ҚАРЫЗСЫЗ ҚОҒАМ

0

Нарықтық заманда күйменің құнынан бас-тап түйменің бағасы да шарықтап жатыр.

Тынысы тарылып, қымбатшылықта қысылған шақта халық несие мен шағын несие беретін орындарды шарлап, банктерге тәуелді болып жатқаны жасырын емес.

Сан-саққа жүгіртіп, санаға қайтсем де жеткізу  керек деген ұғымды ұғындырған «кредит» расында «кіреді ит» болып тұр. Осы орайда, тұрғындарға қаржыға сауатты болып, жоспарды тиянақты құру қажет. Себебі, ауданымызда банк-терге, микрокредиттік ұйымдарға берешегі бар және борышкерлер тізіміндегілер ішінде ауыл тұрғындары көп-ақ. Бүгінгі таңда, қаржы менеджменттерін қалыпты ұстап, қарыздардан құтылудың тиімді жолдарын ұсынатын арнайы жобалар мен курстар ашылып, халықтың сауатын ашуда қызмет етуде.  Осы орайда, «AMANAT» партиясы Halyk Bank және «Ұлы Дала» ауылдық бизнесті дамыту қауымдастығымен бірге «Қарызсыз қоғам» қаржылық сауаттылықты арттыру жобасы аясында оқыту курсы Жайылма ауылдық округінде өтті.

Ауыл тұрғындарына 5 күн бойы Halyk Bank аудандық филиалының өкілі А.Молдашева сабақ өткізіп, қарызсыз қоғам құрудың жолдарын түсіндіріп, оқытты.

Нәтижесінде Жайылма ауылдық округінен оқу курсына қатысқан азаматтарға арнайы сертификаттар табысталды. Шара барлық ауылдық округтерде жалғасын табады. Бұл қарызға батып, күңіренген ел үшін аса маңызды жоба екенін тұрғындар да түсініп келеді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.