АУДАН ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ
Өткен аптаның жұмасы күні ауданымызға «Нұр-Мүбарак» университетінің ұстазы, исламтанушы-теолог, республикалық ақпараттық түсіндіру тобының мүшесі Ризабек Батталұлы арнайы іссапармен ат басын бұрып, аудандық мәдениет үйінде «Дін және қоғам» тақырыбындағы аудан тұрғындарымен кездесу жиынын өткізді.
Жиынды аудан әкімінің орынбасары Еркебұлан Есмаханов ашып, жүргізіп отырды.
Кездесуде Ризабек Батталұлы біте қайнасқан дәстүр мен дін, қазақы тәрбиенің маңыздылығын айтып, жастардың жат идеологияның құрығына түсіп қалмау үшін сақтану шараларын түсіндіріп өтті.
Сондай -ақ дін тұрғысындағы түрлі уағыздарды айтып, кеңінен түсіндірген исламтанушы қоғамның айнасына айналған отбасы тәрбиесі, ата-ана мен баланың бір-бірінің алдындағы міндеттемелері, үлкенге құрмет, кішіпейілділік, әдептілік, адамгершілік қасиеттеріне бағытталған тақырыптарға тереңнен тоқталды.
Жиын соңында діни бірлестіктер мен тұрғындар тарапынан қойылған сауалдарға жауап берді.
С.Есқараев,
«Sarysý»