ТАЛАПТАР САҚТАЛУЫ ТИІС
«AMANAT» партиясының «Кедергісіз келешек» жобасы аясында және «Балалар үшін жайлы және қауіпсіз инфрақұрылым» акциясы барысында қаламыздағы бірқатар нысандарды зерделеді. Зерделеуге аудан әкімдігінің халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің мамандары мен аудандық мәслихаттың депутаты Ғабит Искенов қатысты.
Атап айтқанда, тұрғындар көп шоғырланатын халық банкі ғимаратында пандустың талапқа сай еместігі анықталып, жауапты басшыға тиісті тапсырма берілді. Сондай-ақ, қаладағы амбулаториядағы пандустың жағдайы да бақыланды. Мұнда да тиісті талаптар сақталмаған. Шара барысында люктер, балалар ойын алаңшалары мен жол белгілері де қамтылды.
Сәулет ЕСҚАРА, «SARYSÝ»