Рухани жаңғыру- мәңгілік ел болуға бастар жол

0

Саудакент ауылдық кітапханасында «Рухани жаңғыру-мәңгілік ел болуға бастар жол»атты дөңгелек үстел болып өтті. Рухани жаңғырудың негізгі өзегі құндылықтар, рухани қазына, жастарды тәрбиелеу, олардың бойына патриоттық рухты сіңіре білу жұмысында рухани салаға басымдық берудің қажеттілігін алға қойып отыр. Бұл дегеніміз ұлтымыздың барлық ұлттық салт-дәстүрлерін, мемлекеттік тіліміз бен әдебиетімізді, мәдениетімізді, ұлттық рухымызды жаңғырту деген асыл ұғымға келіп саяды. Сол мақсатта өткен кешке Б.Қашқынбаев атындағы орта мектебінің мұғалімдері мен оқушылары және ауыл тұрғындары қатысты. Кешті жүргізген кітапхана меңгерушісі Күлшат Тұрмаханова «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласына кеңінен тоқталып өтсе, мектеп мұгалімі З.Бөпежанова және кітапхананың тұрақты оқырмандары өз ойларын ортаға салды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.