СОТ КАБИНЕТІ СЕРВИСІНІҢ ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕРІ

0

Сот кабинетісот құрылымында қолға алынған заманауи технологияның бірі. Электронды формат ең алдымен халыққа сот жүйесінің қолжетімділігі мен ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында жасалып отыр. Осы «кабинет» арқылы сотқа электронды түрде талапарыз, шағым, өтініш беруге, мемлекеттік баж салығын онлайн режімде төлеуге, сот құжаттары мен жалпы сот ісіне қатысты барлық құжатты қадағалап отыруға болады.

Сот кабинетінің мақсаты – азаматтар мен уәкілетті органдарға Сот кабинеті сервисінің жаңа мүмкіндіктерін, қолдану барысын түсіндіру. IOS мобильдік платформасындағы «Сот кабинеті» мобильдік қосымшасы – IOS, Android және Windows Phone мобильдік қосымшасы сервистерінің интерфейстерін сипаттайды.

Пайдаланушыларды мобильдік қосымшада тіркеу сервисінің веб нұсқасына қарағанда өзіндік артықшылықтары да бар. Тіркелу үшін пайдаланушы келісіміне алдын ала қол қойып, азамат өзінің ЖСН және ұялы телефон нөмірлерін көрсетсе де жеткілікті. Көрсетілген ұялы телефон нөмеріне қосымшаға кіру үшін хабарлама арқылы құпия сөз келеді.

Сонымен қатар осы сервисті пайдаланушыларға «көмек» көрсету бағыты енгізілген. Онда сот кабинетін пайдалану бойынша нұсқаулық, сот кабинетімен жұмыс істеу жөніндегі анықтама, «Сот кабинеті» мобильді қосымшасының пайдаланушы нұсқаулығы және «Пайдалы сілтемелері» сервисі ұсынылған. «Сот кабинеті» веб-нұсқасымен «Сот кабинетінің мобильдік нұсқасы» қосымшасында жаңалықтар, істерді қарау тізімдері, тапсырылған құжаттар, хабарландырулар, сот процесі қатысушыларының күнтізбесі және чат сервистері үйлестірілген.

Сот кабинетінің мобильді қосымшасындағы жаңалықтар сервисі істерді қарауға, нақты сот органы бойынша таңдап алу мүмкіндігімен тағайындалған сот отырыстары туралы ақпаратты (өткізу күнін, орнын, уақытын) онлайн режімде табуға; тапсырылған құжаттар сервисі осы қосымшаны пайдаланушыға мобильдік қондырғыға жүктеу мүмкіндігімен сот органдарына Сот кабинеті веб сервисі арқылы жолданған барлық құжаттарды көруге; хабарлау сервисі – пайдаланушыға сот органдарына берген сот құжаттарының мәртебесін бақылап отыруға; сот процесі қатысушыларының күнтізбесі сервис, күнтізбеге оқиғаларды қосуға, сондай-ақ сіз процесс қатысушысы болып табылатын сот отырыстары туралы мәліметтерді көрсетуге; чат сервисі қосымша пайдаланушыларына мәтіндік хабарламалармен алмасуға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар сот кабинетін пайдаланушы «Іс құжаттары бойынша құжаттар» бөлімі арқылы пікір, қарсы талап арыз, сот процесінің хаттамасына ескертулер, атқару парағын жолдау туралы өтініш, атқару парағының телнұсқасын беру туралы арыз, сот актілерінің көшірмелерін беру туралы арыз және осы секілді басқа да өтініштерді бере алады.

Сот актілерін орындамау жауапкершілікті көздейді

Сот билігінің абыройы тек қана сот актілерін шығарған кезде азаматтар мен заңды тұлғалардың қаншалықты құқықтары қорғалғанын да ғана емес, сонымен қатар берілген актінің толық және уақытында орындалуына байланысты өлшенеді. Қабылданған әрбір сот актілері тұрақты түрде орындалуықұқықтық мемлекеттің ең басты көрсеткіші. Себебі, сот шешімі соңғы шешім әрі мемлекеттің шешімі секілді алып күш.

Заңды күшіне енген сот шешімдері, сондай-ақ соттар мен судьялардың заңды өкімдері мен басқа да жолданыстары барлық мемлекеттік органдар, жергілікті өзін-өзі басқару органдары,қоғамдық бірлестіктер,басқа да заңды тұлғалар, лауазымды адамдар мен азаматтар үшін бірдей міндетті және Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында мүлтіксіз орындауға тиіс.

Бұл жөнінде заңымызда «Шешім дереу орындалатын жағдайларды қоспағанда, заңды күшіне енгеннен кейін орындауға жіберіледі»-деп көрсетілген. Соттың шешімі заңды күшіне енгеннен кейін атқару парағы жазылып беріледі. Мүлік тәркіленген,мемлекет кірісіне өндіріп алынған,сондай-ақ қылмыспен келтірілген нұсқан өндіріліп алынған,алименттер өндіріп алынған,тарапы мемлекет болып табылатын мертігуден немесе денсаулыққа өзге зақым келуден, асыраушысынан айырылудан келтірілген зиянның орны толтырылған жағдайда, сот өз бастамасымен ол жазылып берілген күннен кешіктірмей атқару құжатын аумағы бойынша тиісті әділет органына орындауға жібереді. Яғни, ықпалды, тиісті органдарға уақытылы, дер кезінде жөнелтілу қаралған. Соттың дереу орындалуға тиісті шешімі бойынша атқару парағы шешім шығарлығаннан күннен кейінгі жұмыс күннен кешіктірілмей жазылып орындауға жолданады. Бұл уақыт ешқашан бұзылмауы керек, ол да қатаң бақыланады. Ал, енді, атқару парағы жөнінде айта кетсек, атқару парағын бірінші сатыдағы сот шешім заңды күшіне енген немесе іс жоғары тұрған соттан қайтарылған күннен бастап үш жұмыс күн ішінде жазып жолдайды. Атқару құжаты судьяның электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландыратын электрондық атқару құжаты нысанында жазылып берілуі мүмкін деп көрсеткен.

Заңымызда яғни ҚР Азаматтық процестік кодексінің 21 бабының 2,3 тармақтарына сәйкес, заңды күшіне енген сот актілері, сондай-ақ сот төрелігін жүргізу кезінде соттар мен судьялардың сұрау салуларына жауап беру барлық мемлекеттік органдар үшін міндетті. Сонымен бірге сот актілерін орындамау, сол сияқты құрметтемеудің өзге де көрінісі заңда көзделген жауаптылыққа әкеп соғады.Борышкерлердің  жауапсыздығы сот шешімдерінің орындалмауының негізгі себебі болып табылады, олар сот шешімдерін орындамау заңмен қарастырылған әкімшілік жауапкершілікке алып келетіндігін түсінбейді.ҚР ӘҚБтК-нің 669 бабымен сот үкiмiн, сот шешiмiн немесе өзге де сот актiсiн және атқарушылық құжатты орындамау,жеке тұлғаларға – бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде не бес тәулікке дейін әкімшілік қамаққа алуға, лауазымды адамдарға, жекеше нотариустарға, жеке сот орындаушыларына, адвокаттарға – жиырма айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға немесе бес тәулікке дейін әкімшілік қамаққа алуға, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – отыз, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – қырық, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады. Сондықтан, әр азамат сот актілерін бұлжытпай, уақытылы орындау міндетіміз деп білуі тиіс.

Г.Несіпбекова,

аудандық соттың кеңсе меңгерушісі

Leave A Reply

Your email address will not be published.