ЖЕЛТОҚСАНШЫЛАРМЕН КЕЗДЕСТІ

0

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай апта ішінде аудандық орталық кітапханада аудан әкімдігі ішкі саясат бөлімінің ұйымдастыруымен сарысулық желтоқсан-

шылармен кездесу өтті.

Кездесуде аудан әкімінің орынбасары Еркебұлан Есмаханов,  аудандық мәслихаттың аппарат басшысы Бақыт Жұмағұлов  Ұлттық мереке — Тәуелсіздік күнімен құттықтап, Тәуелсіздігіміздің тұғыры биік, халқымыздың еңсесі жоғары, егемендігіміз баянды болсын деген тілектерін жеткізді. Сондай- ақ ауданның әлеуметтік – экономикалық дамуына үлес қосып жүрген желтоқсаншыларға аудандық мәслихаттың Құрмет грамотасын тапсырды.

Сонымен қатар Желтоқсан көтерілісі куәгерлерінің атынан аудандық «Желтоқсан — 86» ұйымының төрағасы Нұржан Есмаханов сөз сөйлеп, сол кезеңді еске алып,  желтоқсан оқиғасына қатысқан жастардың басынан кешкен оқиғаларымен бөлісті.

Кездесуде аудандық мәдениет үйінің  өнерпаздары жырдан шашу шашса, М.Әуезов атындағы  мектеп-гимназиясының оқушылары өлеңдер оқыды.

Шара соңында Желтоқсан оқиғасына қатысушыларға ұйымдастырушылар тарапынан сый-сияпат көрсетілді.

бабамнан қалған аманат

Тұғыры биік, маңыздылығы шексіз, ұлтымыздың ұлы жетістігі Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай  Саудакент ауылдық мәдениет үйі мен Саудакент кітапхана ұжымының ұйымдастыруымен «Тәуелсіздік – мәңгілік елдің тұғыры», «Тәуелсіздік – бабамнан қалған аманат» тақырыптарында    дөңгелек үстел өтті. Шараның мақсаты: Іргелі еліміздің Тәуелсіздігін ұлықтау,  Қазақстан Рспубликасының Тәуелсіздікке жеткен жолын еске түсіріп, жастардың  бойындағы отаншылдық қасиеттерін қалыптастыру болды.

Байқадам ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы Құлыбеков Жамбыл Тәуелсіздік жылдарындағы Қазақстан Республикасының еркіндік, бірлік, тұрақтылық,  гүлдену сияқты құндылықтары туралы мәліметтермен таныстырды. Ауыл жастарының  атынан  Эбель Руслан  замандастарын  Тәуелсіздік мерекесінің мәнін түсінуге,  елге, жерге деген патриоттық сезімдерін арттыруға шақырды.

«Тәуелсіздік-ұлтымыздың ұлы құндылығы» кітап көрмесі әзірленіп, кітапханашы Салима Жөгібаева тәуелсіздік жылнамасы туралы кітаптарға әдеби шолу өткізді. Ақын Қалқаман Сариннің «Тәуелсіздік» атты өлеңін кітапханашы Дәулеткелдина Айнұр оқып берді.

Мәдениет қызметкері  Халықов Нығметжан   елдікке, бірлікке шақыратын, жігеріңді қайрап, рухыңды көтеретін Алтынбек Қоразбаевтың  «Қазақстан – елдің аты» әнін  әр жанның жүрегіне жеткізе орындады. Бұл кештің жастарға беретін рухани-тәрбиелік маңызы жоғары болды.

С.Есқараев, «SARYSÝ»

менің елім Қазақстаным!

Тәуелсіздік — бабаларымыздың ақ білегінің күшімен, ақ найзаның ұшымен келген ұлы жеңіс. Бізге болашақ жастарға міндеттелген бабалардың баға жетпес аманаты. Еліміз өз шекарасын бекітіп, рәміздерін асқақтатып, алпауыт елдермен қарым-қатынасын нақтылап, терезесі  тең, керегесі кең ел болды.

16 желтоқсан- Тәуелсіздік күні мерекесіне орай, Жаңатас көпсалалы  колледжінде   колледждің жастар ісі жөніндегі инспектор Н.Шалғынбаеваның ұйымдастыруымен  «Тәуелсіз елім – Қазақстан» атты  концерттік бағдарлама өтті.

Бағдарлама барысында оқуда озат, бұқаралық іс-шараларға  белсенді қатысып жүрген колледждің бірқатар студенттері директордың Алғыс хаттарымен марапатталды. Одан кейін  аудандық «Жастар ресурстық орталығының» директоры А.Шуақбайұлы құттықтау сөз сөйлеп, бір қатар колледж ұстаздарын Алғыс хаттар және бағалы сыйлықтармен марапаттады. Шарада өнерлі жастар патриоттық әндерден шашу шашып, «қазақ», «өзбек» билерін мың бұрала биледі. Жүрекжарды өлең шумақтар оқып, көрермендердің  көңілдерін бір серпілтіп тастады.

С.РЫСБЕКҰЛЫ, «SARYSÝ»

ЕЛ ертеңі-жастар

Мұхтар Әуезов атындағы мектеп-гимназиясында мектеп ұйымдастырушысы Г.Сөлкетаева мен мектеп тәлімгері А.Пазылбекованың ұйымдастыруымен «Ел ертеңі-Жас Ұлан» тақырыбында 5-сынып оқушыларын «Жас Ұлан » ұйымына қабылдау салтанатты жиыны өткізілді. Іс-шараға мектеп тәлімгері мен мектеп әкімшілігі

Ұйымның мақсаты өскелең жас ұрпақтың бойына патриоттық білім мен өзін-өзі жетілдіруге деген құштарлық, оқушылардың қоғамдық, әлеуметтік,танымдық және шығармашылық қабілеттерін дамыту. Ал міндеттері әлеуметтік тәжірибені байыту және дамыту болып табылады.

Бүгінгі жиынның ең жауапты сәті, ант қабылдау рәсімінде мектебіміздің «Ұланбасы» Абдикарим Еркеназ ант қабылдап, барлық оқушы көгілдір туымыз түстес галстуктарын рәсім бойынша тағып шықты. 10-сынып оқушысы Қамбар Ерболат патриоттық ән шырқап, оқушыларды патриоттық сезімге бөледі.

«Sarysý-Aqparat»

Leave A Reply

Your email address will not be published.