Жеңісті жолдағы жас жұлдыздар

0

Балалар шығармашылық орталығының «Айлин» би үйірмесінің жас бишілері тағы да толағай табыстарымен қуантты. Өнерлі өрендер еліміздің әр өңірінде өткен республикалық байқауларда жоғары деңгейде өнер көрсетіп, қос бірдей Бас жүлдені иеленді.

Атап айтқанда, Түркістан қаласында өткен республикалық «Анама сыйлық» атты би байқауында үйірменің кіші топ биші қыздары көрермен мен қазылар алқасын тәнті етіп, топ жарды. Ал Тараз қаласында ұйымдастырылған «Жаңа толқын Қазақстан» республикалық өнер-білім байқауында да «Айлин» би үйірмесінің оқушылары өз шеберліктерін дәлелдеп, бас жүлдені қанжығасына байлады.
Жас бишілердің әрбір қимылы нәзіктік пен үйлесімділікке толы болып, сахна мәдениеті мен шығармашылық ізденістері жоғары бағаланды. Олардың орындауындағы билер арқылы ұлттық нақыш пен өнерге деген сүйіспеншілік айқын көрініс тапты.
Бұл жетістіктер – шәкірттердің тынымсыз еңбегі мен өнерге деген шынайы құштарлығының нәтижесі. Сонымен қатар, үйірме жетекшісі Елшібаева Ақбота Әуесханқызының кәсіби шеберлігі мен жанашыр еңбегінің жемісі екені сөзсіз.
Бүгінгі жас өнерпаздар – ертеңгі ел мақтанышы. «Айлин» би үйірмесінің жеңісті жолы әлі де жалғасын табарына сенім мол.

Майра Жанегизова, бұқаралық бөлім меңгерушісі

Leave A Reply

Your email address will not be published.