Танымдық кеш

0

Аудандық орталық кітапханасының «Коворкинг» бөлімінің ұйымдастыруымен 16 желтоқсан ҚР Тәуелсіздік мерекесіне 35 жыл толуына орай Жаңатас көпсалалы колледжінде «Тәуелсіздік –тұғыр, бірлік-тірек» атты танымдық кеш өтті.
Іс-шараның басты мақсаты – жастардың Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру, тәуелсіздіктің қадірін ұғындыру.
Танымдық кеште кітапхана қызметкері Д.Берекеқызы Тәуелсіздік — еліміздің жарқын болашаққа бастап келе жатқан Елбасымыздың тарихи жетістігі, Отанымыздың тәуелсіз тарихында қалатын аса зор оқиға-деп айтып, Тәуелсіздік күнінің шығу тарихын баяндап берді.
Іс-шара барысында колледж білімгері М.Алтынай Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, мемлекеттік «Дарын» жастар сыйлығының лауреаты, жас ақын Е.Жүністің «Менің атым-Тәуелсіздік» өлеңін мәнерлеп оқып берсе, кітапхана қызметкері Ж.Әбдірахманова ақын А.Бақтыгерееваның тәуелсіздік туралы «Осындай елім бар» атты естелік әңгімесіне тоқталып өтті.
Кітапхана қызметкері М.Серікбаева іс-шараны қорытындылай келе, «Елімнің еркіндігі-Тәуелсіздік» атты кітап көрмесіне библиографиялық шолу жасады. Тәуелсіз елдің тарихы мен рухани-материалдары баспаланған әдеби кітаптар колледж білімгерлеріне ұсынылып, насихатталды.

Аяулым Досаева, аудандық орталықтандырылған кітапханалар

жүйесі директорының орынбасары

Leave A Reply

Your email address will not be published.