Өз өлкеңді өзгеден бұрын таны!

0

Шежірелі Сарысу ауданы киелі мекендер мен көрнекі орындарға бай өлке. Тарихи орындарға байланысты айтылатын аңыздары мен оқып, білуге болатын том-том тарихы бар. Туған жердің әрбір тасына дейін қасиетті, киелі.
Осыған орай, үстіміздегі жылы 30 қазан күні Балалар-жасөспірімдер орталығының ұйымдастыруымен «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасын іске асыру аясында оқушылардың күзгі каникул кезіндегі бос уақытын тиімді пайдалану және достықты нығайту, балалардың туған өлкеге, туған жерге деген сүйіспеншіліктерін арттыру, мәдени және рухани мұраны дәріптеу мақсатында ауданның тарихи –танымдық жерлеріне «Өз өлкеңді өзгеден бұрын таны!» атты экскурсиялық саяхат ұйымдастырылды.
Экскурсиялық саяхат барысында орталығымыздың «Қолөнер», «Моншақтар әлемі», «Сөз өнері», «Шет тілі», «Ақпараттық технология», «Робототехника» «Балғын би», «Сахна шеберлігі», «Әріптер әлемі» үйірмелерінен 58 оқушы қамтылды.
Саяхат барысында оқушылар Ысты Тілік баба ескерткіші, Ықылас Дүкенұлы мемориалы, Шоқай датқа Қарабекұлы кесенесі, Күлтөбе аспан асты тарихи орын Т.Мақашев атындағы өлкетану мұражайына саяхат жасай отырып, балалар өз өлкесі туралы барынша толық мағлұмат алып, үлкен әсермен оралды.
Алдағы уақытта орталықтың дарынды, белсенді оқушыларымен Түркістан облысы аумағына саяхат жасау жоспарлануда.

Назира Идрисова,
Балалар-жасөспірімдер орталығының бұқаралық бөлім меңгерушісі

Leave A Reply

Your email address will not be published.