Самғай бер, Сарысуым!

0

Туған жердің топырағы қашан да бөлек қой. Тамырын тереңге толғаған ауданымыз бүгінде ата-баба арман еткен тәуелсіздікке қол жеткізген шақта, абыройы асқақ, алдыңғы қатарда келе жатқан ауданға айналдық. жүректеріміз жаздың жайма-шуақ күніндей мерейлі сәттің есік ашқаны көңілге қуаныш ұялатады.

Ауданымыздың болашағы үшін еңбек етіп, осы күнді бізге табыстап кеткен азаматтарды бағалау, қастерлей білу әр перзенттің парызы. Қазір біз өркендеудің жаңа жолына, әлеуметтік дамудың жаңа кезеңіне бет алдық. Президент бекіткен жаңа экономикалық бағамда жаңа бағдарламалар, оның бағыттары және нәтижеге жету жолдары көрсетілген. Сол бағытты ұстанып, болашаққа сеніммен қарайық. Мемлекет басшысы моноқалаларды дамытуға аса назар аударып отыр. Бұл ауданымыздың орталығы — Жаңатас қаласын жарқын болашақ күтіп тұр деген сөз. Ауданымыздың ақ таңы мәңгілік болу үшін әрбір адам өз тарапынан елге деген, жерге деген сүйіспеншілігін сақтап, еліміздің ынтымақ, бірлігінің бұзылмауына атсалысуы тиіс. «Бірлік барда-тірлік бар» дегендей, ынтымағымыз бен бірлігіміз жарасып, сыйластықта өмір сүрсек өлкеміздің іргесі сөгілмесі анық. Жаңашылдық дәуренде 95 жылдыққа қол жеткізіп отырған Сарысуымның мерекесі құтты болсын! Ынтымағымыз бен бірлігіміз ажырамай, амандықта, саулықта өмір сүрейік! Туған жердің айбыны асқақ, тәуелсіздігіміз тұғырлы, ауданымыз ғұмырлы болсын!

Болатбек ДОНДАұлы,

«Құрмет» орденінің иегері, ауданның Құрметті азаматы,

2012-2017 жылдары

Сарысу ауданының

мәслихат хатшысы

Шаруашылықтардың

дамуына серпін береді

Баршамызға белгілі Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 1 қыркүйек күні жыл сайынғы дәстүрге айналған «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Қазақстан халқына кезекті Жолдауын жариялаған болатын.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Қазақстан халқына жолдаған биылғы Жолдауында агроөнер кәсіпті дамыту жайы да айтылды. Сонымен қатар шағын шаруашылықты қолдаудың маңыздылығын да назардан тыс қалдырмау керектігін атап өтті.

Сонымен қатар еліміздің экономикасы мен халықтың әл-ауқатын арттыруда шағын шаруашылықтардың маңызы үлкен. Бұл ретте ендігі таңда  жасалатын қолдау шаруашылықтардың дамуына серпін береді.

Президентіміз ұсынған оң өзгерістер мен реформалардың іске асуына, Жаңа Қазақстанның қалыптасуына үлес қосу – әрқайсымыздың негізгі азаматтық борышымыз. Жолдауда айтылған маңызды бастамаларға зор сенім білдіреміз.

Б.Майхиев,

«ҰШҚЫН» шаруа

қожалығының төрағасы

ЕЛДІҢ ЕРТЕҢГЕ ДЕГЕН СЕНІМІ МОЛ

Ел Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев үстіміздегі жылдың 1 қыркүйегі күні «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Қазақстан халқына жаңа Жолдауын жолдады.

Еліміздің экономикалық жағынан одан әрі дамуына толық мүмкіндігі бар екенін айтып, нақты тапсырмалар беріп, жаңа міндеттер жүктеді.

Ел экономикасын дамытуға қатысты айтылған жоспардың бәрі халықтың әл-ауқатын арттыруға, елімізді өркендетуге бағытталған деп есептейміз.

Жолдаудағы міндеттерді орындау жолында аға буын өкілдерінің де қосар үлесі зор. Біз, өткен дәуірдің өкілдері тәуелсіздіктің алғашқы жылдарынан бастап, көп қиындықтарды еңсеріп, ел игілігі үшін біраз еңбек жасадық. Қазақстан құрылысына бар күш-жігерімізді, білім мен еңбегімізді жұмсадық. Аға буын өкілдері, жастарға ерекше үміт артады. Талапты жастар өсіп келеді. Алдағы уақытта еліміздің дамуы, экономикасының артуы жолында ел игілігі үшін аянбай еңбек ете беруіміз керек.

Ең бастысы елдің ертеңге деген сенімі мол.

Ж.ОРЫМБАЕВ,

Жаңатас қалалық ардагерлер ұйымының төрағасы

Leave A Reply

Your email address will not be published.