РЕФЕРЕНДУМҒА БЕЛСЕНДІ ҚАТЫСҚАНДАР МАРАПАТТАЛДЫ
Жаңа Конституция жобасында Қазақстанның құқықтық мемлекет екенін нақты көрсету басты міндет ретінде айқындалған. Бұл бағыт адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтарын ең жоғары құндылық ретінде мойындайды. Мемлекет азаматқа деген қатынасын қайта қарау арқылы шешім қабылдауда құқықтық нормалардың адамға бағытталуын қамтамасыз етеді. Құқықтық жүйенің формалды құрылымынан шығып, азаматтың мүддесі басты орынға қойылады. Барлық саяси немесе әкімшілік шешім осы қағидатқа сәйкес болуы тиіс. Бұл өзгертулер заң үстемдігі мен құқықтық қауіпсіздікті күшейтеді, азаматтың сенімін арттырады. Сонымен қатар, реформаның негізгі мақсаты – әділеттілік, теңдік және ашықтықты нығайту, қоғам мен мемлекеттің арасындағы сенімділік орнату. Осы қағидаттар локалдық тұрғыда азаматтарға түсінікті, әрі нақты қолданысқа сай жасалған. Қазір Конституция жобасында адам құқықтарының қорғалуы және мемлекеттің жауапкершілігі айқын көрсетілген. Бұл бастамалар азаматтық қоғамның дамуына оң әсер етеді және құқықтық мәдениетті нығайтады.
Мемлекетіміздің біртұтастығын айқындайтын жаңа Конституциялық реформа ауданымызда сәтті жүзеге асып, аудан жұртшылығы жоғары белсенділік танытты. Бұл тиімді ақпараттандыру мен сапалы жұмыстың нәтижесі. Осы орайда, «Әділетті және прогрессивті Қазақстанның халықтық Конституциясы үшін!» жалпыұлттық коалициясының мүшелерімен кездесу өтті. Кездесуге қатысқан аудандық коалиция жетекшісі Мұратбек Есмұрзаев науқанның кезінде бірліктің көрінісін таныта білген коалиция мүшелеріне алғысын жеткізді. Сонымен қатар, бірқатар аудандық коалиция мүшелеріне Мемлекет басшысы Қасым- Жомарт Тоқаевтың, «AMANAT» партиясының төрағасы, Коалиция жетекшісі Ерлан Қошанов пен партияның Жамбыл облыстық филиалының төрағасы Дауыл Бейсенқұловтың және партияның аудандық филиалының Алғыс хаттарын тапсырды. Өз кезегінде партия ардагері, аудандық ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары Диханбай Ақділда ақжарма тілегін айтып, мәртебелі марапатқа ұсынып жатқан аудан басшылығына алғысын білдірді. Еселі еңбек ақталған күнде партияның мәртебесі асқақтай бермек!
Самат Тоқбанов, «AMANAT» партиясы аудандық филиалының консультанты