Жақсылық жасауда жарысайық
дәстүрге айналған «Мектепке жол» республикалық акциясы биыл «Балаларға бірге көмек берейік!» атты айдармен өткізілуде. Акция еліміздің барлық өңірлерінде ағымдағы жылдың 1 тамызы мен 30 қыркүйек аралығында өтеді.
Байқадам Қашқынбаев атындағы орта мектебі бойынша «Мектепке жол» акциясы жалғасын табуда. Акцияның мақсаты-жаңа оқу жылына дайындық уақытында аз қамтамасыз етілген және көпбалалы отбасылардан шыққан оқушыларға қолдау көрсету; баланың әлеуметтік себептермен мектепке келмей қалуының алдын алу; ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға, көп балалы, тұрмыс жағдайы төмен отбасыларына нақты көмек көрсету болып табылады.Осы мақсатта мектеп директоры Л.Нұрмаханова мен директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Г.Сыздықова аз қамтылған отбасынан шыққан екі оқушыға 15000 теңгеден 30 мың теңгеге мектеп формасын алып берді. Мектеп директоры Л.Нұрмаханова сыйлықтарды тарату барысында оқушыларға жаңа оқу жылы сәтті басталсын деп тілек айтты. Жалпы республикалық «Мектепке жол» акциясы өз жалғасын табуда.
Г. Сыздықова,
директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары