Каникул қызықтары

0

Қызығы таусылмайтын қам сәт. Жазғы демалыстың қызықтары мен естен кетпес естеліктері көп. Оқу жылы аяқталған соң жазғы каникулды көңілді өткізу өзіміздің қолымызда. Мен жазғы демалысымды ауылда ата-әжемнің қасында өткізгенді ұнатамын.

Атамның жылы құшағы мен әжемнің аялы алақаны мен үшін керемет сезімге бөлейтін сәт. Оқуды озат болып аяқтағанымды ата-әжемнің алдында мақтанышпен жеткізу мен үшін үлкен жұмыс. Әр  жетістігімді сабақтап жеткізіп, әр қуанышымды нүктесіне дейін қалдырмай айту маған шексіз ләззат сыйлайды. Ал, ата — әжемнің ұйып тыңдауы одан да қатты шабыттандыра түседі. Ауылдың иісі керемет қой шіркін. Аңқыған жусан мен тұмса табиғаттың ғажайып әлемі жаныңа шуақ сыйлайды.

Ауылдан алған керемет әсерден соң әсемдігі көз тартар Алатаудың баурайында орын тепкен ару қала — Алматыға жол тартамын. Онда мені ыстық ықыласпен қарсы алатын, ерке мінезімді көтеретін Ермек көкем мен бар тәттісін алдыма тосатын Гүлшат жеңгем бар. Тай құлындай тебісіп бірге өскен жақын туысым Аян екеуміз жазғы қызығы мен шыжығына толы демалысымызды бірге өткіземіз. Қаланың сәулеті мен дәулеті жарасқан. Сұлу да әсем ғимараты көз алдындағы көрініске жан бітіргендей. Мұнда «Көктөбенің» төбесінде Алматыны алақанда ұстағың келсе, енді бірде «Медеу» мұз айдынында коньки теуіп, шынайы эмоцияларға қауышасың.   Алматыдан өзіме жаңа достар да тауып үлгеремін. Алаңсыз өтіп жатқан балалық шағымды жаңа ортамен танысып, асыр салып ойнау мен үшін үлкен мәртебе. Кетерімде бір- бірімізді қимай қоштасамыз. Сонымен, мен жазғы демалысымды осылай өткіземін. Бір қарасаң қарапайым ғана оқиға сияқты  ал мен үшін балалық шағымның ең керемет көрінісі деп білемін

А.Бейсенбай, М.Әуезов атындағы мектеп-гимназиясының 4 сынып оқушысы

 

 

Leave A Reply

Your email address will not be published.