Өртке қарсы күрес-бәрімізге ортақ жұмыс

0

Табиғи өрттердің белең алуының басым көпшілігі адамдардың алаңғасарлық, немқұрайлық және мәдениетсіздік әрекеттеріне байланысты. Ойланбай тасталған темекі тұқылы, сөнбей қалған от – осының барлығы орны толмас үлкен қайғыға соқтырады. Ең бастысы — табиғи өртті ескерту, өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау, ұқыптылық.

Құрғақ және ыстық ауа райына байланысты өрттің болуы қауіптілігі неғұрлым жоғарылайды. Ауа райының ысып кетуі салдарынан табиғат аясында демалушылардың отты абайсыз қолдануы және басқа да жағдайлардың,  өрттің алдын-алу шаралары ұйымдастырылады.

Дала алқаптарда өрттердің себептері әртүрлі: демалыс орнында қараусыз жағылған күйінде қалдырылған от шоғы, сөндірмей тас-тап кеткен темекі тұқылы, майланған, тез жанғыш заттарды және қоқысты қалдырып кету себептерінен туындайды. Табиғатта өрттің себепкері болмас үшін жас ағаштың қылқан жапырақтарының, бүлінген орман учаскелерінің, шымтезекті батпақтың маңында, қурап қалған шөп орнында, ағаштардың астында отты жақпау керек. Отты тек қана арнайы белгіленген орындарда жағу қажет. Орманнан, дала алқабынан, демалыс орындарынан кеткен кезде отты толық сөндіру, топырақпен көму немесе үстінен су құйып, жанғыш заттарды, қоқысты, сөндірілмеген темекі тұқылын тастамау керек.

Құрметті аудан тұрғындары!

Жоғарыда аталып өткен кез-келген себеп өрттің болу қаупіне себеп болатынын ескере келе қарапайым өрт қауіпсіздігі ережелеріне немқұрайлы қарамай, табиғат аясында өрт қауіпсіздік ережелерін сақтаңыздар.

Е.Төлеубеков, М.Ғабдуллин атындағы Азаматтық қорғау академиясының  3 курс курсанты, кіші сержант

Жамбыл облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаментінің 2023 жылдың 1-ші жартыжылдығының қорытындысы бойынша  атқарылған жұмыстарының нәтижесі

Департаментпен 2023 жылдың өткен мерзімінде 48 нысан аудиторлық іс-шарамен қамтылды, оның ішінде: тізім бойынша-16, жоспардан тыс- 32, оның ішінде: 6 – Комитеттің тапсырмасы бойынша, 26-заңды және жеке тұлғалардың үндеуі бойынша.

Аудиторлық іс-шаралар нәтижесі бойынша 46 нысанда жалпы сомасы 7 322,0 млн.теңгені құрайтын бұзушылықтар анықталған, оның ішінде: 1 401,7млн.теңге қаржылық бұзушылықтар, 5 920,3 млн.теңге рәсімдік сипаттағы бұзушылықтар, оның ішінде мемлекеттік сатып алу заңнамасының талаптары бұзылып, жалпы сомасы 5 342,2 млн.теңге.

Бюджетке қайтарылып қалпына келтірілуге тиіс 1 401,7 млн.теңгеден қолданылған шаралар арқылы 810,4 млн.теңге қайтарылып қалпына келтірілді, яғни орнын толтыру 57,8пайызды құрады.

Жүргізілген іс-шаралар қоры-тындысы бойынша мекеме және кәсіпорын басшылары анықталған бұзушылықтар үшін 64 лауазымды тұлға тәртіптік жазаға тартылды, 19 әкімшілік материал салу – 3,6 млн.теңге, өндірілгені – 3,6 млн.теңге, яғни орнын толтыру 100 пайызды құрады.

Арыздар және Комитеттің тапсырмасымен жүргізілген аудит материалдарының  жалпы сомасы 194,0 млн.теңгені құрайтын 4 материал құқық қорғау органдарына берілді.

Одан бөлек, департамент қызметкерлері тарапынан 2023 жылдың өткен мерзімінде құқық қорғау органдарының материалдары бойынша жалпы сомасы 2 171,2 млн.теңгені құрайтын 6 қорытынды берілген. Барлық материалдар құқық қорғау органдарының талабымен берілді.

Ағымдағы жылдың есепті кезеңінде камералдық бақылаумен 13085 мемлекеттік сатып алу қамтылды, бұл қарауға жататын 13332 мемлекеттік сатып алу санының 98,1% — ын құрайды.Камералдық бақылау нәтижелері бойынша  анықталған   бұзушылықтарды жою туралы 2589 хабарлама жіберілді, оның ішінде 2523 хабарлама орындалды, бұл жіберілген хабарламалардың жалпы санының 98,9% — ын құрайды.

М.Егембердиев,

Жамбыл облысы бойынша  ішкі мемлекеттік аудит

Департаментінің басшысы

Еѕбек дауларын сотќа дейін реттеудіѕ маѕызы зор

Қай қоғамда болмасын, жұмыс беруші мен қызметкер арасында еңбек заңнамасын қолдануға, келісімдердің, еңбек және ұжымдық шарттардың, жұмыс берушінің актілерінің талаптарын орындауға немесе өзгертуге қатысты даулы проблемалар туындап отырады.

Қазіргі нарықтық экономика және жекеше кәсіпкерлік жағдайында еңбектегі жанжал — жиі құбылыс.Осындай еңбек дауларын ушықтырмай реттеудің заңнамалық механизмдерінің бірі — Еңбек кодексінде көзделген дауды келісу комиссиясымен реттеу болып табылады.

Еңбек кодексіне сәйкес, жеке еңбек даулары бойынша алдымен келісу комиссияларына, содан кейін ғана сотқа жүгіну тәртібі көзделген. Яғни, заң талабына сәйкес, жұмыскерлердің немесе бұрын еңбек қатынастарында тұрған адамдардың не жұмыс берушінің келісу комиссиясына жүгінуі олардың арасында туындаған жеке еңбек дауын сотқа дейін реттеу тәртібінің міндетті сатысы.

Келісу комиссиясы жұмыс беруші мен жұмыскерлер өкілдерінің бірдей санынан тепе-тең негізде ұйымдарда, оның филиалдары мен өкілдіктерінде құрылатын, тұрақты жұмыс істейтін орган болып табылады. Ол, еңбек қатынастарын, еңбек қатынастарымен тікелей байланысты қатынастарды реттеу кезінде еңбек заңнамасын қолдану процесінде туындайтын мәселелер бойынша, әлеуметтік әріптестік, сондай-ақ еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау мәселелері жөніндегі жеке еңбек дауларын қарайды.

Еңбек кодексінде келісу комиссиясына немесе сотқа жеке еңбек дауларын қарау бойынша жүгіну үшін мынадай мерзімдер көзделген: жұмысқа қайта алу туралы даулар бойынша – жұмыс берушінің еңбек шартын тоқтату туралы актісінің көшірмесі келісу комиссиясына тапсырылған күннен бастап бір ай, ал сотқа жүгіну үшін – реттелмеген даулар бойынша не еңбек шартының тарабы келісу комиссиясының шешімін орындамағанда жүгінген кезде келісу комиссиясы шешімінің көшірмесі тапсырылған күннен бастап екі ай; басқа еңбек даулары бойынша – жұмыскер немесе жұмыс беруші өз құқығының бұзылғаны туралы білген немесе білуге тиіс болған күннен бастап бір жыл. Еңбек кодексінің 159-бабының 4-тармағы бойынша келісу комиссиясына түскен өтініш берілген күні тіркеледі. Келісу комиссиясы дауды өтініш тіркелген күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде қарауға және дау тараптарына шешімнің көшірмесін оны қабылдаған күннен бастап үш күнде беруге міндетті. Комиссияның шешімі, жұмысқа қайта алу туралы дауды қоспағанда, онда белгіленген мерзімде орындалуға тиіс. Ал, жеке еңбек дауын қарау бойынша келісу комиссиясының не соттың жұмыскерді бұрынғы жұмысына қайта алу туралы шешімі дереу орындалуға жатады.

Егер жеке еңбек дауының тарабы келісу комиссиясының шешімімен толықтай немесе оның бір бөлігіне келіспейтін болса, жоғарыда айтып өткендей, дау реттелмеген болып есептеледі және келісу комиссиясының шешімімен келіспейтін тарап келісу комиссиясының шешімі орындалмаған жағдайдағы сияқты, еңбек дауын шешу үшін сотқа жүгінуге құқылы.

Татуластыру рәсімдерінің қолданылу аясын кеңейту мақсатында Қазақстан Рес-публикасы Жоғарғы Сотының бастамасымен 2019 жылғы ақпан айынан бастап «Еңбек дауларының және жария-құқықтық қарым-қатынастан туындайтын даулардың алдын алу» пилоттық жобасы жүзеге асырылуда. Медиация институтын дамытуда бұл жобаның берері мол. Өйткені, татуластыру рәсімдерін қолдану аясын кеңейту, халықтың соттан тыс дауды реттеу мүдделілігін анықтау медиацияның негізгі мақсаты.

Ж.Төлепбергенқызы, аудандық соттың судьясы

Сыбайлас жемқорлық-жат қылық

Қазақстан-көп ұлтты, болашағына сенімді және қарқынды дамып келе жатқан мемлекет. Сондықтан, кез-келген ортада пара беру мен пара алудың жолын кесуде қоғам болып белсенділік танытуымыз қажет.

Біздің бұл әрекетіміз мемлекетіміздің алға жылжуы мен дамуына үлкен үлес қосқанымыз болып табылады. Дегенмен, мемлекеттік қызметте болу, өздеріңіз білесіздер, үлкен жауапкершілік, қойылатын талап әрбір мемлекеттік қызметкердің ары да, жаны да таза, сауатты және білікті болу. Жемқорлық індет, жою міндет. Теріс қылықтар жасап, атымызға кір келтірмейік, өсіріп отырған ұл-қыздарымыз жемқорлықсыз адал қоғамда, бейбіт күнде өмір сүрсін. Сыбайлас жемқорлық көріністерін жат құбылыс ретінде сезіну және қабылдамау – әрбір қазақстандықтың азаматтық ұстанымына айналса ғана, жемқорлыққа қарсы шаралар нәтижелі болары сөзсіз.

Сыбайлас жемқорлықпен күрес бұл – әрбір қазақстандық азаматтың парызы, ескерту шараларының артықшылығы жоқ деп ойлаймын.

С.Ажикова,  аудандық жер кадастры  және тіркеу бөлімінің басшысының уақытша

міндетін атқарушы       

Құрметті аудан тұрғындары

Өздеріңіз білетіндей біздің ауданымызда ауа райы жазы ыстық, қысы желді, мұздақты, қарлы боранды болып келеді. Мына жоғарыдағы аталып отырған және жыл сайын электр энергиясын тұтынушылардың жүктемесінің өсуінің салдарынан, аудан көлемінде орналасқан электр қондырғыларда неше түрлі ақаулар орын алады. Мұндай кездері, ауыл, қала тұрғындарының үйлеріндегі құрылғыларында зақым келуі мүмкін. Сол себепті, мына жоғарыдағы айтылған мәселені сараптай отырып, Сарысу АЭЖ сіздерден, өздеріңіздің тұрмыстық электр құрылғыларыңызды сақтандыру мақсатында, үйлеріңіздегі электр кабелінің кірісіне кернеу релесін орнатуларыңызға кеңес береді.

Сарысу аудандық электр жүйесі

Сарысу аудандық сайлау комиссиясының

 ХАБАРЛАМАСЫ

Сарысу аудандық сайлау комиссиясымен  арнайы Call-орталық құрылып, онда сайлаушыларға 2023 жылғы 17 қыркүйекке тағайындалған Сарысу ауданы Жаңатас қаласы әкімінің сайлауына қатысты қажетті ақпарат алуға болады.

Call-орталық орналасқан  мекенжайы Call-орталықтың байланыс нөмірлері
Жаңатас қаласы,

Бейбітшілік көшесі №25,

Жаңатас қаласы әкімі аппаратының ғимараты.

8(72634)6-20-25

СООБЩЕНИЕ

Сарысуской районной

избирательной комиссии

Сарысуской районной избирательной комиссией создан специальный Call-центр, где избиратели могут получить необходимую информацию касательно выбора акима города Жанатас Сарысуского района, назначенных на 17 сентября 2023 года.

Месторасположение Call-центра Контактные номера

Call-центра

 

город Жанатас

ул.Бейбитшилик №25,

Здание аппарата акима города Жанатас

 

8(72634)6-20-25

Leave A Reply

Your email address will not be published.