КОММУНАЛДЫҚ ҚЫЗМЕТТЕР КІМГЕ ҚАЛАЙ ТӨЛЕНЕДІ?

0

Тұрғын үйге байланысты берілетін жәрдемақы халықты  әлеуметтік қорғаудың бір түрі болып табылады.

Тұрғын үй көмегі Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі “Тұрғын үй қатынастары туралы” Заңның 97 бабының 2 тармағын басшылыққа ала отырып  Сарысу аудандық мәслихатының 2020 жылғы 15 маусымдағы № 75-2 “Сарысу ауданы бойынша аз қамтылған отбасыларына (азаматтарға)  тұрғын үй көмегін көрсету Қағидаларын бекіту туралы” шешіміне сәйкес тұрғын үй көмегі жергілікті бюджет қаражаты есебінен Қазақстан Республикасының аумағындағы жалғыз тұрғынжай ретінде меншік құқығында тұрған тұрғынжайда тұрақты тіркелген және тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға), сондай-ақ мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжайды жалдаушыларға (қосымша жалдаушыларға):

кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге жұмсалатын шығыстарға;

коммуналдық қызметтерді және телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтерін тұтынуға;

мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалға алған тұрғынжайды пайдаланғаны үшін шығыстарды төлеуге беріледі.

Аз қамтылған отбасылардың (азаматтардың) тұрғын үй көмегiн есептеуге қабылданатын шығыстары жоғарыда көрсетiлген бағыттардың әрқайсысы бойынша шығыстардың сомасы ретiнде айқындалады.

Тұрғын үй көмегі кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге жұмсалатын шығыстарды, коммуналдық көрсетілетін қызметтерді және телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының өсуі бөлігінде көрсетілетін байланыс қызметтерін тұтынуға, мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалға алған тұрғынжайды пайдаланғаны үшін шығыстарды төлеуге арналған шығыстарға ақы төлеу сомасы мен отбасының (азаматтардың) осы мақсаттарға жұмсайтын шығыстарының жергiлiктi өкiлдi органдар белгiлеген шектi жол берiлетiн деңгейiнiң арасындағы айырма ретiнде айқындалады.

Отбасының шекті ұйғарынды шығындарының үлесі отбасының жиынтық табысының 3 процент мөлшерінде белгіленеді.

Тұрғындар тұрғын үй көмегін  алу үшін Қазақстан Республикасы

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің  2020 жылғы 16 қазандағы  № 539 бұйрығына 1 қосымша мен бекітілген «Тұрғын үй көмегін тағайындау» мемлекеттік қызмет қөрсету жөніндегі қағидаларға сәйкес  өтінішттерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы комерциялық емес акционерлік қоғамы арқылы және  «электрондық үкіметтің www.egov.kz веб-порталы  арқылы жүзеге асырылады.

Жыл басынан «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы арқылы  бөлімге 304 өтініш тіркелді. Тұрғын үй көмегіне 2022 жылға барлығы 5000,0 мың теңге қаржы қаралды. 01.08.2022 жылға қаралған қаржының 37%, яғни 1850,8 мың теңге — 149  отбасына оның ішінде 503 адамға тағайындалып төленді.

Аудандық мәслихатының 2021 жылғы 31 желтоқсандағы № 19-4 шешіммен Сарысу ауданының ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария   ұйымдарының мамандарына бюджет қаражаты есебінен коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсету қағидалары мен мөлшері бекітілген. Әлеуметтік қолдау мемлекеттік ұйымдардың бірінші басшыларымен бекітілген жинақ тізім негізінде, алушылардан өтініш талап етілмей, екінші деңгейдегі банктер арқылы жылына бір рет бюджет қаражаты есебінен 4 (төрт) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде көрсетіледі.

Жыл басынан осы көмек 1405 маманға 17347,4 мың теңгеге тағайындалып төленді. Оның ішінде: денсаулық сақтау саласы -142 маман 1739,8 мың теңге, әлеуметтік қамсыздандыру -5 маман-61,3 мың теңге, білім -1129 маман -13940,1 мың теңге, мәдениет  -75 маман – 954,0 мың теңге, спорт – 54 маман – 652,2 теңге.

Сарысу ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту 

және әлеуметтік бағдарламар бөлімі

Leave A Reply

Your email address will not be published.