АЛАЯҚТАРДАН САҚ БОЛЫҢЫЗДАР

0

Қазіргі қоғамда кеңінен таралып келе жатқан қылмыстардың түрлері ол алаяқтық, оның ішінде интернет алаяқтық қылмысы, меншікке қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтар ішінде ұрлықтан кейін өршіп бара жатқан қылмыстардың бірі.

Статистикаға сәйкес, а.ж. өткен кезеңінің облыс көлемінде алаяқтық бойынша 45 қылмыс тіркеліп (2022 жылдың 1-айында 43 қылмыс) 4,7%-ға, ал аудан көлеміне келетін болсақ 2 қылмыс (2022-0) 100%-ға өскен.

Атап айтқанда, 2022 жылы бір ер азамат өзін құзырлы органның қызметкері ретінде таныстырып, Сарысу ауданының 17 тұрғындарының сеніміне кіріп кезектен тыс пәтер алып берем деген жалған уәжбен, әрқайсынан 250-500 мың теңге көлемінде ақшалай қаражаттарын жымқырған, нәтижесінде алаяқтың іс-әрекеті әшкереленіп 4 жыл бас бостандығынан айыруға сотты болған.

Сонымен қатар, осы тектес жағдайды әйел азаматы өзін құзырлы органның қызметкері ретінде таныстырып, Сарысу ауданының 15-ке тарта тұрғындарының сеніміне кіріп кезектен тыс пәтер алып берем деген жалған уәжбен, әрқайсынан 500-700 мың теңге көлемінде ақшалай қаражаттарын жымқырған, қазіргі таңда аталған азаматша қамаққа алынып, оған қатысты қылмыстық іс тергелуде.  

Сондықтан, пәтер, жер, қайтарымсыз несие, көлік, балаларыңызды оқуға түсіремін және т.б. құнды заттарды алып бере аламын деген алаяқтардың құрбаны болудан сақтаныңыздар, яғни пәтер, жер, мемлекеттің тарапынан берілетін несиелер мен т.б. керекті мұқтаждарыңызды тек заңмен белгіленген тәртіп шегінде мемлекеттік немесе құзырлы органдардан сыйақысыз аласыздар.

Сондай-ақ, ғаламтор желісі кеңістігінде алаяқтық жасаудың алдын-алу мақсатында,аудан прокуратурасы ғаламтор-алаяқтардың жиі кездесетін жағдайлары туралы ескертеді.

Атап айтқанда, а.ж. аудандық ПБ-не Сарысу ауданының тұрғыны алаяқтық жөнінде арызданған, яғни соңғыға ұялы телефон арқылы белгісіз тұлға банк қызметкері ретін хабарласып, оның атынан белгісіз тұлғалар несие рәсімдеп жатқандығы туралы айтып, құпия сандарды айтуды сұрап жәбірленушінің атынан 4 млн. теңге несие рәсімдеп, аталған қаражаттарды жымқырған.

Аудан прокуратурасы тұрғындарды онлайн платформалар арқылы тауарлар сатып алуда сақ болуды сұрайды.

Қалыптасқан жағдайға байланысты, арам пиғылдылар тауарларды сату және айырбастау үшін әлеуметтік желілер мен онлайн платформаларын пайдаланып, біреудің мүлкін ұрлауға кірісті. Жиі кездесетін алаяқтық — жоқ тауарларды нарықтан төмен бағамен ұсынып сату.

Сонымен қатар, пәтерлер мен автокөлік сатып алу саласында алдау жиі кездеседі.

Бұл жағдайда жеңіл ақшаны ұнатушылар арзан бағаны көрсетіп алдын-ала төлемді талап етеді. Ал, сатып алушылар, арзан бағаға қызығып қаражаттарын аударып, алаяқтың құрбаны болғанын білмей жатады.

Осыған байланысты өте мұқият және сақ болуды ұсынамыз: сіз ешқашан банктік картаңыз туралы ақпаратты, сондай-ақ жеке басын куәландыратын ақпаратты бермеңіз, ешқашан ғаламтордағы тауарларға депозит жасамаңыз, сатып алу жасамас бұрын ғаламтор-дүкеннің беделін мұқият тексеріп шығыңыз, ғаламтордағы күмәнді байқауларға қатыспаңыз, олар сіздің ақшаңызды көбейтуге уәде береді, егер банктің бастамасы бойынша қоңырау шалынған болса, банк қызметкерімен сөйлесуден бас тартыңыз, мұндай жағдайда банк картасының артқы жағында немесе банктің ресми сайтында көрсетілген сенімді нөмірге қайта қоңырау шалыңыз.

Құрметті аудан тұрғындары, алаяқтың құрбаны болмау үшін жақындарыңыз бен туыстарыңызды ескертіп жүрулеріңізді сұранамыз.

Сарысу ауданы прокуратурасы

Leave A Reply

Your email address will not be published.