ҚАМҚОРЛЫҚТЫҢ ҚАЙЫРЫН ӨЗІҢ КӨРЕСІҢ
Әлеуметтік жағынан қорғалмаған отбасы балаларына қолдау көрсету мақсатында дәстүрге айналған «Мектепке жол» республикалық акциясы биыл «Шекарасыз жақсылық!» ұранымен 2022 жылдың 1 тамызы мен 30 қыркүйек аралығында Балтабай Адамбаев атындағы тірек орта мектебінде ұйымдастырылды.
Акцияның мақсаты жаңа оқу жылына дайындық барысында аз қамтамасыз етілген және көпбалалы, жетім және жартылай жетім отбасы балаларына қолдау көрсету, баланың әлеуметтік себептермен мектепке келмей қалуының алдын алу болып табылады.
Акция шеңберінде балалар мектеп формалары мен оқуға қажетті оқу-құралдары және спорттық киімдермен қамтамасыз етілді. Мектеп ұжымынан құралған әр пән бірлестіктері бірігіп аз қамтамасыз етілген және көпбалалы, жетім және жартылай жетім отбасынан шыққан әр оқушыға мектеп формалары мен оқуға қажетті сумкасы, оқу-құралдарын және спорттық киімдермен қамтамасыз етіп көмектерін көрсетті.
Атап айтар болсақ, «Ана тілі» пән бірлестігі оқушы Ергешбай Рәтайға 20 мың теңге, «Орыс тілі» бірлестігі оқушы Шубай Мерейге 20 мың теңге, «Бастауыш сынып» бірлестігі 5 оқушыға 40 мың теңге көлемінде сумка, оқуға қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз етті. (Е.Балтабай, Д.Күшікбай, Г.Сәрсенбек Н.Бекберген, А.Нұртай) «Жаратылыстану» бірлестігі көпбалалы отбасынан шыққан 2 ә сынып оқушысы Балғабай Аңсағанға 20 мың теңге, «Математика информатика» әдістемелік пән бірлестігі оқушы Шубай Меруертке 20 мың теңге, «Қоғамдық пәндер және өзін-өзі тану» пән бірлестігі Майтон Нурисламға 18 мың теңге, «Эстетикалық пәндер» бірлестігі оқушы Мелс Абдурахимге 20 мың теңге, Дене шынықтыру бірлестігі оқушы Нұрболатұлы Азатқа 18 мың теңге, «Ағылшын» пән бірлестігі оқушы Оралбай Каусарға сумка, оқуға қажетті құралдармен демеушілік жасады. Тарих пәні мұғалімі Орынтаев Нұртай ағай көпбалалы отбасы баласы Бақтиярқызы Әселге 15 мың теңге, Математика пәні мұғалімі Дөненбаева Гүлжамал апай оқушы Амит Нұрайға 8 мың теңге көлемінде сумка, оқуға қажетті құралдармен демеушілік көрсетті.
Сонымен қатар, ауылымызда жеке кәсіпкер Исаева Гульмира көпбалалы отбасы баласы Амангелді Аялаға 19 мың теңге, жеке кәсіпкер Ябекова Амина көпбалалы отбасынан шыққан оқушы Сәкенқызы Інжуге 18 мың теңге көлемінде көмек көрсетті.
«Мектепке жол» акциясы мектебімізде жоғары деңгейде үлкен жауапкершілікпен өтті. Мектеп ұжымы мен кәсіпкерлерге ата-аналардың алғыстары шексіз!
Г.Жарылқапова,
Б.Адамбаев атындағы тірек орта
мектебінің әлеуметтік педагогы
Жақсылық жасап үйренейік
Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевтың биылғы жылды «Балалар жылы» деп жариялауында үлкен мән жатыр, өскелең ұрпақтың болашағына баса назар аудару керек, балаларды қорғау үшін денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қолдау бағытында түрлі шаралар қолға алыну керек деген.
Соған орай Досбол орта мектебінде Республикалық «Мектепке жол» акциясы аясында әлеуметтік педагог Ж.Ибадилдаеваның ұйымдастыруымен «Мектепке жол-шекарасыз жақсылық!» ұранымен қайырымдылық акциясы болып өтті.
Акцияның мақсатыаз қамтылған, көп балалы отбасынан шыққан, ата–ананың қамқорлығынсыз қалған балаларға көмек көрсету. Осы акция аясында кәсіпкер жаны жомарт жан Наханов Талғат Кәрібекұлы бір оқушыға 50000 (елу мың) теңге көлемінде көмек көрсетіп оқу құралдарын алып берді.Өзі еңбек етіп отырған шаруа қожалығындағы малшы, жұмысшы балаларына жыл сайын көмек көрсетіп,демеушілік етіп келеді. Қайырымды ,жаны жомарт жанға ата-аналар дән риза.
Қайырымдылық акциясында мектеп мұғалімдеріде қалыс қалған жоқ, көп балалы отбасы балаларына көмек қолын созып, киім-кешек, оқу құралдарын алып берді. Алдағы уақытта бұл үрдіс жалғасын тауып, қайырымдылық акциясы жалғаса бермек.
Балаларға ерекше назар аударып, жақсылық жасай білейік, себебі олар еліміздің ертеңі, болашағы.
К.Алтынбекова,
қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі