«ҚАЗАҚ ТІЛІ» ЖӘНЕ «ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІ» ПӘНДЕРІ МҰҒАЛІМДЕРІНІҢ БАЗАЛЫҚ ЖӘНЕ ПӘНДІК ҚҰЗЫРЕТТІЛІКТЕРІН ДАМЫТУ.

0

“Қазақ тілі” мен “Қазақ әдебиеті” пәндерін оқытудың теориялық, практикалық және әдістемелік негіздері тұрғысынан пән мұғалімдерінің пәндік құзыреттіліктерін жетілдіруге бағытталған. Атап айтқанда, Мәтін лингвистикасы. Стилистика. Мәтін талдау (тыңдалым/оқылым), Көркем шығарманы оқыту және талдау, әдебиет теориясы. Қазақ тілі пәнінде тіл салаларын оқыту: әдеби тіл нормалары. Жазылым дағдысы: әртүрлі жанрда мәтіндер құрастыру. Айтылым: сөйлеу мәдениеті мен шешендік өнер. Оқырмандық сауаттылық: әртүрлі жанрдағы шығармаларды оқыту.

Осы мақсатта біз «Жамбыл –Өрлеу» Кәсіби даму институтының тренерлері «Қазақ тілі» және «Қазақ әдебиеті» пәні педагогтерінің базалық және пәндік құзыреттіліктерін дамыту 5-9 сынып» педагогтердің біліктілігін арттыру курсына пән мұғалімдері белсене қатысуда. Тәжірибелі, білікті ұстаздармен қатар  жас мамандарда  курста  оқуға  ынталы екені байқалуда.

Курс аясында  «Қазақ тілі» және «Қазақ әдебиеті» пәндері бойынша нормативтік-құқықтық құжаттарды оқыту процесінде қолдану, сөйлеу мәдениеті және шешендік өнер дағдыларын жетілдіре отырып, әртүрлі тақырыпта мәтіндер құрастыру, мәтін лингвистикасына тән ерекшеліктерді ажырату, түрлі жанрдағы тыңдалым және оқылым материалдарына салыстырмалы стилистикалық  талдау жасау, жазылым дағдысын дамытудың әдістері бойынша тапсырмалар дайындау, эссе жазу және шығармашылық жанрдағы жазбаларды құрудың әдістемесін дайындау, тіл білімі салалары және әдеби тіл нормалары бойынша оқу мақсаттарына сәйкес оқыту әдістемесін бағамдау, оқылымның  экстенсивті және интенсивті оқу түрлерін  көркем мәтіндер үшін тиімді қолдану, әдебиет теориясы, сынын зерделеуде қазақ әдебиетінің базалық білімдік мазмұнын оқыту, көркем шығармадағы тарихи шындық пен көркемдік шешімді ажырату бағытында тәжірибе алмасты. Сондай-ақ кәсіби және педагогикалық құзыреттіліктерін жетілдіру үшін Lesson Study технологиясын тиімді қолдануды үйренді.

Курс өту қортындысы бойынша  мұғалімдердің біліктілігін арттыру үшін оқытудың тиімділігін талдау және олардың алған білімдеріне қорытынды бағалау жүргізілді. Ұстаздар  үйренгендерінің  маңыздылығына тоқталып, «Жамбыл — Өрлеу» кәсіби дамыту  институтының көшпелі курстарына ризашылықтарын білдіріп, алғысын айтуда. Біз көшпелі курстар өткізуде ұстаздардың уақытын тиімді пайдалануын, тәжірибемен ұштастырып отыруын назарға алдық.

Гүлхан Аманова,

 «Жамбыл-Өрлеу» кәсіби

дамыту институтының тренері.

Leave A Reply

Your email address will not be published.