«АБАЙ-ДАНА, АБАЙ-ДАРА ҚАЗАҚТА»

0

Қазақтың бас ақыны, дархан халқымыздың бойтұмары, аты әлемге әйгілі Абай атамыз жайлы білмейтін қазақ жоқ шығар, сірә?!

Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Абай және ХХI ғасырдағы Қазақстан» атты мақаласында» Біз елді, ұлтты Абайша сүюді үйренуіміз керек» деген сөзін алғышарт етіп, өскелең ұрпақ бойына адасқанда шамшырақ, ақылдыға бағыт-бағдар берер қарасөздерін ой тереңіне тоқып, сусындап өсуіне баса мән беруіміз керек. Осы мақсатта балалар-жасөспірім- дер орталығында «Абай күніне» орай, «Абай-дана, Абай -дара қазақта» атты кеш өтті.

Оқушылар көптеген логикалық сұрақтарға жауап беріп, өлеңдерін оқып, әуелете әндерін шырқап, қарасөздерін жатқа айтудан жарысты. Іс-шара соңында белсенді оқушыларға сыйлықтар үлестіріп, Алғыс хаттармен марапатталды.

Келешектің тұтқасы білімді ұрпақта

Тағылымды тәрбие – бала болашағының іргетасы. Қазақтың қара домалақ балалары әлемдік деңгейде ел мерейін асыруда. Қарапайым ауылдан шыққан талай баланың жұлдызы жанып, қабілетімен дарындылар қатарына қосылды. Иә, қай кезде де мемлекет баланың үздіксіз дамуына инвестиция құюды тоқтатпайды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың пәрменімен «2022 жыл – Балалар жылы» деп аталды. Яғни, барыс жылында ел ертеңі – өскелең ұрпақты қолдауға айрықша көңіл бөлінеді.

Осыған орай 1 тамыздан бастап, «Балалар жылы»аясында балалар-жасөспірімдер орталығында «Біз бақытты баламыз» атты жазғы  лагерь өтілуде.

Мақсаты: балалардың демалыс күндерін тиімді ұйымдастыру.

Лагерге келген оқушыларды қызықтыру үшін, әр үйірме жетекшілері күнделікті түрлі іс-шаралар, байқаулар, ойындар, спорттық жарыстар ұйымдастырып  өткізуде. Әр аптаның соңында белсенді оқушылар бағалы сыйлықтармен марапатталып отырады.

Г.Бұзауова,

«Жас журналист» үйірме жетекшісі

Leave A Reply

Your email address will not be published.