ТӘУЕЛСІЗДІК БАҒА ЖЕТПЕС БАҒЫМ

0

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні-тарихы тереңде жатқан елдің жаңа заманда өз алдына қайта егеменді ел болған күн. Тәуелсіздік-азаттықтың алтын діңгегі, ұлттық өрлеудің ұлы күші. Тәуелсіз елдің қызы- өжет, ұлы -қайратты, халқы- қаһарман. Қараның да, ханның да рухани өзегі тәуелсіздік. Ұлттық тілдің, дәстүрдің, салт-сананың мызғымас тірегі -тәуелсіздік!

Осы орайда, аудандық орталық ауруханасының кәсіподақ төрайымы Айткүл Рысбекқызының ұйымдастыруымен «Тәуелсіздік баға жетпес бағым» атты салтанатты жиын өтті.

Жиында Жаңатас қаласы ардагерлер кеңесінің төрағасы Жұмәлі Орымбаев құттықтау сөз сөйлеп,  Нағима Түзелбекқызы және Райхан Асқарқызын Сарысу ауданының Құрметті ардагері медалімен марапаттады.

Сондай-ақ, салтанатты жиында тәуелсіздік уақытында жеткен жетістіктеріміз сараланып,  Қазақстанның тарихы мен қалыптасуы жөнінде де әңгіме өрбіп, бұл жайлы аудан орталық ауруханасының директоры Бағлан Жарылқасынұлы кеңінен  тоқталып,  бір қатар қызметкерлерді Алғыс хатпен марапаттады.

Салтанатты жиын барысында аурухана жастары әзірлеген концерттік бағдарламамен жалғасын тауып, ерекше есте қаларлық көңіл-күй сыйлады.

Гүлбану ҚАНЫБЕКҚЫЗЫ, «SARYSÝ»

Leave A Reply

Your email address will not be published.