді түрде ықпал етіп келеді.
Г.Байзакова,
Талас ауданаралық
аумақтық бөлімінің
сот орындаушысы
семинар өтті
Сарысу ауданына қарасты мешіт имамдарына арналған біліктілігін арттыру семинары ұйымдастырылды
Сарысу ауданы әкімдігі ішкі саясат бөлімінің тапсырысымен ауданда «Тұрғындар арасында діни экстремизм және терроризмнің алдын алуға бағытталған ақпараттық, профилактикалық, танымдық жұмыстар жүргізу» тақырыбындағы мемлекеттік әлеуметтік жобасы жүзеге асырылуда. Жоба аясында «KOMEK.DEMEU.KZ» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен Сарысу ауданының тұрғындары арасында діни экстремизм және терроризмнің алдын алуға бағытталған профилактикалық жұмыстар жүргізу үшін мешіт имамдарының біліктіліктерін арттыру мақсатында Сарысу ауданына қарасты мешіт имамдарына арналған біліктілігін арттыру семинары өткізілді. Семинарды Тараз қаласының бас имамы Ержан Аманбаев және Байзақ ауданының бас имамы Қанат Жұмағұлов өткізді. Айта кетейік дәл осындай біліктіліктерін арттыру семинары былтырғы жылда ұйымдастырылған болатын.
профилактикалық жұмыстар жалғасуда
Сарысу ауданында діни экстремизм мен терроризмнің алдын алуға бағытталған ақпараттық профилактикалық жұмыстар жалғасуда
Сарысу ауданы әкімдігі ішкі саясат бөлімінің тапсырысымен ауданда «Тұрғындар арасында діни экстремизм және терроризмнің алдын алуға бағытталған ақпараттық, профилактикалық, танымдық жұмыстар жүргізу» тақырыбындағы мемлекеттік әлеуметтік жобасы жүзеге асырылуда. Жоба аясында Сарысу ауданына қарасты М.Әуезов атындағы орта мектебі, Абылай хан атындағы мектеп-лицейі, Жаңатас көпсалалы колледжі, Ш.Уәлиханов атындағы мектеп-гимназиясы, Саудакент ауылдық кітапханасында кездесулер ұйымдастырылды. Аталған мекемелерде діни экстремизм мен терроризмнің алдын алуға бағытталған түсіндірме жұмыстарын жүргізу үшін облыс орталығынан дінтанушы Дәурен Құттыбаев шақырылды. Дәурен Құттыбаев ауыл жастары мен тұрғындарына жат діни ағымдардың белгілерін, ұстанатын бағыты және жат діни ағымдардан қалай сақтану жолдарын түсіндіре отырып, өсіп келе жатқан жастарға әдеп, иман, тазалық жайында түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Сарысу ауданында діни экстремизм мен терроризмнің алдын алуға бағытталған ақпараттық профилактикалық жұмыстар жүргізілуде
Сарысу ауданы әкімдігі ішкі саясат бөлімінің тапсырысымен ауданда «Тұрғындар арасында діни экстремизм және терроризмнің алдын алуға бағытталған ақпараттық, профилактикалық, танымдық жұмыстар жүргізу» тақырыбындағы мемлекеттік әлеуметтік жобасы жүзеге асырылуда. Жобаны жүзеге асырушы «KOMEK.DEMEU.KZ» қоғамдық қоры. Жоба аясында Сарысу ауданына қарасты бірқатар ауылдық округтерде кездесулер мен түсіндірме жұмыстары, сонымен қатар аудандағы имамдардың біліктілігін арттыру бойынша оқыту жұмыстары жүргізілді. Қазіргі уақытта деструктивті діни ағымға қарсы бейнеролик әзірленуде. Бейнеролик әлеуметтік желі беттері арқылы тұрғындар назарына ұсынылатын болады.
“KOMEK.DEMEU.KZ” қоғамдық қоры
Саусаќ ўшындаєы инклюзия
Жақында Жамбыл облыстық көзі көрмейтін және нашар көретін азаматтар кітапханасында Жамбыл облысы әкімдігі мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының қолдауымен «Саусақ ұшындағы инклюзия» тақырыбында байқау өтті. Шараның мақсаты — зағип және нашар көретін азаматтардың қоршаған орта туралы түсініктерін қалыптастыру, қимыл – қозғалыс әрекеттерін ұлғайту, эмоциалық тонусын түзетуін қамтамасыз ету, Кітапхана қорын тактильді кітап, бедерлі суреттермен толықтыру.
Байқауға Жамбыл, Жуалы, Меркі, Сарысу аудандары мен Тараз қаласынан барлығы 8 шығармашылық жұмыс қатысып, олар «Үздік тактильді кітап», «Үздік бедерлі сурет» кезеңдері бойынша өз жұмыстарын көпшілік алдында таныстырды. Сайысқа Сарысу аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтарға қызмет көрсету бөлімінің кітапхана меңгерушісі «Үздік бедерлі сурет» кезеңі бойынша Досаева Аяулым қатысып, өз жұмысын таныстырып қорғап шығып, сайыс қорытындысы бойынша жүлделі 3 -орынды иеленді. Сондай -ақ, алдағы уақытта Ақтөбе қаласында өтетін республикалық байқауға жолдама алды. Бұл Аяулымның ғана емес ауданымыздың да жеңісі екеніне күмән жоқ.
Самат Тоқбанов,
«Sarysý»