СЫБАЙЛАСТЫҚҚА ЖОЛ ЖОҚ

0

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заң талабының аясында жемқорлыққа қарсы іс-әрекеттер әр салада жүзеге асырылуда.

Әсіресе, халық парақорлық дертімен жиі бетпе – бет келеді.  Сондықтан, кез келген ортада пара беру мен пара алудың жолын кесуде қоғам болып белсенділік танытуымыз қажет. Парақорлық мемлекеттік органдардың тиісті қызмет атқаруына кері әсерін тигізіп, беделіне нұқсан келтіреді, заңды қағидаларды теріске шығарып, азаматтардың конституциялық құқықтары мен заңды мүдделерінің бұзылуына түрткі болады. Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңына сәйкес, сыбайлас жемқорлықпен күресті барлық мемлекеттік органдар мен онда қызмет атқаратын лауазымды тұлғалар жүргізуі тиіс. Мемлекеттік органдардың ұжымдардың, жергілікті өзін-өзі  басқару органдарының басшылары өз өкілеттігі шегінде кадр, бақылау, заңгерлік және өзге де қызметтерін тарта отырып, заң талаптарының орындалуын қамтамасыз етуге міндетті.

Мемлекеттік қызметшілердің сыбайлас жемқорлық  қылмыстар және осы тұрғыдағы құқық бұзушылықтарға бой алдыруының себебі көп. Оған ең алдымен қызметшілердің білім деңгейінің, әдептілік ұстанымының төмен болуы әсер ететін болса керек. Кей мемлекеттік қызметшілердің құқық бұзушылыққа немқұрайлылық танытуы, кәсіби әдептілігінің жетіспеуі де, жеке басының қамын ойлауы да парақорлықтың  дендеуіне септігін тигізуде.

Сондай-ақ, кейбір мемлекеттік орган басшыларының сыбайлас жемқорлыққа қарсы заң талаптарын атқаруда ынта танытпай, жұмыс жүргізбеуі де жемқорлықтың тамырын тереңдете түседі.  «Дүние-байлық неге керек, денсаулығың болмаса, төрелігің неге керек, халықтың көңілі толмаса», деген нақыл сөз сот саласында еңбек етіп жүрген қызметкерлердің де бағдары іспеттес. Шынында да, біз әділ төрелік жасап, жемқорлықтан жоғары тұрған жағдайда ғана халық сеніміне ие боламыз.

Д.Кадерқұлқызы,                                                                                                                                       аудандық соттың  судьясы

әлеуметтік саладағы өзгерістер

Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексі қазақстандық отбасын нығайтуға және дамытуға арналған базалық жағдайларды жасауға бағытталған жаңа әлеуметтік саясатты құруға негіз болады.

Әлеуметтік кодекстің қабылдануы бүгінгі күнге қолданылып жүрген 17З заңының күшінің жойылуына әкеледі. Мысалы, егер қазір мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау мәселелері 5 заңмен реттелетін болса, келешекте ол бір ғана Әлеуметтік кодексте болады.

Баяндау тәртібі әр адамның туғаннан бастап зейнеткерлікке шыққанға дейінгі өмір жолының кезеңдеріне сәйкес, барлық адамда бірдей бола бермейтін қажеттіліктерден туындауы мүмкін шаралар (өмірлік қиын жағдайдағы адамдар үшін әлеуметтік кепілдіктер) көрсете отырып құрылған.

ҚР Әлеуметтік кодексінің жобасында келесі бағыттар бойынша бірқатар шаралар қарастырылған:

  1. Отбасының цифрлық картасын енгізу;
  2. Жұмыспен қамту саласындағы жаңа тәсілдер;
  3. Жаңа көші-қон саясаты;
  4. Балалы отбасыларды қолдау шаралары;
  5. Арнаулы әлеуметтік қызметтер жүйесін жаңғырту;
  6. Зейнетақы төлемдерін арттыру.

Сонымен қатар, Әлеуметтік кодекс қазіргі кездегі әлеуметтік қолдаудың барлық әлеуметтік кепілдіктері мен нысандарының сақталуын, оның ішінде азаматтарды зейнетақылармен, жәрдемақылармен және Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан (бұдан әрі – Қор) төлемдермен қамтамасыз етуді қамтамасыз етеді.

Әлеуметтік кодекс шеңберінде Қордан әлеуметтік төлемдерді тағайындау параметрлері өзгеріссіз сақталады. Сонымен бірге, Әлеуметтік кодекстің жобасында:

— жүріп-тұруы қиын бірінші топтағы мүгедектігі бар адамды жетектеп жүруге қызмет көрсететін 30 мыңға жуық жеке көмекшіні міндетті әлеуметтік сақтандырумен қамтуды кеңейту. Бұл дегеніміз, әлеуметтік тәуекелдер туындаған кезде жеке көмекшінің Қордан төленетін әлеуметтік төлемдерге құқығы болады, сақтандыру пакеті шеңберінде әлеуметтік медициналық сақтандыру қорынан медициналық көмекпен қамтамасыз етіледі, сондай-ақ зейнет жасына жеткенде базалық зейнетақы үшін еңбек өтілі және жинақтаушы зейнетақы төлеміне құқығы болады.

Әлеуметтік кодексті қабылдау: азаматтардың өздерінің әлеуметтік құқықтары мен міндеттері туралы бірыңғай білім көзін құруға; халықтың әлеуметтік әл-ауқатына автоматтандырылған мониторинг жүргізуге; әлеуметтік құқықтар мен кепілдіктерді қамтамасыз ету бойынша алдын алу шараларын қабылдауға; электрондық және проактивті форматта мемлекеттік қызметтер көрсетуге; азаматтарымыздың әлеуметтік қорғалуы мен өмір сүру деңгейін арттыруға мүмкіндік береді.

Елімізде міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесі 2005 жылдан бастап енгізілді, ол еңбекке қабілеттіліктен айырылу, асыраушысынан айырылу, жұмысынан айырылу, жүктілікке және босануға, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға және бала бір жарым жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты кірісінен айырылу жағдайларына әлеуметтік тәуекелдердің 6 түрі бойынша сақтандыруды көздейді.

Осы мақсатта төлеушілер (жұмыс берушілер) өз қызметкерлері үшін Қорға ай сайын 3,5% мөлшерінде әлеуметтік аударымдар аударады.

Әлеуметтік тәуекел туындаған жағдайда жүйенің қатысушысына (ол үшін Қорға әлеуметтік аударымдар төленген), ал ол қайтыс болған жағдайда оның асырауындағыларға Қордан әлеуметтік төлем төлеуге кепілдік беріледі. Бұл жұмыс істейтін азаматтар үшін республикалық бюджеттен базалық әлеуметтік қамсыздандыруға қосымша әлеуметтік қорғау деңгейі.

Қазіргі уақытта Республика бойынша жүйемен 6,8 миллионнан аса адам қамтылған. 2022 жылы шамамен 1,2 млн. адам әлеуметтік төлемдер алды.

Әлеуметтік төлемдердің мөлшері жүйеге қатысушының әлеуметтік аударымдар жүргізілген табысына және жүйеге қатысу өтіліне байланысты болады.

  1. Қордан еңбекке қабілеттілігінен айырылу жағдайына төленетін әлеуметтік төлем мүгедектігі бойынша республикалық бюджет есебінен төленетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыға қосымша тағайындалады.

Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушыға медициналық-әлеуметтік сараптама бөлімшесі жалпы еңбекке қабілеттілігінен айырылу дәрежесін 30% — дан 100% — ға дейін белгілеген күннен бастап оның бүкіл кезеңіне еңбек қызметін жалғастыруына қарамастан төлем жасау құқығы туындайды.

Әлеуметтік төлемнің мөлшері жүйеге қатысушының соңғы 2 жылдағы әлеуметтік аударымдар жүргізілген табысына, сондай-ақ еңбекке қабілеттілігінен айырылу дәрежесінің, жүйеге қатысу өтілінің және табысты алмастыру коэффициенттеріне (60% немесе 0,6) байланысты болады.

2022 жылы Қордан аталған төлемді Жамбыл облысы бойынша шамамен 1,2 млрд. теңге сомасына 5 мың адам, 2023 жылдың 1-тоқсанында 339 млн. теңге сомасына 4,5 мың адам алды. Тағайындалған төлемдердің орташа мөлшері 36320 теңгені құрады.

2023 жылғы 1-шілдеден бастап мүгедектігі бар адамдарға берілетін жәрдемақылар мен төлемдер 14,5% — ға арттырылады және бұл төлемдердің 2023 жылдың1-қаңтарынан 8,5% — ға өсуін ескере отырып, жәрдемақылар мен төлемдердің жылдық мәндегі өсуі 23% — құрайды.

Бұл мүгедектігі бойынша республикалық бюджеттен төленетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылардың шамамен 35 мың алушысына және Қордан еңбекке қабілеттілігінен айырылу бойынша әлеуметтік төлемнің   5 мыңға жуық алушысына қатысты болады.

  1. Қордан асыраушысынан айырылу жағдайына төленетін әлеуметтік төлем асыраушысынан айырылу бойынша республикалық бюджет есебінен төленетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыға қосымша тағайындалады.

Төлемге құқық қайтыс болған (сот хабар-ошарсыз кетті деп таныған немесе қайтыс болды деп жариялаған) асыраушының асырауындағы отбасы мүшелеріне асыраушы қайтыс болған күннен бастап туындайды. Төлем асырауындағы адам 18 жасқа толғанға дейін, ал күндізгі оқу нысаны бойынша оқуды жалғастырған жағдайда 23 жасқа дейін жүзеге асырылады.

Әлеуметтік төлемнің мөлшері соңғы 2 жыл ішінде әлеуметтік аударымдар жүргізілген қайтыс болған асыраушының табысына, сондай-ақ табысты ауыстыру коэффициенттеріне (60% немесе 0,6), асырауындағы адамдардың санына және жүйеге қатысу өтіліне байланысты болады.

2022 жылы Жамбыл облысы бойынша Қордан асыраушысынан айырылу жағдайына 948 млн. теңге сомаға 2,8 мыңға жуық асыраушысынан айырылған отбасы, 2023 жылдың 1-тоқсанында 273 млн. теңге сомаға 2,7 мың отбасы әлеуметтік төлем алды. Тағайындалған төлемдердің орташа мөлшері 34 277 теңгені құрады.

2023 жылғы 1-шілдеден бастап асыраушысынан айырылған отбасыларға берілетін жәрдемақылар мен төлемдер 14,5% — ға артады, бұл төлемдердің 2023 жылдың 1- қаңтарынан 8,5% — ға өсуін ескере отырып, жәрдемақылар мен төлемдердің жылдық мәндегі өсуі 23% — құрайды.

Бұл асыраушысынан айырылу бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алатын, республикалық бюджеттен төленетін 13,4 мыңға жуық отбасына және Қордан асыраушысынан айырылу бойынша әлеуметтік төлем алатын 2,8 мыңға жуық отбасына қатысты болады.

Әлеуметтік тәуекел туындаған кезде міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушы, оның ішінде оның отбасы мүшелері, асыраушы қайтыс болған жағдайда базалық жәрдемақылар мен Қордан төлемдер алатынын ескерсек, оның әлеуметтік қорғалуы жұмыс істемейтін адамға қарағанда жоғары болады.

  1. Қордан жұмысынан айырылу жағдайына төленетін әлеуметтік төлем міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушысы халықты жұмыспен қамту туралы заңнамаға сәйкес жұмыссыз ретінде тіркелген күннен бастап тағайындалады.

Әлеуметтік төлемнің мөлшері соңғы 2 жыл ішінде әлеуметтік аударымдар жүргізілген жүйеге қатысушының табысына, жүйеге қатысу өтіліне және табысты ауыстыру коэффициентіне (45% немесе 0,45) байланысты болады.

Мемлекет басшысының Жолдауын жүзеге асыру аясында 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап табысты ауыстыру коэффициенті 40% — дан 45% — ға дейін арттырылды. Осыған байланысты 2023 жылғы 1 қаңтарға 1,7 мыңға жуық алушыға жұмысынан айырылу бойынша әлеуметтік төлемді біржолғы қайта есептеу жүзеге асырылды, бұл орташа төлем мөлшерінің орта есеппен 13% — ға өсуіне әкелді.

Төлем жүйеге қатысу өтіліне байланысты 1 айдан 6 айға дейін жүзеге асырылады.

2022 жылы Жамбыл облысы бойынша Қордан 842,6 млн. теңге сомаға 5,5 мыңға жуық адам, 2023 жылдың 1-тоқсанында 408,7 млн. теңге сомаға 3,3 мың адам төлем алды. Тағайындалған төлемдердің орташа мөлшері 41 215 теңгені құрады.

  1. Жүктілікке және босануға байланысты және жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға байланыс-ты кірісінен айырылу жағдайына Қордан төленетін әлеуметтік төлем еңбекке уақытша жарамсыздық туралы парақта көрсетілген жүктілігі және босануы бойынша демалыс күнінен бастап тағайындалады. Төлем еңбекке уақытша жарамсыздық парағының барлық кезеңіне жүзеге асырылады.

Біржолғы әлеуметтік төлемнің мөлшері соңғы 12 айда әлеуметтік аударымдар жүргізілген табысқа және еңбекке жарамсыздық күндерінің санына байланысты болады.

2022 жылы көрсетілген төлем 12 млрд. теңге сомаға шамамен 15,1 мың алушыға және 2023 жылдың 1-тоқсанында  4,6 млрд. теңге сомаға 4,8 мың адамға төленді. Тағайындалған төлемдердің орташа мөлшері 1 089996 теңгені құрады.

5.Қордан бір жарым жасқа дейінгі бала күтіміне байланысты кірісінен айырылу жағдайына төленетін әлеуметтік төлем бала туған күннен бастап бала күтімін іс жүзінде жүзеге асыратын міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінің қатысушысына тағайындалады.

Әлеуметтік төлемнің мөлшері соңғы 2 жыл ішінде әлеуметтік аударымдар жүргізілген жүйеге қатысушының табысына және кірісті ауыстыру коэффициентіне (40% немесе 0,4) байланысты болады.

2022 жылы Қордан төленетін осы төлем 42 мың адамға және 2023 жылдың 1-тоқсанында 21,7 мыңнан аса адамға тағайындалды. Аталған төлемге 2022 жылы 10,7 млрд. теңге және ағымдағы жылдың 1-тоқсанында 3,3 млрд. теңге бағытталды. Тағайындалған төлемдердің орташа мөлшері 59854 теңгені құрады.

Мемлекет Басшысының Жолдауын іске асыру аясында 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап бала күтімі жағдайына әлеуметтік төлемді тағайындау кезеңі 1 жастан 1,5 жасқа дейін арттырылды. Осыған байланысты 2023 жылғы 1 қаңтарға осы төлемді 19,3 мың алушыға тағайындау мерзімі автоматты түрде ұзартылды.

Нұрахмет Ысқақов, Жамбыл облысы

бойынша  «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» акционерлік қоғамының филиал директоры

Асанали Рахимов, Сарысу ауданы бойынша  әлеуметтік қамсыздандыру  бөлімінің басшысы

 

Мамандық

таңдау-жауапты қадам

Мамандық таңдау – адам өмірінің ең күрделі де жауапты қадамдарының бірі, яғни болашақ өмірдің мәні

деуге болады. Мамандықты дұрыс таңдау

дегеніміз-бұл өмірде

белгілі бір орынға ие болу.

Кәсіби тұрғыдан өздігінен анықталу нақты еңбек түріне, еңбек нарығындағы ұтқырлыққа, сол нарықта бағдарлану іскерлігіне және оның өзгерістер тенденцияларына ілесе алуға субъекттік қарым-қатынасты қалыптастыруды қарастырады. Оқушы болашақ өмірінің мазмұны мамандықты дұрыс таңдауына тәуелді екендігін жақсы түсінген жөн. Өмірлік жоспар – бұл жалпы әлемдік көзқарасты іздестіру жолының анықталуы мен нақтылануы. Өмірлік жоспардың мағынасы кең. Ол тұлғаның өздігінен анықталу саласын, яғни моральдық бет-бейнесін, өмірлік стилін, байланыс деңгейін толығымен анықтайды.

Өз болашағыңды анықтауда мынадай ережелерді ұстан:

  1. Алдағы өмірлік жоспарың қандай болмасын, шетел тілін үйреніп, компьютерде жұмыс істеуді игергенің аса пайдалы. Бұларды кез-келген мамандықта қажетті болары сөзсіз!

2.Мамандық таңдауға байланысты сені, сенің қалаған мамандығыңды толық білмейтін адамдардың ақыл-кеңесіне құлақ салудың қажеті шамалы.

3.Мамандық таңдауда оның сырт келбетіне, көңілге қонымды  жақтарына ғана назар аударудың қажеті жоқ, мүмкіндігінше қалаған мамандығыңның жұмыс мазмұны жөнінде көбірек білуге тырыс.

4.Егер мамандық сенің досыңа ұнаса, саған да ұнайды деген қорытынды жасауға болмайды.

5.Саған қолыңнан келетін істі мамандық етіп таңдаған пайдалырақ болмақ. Әйтсе де бұл сөз қарапайым естілгенімен, көбінесе назардан тыс қалып жатады.

6.“Жақсы адам”- бұл мамандық емес. Егер саған адам ұнаса, оның меңгерген мамандығын мен де таңдауым керек деп жаңсақ қорытынды жасауға болмайды.

7.Сән қуып, мамандық таңдаудың қажеті жоқ. Сен оқуыңды  тәмамдап, жұмыс істегенше, ол мамандық сәннен шығып қалуы да мүмкін.

8.Мүмкіндігінше өзің таңдаған  мамандықтың өзіңнің денсаулық жағдайыңа тура келетін-келмейтіндігі жөнінде  дәрігерден кеңес алғаның жөн.

9.Заманауи ағымға қарай кейбір мамандықтар тез ескіріп, оның орнын жаңа мамандықтар басып жатыр. Сондықтан кез-келген жағдайда қосалқы таңдаған мамандығың  болуы қажет.

  1. Өзің таңдаған мамандығыңның мазмұны, қызықты қырлары, жұмыс тәртібі мен жағдайы, кәсіби өсу мүмкіндігі туралы сұраққа жауап бере алмағанда ғана сенің мамандық таңдаудағы ой-ниетің салмақтана түспек.

11.Өзіңмен алдын-ала психологиялық жұмыс жүргізбей-ақ, нық қадам жасай беруге болатын бірде-бір мамандықтың жоқ екендігін есіңде сақта!

Таңдалған шешімге жеті қадам

  1. Сәйкес мамандықтар тізімін жасау

Өзіңізге ұнайтын, жұмыс істегіңіз келетін, сәйкес келетін мамандықтар тізімін жасаңыз.

  1. Таңдалған мамандықтар талаптарының тізімін жасау. Өзіңіздің талаптарыңыздың тізімін жасаңыз:

таңдалатын мамандық және болашақ қызмет аясы;

таңдалатын мамандық және өмірлік құндылықтар;

таңдалатын мамандық және өмірлік мақсаттар;

таңдалатын мамандық және бүгінгі өзекті мәселелер;

таңдалатын мамандық және мамандық бойынша жұмысқа тұру;

кәсіптік даярлықтың қажетті деңгейі;

таңдалатын мамандық және менің қабілеттерім мен икемдерім;

ойымдағы жұмыс сипаты мен шарттары.

  1. Әрбір талаптың маңыздылығын анықтау

Барлық талаптардың қаншалықты маңызды екенін анықтаңыз. мүмкін, ескермеуге болатын, маңызы аздау талаптар да бар шығар.

  1. Әрбір сәйкес келетін мамандықтың талаптарына өзіңіздің сәйкестігіңізді бағалау

Сіздегі мамандыққа қойылған талаптардан басқа, мамандықтың өзінің де талаптары бар. Сіздің кәсіби сапаларыңыз дамыған ба, сіздің зияткерлік қабілеттеріңіз, психологиялық ерекшеліктеріңіз, денсаулық жағдайларыңыз мамандықтың талаптарына сәйкес келе ме, соны талдаңыз.

  1. Нәтижелерді есептеу және талдау

Барлық пункттер бойынша Саған тізімдегі қай мамандық сай келетінін анықтау.

  1. Нәтижелерді тексеру

Сенің ойларыңның дұрыстығына көз жеткізу үшін өз шешіміңді достарыңмен, ата – анаңмен, мұғалімдермен, психологпен, профкеңесшімен талқыла.

  1. Сәттілікке бастайтын негізгі тәжірибелік қадамдарды анықтау Сонымен, Сіз шешім қабылдадыңыз, енді: Саған қай оқу орнында кәсіптік білім ала алатыныңды, кәсіби маңызды қасиеттерді қалай дамытуға болатынын, еңбек нарығында өзіңнің бәсекеге қабілеттілігіңді қалай арттыруға болатынын анықтау маңызды.

Р.Сағындықов, М.Әуезов атындағы мектеп-гимназиясының директордың  оқу ісі жөніндегі орынбасары

ЖІТІ ІШЕК АУРУЛАРЫ

Жіті ішек ауруы бойынша аурушылдық жағдайы жұқпалы індеттердің ішінде облыс халқы арасында ең тұрақты жетекші орын алып тұр. Бүгінгі күні ЖІЖ эпидемиялық жағдайы бірқалыпта. ЖІЖ дүмпуі тіркелген жоқ. Аурушаңдықтың себептері:

Ата-аналардың сәбилерге тамағын дайындауда және тамақтандыруда  жеке бас гигиенасын, тамақты сақтау ережелерін дұрыс сақтамағандықтан жиі болады. Көбінесе  жеміс шырындарын, жеміс-жидек,  көкөністердің  езбесін үйде дайындауда  жеке бас гигиенасын  сақтамағандықтан да  болады.

Сондай-ақ, балаларды дұрыс тамақтандырмау (ысталған тауық еттерін, ет, шұжықты шектен тыс пайдалану) асқазан ішек жолдарының, ары қарай ас қорыту жүйесі қызметі бұзылуына әкеліп соғады.  ЖІЖ ауруының қозуына халықтың санитариялық мәдениетінің төмендігінің де әсері бар.  Науқастар алғашқы белгілері пайда болғанда дәрігерге қаралмастан, өз беттерінше емделеді.Бұл өз кезегінде ауыр асқынуларға әкеледі. Науқастың клиникалық белгілерінің жойылуы, уақытша жағдайы жақсарған болады. Бірақ  ағзада ішек ауруының қоздырғыштары қалып,көбейіп аурудың созылмалы түріне әкеліп соқтырады. сөйтіп ауру қоздырғыш тасымалдаушысына айналып, басқаларға жұқтырады.  ЖІЖ  науқастармен  қарым-қатынаста  болғанда да жұғады. Науқастың және де науқасты күтуші адамның салақтығы салдарынан ауру қоздырғышы  бар  жағындылардың  таза  жуылмағандығынан  ыдыс-аяқ,  тамақ, ойыншық  және т.б. үй заттары  залалданып,  ауру қоздырғыштары  ары қарай таралуы мүмкін.

ЖІЖ су арқылы да беріледі.  Яғни қайнатылмаған су ішкенде немесе ашық су қоймасында шомылу кезінде,

ЖІЖ алдын алу көбіне жеке бас тазалығын сақтаудың қарапайым ережелерін сақтаудан басталады. Ішек ауруларын болдырмау үшін төмендегі ережелерді сақтау абзал:

—    Тамақ дайындау және ішер алдында сырттан келгенде, дәретханадан кейін қолды мұқият сабындап жуу керек

—    Тамақ даярлағанда піскен және шикі тамақ өнімдеріне бөлек тақтайшалар қолдану қажет.

—    Тамақ өнімдерін тоңазытқышта дұрыс сақтау керек: дайындалған тамақты келесі күнге қалдырған жағдайда дұрыстап қайнатып ысыту.

—    Тез бұзылатын тамақ өнімдерін тоңазытқышта қажетті мерзімнен артық сақтауға болмайды.

Аурудың алғашқы белгілері пайда болғанда (іш ауыру,сұйық нәжіс,құсу,дене қызуының көтерілуі) өз бетімен емделместен шұғыл дәрігерге қаралу қажет. Дәрігер келгенше науқасты жеке бөлмеге оңашалап, жеке ыдыс пен гигиена заттарын арнау қажет.

К.Таңатарова, аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының бас маманы

Leave A Reply

Your email address will not be published.