ОТБАСЫ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫ – САРҚЫЛМАС ҚАЗЫНА
Өткен аптада аудандық мәдениет үйінде «Әйелдерге қатысты зорлық – зомбылықсыз 16 күн» Республикалық акциясы аясында «Отбасы құндылығы – сарқылмас қазына» атты тақырыпта кеш өтті.
Шараға аудандық және Жаңатас қалалық билер кеңесінің мүшелері, аудандық полиция бөлімінің, ауылдық округ әкімі аппаратының, аудандық сот, аудан әкімдігі ішкі саясат бөлімінің және әлеуметтік саланың қызметкерлері, аудандық білім бөлімінің жауапты қызметкерлері, сонымен қатар қала тұрғындары және жастар қатысты.
Аталмыш шарада аудандық мәдениет үйі, «Жастар ресурстық орталығы» КММ-і, Балалар – жасөспірімдер орталығы және Жаңатас қалалық балалар өнер мектебінің ұжымдары тақырыптық көріністер көрсетіп, концерттік бағдарлама ұйымдастырды.
Шара барысында аудан әкімінің орынбасары Е.Есмаханов сөз сөйлеп, отбасы құндылығы, бала тәрбиесі және отбасының қоғамдағы рөліне, акцияның маңыздылығына тоқталды. Акция аясында тақырыптық шығарма жазудан жеңімпаз атанғандарды Алғыс хаттармен, заттай сыйлықтармен марапаттады.
«Sarysý-Aqparat»
Сот кабинеті қаншалықты тиімді
Сот кабинеті – бұл электрондық ақпараттық сервис, ол сот органдарының онлайн сервисіне қолжетімді бірыңғай терезе болып саналатынын, сот ісін жүргізуді жеңілдету және азаматтар үшін сот жүйесінің қол жетімділігін қамтамасыз ету мақсатында іске асырылған. Осы сервистің негізгі ерекшелігі азамат, оның адвокат тұлғасындағы өкілі немесе заңгер кез келген ыңғайлы уақытта, үйінен немесе кеңседен шықпай-ақ Интернет желісі арқылы сот құжатын, сондай-ақ сот актісін басып шығара алады. Әрбір сотқа жүгінген азамат «Сот кабинеті» арқылы арыз беру үшін Халыққа қызмет көрсету орталығында электронды цифрлы қолтаңба алуы қажет. Сот кабинеті сервисі арқылы заңды тұлғалардың мемлекеттік баж төлеу мәселесі шешімін тапты, жеке тұлғаның төлем карточкасы арқылы бажды төлеу, сондай ақ төлем құжатының сканерден өткен көшірмесін беру мүмкіндігі бар. «Сот кабинеті» және «Сот құжаттарымен танысу» электронды сервистері Жоғарғы соттың www.sud.kz ресми сайтында іске қосылған. Аталған қызметтерді электронды цифрлы қолтаңбасы бар азамат тұтына алады. Бұл модулде «Сот кабинеті» сервисі арқылы «сот органдарына хат жолдау» механизмі жүзеге асырылған. Хат алмасуға тиімді тәсіл. Аталған сервис сот өндірісінің жеделдігі мен қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Жоғарғы сотының сайтындағы электронды сот құжаттарымен танысуға мүмкіндік береді. Сотқа жүгінген азамат талап арызы тіркелгені туралы талон алады, бірнеше күннен кейін оның ұялы телефонына оның арызы бойынша сот құжаты шыққаны туралы хабарлама келеді. Бұл ретте азаматтар сот құжатын алуға сотқа барып уақытын кетіріп, қаражатын шығындап, әуреге түспейді. Сот жүйесінде қазіргі заманғы технологияларды енгізу және қолдану сот ісін жүргізуді жеңілдетеді, бюрократиялық кедергілерді жояды деп есептеймін.
Д.Кадерқұлқызы, судья
Тұмаудан сақтаныңыз
Жіті респираторлық вирусты инфекциясы (ЖРВИ) мен тұмау әлемдегі ең өзекті медициналық, әлеуметтік, экономикалық мәселенің бірі. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметтеріне сәйкес, жыл сайын әлемде 3-5 млн.-ға жуық адам тұмаудың ауыр түріне шалдығып, 250-500 мың адам көз жұмады.
Аурудың алғашқы белгілері байқалысымен дер кезінде медициналық көмекке жүгінудің маңызы зор. ЖРВИ – түрлі вирус салдарынан пайда болған респираторлық вирустық ауру тобы. Ол жоғарғы тыныс жолдарының зақымдалуымен және ағзаның улануымен сипатталады.
Бүгінгі таңда түрлі топ ЖРВИ қоздырушы 200-ден аса вирустың түрі (парагрипп вирусы, тұмау вирусы, аденовирус, риновирус, энтеровирус, т.б.) бар екені белгілі.
Тұмау – эпидемиялық маңызы бар ЖРВИ түрі. Бұл аурулардың даму белгілерін алғашқы сатысында байқаудың маңызы зор. Себебі, ол дер кезінде тұмауды емдеумен қатар, айығуға көмектеседі. ЖРВИ мен тұмауды емдеудің өз ерекшеліктері бар. Сондықтан, уақытылы дәрігерге жүгіну өте қажет.
Жоғарғы тыныс алу жолдарының шырышты қабаты – инфекция кіретін жол ЖРВИ мен тұмауға ортақ болып табылғандықтан, бұл індеттің де ұқсас белгілері бар. Алайда, тұмау ағыны өткір респираторлық вирустық инфекция ағынынан ерекшеленеді. Тұмауды қалай емдеу қажет? Бұл сауалға жауапты тек маман ғана бере алады. Ешқашан өзіндік ем жасауға тырыспаңыз. Себебі, ЖРВИ мен тұмау белгілері бір-біріне ұқсас.
ЖРВИ-дің алғашқы белгілері пайда болысымен-ақ дәрігерге көрініңіз.
Қалай ескерту қажет?
Екпе жасау – тұмаудың алдын алудағы анағұрлым тиімді әдіс болып табылады. Егер уақытылы екпе жасалса, тұмау вирусын жұқтырғанның өзінде, аурудың ауыр ағымын, сондай-ақ, кейінгі асқынуларын болдырмауға мүмкіндік туады.
Сондай-ақ, ол вирусты жоюшы қорғаушы агенттер «антиденелердің» бөлінуін қамтамасыз етеді. Десе де, ағзаның вирусқа қарсы реакциясы қалыптасып үлгеру үшін екпені індет басталмастан бірнеше ай бұрын жасау керек.
Жыл бойы ағзаны нығайту:
ЖРВИ мен тұмаудың алдын алу үшін жыл бойы, әсіресе, күз бен қыстағы инфекцияның өршу алдында қорғаушы иммундық механизмді нығайту керек.
Алдын алу шаралары:
Ағзаның вирустарға қарсы тұруы үшін саламатты өмір салтын ұстану;
Бетперде тағу, қоғамдық орындарға барған соң қолды тазалап жуу, жөтел кезінде ауызды жабу, ғимаратты жиі тазалау мен желдету сынды санитарлық-гигиеналық режімді ұстану жатады. Бетпердені ауырған адам да, қасындағы азаматтар да тағуы тиіс; Көкөніс, жеміс-жидек немесе құрамында жеткілікті дәрумендер бар басқа өнімдерді, әсіресе, аскорбин қышқылын пайдалану; Адам көп шоғырланған орындарға бармауға, мүмкіндігінше қоғамдық көлікпен емес, жаяу жүруге тырысыңыз. Жөтел мен түшкіру кезінде вирус 10 метр қашықтықтан да таралатынын есте сақтаңыз; Тұмаудың өршу кезінде вирустан қорғанудың маңызды компоненттеріне: дәруменге бай азық-түлікті пайдалану, қажетті мөлшерде су ішу мен тынығу жатады.
А.Ермек,
Сарысу аудандық
санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының
бөлім басшысы