Еңбекпен өрілген өмір
Киелі шаңырақ Сарысу ауданы құрылғаннан бері қоғам қайраткерлері, еңбек адамдары жастық жігерлерін сарып етіп, білек сыбана ауданның дамуына жан-жақты өзіндік үлестерін қосып, аянбай еңбек етті. Сынаптай сырғыған өмір ағысымен бірге жүзіп, өкшелеп ізін басып келе жатқан іні буынға ағалық ақылын айтып, жол сілтеп, артынан ізгілікті із қалдырған Арқабай Төлмағанбетов жайлы газетімізге шығарып, қалың оқырманның назарына ұсынғанды жөн санадық.
Арқабай Төлмағанбетов 1954 жылы ақпанның 1 жұлдызында Жамбыл облысы Сарысу ауданы Жайылма ауылында шаруа отбасында дүниеге келген. Әкесі Көпешов Төлмағанбет Ұлы Отан соғысының ардагері, анасы Момынова Шәйі 11 құрсақ көтерген батыр ана.
Арқабай аға 1961 жылы Байқадам қазақ орта мектебінің табалдырығын аттап 1971 жылы үздік бағалармен аяқтайды. Ауылда шоферлық курсты бітіріп, жүргізуші мамандығын иеленді. Еңбекке ерте араласқан жас жігіт құрылыс мекемесіне қатардағы құрылысшы болып жұмысқа кіріп, көптеген ғимараттардың іргетасын қалауға атсалысады. 1972-1974 жылдар аралығында Отан алдындағы борышын өтеп келеді. 1974-1979 жылдары оқуын жалғастырып, Жамбыл жеңіл және тамақ институтына түсіп, инженер-механик мамандығын алып шығады. Осы жылы жас дәрігер Мейраш Дәулетовамен отбасын құрады.
Екі жас маман туған ауылына бірі аудандағы Байқадам автокөлік кәсіпорнына механик, бірі аудандық орталық ауруханаға дәрігер болып жұмысқа орналасады. Арқабай аға 1979-1986 жылдар аралығында қатардағы механиктен бастықтың көлікті пайдалану жөніндегі орынбасары қызметіне дейін көтеріледі. Қоғамдық жұмысқа белсене араласып, мекеме комсомол ұйымының секретары, аудандық комсомол комитетінің бюро мүшесі болады. 1987 жылы Сарысу аудандық партия комитетінің ауылшаруашылығы бөліміне нұсқаушы болып қабылданады.
1988 жылы қазан айында ауыл шаруашылығы автокөлік кәсіпорнына директор болып қызметке ауысады. Ал, 1993 жылы кеңес үкіметі ыдыраған соң кәсіпорын тарап, Акционерлік қоғам болып қайта құрылады. Осы қоғамның президенті болып сайланады, 1998 жылға дейін абыроймен жұмыс атқарады.
1998-2002 жылдары Қаратау тау-кен өңдеу кешеніне шебер болып қызметке кіріседі. 2002-2007 жылдар аралығында түрлі жұмыстарда болады. 2007-2013 жылдары Қ.Р. Ауылшаруашылығы министрлігі Сарысу аудандық аумақтық инспекциясының ауыл-шаруашылығы техникаларының инспекторы, бастықтың орынбасары қызметтерін атқарды.
2013 жылы техникалық инспекторы лауазымын жергілікті басқару орнына беріледі, Сарысу аудандық ауылшаруашылығы бөліміне бас маман ретінде жұмысқа қабылданды. Осы қызметті 2018 жылдың ақпан айына дейін абыроймен еңбек етіп, зейнет демалысына шығады. Білікті, тәжірибелі маманды бөлім басшысы 1 жыл мерзімге жұмыс атқаруын сұранады. 2020 жылға дейін басшының кеңесшісі болады. Зейнетке шықса да жинаған тәжірибесі мен білімін ұштай түсу үшін 2018 жылы «АР-НҰР-Б» жауапкершілігі серіктестігін ашып директоры болады. Мал шаруашылығын өсірумен айналысады. Қоғамдық жұмыстарға да белсене араласып, еліміздің дамуына өз үлесін қосты. Ұзақ жылдар бойы еңбегі еленіп, Қазақстан Рес-публикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің, облыс, аудан, ҚР АШМ мемлекеттік инспекциясы комитетінің Жамбыл облыстық аумақтық инспекциясының Құрмет грамоталары және Алғыс хаттарымен марапатталды.
Ал, республикалық «Жас дарын» орталығының «Қоғам қайраткері», Жамбыл облысы әкімінің «Облысқа сіңірген еңбегі үшін» төсбелгілерімен және «Ардагерлер ұйымы» республикалық қоғамдық бірлестігі «Жамбыл облыстық ардагерлер ұйымына 30 жыл», Сарысу ауданы әкімінің Ауыл шаруашылығының үздігі медальдарының иегері.
Жұбайы Мейраш Дәулетовамен ұлдарын ұяға, қыздарын қияға қондырып, қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқыттырмай өсіріп, бір-бір білікті маман иесі болуға күш-жігерлерін салды. Қазіргі таңда аудан, ауыл аймақтың сыйлы ардагерлері.
2019 жылы сәуір айында Байқадам ауылдық округі ардагерлерінің ұсынысымен, бір ауыздан ауылдық ардагерлер кеңесі төрағасы етіп сайланды. Осы жұмысты абыроймен бүгінгі таңға дейін атқарып келеді.
Арқабай аға «Қажылықтың әр минутын құлшылықпен, дұға-тілекпен өткізудің сауабы мол. Қажылық – исламдағы бес парыздың бірі»- деп 2023 жылдың шілдесінде үлкен қажылыққа барып, парызын өтеп келді.
С.Есқараев, «Sarysý»
КІШІ ЖҮЗДЕ
МЫНАДАЙ РУЛАР БОЛҒАН:
Әлімұлы әулеттері: Төртқара, Шекті, Қаракесек, Қарасақал, Қаракете, Ожырай, Шөмекей.
Байұлы ұрпақтары: Адай, Таз, Ысық, яғни Сықлар, Байбақты, Шеркеш, Есентемір, Тана, Беріш, Жаппас, Алаша, Масқар, Қызылқұрт.
Жетіру әулеттері: Табын, Кердері, Тама, Жағалбайлы, Керейіт,
Рамадан, Телеу.
Қазақ халқының құрамы жөніндегі бұл мәліметтер 1823 жылы старшиналардан ауызша сұрап жиналған (Ленинградтағы орталық мемлекеттік тарих архиві. Ішкі істер министрлігі. Жер бөлімі, 8-іс қағаз, №91, 1822-1823, 353-355-беттер).
М.П.Вяткин,
«Сырым батыр», 1951. КМБ.
ШЕРКЕШТЕР ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ҰРПАҚТАРЫ ТУРАЛЫ
Шеркеш руы туралы сµз ќозѓаѓанда, ењ алдымен, оныњ Кіші ж‰з ќ±рамындаѓы орнын айтпай кетуге болмайды. Ол он екі ата Бай±лы ќ±рамындаѓы рулардыњ бірі ѓана емес, кµптеген жазба жєне ауызша деректер бойынша жасы да , жолы да ‰лкен болып танылады. Б±л туралы тарих ѓалымыныњ докторы Х.Маданов былай деп жазды: «Шеркеш Ќыдырсиыќтыњ баласы-он екі ата Бай±лыныњ ішіндегі аѓаныњ, ‰лкенініњ баласы. Сондыќтан Шеркеш-Бай±лы ру бірлестігіне кіретін рулардыњ ішіндегі ‰лкені болып саналады». (Х. Маданов. Кіші ж‰з шежіресі. «Атам±ра-Ќазаќстан», Алматы, 1994 жыл.) «Шеркеш» атауыныњ шыѓу тегі туралы аса кµрнекті ќазаќ ѓалымы М±хамеджан Тынышбай±лы «Ќазаќ халќыныњ тарихына ќатысты материалдар» атты ењбегінде µте ќызѓылыќты деректер келтіреді. Мысалы: Сула µзенініњ бір саласы Удай аталады. Карамзин (IV томына т‰сініктеме) Курск губерниясындаѓы Ахматовка селосыныњ т±рѓындары 13-ѓасырда µздерін «ќазаќтармыз» деп атаѓан черкес-тер болѓанын жазады. Карамзин (Ист. Гос. России. т. б. Стр. 391). «Т‰ркілер мен берендейлер µздерін черкестерміз десе, ќазаќтар да осылай атайды» деп жазды.
Таѓы бір жеріндегі елдер 10-ѓасырда Касахия деп аталатын косактар да черкестер, олар Ќара жєне Каспий тењіздерініњ аралыѓын мекендеді деп ќайталайды. Карамзин µз кезінде осетиндер черкестерді ќазаќтар деп атаушы еді деп т±жырымдайды. Семенов-Тяньшанскийдіњ черкес руларын санап отырып, оныњ «Клыч» деген атасы бар дейтінін ќосыњыз: біздіњ черкестерде де ќылыш руы бар…. Аќыр соњында энциклопедиялыќ сµздіктен (36-том. Брокгауз-Ефрон) Египетте билікке – «брж оѓлы» єулетінен кейін оѓан туыс шеркеш руыныњ мємл‰ктері келіп еді дегенді оќимыз…. Беріш пен Шеркештіњ Алтай мен Ресейдіњ оњт‰стік Ресей далаларында бірдей кездесуі, б±лардыњ туыс тайпалар екендігін байќатады єрі олар Бай±лы деп аталатын бірлестік ќ±рамында да бірге ж‰р». (33-бет)
Осы жоѓарыдаѓы тарихи деректерден тыс Шеркеш руыныњ ±раны болѓан Шаѓырай туралы Атырау µњірінде ±заќ жылдар бойы басшылыќ ќызметте болѓан, «Кіші ж‰з шежіресі» жєне «Шеркеш шежіресі» атты ењбек жазѓан Єбу Атшыбай±лы былай дейді:
«Есімі ±ранѓа айналѓан Шаѓырай батыр бабамыз орта бойлы, шымыр денелі, еш нєрседен сескенбейтін µте батыл жєне жµн-жосыќты жаќсы білетін парасатты адам болѓан. Соѓыста алысќан жауын жењіп келгенде, ‰стінен денесіне µтпеген садаќтыњ оѓы саулап т‰седі екен, оќќаѓар аруаќты болѓан. Екі жауырынныњ ортасында кµк жалы бар екені шежіре деректерде кездеседі.
Кµптеген тарамды тарихи деректерде Бµтік, Бµтіктен Ќашќыншы, С‰йініш, Жєдік туады. Аты жалпы Шеркеш ±ранына айналѓан Шаѓырай бабамыз сол Жєдіктен тараѓан деп кµрсетілген. Ќалай болѓанда да оныњ елін жаудан ќорѓай білген батыр екендігіне еш шек келтіруге болмайды. Біздіњ зањѓар жазушымыз Ѓабит М‰сірепов XIV ѓасырда Шеркеш Баркµк (м‰мкін Бµтік болар) Мысыр шєрін 135 жыл билеген деп жазды. Осындай деректерге ќараѓанда біздіњ атамыздыњ ізі µте ерте кезден бастап, жер шарыныњ кµптеген µњірлерінде ќалѓан сияќты. Ќазіргі халыќ арасында айтылып ж‰рген:
С±расањ руымды Шеркеш деймін,
Жарасќан ќара нарѓа µркеш деймін.
Басыњды ќосар болсањ Шеркешпен ќос,
¤зіњді µле-µлгенше кµлгештеймін, —
деген ќара µлењ жолдары Шеркештердіњ бір беткейлігін, сертке мыѓым, айтќанын істейтін ру екенінін дєлелдемей ме?!»
(Є. Атшыбаев. Шеркеш шежіресі. «Жолдас жєне К» баспасы, Алматы, 2000 жыл.
Аты ањызѓа айналѓан, ел билеп, шешендігінен, білімдарлыѓымен аты шыќќан, ел-ж±ртына ‰лкен пайдасы тиген азамат — Маќаш Бекм±ханбетов (1830-1904). Оныњ ќазаќ жєне орыс тілінде жазѓан бірнеше ењбектері жарыќ кµрген. Сонымен бірге ол Кіші ж‰з шежіресін ж‰йелеуге кµп ењбек сіњірді. Ахмет Ж±банов «Ќ±рманѓазы» кітабында Маќаш правитель болып т±рѓан кезінде Уаќытша Советтіњ председателі В.М.Лазеревскийдіњ ќолынан куєландырѓан ќ±жат бергізіп, Ќ±рманѓазыны басына бостандыќ алып бергенін баяндайды. Аты ањызѓа айналѓан Байбаќты батырдыњ ерлігі де, єулиелігі де батыс µлкеде ањыз болып айтылады.
Ќазаќтыњ айтулы аќын-жазушылары Єбу Сєрсенбаев, Тайыр Жароков, Ѓабдол Сланов, Сєтімжан Санбаев, академиктер Салыќ Зиманов, Ісмет Кењесбаев, дањќты актер, режиссер, КСРО жєне ЌР Халыќ артисі Асанєлі Єшімов, кµрнекті ќаламгер-журналист Ќали Сєрсенбай, шежіреші ќария, ќаламгер, айтулы ±стаз Жанаш Н±рм±ќан±лы, кµрнекті зањ ќызметкері Рысќали Балм±ханов, ќоѓам ќайраткерлері Ѓазиз Алдамжаров, Нєжімедин Есќалиевтер ел маќтанышына айналѓан.
19 жыл Ќазаќ КСР Байланыс министрі болѓан кµрнекті ќоѓам ќайраткері Єбдіразаќ Елібаев есімі халќымызѓа кењінен танымал. Темір жол саласыныњ кµрнекті басшыларыныњ бірі Сапар М±стафин, аѓарту саласыныњ ќайраткері Алдаберген Сєрсенбаев, єр салада айтулы ќызметтер атќарѓан Алматы ќаласыныњ мэрі болѓан Есен Д‰йсенов, Хамит Шоќалаќов, Сейфулла Ќожаханов, Шоланбай Ќанатбеков, ќаржы саласыныњ білгір маманы Талѓат Єбдіхалыќов, ѓалымдар Ќанат Єбдіхалыќов, Талѓат Мыќтыбаев, Меруерт М±сабаева, Айс±лу Арипова, Єбілда Арипов, Г‰лсім Дос-жанова, Ќиянтай Жылќыбаев, Мєжен Тоќм±ратов, Бауыржан Саѓындыќов, Нєзира Сазановалар — Шеркеш ата ±рпаќтары. Батыс µњірде д‰ниеге келген шыѓыстыњ ќос ж±лдызы Кењес Одаѓыныњ Батыры Мєнш‰к Мєметова, Єлия Молдаѓ±лова, Халыќ Ќаћарманы, дањќты ±шќыш Хиуаз Доспановалар б‰кіл ±лтымыздыњ маќтанышына айналды. «Кіші ж‰зді найза беріп жауѓа ќой» деген ±лаѓатты ±раныныњ ѓибратты рухы осы апаларымыздыњ т±ла бойына тектен-тек ±яламаса керек. Мысалы, Єлия Молдаѓ±лова Табын руынан шыќса, атаќты ±шќыш Хиуаз Доспанова Алшынныњ Масќар руынан. Кешегі соѓыста, ќан майданда ±рыс даласында µнер кµрсеткен жезтањдай єншіміз, КСРО Халыќ артисі, б‰гінде Халыќ Ќаћарманы атанѓан Роза Баѓланова Алшын Әлім єулетініњ ±рпаѓы болѓандыѓын маќтан етесіњ.
Осы кітапты жазып отырѓан автор да Шеркеш єулетінен шыќќан ќаћарман апамыз Мєнш‰ктіњ бауырлас інісі болѓандыѓын маќтан т±тады.
Мақала жазушы
Пернебай ДҮЙСЕНБИНнің
«Сарысунама»
кітабынан алынды
(Жалғасы келесі сандарда)
Көсегенің көкжоны: тарихқа тұнған мекен
Қазыналы қарт Қаратаудың ең биік қыр арқасы бойында керіле созылып Көсегенің Көкжоны жатыр. Ол туралы деректер ту сонау ерте ықылым заманнан белгілі. Тіпті нешебір аңызға бергісіз қызықты мәліметтер бар. Ол Қаратауды теріскей мен күнгейге бөліп жатқан қыраттың бөктерінде етек жайған, түгін тартсаң майы шығатын шұрайлы, қызылды-жасылды кілем тектес көк шалғыны аяққа оралатын әдемі, зер салып қараған адамның көзі тоятындай сұлу өңір.
Үлкен Қаратау мен Кіші Қаратау жоталарының арасына орналасқан ені 20-30, ұзындығы 110-120 шақырым келетін шөбі шүйгін, шабындық пен егістіктері мол, сандаған мөлдір, таза бұлақтардан бас-тау алатын шағын өзендер көрік беретін, табиғаты бай аймақ. Оның алқаптарындағы және жер асты байлықтарын Жамбыл облысының Сарысу мен Түркістан облысының Байдібек, Созақ аудандары бөлісіп, тел еміп, тіршіліктің көрігін қыздырып отыр. «Қаратау – қазақтың тас бесігі» деп те аталады. Оның қыртысы қалың, қатпар-қатпар жер қойнауында қанша қазба байлықтар (фосфорит, полиметал, алтын, қорғасын, гранит тастар, көмір, т.б.) жатыр. Желмаяға отырып, қара қобызын серік етіп, қоңыр күйді аңыратып Жерұйық іздеп, төрткүл дүниені кезген Асан қайғы бабамыз Қаратаудың қырқасындағы көрікті Көсегенің Көкжонына қызыға қарап:
Басқаның бәрін қисаң да,
Көкжонды, шіркін қимайсың.
Өңгеріп алып кетер ем,
Ат сауырына сыймайсың,
— деген екен, жарықтық. Осы бір шумақтың өзі Көкжонның биік бағасын беріп тұр емес пе?! Көктем айларында бүкіл қыраттар мен сайлар жасыл кілемге оранып, даланың лала гүлдері көз жауын алады. Қызыл кітапқа енгізілген небір өсімдіктер де осында. Олардың арасында жанға дауа дәрілік өсімдіктер де жеткілікті. Самал желге еркелей тербетілген қызыл, сары жауқазын гүлдер – тау қызғалдақтары қандай керемет… Осы Қаратау қызғалдақтарының жауқазындары ерте кезде Жібек жолымен ел кезген саудагерлер арқылы Түркияға, одан Еуропа елдеріне, әрі қарай Голландияға жеткізіліп, олар сандаған жылдар бойы күтіп, баптап, селекция арқылы қызғалдақтың ондаған (базбір мәліметтер бойынша 100-ден астам) түрін өсіріп, Грейг және Кауфман гүлдерінің арқасында мемлекеттің аты айдай әлемге белгілі болды емес пе? Қазіргі кезде қызғалдақтар голландиялықтар үшін айрықша табыс көзіне айналғаны рас. Бұл мемлекетке құт болып келген қасиетті гүлдің арғы түбі Қазақстан екенін олар еміс-еміс жеткен аңыз әңгімелерден ғана біледі.
Қазақтың басынан талай қилы-қилы заман өткен. Бірақ халық жойылған жоқ. Өмір үшін ұйымдасып тіршілік жасаған, елі мен жерін қорғаған, ұрпақтар жалғастығын тапқан. Жан-жақты зерттелген, бірыңғай ғылыми жүйеге түскен тарихи жазба деректерге сүйенсек, б.д.д. VІІ ғасырдан б.д. ІІ ғасырларында Орта Азия мен Қазақстан жерін сақтар мекендеген. Бұл сақтарды грек тарихшылары «азиялық скифтер» деп атаған. Белгілі археолог-ғалым, тарих профессоры Мадияр Елеуов Қаратау өңірін, оның ежелгі керуен және соқпақ жолдарын, жер тарихын көп зерттеген кісі. Ол ежелгі сақтарды Жетісу, Сыр бойы және Дала сақтары деп үшке бөледі. «Олардың үшке бөлінуі тек орналасқан шекарасына ғана тән. Әйтпесе, бәрінің түбі бір. Парсы патшасы Кир соғысуға келгенде және Александр Македонскиймен (мұсылман әлемінде ол патша Зұлқарнайын делінеді) соғысарда да сақтар бір-біріне жаушы жіберіп, одақтасып отырған. Сондай шайқастардың алдында массагеттердің (сақтардың) патшайымы Тұмар (Томирис) ханым жан-жаққа жаушылар жіберіп, «Кең далада жолығып, ақылдасайық, кеңесейік» деп сәлем айтқан. Сақтардың көсемдері Көсегенің Көкжонында үш күн ақылдасып, жауды Қаратаудың теріскейінде – Талас-Шу өңірінде қарсы алайық деп пәтуа жасасқан. Тұмар ханымның одақтастарын неге Жонға шақырып, ақылдасқаны қазір белгілі. Себебі Кир патшаның жер қайысқан қолымен суы мол, жыныс-жықпылы көп Сыр бойында шайқасу тиімсіз екеніне көзі жеткен. Өйткені сақ жауынгерлері шашасына шаң жұқтырмас сәйгүліктерімен иен далада шайқасқанда қандай мықты жауды да жеңе алатын. Қаратаудың теріскейінде жан беріп, жан алысқан қанды шайқаста Кир патшаның әскерлері жеңіліс тауып, Кир патшаның шабылған басын қан толтырылған меске Томирис ханым батырып тұрып: «Көршілеріңе соғыс ашып, елді қан қақсатып, қанға бояп едің, Кир патша! Енді мына местегі қанды тойғаныңша іш!..» депті деген аңыз бар ел аузында. Мүмкін, шынында да солай болған шығар. Екінші бір аңызда Дарий патша Сырдан өтіп сақ даласына кіргенде, оны Тұмар ханшайымның жасақтары Ұлы жолдың арғы бетінде (Қаратаудың солтүстік беті) қарсы алғаны туралы айтылады. Келесі бір аңызда Ескендір Зұлқарнайын сақтар еліне басып кіріп, Сырдан өтетін көпір сала бастағанда Шу қаған бастаған қырдағы, тау мен сырдағы сақтар Ұлы жолдың бойында Көкжонда жиналғаны туралы айтылған. Үшінші аңызда шүршіттің (жоңғарлар) қанды қырғынына ұшыраған қазақ ауылдары Көсегенің көкжонымен Сыр бойындағы қалың елге көшкені сөз болады. «Ақтабан шұбырынды, алқа көл сұлама» заманынан қалған келесі зарлы шумақты еске алсақ: Қаратаудың басынан көш келеді, Көшкен сайын бір тайлақ бос келеді. Туған жерден айырылған жаман екен, Мөлтілдеп екі көзден жас келеді. Мүмкін, бұл жерде Көсегенің көкжонымен, яғни тікелей мағынасындағы Қаратаудың басымен жүретін жол арқылы үдере көшіп келе жатқан көш туралы айтылған болар? — деп болжайды тарихшы ғалым М.Елеуов пен С.Есенов («Ұлы Жібек жолы – бейбітшілік, келісім және тұрақтылық жолы – 2019» І-ші Халықаралық конференциясының материалдары. Түркістан, 2019, — 144-149 беттер). Мұндай мәлімет б.з.б. V ғасырда өмір сүрген грек тарихшысы, әлемде «тарих атасы» деп танылған, әйгілі «Тарих» кітабының авторы, жиһанкез Геродоттың (б.з.б. 484 – 425 жылдары өмір сүрген) жазбаларында да бар дейді ғалымдар. Сол мәліметтерге сүйенетін болсақ, оның жоғарыда айтылған кітабының төртінші томында парсы патшасы Дарий Гистасптың және патша Кирдің сақтарға қарсы жорығы баяндалған екен. Онда сақтар (скифтер) елі жөнінде аса құнды мәліметтер бар делінеді. Сірә, онысы да рас шығар.
Біздің тарихтың терең, кең-дархан екені белгілі. Қазақ еліне 1643-1759 жылдар аралығындағы жоңғар хандығының шапқыншылығы болғаны көпке аян. Сол жау жорықтарына қарсы соғылған қорғаныстар мен қамалдар, шайқас болған орындар Қаратау бойында аз емес. Қалмақ басқыншыларымен талай қантөгіскен қақтығыстар болып, жан беріп, жан алысқан кезеңнің де куәсі болған бұл өңір. Ия, аласапыран заманда талай қантөгіскен шабуылдар болып, Қаратаудың қара тастары ащы тер мен қанға боялған. Солардың куәсі болған тау қыраттары мен белдері, жуа исі тынысыңды қытықтаған шүйгін саздары, аяққа оралған жусанды даласы, тасты дүлей күшпен тесіп шығып, сылқ-сылқ етіп тынымсыз ағып жатқан ерке бұлақтары әлі де сол бағзы замандай, іштерін тартып, моп-момақан күйде бүк түсіп, ежелгі тарихты бауырына басып жатыр. Ата-бабаларымыз қарт Қаратаудың қатпар-қатпар қырқаларының ортасындағы Көсегенің Көкжонынан ары қарайғы оңтүстік бетті түгелдей «Күнгей» атаса, оған қарама-қарсы солтүстік тарапты «Теріскей» деп таныған (Ш.Қалдаяқов ағамыздың «Теріскей» әні осы өңірге арналған).
«Көсегенің Көкжоны», «көсеге» деген атау неден, қалай шыққаны, оның нені меңзейтіні әлі күнге жұмбақ. Қазақта «Көсегең көгерсін!» деген жақсы тілек білдіріп, жастарға бата беретін ежелгі дәстүр сақталған. Көсегенің екі мағынасы бар. Бірі – қыздың он екі жастан бастап оң босағаға төсек-орны мен дүниесін жеке жинақталып, оны шымылдық-пердемен бүркелеген, сол шымылдық-пердені «көсеге», яки қосаға (қыз бөлмесі) дейді екен. Қыз бойжетіп ұзатылған кезде сол шымылдық-пердені жасаумен бірге алып кететін болған. Халықтық бата-тілектерде айтылатын «көсегең көгерсін» деген сөз содан шыққан делінеді ummet.kz сайтында. Яғни «көсегең көгерсін» сөзі — құт, береке, өмірдің жақсы, мәнді, сәнді, ұрпақ жалғасы болуын тілеу болса, екіншісі – теңіздің, айдын көлдің табанын жал-жал етіп көтеріп тұратын су түбінің шөгіндісі, яғни дөңес арал деген сөз. Сірә, көне дәуірде Сыр өзені мен Талас-Аса өзендері теңіздей шалқып жатқан тұста қарт Қаратаудың дөң жотасы әлгілерді екі бөліп жатқан болар. Бұл аймақ ежелгі теңіздің табаны екендігіне ғылыми дәлел жетерлік. Келе-келе топан су тартылып, тау қыраты, белдері көкорай шалғынға, табиғаты әсем аймаққа айналған сияқты. Көсегенің Көкжоны (жергілікті халық оны қысқартып «жон», «көкжон» деп атап кеткен) деген атауды сол дәуірлерде өмір сүрген ежелгі сақтардың, түркілердің қолдануы әбден мүмкін.
Жері шұрайлы, ауасы таза, суы мөлдір «Көсегенің Көкжоны» аталатын жерұйық өңір жайлы талай қазақ жазушылары мен ақындары (Майкөт, Тәкен Әлімқұлов, Бақберген Сәуірбеков, Аян Нысаналин, Дүкенбай Досжанов, Несіпбек Айтов, Пернебай Дүйсенбин, Дулат Шалқарбаев, Өтеш Қырғызбаев және т.б.) қалам тербеп, сыр тартып, жырларына қосқан. Мысалы, Т.Әлімқұлов өзінің «Байырғы өңір» деген еңбегінде: «Кəріқұлақтар бұл жон туралы неше түрлі əңгіме шертеді. Соның бірі – Асан қайғының арманы. «Əттең, Көсегенің Көкжоны-ай, саңлақтың сауырындай екенсің!» – депті-мыс. Бұл Жонның теңіз деңгейінен 2716 метр биік екенін білмеген Асан ата салқын да шұрайлы жердің қасиетін парасатпен пайымдап, жүрекпен сезініпті-мыс. Не де болса, жалпақ жұрт осы Жонды мақтаныш етеді. Шаруалар шалқыған сары жазда Көсегенің Көкжонынан аса соққан қоңыр желмен желпініп, аспанда ақырын жылжыған бұлттың көлеңкесін саялайды. Күнгейдің жыландай жалаңдаған сары бауыр аптабын салқындатқан қайран Көсеге осы!», деп тамсана жазады. Көкжон туралы ақын-жазушылардың еңбектерінен біраз мәліметтер алуға болады. Мысалы, қазақтың белгілі классик жазушысы Тәкен Әлімқұлов көрші Бабатадан келіп, алғашқы еңбек жолын осы «Үшбас» колхозында есепші-табелшік болып бастаған. Ол туралы ол өзінің аяқталмай қалған «Жизнь в скитаниях» деген орыс тілінде жазған әдеби естелігінде келтіреді («Тұлпар тақылеттес тұлға», Алматы, «Білім баспасы», 2008, 260 бет). «Өз өмірімді жазбадым, сол өкініш; Бөгде адамның айтқаны өткінші іс. Кей сыншының асыра мақтауынан – Жалпақ жұртқа атағым тарапты-мыс. Менің өмір тарихым елден ерек; Қаз-қалпында айтылған шындық керек. Бір көргенім есімде екі жас-тан; Жадым менің, шамасы елден ерек», – дейді өзі туралы Тәкен ағамыз. Өмір жеткізгенде айтылмай қалған естеліктері, өмірінде ұшырасқан әуре-сарсаңдарды, тағдырының біз білмейтін қатпарларында әлгі жоғарыда атап кеткен орыс тілінде жаза бастап, аяқталмай қалған «Жизнь в скитаниях» деген мемуарында келтірер ме еді. Кім білсін?..
Тәкен Әлімқұлов басқалар сияқты жаз айларында курорт-санаторияларға бармай туған өңірі – қазақылықтың исі аңқыған Созақтағы «Жартытөбеге», Бабатаға барып, ерттеулі атқа қонып, Көкжондағы малшылар ауылдарын, егіншілерді еркін аралап, әңгімеге көнекөз қарияларды тартып, жайлаудың бал татыған сары қымызы мен мөлдір, таза бұлақтарының суын ішіп, шежіре-аңыз әңгімелер мен өңір жайлы тың мәліметтер жинап, қағазға түсіріп, асықпай аунап-қунап қайтады екен. Ол өмірінің соңына дейін туған жерін – Қаратау мен Созақ өңірін құрметтеп, аңсап, сағынышқа бөлеп, аңсары ауып, туған өлкесін шырайлы шығармаларына «тамызық» етіп, бойына дем-қуат алады екен. Тіпті, кезінде әдебиетшілер орталығына саналған Алматыны тастап, туған ел төсіне — Бабатаға оралмақ ой да болған екен, жарықтықтың. Бірақ, ол арманы белгілі себептерден орындалмай қалыпты. Ия, жұмыр басты пенденің мына беймаза дүниеде қай арманы толық орындалып жатыр…
Заңғар жазушымыз Мұхтар Әуезов те 1954 жылы Көкжонда жаңадан ұйымдастырылып жатқан «Түркістан» тың совхозының тыныс-тіршілігімен танысуға арнайы келіп, 2-3 күн ел-жұртпен әңгімелесе келе «Түркістан солай туған» атты көркем очерк жазғаны белгілі. Очерктегі кейіпкерлердің ұрпағы әлі де осы өңірде өсіп-өніп жатыр. Оны жергілікті тұрғындар әркез мақтаныш көреді. Қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі Әбіш Кекілбаевтың «Үркер» атты романында да Көсегенің Көкжоны туралы біраз мәліметтер келтірілген. Ал жазушы Дүкенбай Досжан «Зауал» романында (Алматы, 2011) «…Былай шыға ат басын жіберді. Барлығып, қазық қажап тастаған жарау жүйрік адыр бетімен сырғи жөнелді. Қарсы беттен ызыңдап жел соқты. Көз алдына бұлдырап сағым кілкіді, тұяқ тиген жердей бұлдырық ұшты. Доскейдің көзінен жас парлады. Қалтасынан орамалын алып, аттың жанарын сүртті. Сол шапқаннан, кәрі жылқышы Көсегенің көк жонынан өтіп Қарынжарық шатқалына кірген. Шабыс бәсеңдеген секілді. Тізгін тартып, жалпақ бір тасты тесіп, қайнап шығып жатқан бұлаққа түсті. Атқа су ішкізген жоқ. Кәусар тіс жарар мұздай екен. Қос қолымен көсіп ап сімірді кеп. Тұла бойынан тер шықты. Еңсесін көтеріп маңайына қарады. Құлындарын шұрқыратып ақжал биелер, сері мінез айғыр, соңында тай, жабағысы бар үйір жылқы құлап келеді. Қиыс бұрылып бұлақ арнасынан олар да су ішті. Дүр-дүр сілкінді. Кертөбел тай шетке ойнақтап шықты, мылтық сүмбесіндей жіңішке, құлағы қияқтай, Жал-құйрығы сүзілген, көз құртын жейтін кілең сәйгүлік…» дейді.
Қазіргі елге танымал ақын Исраил Сапарбай «Ұлы көш» деген жырында:
Көш келедi!
Көпшiлiк, нанасың ба?!
Арасында – ардағың, алашың да!
Бүгiн-ертең бiр тойдың болары анық
Ұлан-ғайыр қазақтың даласында!
Көш келедi!
Жұртым-ау, сенесiң бе?!
Көсегенiң жонында,
Белесiнде.
Айбарынан батырдың пақыр ығып,
Айдарынан ақынның жел есуде!, — деп жырлайды. Несін тізбектеп айта берейік, тарихтың қойнауынан бекем орын алған Қаратау бойы – тұнып тұрған тарихи көмбе, кез-келген тасын түртіп қалсаңыз аңыз-шежіре шыға келеді. Оған куә Жоңғар шапқыншылығы кезіндегі қазақ халқының басынан өткізген қасіретті «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» (1723-1725 жж.) жылдары халық өлеңі «Елім-ай» осы Қаратау жерінде туған дейді айтушылар. «Қаратаудың басынан көш келеді, Көшкен сайын бір тайлақ бос келеді…» деп басталатын зарлы да мұңлы, сүйегіңді қақсататын ән. Бұл ән бекерден-бекер шықпаған болар. Қазақтың талай қилы замандарда көрген қорлығы, басынан кешкен ауыртпалығы мен қиындықтардан туындаған болар, сірә…
2018 жылдың 1 маусымы күні жолым түсіп, Жаңатас қаласындағы «Қаратау» тау-кен басқармасының бастығы Мұратқали Сәрсеновтің кабинетінде болдым. Кабинетте Қаратау өңірінің сан түрлі тастарының жиынтығы бар екен. Соларды қызыға қарап тұрғанымда қасыма келген Мұратқали мырза:
– Мына тасқа зер салыңызшы, Сәке, – деп менің назарымды қолындағы шағын көкшіл тасқа аударды. Тастың бетінде әлде көбелек немесе өрмекші ме, жабысып тасқа айналып, таспен бітісіп кеткенін байқадым.
— Қонаққа келген академик Ғаппар Ерғалиевқа көрсеткенімде ол таңғалғанын жасырмай: «Жер шарының пайда болғанына 4,5 миллиард жыл болды деп жүр қазіргі ғалымдар. Мүмкін, онысы, рас болар. Осы аймақ көне заманның көзін көрді. Тіл бітсе, тарихтың талай құпиясы ашылар ма еді. Таудың тастарына көз салып көріңдер. Әрбірі құпияны ішіне бүгіп жатыр. Әріден әңгіме қозғамай-ақ қоялық, кешегі жоңғар шапқыншылығы кезінде осы жерлерде қиян-кескі соғыстар болған. «Қаратаудың басынан көш келеді, көшкен сайын бір тайлақ бос келеді» деген өлең жолдары да бар емес пе? Отызыншы жылдардағы аштықта да бұл мекен қазақ халқының зұлматтан аман қалуына көп септігін тигізді, – деп еді белгілі ғалым. Зерттелмей жатқан жұмбақ дүниелер әлі қаншама?! Мына тас Қаратау өңірінің біз білетін тарихын одан әрі кеңейте түсті. Бұл мыңдаған ғасырлық тіршіліктің куәсі ғой. Қаратаудың қойнауы тарих көмбесі, зерттей түсу керек, зерделей түсу керек екен».
Ия, бұл өңірде кімнің ізі қалмаған?! Ұлы Отан соғысы қайнап тұрған отты жылдары қазақтың әйгілі палуаны Қажымұқан Мұңайтпасов Оңтүстіктегі Темірланнан арбаға отырып, Шаян, Шолаққорған, Қаратау бойындағы, Көкжондағы ауылдарды аралап, өнер көрсетіпті. Одан жинаған қаржыны мемлекетке өткізіп, әскери ұшақ жасатып, майданға жіберіпті. 1948 жылы Құмкентке археологиялық экспедицияны басқарып келген ғұлама ғалым-академик Әлкей Марғұлан уақыт тауып Сарысу ауданының Саудакент ауылы мен Көкжондағы Үшбаста болып, ескі қалашықтардың үйінділерін көріп, «шіркін-ай, өмір жеткізсе, арнайы келіп, археологиялық қазба жұмыстарын жүргізсем…» деп армандап кетіпті. Әттең, өкінішке қарай, өмір қысқа. Уақыт тапшылығынан Әлкей ағаның сол арманы орындалмай қалған болу керек, сірә. Әрине, бұл осы жұмбаққа толы өңірдің біз білетін бір ғана шағын эпизодтары. Ал білмейтініміз қаншама?! Тарихы терең Көкжонда ХХ жүзжылдықта колхоздастыру кезеңінде Сарысу ауданы бойынша бар болғаны екі-ақ орта мектеп болған. Оның бірі аудан орталығы Саудакентте болса, екіншісі Көкжондағы Үшбаста болған. Соңғысының жанында интернат болып, сол аймақтағы ауылдардың балалары білім алған. Олардың арасынан Р.Ерсейітов, А.Сәрсенбаев, И.Жақанов және т.б. азаматтар мектептен кейін жоғары білім алып, ұзақ жылдар ел басқарған, өнер саласында қажырлы еңбек еткен. Жон аймағындағы халықты бірлікке шақырып, колхоздар ұйымдастыруға жергілікті пайымды, абыройлы азамат Жұмағұл Ақатов көп жылдар бойы еңбек сіңірді, есімі халық есінде мәңгілікке қалды. Қазір сол өңірде «Ақат бұлағы» деген суы мол, мөлдір, таза көз бар. Бұл өңірдегі аты әйгілі бұлақтардың бірі — Ақпанбет бұлағы. Кезінде осы аймаққа мергендігімен аты шыққан Асан деген кісі болыпты. Домбыра тартып, ән салатын серілігі де болса керек. Атқан аңының тең жарымын әл-ауқаты төмендерге үлестіретін сақылығы да бар екен. Бірде ол қоңыр домбырасын қолына алып, көңіл пернесін шертіп отырып:
«Бұлағын Ақпенбеттің арқыраттым,
Басына арқар сойып жарқыраттым.
Көк шалғын майсасында аунап жатып,
Шалқытып, шырқап әнге судай тастым.
Бұлағы Ақпенбеттің шекер балдай,
Ішкен жан мейірленіп қағар таңдай.
Кір жуып, кіндік кескен, қайран Жоным,
Кеудемде шырағымсың жаққан шамдай»,
— деп әндетіпті. Ел аузында сақталған осы жыр жолдары арқылы Көкжонның адам қызығарлық табиғатын, атамекенге деген ерекше құрметін әдемі суреттегенін сезінесің. Еліміздің тарихында есімдері қалған қазақтың алғашқы тау-кен инженерлерінің бірі, кезінде еліміздің Орталық комсомол комитетінің бірінші хатшысы болған, Алматыдағы политехникалық институтының ұйымдастырушысы әрі алғашқы ректоры Әшір Бүркітбаев, Түркістан қаласы атқару комитеті бастығының орынбасары, Оңтүстік Қазақстан облысы ішкі істер басқармасының бастығы болған, көрші Қырғызстанның сауда басқармасының басқарған Ағабек Байдуллаев осы Жондағы Қаратас, Үшбас ауылдарының тумалары. Өкініштісі, екеуі де 1937-1938 жылдары «халық жауы» деген жаламен атылып кеткен. Қазір сол Түркістан ауылдық округінің орталығы, бұрынғы Андреевкаға мемлекет және қоғам қайраткері Әшір Бүркітбаевтың аты берілді. Ал озық ойлы, ұлтжанды азамат Ағабек Байдуллаевтың есімі ұмыт қалып барады… Көсегенің жонында менің кіндік қаным тамған, өсіп-жетілген Үшбас деген шоқ жұлдызындай шағын ауыл бар. Үшбас атауы ауылдың күншығыс жағын қоршап тұрған үш таудан алынған. Бастөбе, Ортатөбе, Аяқтөбе деген әр тау-төбенің өз жеке аттары бар. Бұл көптеген көз жасындай мөлдір, таза, мол сулы бұлақтардан (Бәйімбет, Қаракөз, Майбұлақ, Тасбұлақ, Шырымбет, Әулиебұлақ және т.с.) басталып, Созақ өңіріндегі емдік қасиеті мол Қызылкөл көліне құятын Үшбас өзенінің соңы. Шілденің ыстығында өзен суы азайғанымен, көктемде, қыста мол түскен қардың еріген суына жаңбыр-жауын қосылып, буырқанған тау өзеніне айналатын, тіпті ағысы ат өткізбейтін тентек мінезі бар. Кей кісілер кезінде өзен жағасы жабайы фаунасы мол қалың тоғай болған дейді. Болса болған шығар, қазір де солардың жұрнағы ретінде әр тұстан өзен бойынан топ-топ көкжелек ағаштарды кездестіруге болады.
Қорғантөбе, Қарауылтөбе, Қоңыртөбе, Қамыр әулие, Аққырқаның, ескі зираттар мен қорымдардың сырын кім біледі? Неге анау бір таулы қыратты Аюсоққан, екіншісін – Бүркітті, үшіншісін – Арыстанды, төртіншісін – Бұзаушоқы, әнебір суы мол, шөбі шүйгін жалпақ сазды Бәйімбет сазы (бұл сазда кеңес дәуірінде біраз жыл жазғы аудандық пионер лагері болыпты), басқа бір күнгей беттегі сазды Үркімбай сазы (белгілі ғалым, академик Марс Фазылұлы Үркімбаевтың бабаларының жайлауы) деп атаған? Қаратау сілемдеріндегі Бүркітті мен Итауыз деп аталатын қақпа арасында қалмақ шапқыншылары мен қазақтар арасында кескілескен үлкен ұрыс болыпты деген аңыз әңгіме, сірә, бекерден-бекер айтылмаған болар…
Біраз әндердің авторы, композитор, ақын Төлеу Үшқоңыров бүкіл саналы ғұмырын киелі Қаратау жиегіндегі Сарысу ауданында өткерді. Ойы озық, көңілі ояу азамат көп жылдар ішкі істер органында еңбек ете жүріп, ән жазуды, жыр жазуды, өңір тарихын қағазға түсіріп жүруді де ұмытпады, естеліктер жазды, бірнеше кітап шығарды. Қазір зейнеткер, Жаңатас қаласында тұрады. Оның жазған бір мақаласында мынадай мәліметтер кездесті: «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» атанған 1723 жылы болған Жоңғар шапқыншылығында қырғынға ұшыраған халықтың қалғаны Шу, Талас өзендері мен Қаратауды тастап Сыр бойын паналайды. ХІХ ғасырдың басында олар өздерінің байырғы қоныстарына оралды. Бірақ, соның артынша-ақ қалмақтар Шу, Талас бойына Қаратау өңіріне басып кіреді. Оларға қарсы Сеңкібай бастаған «Төбет батыр» атанған Қанай Әйтімбетұлы, Тағай Абызұлы, Ожырай Шешембай, Тулақ, Байтығай Санбай, Көнкібай, Шелек Оразәлі батырлар өз аталарынан қол жинап, қалмаққа қарсы тұрады. Осы ұрыста Шешенбай, Тулақ, Санбай, Тағай батырлар ерлікпен қаза табады. Өңірде есімі танымал Шүлкемен жырау жырларында мынадай үзінді бар:
Көкжоны Көсегенің кең, шұрайлы,
Сыйлаған ерен батыр Сеңкібайды.
Батырын қалмақтардың жер қаптырып,
Қарап-ақ жекпе-жекке немқұрайлы».
Ол жерде жоңғарлар қырғынға ұшырап, жеңілістің ащы дәмін татып, тарыдай шашылып, тоз-тоз болып кетіпті. Ол жер қазір «Қалмаққырған» деп атануы осы тарихи оқиғаның куәсі секілді. Осы аймақтың бір биік шоқысына «Бұл өңірде ХVІІІ ғасырдағы ел басына күн туған қилы заманда қазақ халқының тағдыры шешілген тарихи қазақ-қалмақ шайқасы болған. Егемен елдігімізді қорғаған баһадүр бабалардың рухына мәңгілік тағзым!» деп жазылған көрнекті белгі қойылса артық болмас еді-ау деп ой қаузайсың…
Бұл өңір тарихи орындарға бай. Мысалы, қазіргі Көкжондағы Арыстанды ауылының маңында Ш.Уәлиханов атындағы тұрақ бар. Ол Арыстанды өзенінiң оң жағалауында орналасқан. Интернет материалдарында ол туралы мынадай мәліметтер бар: 1958 ж. Қаратау палеолит отряды (жетекшісі Х.Алпысбаев) ашып, 1959–62 жылдары қазба жұмыстарын жүргiзген. 1983–84 жылдары археолог Ж.Таймағанбетов қазба жұмыстарын жалғастырған. 2001–02 жылдары Қазақстан – Ресей бiрiккен археологиялық экспедиция (жетекшілері А.П.Деревянко, Таймағанбетов), 2003–05 жылдары Қазақстанның тас ғасырын зерттеумен шұғылданатын археологиялық экспедиция (жетекшісі Таймағанбетов) кең көлемде қазба жұмыстарын жүргiзiп, тың мағлұматтар алған. Ескерткiштiң басқа археологиялық нысандардан ерекшелiгi – мұнда 6 мәдени қабат аршылған. Әрбiр мәдени қабат палеолит дәуiрiнде адамдар тұрақты бiрнеше рет мекендегенiн көрсетедi. Қабаттар сары топырақ арқылы бөлiнген. Мәдени қатпарлардың 10 метрге дейiнгi қалыңдығы он мыңдаған жылдар бойы бұл жер алғашқы адамдардың өмiр сүруiне өте қолайлы мекен болғандығын айғақтайды. Тас құралдары шақпақ және халцедоннан дайындалған. Қазба барысында бiрнеше мың тас бұйымдары (дөңгелек өзектас, тас жаңқа, үшкiртас, екi жағынан өңделген шапқы құрал, қырғыш, жонғыш-қырғыш, кескiш, т.б.) аршып алынған. Тұрақты мекендеушiлердiң негiзгi кәсiбi бизон, бұғы, киiк, жылқы аулау және өсiмдiктер тамырын, жемiс-жидектердi теру болған. Мұны тас құралдарымен қоса шыққан осы жабайы жануарлар сүйектерi көрсетiп бердi. Шақпақ тас пен халцедон қорының жақын маңда көп болуы тұрғындарды еңбек құралдарын жасауға қажеттi шикiзатпен қамтамасыз еткен. Тас бұйымдарды өңдеу үшiн сүйектен, мүйiзден жасалған құралдар (төс, тас жарғыш, т.б.) да пайдаланылған. Қазба жұмыстары кезiнде ошақ орындары да аршылған. Стратиграфиясы сақталған Уәлиханов атындағы тұрақ материалдары тас дәуiрiндегi көптеген мәселелердi шешуде мол мүмкiндiк бердi. Қазақстандағы палеолиттiк ескерткiштердегi материал-дардың басым бөлiгi жер бетiнде «ашық» жатады. Мұндай ескерткiштердегi тас бұйымдардың мерзiмiн Уәлиханов атындағы тұрақ материалдарына қарап анықтауға болады. Тұрақты адамдар мустье дәуiрiнен бастап, кейiнгi палеолит ақырына дейiн мекен еткен. Уәлиханов атындағы тұрақ – отандық археологияда байырғы адамдардың өмiрiнен, шаруашылығы мен тұрмысынан мол мағлұмат беретiн бiрегей ескерткiш болып табылады. Ол тұрақта әр жылдары қазақтандықтармен бірге Жапон, Германия, Ресей Федерациясының археолог-тарихшылары зерттеу жұмыстарын жүргізді. Тарихы мол шежірелі Қаратаудың бұл өңірінен ерте заманда талай керуен жолдары өткен. Оңтүстік пен Солтүстікті, Батыс пен Шығысты байланыстырған олар осы өңірдің дамуына мол әсер еткен. Мысалы, «Көсегенің көкжоны жолы. Оңтүстік – шығыстан солтүстік–батысқа қарай созылып жатқан, Қаратаудың үстіндегі теңіз деңгейінен 1000-1500м биікте жатқан, күнгей мен теріскейге ағатын өзендер бастау алатын жотаның үстімен жүрген бұл жолдың басы Теріс өзеніндегі өткелдің сол жағасында орналасқан орта ғасырлық Ақтөбе қаласынан басталған. Ол Қаратаудың күнгейі мен теріскейін байланыстырып жатқан Теріс,Үлкен сай, Жосалы, Саясу, Белбұлақ, Тікасу, Үлкен арбатас, Арбатас, Кіші Тамды, Қарашасай, Қарашат, Бесағаш, Бала шабақты, Теспе, Байжансай, Арыстанды асулары мен шатқалдары арқылы өтетін жолдары кесіп өтеді. Арыс-танды өзенінің жоғарғы ағысына жеткенде жол екіге бөлінген.Оның негізгі сұлбасы Үшбас төрткүлі мен елді мекенінен, Бабаата қаласынан өтіп Шолаққорғанға жетсе де, Қаратаудың теріскейі арқылы өткен керуен жолына қосылған, ал Арыстанды өзенін жағалап бұрылған тармағы Есіктас тауының солтүстік беткейімен өтіп, Қарасу өзеніне жеткенде, Испиджабтан шығып Шаян арқылы Шолаққорғанға өткен керуен жолын кесіп өтіп, Қаратаудың күнгей беткейі арқылы жүрген Ұлы жолға қосылған» — деп жазады тарихшы, профессор М.Елеуов (Т.Данияров. Туризмдегі сервистік қызмет көрсетудің ерекшеліктері мен болашағы. Шымкент, 2011). Міне, осы ежелгі керуен жолдары жүздеген жылдар бойы қазақ жерін Евразия кеңестігімен, көрші қалалар мен өңірлермен, көрші елдермен байланыстырған.
Жоғарыда аталған Үшбас ауылы төңірегіндегі Қорғантөбе, Қамыр әулие, Қарауылтөбе, Ақжар Х-ХІ ғасырлардан қалған қорған-қамалдар, бекіністер ежелден келе жатқан тарихи орындар.Үшбас аулының қасындағы Қорғантөбе қамал-бекінісі ежелгі заманның естелігі. Жан-жағына терең ор қазылған көлемі 200 х 200 метрдей ескі қорған. Ортасындағы биіктеу дөңдегі қираған қызыл қыштарды көріп, мұнда ғимарат болғанына көз жеткізесіз. Қорған ішіне арық кіргізілген. Көнекөз қариялардың айтуынша, өткен жүзжылдықтың 50-ші жылдарына дейін қамал ортасында шыңырау құдық болған, кейін уақыт өте келе ол жабылып қалған. Әрине, уақыт шіркін мына жалпақ дүниені көндіріп, тарихты көмескелетіп барады. Жыл өткен сайын көз алдымызда көне қорған-қамал тапталып, шөгіп барады…
Ал Бастөбенің ең биік жерінде 20х25 метрдей тегіс алаң бар. Жан-жағында ежелгі күйген кірпіштер сынықтары шашылып жатыр. Кезінде, ертедегі жаугершілік заманда бұл жерде қарауыл ғимараты болған дейді айтушылар. Ақжарда да жауын-шашын ескі дәуірдің куәсі – күйген кірпіштер мен сынған құмыралардың қалдығын «жалаңаштап» барады. Қаншама көне қалашық топырақ басып, құм астында жатыр?
Қамыр әулие мазар-кесенесі Үшбас ауылынан 1,5-2 шақырымдай жердегі ескі бейіттер ортасында дара тұр (Қызылорда облысындағы Қармақшы ауданында ислам діні негізіндегі шығыстың бүкіл білімімен өз бойын дамытқан көрнекті тұлға Марал ишан Қамыр ана жанында жерленген. Қамыр ана туралы мәліметтер жоқтың қасы. Ел сөзіне құлақ салсақ, Қамыр ананың баласы мен күйеуі жау қолынан өліп, өзі жалғыз қалғанда Алладан жәрдем тілеп, зар жылап, «өлетін жерімді әулие қыл, басыма халық зияраттап келсін. Болмаса, қасыма әулие кісі жатсын. Дұғасыз қалмайын», деп күндіз-түні жылап, дұға ете берген. Марал ишанға Қамыр ананың қасына жерленуі жайында берілген аянның бір сыры да, Жылауық ана деп те аталатыны содан. Көкжондағы Қамыр әулие екеуі арасында, біздің ойымызша, еш байланыс жоқ деп топшалаймыз).
Сырт көрінісінде ерекше сәулет жоқтың қасы. Қабырғалары күйдірілген төрт бұрышты қызыл қыштан төрт құлақты етіп қаланған. Айтушылар бұл ХІІ ғасырдың туындысы дейді. Кезінде төбесі күмбезделген көрікті кесене болыпты, уақыт өте келе жауын-шашыннан, зілзаладан бірнеше рет бұзылып, жергілікті азаматтардың қолымен қарапайым түрде қалпына келтірілген екен. Оның төңірегінде топырақ басқан сандаған кірпіш қирандарының үйіндісі көзге шалынады. Ешкім оның алғашқы көрінісі қандай болғанын кесіп айта алмайды, алғашқы суреті еш жерде сақталмаған. Қазіргі кесененің қалыңдығы 60 см, күйдірілген, салмағы жеп-жеңіл екі қатар қызыл кірпіштен қаланған, төбесі ашық. Ені, көлденеңі 4,6, ұзындығы 6 метрге жуық, биіктігі 2,2 метрден асады. Кесене ортасында қызыл қыштан қаланған бейіт бар. Ертеректе бейіт басында бетінде арабша жазуы бар ақ мрамордан белгі болған екен. Оны бір зерттеушілер «орталыққа апарып, не жазылғанын зерттеп, қайтарамыз» деп алып кетіп, содан кері қайтармапты. Оны кімнің алып кеткені, онда не жазылғаны еш пендеге белгісіз. Ерте кезден Қамыр әулие басына бала көтермей жүрген әйелдер, басына қиындық түскен жандар, денсаулығы сызат берген сырқаттар келіп, дұға оқып, садақа беріп, әулие басындағы бұлақтан су ішіп, зиярат етушілер қорым басына түнейтін болған. Қазір де сол дәстүр жалғасып келеді. Тарихшыларымыздың оны зерттеуге құлқы жоқ, тарихқа деген енжарлық па, білместік пе, әйтеуір себебі аз емес. Содан «жабулы қазан, жабулы» күйінде қалуда.
Таяуда ауылға барғанымда, сөзден-сөз шығып, Қамыр әулиенің қасиеті туралы әңгіме өрбіді. Сонда, ауылдағы мектептің директоры Мақсат Үмбетұлы: «Қамыр бабаның ерекше қасиетін мен өз көзіммен көрдім. Әнеу бір жылы мал ауылдағы қойларымызға белгісіз бір ауру жабысып, күніне 10-12 қозы өле бастады. Мал дәрігерлердің көмегіне жүгіндік, дәрі-дәрмектер ектік. Бірақ, ауру дес бермеді, өлім-жітім жалғаса берді. Соны білген көршіміз Күміскүл әже «малдарыңды Үшбастағы Қамыр әулиеге апарып түнетіп көріңдер. Себеп болып, індеттен арылар. Менің келін болып түскен жас кезімде ауыл-аймақ адамдары сөйтіп, малдарын сан түрлі аурудан арашалап қалатын. Қамыр әулие атаның қасиетін сол кезден білемін. Тәуекел деп малдарыңды сонда апарып, төңірегіне жайып, түнетіп қайтқандарың жөн болар…», деп ақылын айтты. Содан, ниет қылып малдарымызды екі-үш жүк таситын үлкен автомашинаға тиеп, Қамыр әулие ата маңына апарып, түнеттік. Таңертең қарасақ, ауырып жүрген екі қозымыз өліп қалыпты. Ауылға кері қайтып келгеннен кейін байқадық, малдарымыздың арасында қауіпті ауру пышақ кескендей тиылды. Міне, содан кейін Қамыр әулиенің қасиетіне сенетін болдым», деп өз әңгімесін аяқтады. Ауылдағы кәріқұлақ адамдардың айтуынша, бала көтере алмай жүрген біраз әйелдер, ниет қылып Қамыр әулие басына келіп, құран оқып, түнеп шыққаннан соң балалы болғаны жайлы біраз мәліметтерді келтіреді. Кім білсін, сірә, Қамыр атаның әулиелік қасиеті шынында да бар болар…
Қамыр әулие кесенесі осы күнге дейін Жамбыл облысының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштері ретінде мемлекеттік тізімге енбегені қызық. Өлкетанушылар арасында да ол туралы еш мәлімет жоқ. Ежелгі көне тарихтың куәгері болып, Көкжон өңірінде жаз бен көктемнің шауын-шашынына, қыс пен күздің боран-қарына дес бермей, бар сырын ішіне бүгіп, бедірейіп, желдің өтінде, елдің шетінде Қамыр әулие кесенесі тұр. Ол киелі мекен өз зерттеушілерін күтіп жатқанын біреу білсе, біреу білмес. Баба жайлы бар мұраның аңыз бен ақиқатын ажыратып, тұтас елге ғылыми тұрғыдан таныту – кезек күттірмейтін жұмыс. Ия, біз әңгіме етіп отырған Қамыр әулие осы Көкжон аймағында аңызға айналған тарихтың бір үзігі. Сол қасиетті орынды қастерлеп, жаңғырту біздің, қазіргі ұрпақтың міндеті. «Рухани жаңғыру» бағдарлама аясында «Қазақстанның киелі жерлер географиясы» жобасы бойынша Қазақстанның өңірлік қасиетті нысандар тізіміне сұранып тұрған орынның бірі – Қамыр әулие кесенесі. Қамыр әулиені көпшілік болып қолға алып, жергілікті атқару органдарының көмегімен оған реставрациялық жұмыс жүргізіп, сәулетшілердің ұсынысына сай ежелгі қалпына келтірсек, артық болмас еді. Киелі орындармен танысу елдік бейнеміздің кәусар бұлағы. Сондықтан Сарысу ауданының көлеміндегі Қамыр әулие, Шоқай датқа және де басқа қасиетті тарихи орындарды қастерлеуді, өзімізде ғана емес, басқа жұртқа да әйгілеуді назардан тыс қалдырмағанымыз жөн. Біз азды-көпті шолу жасап, жұрт назарын аударған Көсегенің Көкжонындағы ескі қорғандар, көміліп қалған қамал-қалашықтар, қасиетті орындар өз зерттеушілерін әлі күнге дейін күтуде. Өлкетанушылар мен тарихшылар да игілікті істен шет қалмай, өз үлестерін қосса артық болмас еді. Қарт Қаратаудың жері талай қасіретті, зобалаңды бастан өткеріп, шындығы ашылмаған қаншама құпияны қойнауына жасырып, бұғып жатыр. Әлі де зерттеуді қажет ететін дүниелер бұл мекенде баршылық. «Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады» депті Міржақып Дулатұлы.
Қазақтың Ұлы даласы сырға, тарихқа, аңызға, шежіреге, сұлулыққа толы екені белгілі. Әр өңірінің тасқа түскен немесе ауыздан-ауызға аңыз болып көшкен тағдыры мен тарихы бар. «Жалпақ жұртыңды, иісі алашыңды құрметтеу алдымен өзің тұрған өлкенің тарихын, табиғатын танудан, адамдарын ардақтаудан басталады» деп халқымыз айтқандай, біз туған жердің тарихын, табиғатын құрметтеуді, қастерлеуді толық қалыптастыруға тиіспіз. Өз еліңнің, өз жұртыңның, тіпті өз әулетінің тарихын білу – әрбір азаматтың жүрегіндегі парызы, мойнындағы қарызы, өсер ұлттың және ұрпақтың үрдісі мен міндеті. Сол мақсатпен осы жолдар ақ қағазға түсті. Ұрпақтарымыз өз өлкесінің, туған жерінің тарихын білгені жөн деген ой ғой біздікі.
Қорыта айтқанда, Жамбыл облысының Туризм басқармасы, Сарысу ауданының басшылары біз көтеріп отырған мәселеге бей-жай қарамай, назарларында ұстап, туристерді тартатын ішкі туризм бағдарламасына қасиетті Қаратау бойындағы шұрайлы аймақ, тарихы терең – Көкжон өңірін енгізгені артық болмас еді. Туған жерге тағзым осындай қасиетті орындарды қадірлеп, қастерлеуден басталады. Тарихты ояту — халықты ояту!
Сағындық ОРДАБЕКОВ,
медицина ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі.