ИГІЛІК АСПАНЫ ӘСЕМ ӘУЕНГЕ БӨЛЕНДІ

0

Тұрғындардың демалыс күндерін тиімді өткізу, қазақтың мәденирухани бай мұраларын кеңінен насихаттау мақсатында Әр апта сайын Ауылдық округ өнерпаздары  өнерлерін халық назарына ұсынуда. Осыған орай Игілік ауылдық округінде «Ауылымалтын бесігім» тақырыбында мәдениет және өнер фестивалі өтті.

Іс-шарада ақсақалдар құттықтау сөз сөйлеп, өнерпаздарға сәттілік тіледі.

Іс-шарада Игілік ауылдық балалар өнер мектебінің ұстаздары мен оқушыларының орындауындағы ұлтымыздың асыл мұрасына айналған қазақтың қара домбырасының үнімен Жамағат Хафизұлының «Бақтыбайдың әуені», халық әні «Беу, айдай», Құрманғазының «Балбырауын», Нұрғиса Тілендиевтің «Аққулар», Әбдімомын Желдібаевтың «Еркесылқым»,  күйі күмбірлеп, патриоттық тақырыптардағы «Туған жер», «Ауылым», «Бір ел болса», «Қазақтай ел қайда?», «Атамекен» әндерімен Игілік аспанын әсем әуенге бөледі.

Сондай-ақ  өнер күнінде  бишілер  қазақ, ұйғыр, өзбек  ұлттарының биін  мың бұрала билеп, шеберліктерін ортаға салды.

Өнерпаздардың өнерлері көпшіліктің көзайымына айналалып, рухани азық сыйлады.

«Sarysý-Aqparat»

Leave A Reply

Your email address will not be published.