МЕДИЦИНАЛЫҚ ҚАЛДЫҚТАР ТУРАЛЫ

0

Медициналық қалдықтар дегенімізмедициналық қызметтер көрсету және медициналық манипуляциялар жүргізу процесінде түзілетін қалдықтар.

Медициналық қалдықтар адамның денсаулығына және оның тіршілік ету ортасына қауіптілік түрі мен дәрежесіне байланысты бірнеше сыныпқа бөлінеді.

«Б» сыныбындағы медициналық қалдықтарэпидемиологиялық қауіпті медициналық қалдықтар (инфекцияланған және әлеуетті инфекцияланған қалдықтар). Қанмен және басқа да биологиялық сұйықтықтармен ластанған материалдар және аспаптар, заттар. Патологиялықанатомиялық қалдықтар, органикалық операциялық қалдықтар (ағзалар, тіндер). Инфекциялық бөлімшелердің тамақ қалдықтары. Патогендігі III-IV топтардың микроорганизмдерімен жұмыс істейтін микробиологиялық, клиникалықдиагностикалық зертханалардың, фармацевтикалық, иммундықбиологиялық өндірістердің қалдықтары. Виварийлердің биологиялық қалдықтары. Пайдалануға жарамсыз тірі вакциналар. Медициналық қалдықтардың `Б` сыныбы арнайы пештерде өртеу  арқылы жойылады. Медициналық қалдықтарды жою аса ұқыптылық пен жауапкершілікті талап етеді. Себебі қауіпті қалдықтарды жою талапқа сай жүргізілмесе қоқыс жинаушылар, медицина қызметкерлері, пациенттер және жалпы қоғам арасында инфекцияның таралуы нәтижесінде аурудың қайталама берілуіне үлкен қауіп төндіреді. Сарысу ауданында медициналық ұйымдарда пайда болған медициналық қалдықтарды жинау, уақытша сақтау және шығару денсаулық сақтау нысанында қабылданған медициналық қалдықтармен жұмыс істеу кестесіне сәйкес жүргізіледі. Аудан көлеміндегі медициналық ұйымдардың барлығында медициналық қалдықтарды жинауға бір реттік су өтпейтін пакеттер мен сыйымдылықтар қолданылады. Өткір, үшкір қалдықтарды жинау қауіпсіз жою және жинау контейнерлерінде жүзеге асырылады. Медициналық ұйымдардың қалдықтармен жұмыс істеуге жауапты тұлғасы үлгіге сәйкес журналда күнделікті есебін жүргізіп отырады. Сарысу ауданы бойынша медициналық қалдықтарды жоюға арналған пеш-инсенератор Сарысу аудандық орталық ауруханасында орналасқан. Жаңатас қаласы мен ауылдарда орналасқан басқа да медициналық мекемелердің медициналық қалдықтары келісім-шарт негізінде тасымалданып, жойылады. Медициналық қалдықтармен жұмыстың дұрыс  жүргізілуі Сарысу аудандық санитариялық-эпидемиологиялық  бақылау басқармасының тұрақты бақылауында.

Б.Таңатарова,

 аудандық санитариялық-эпидемиологиялық

бақылау басқармасының бас маманы

Leave A Reply

Your email address will not be published.