АУДАН ӘКІМІ М.СҰЛТАНҒАЛИЕВТІҢ 1 МАУСЫМ — ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАЛАЛАРДЫ ҚОРҒАУ КҮНІМЕН ҚҰТТЫҚТАУЫ

0

Құрметті аудан тұрғындары!

Құрметті жас достар!

1 маусым — біздің елімізде, әлемнің басқа да елдеріндегідей Балаларды қорғау күні екені белгілі.

Бұл мереке барлық ересектерге өсіп келе жатқан жастардың, балалардың тағдыры мен болашағына деген жауапкершілікті еске салуға арналған.

Бала – біздің болашағымыз, сол себепті біз балаларымыздың қалыпты өмір сүруі үшін, олардың құқықтары сенімді қорғалуы үшін қажетті жағдайдың бәрін жасауға міндеттіміз.

Бұл бағытта Мемлекет басшысы — Қасым-Жомарт Тоқаев өз сөзінде жастарға үміт артатынын, өскелең ұрпаққа жол ашу үшін барлық жағдайды жасаудың қажеттілігін атап өтіп, 2022 жылды «Балалар жылы» деп жариялаған болатын.

«Балаларға ерекше назар аудару керек. Себебі олардың амандығы – мемлекетіміздің жарқын болашағының сенімді кепілі. «Өскелең ұрпақтың үйлесімді дамуы мен бақытты балалық – бұл біздің жалпыұлттық міндетіміз, – деп атап өтті Президент.

Мемлекет басшысы барлық билік органдары назарын жас буынды тәрбиелеуге, олардың барлық өзекті мәселелерін шешуге, әлеуметтік базаны нығайтып, дамытуға, барлық салаларда жас дарындарды қолдауға, ата-ананың аялы алақаны мен жүрек жылуынан айырылған балаларға, мүгедек балаларға ерекше көмек көрсетуге аударып келеді.

Біздің ауданда да экономиканы дамытумен қатар әлеуметтік мәселелер де шешіліп келеді. Қазіргі заманғы құрал-жабдықтармен жарақтандырылған, балалар сапалы білім мен тәрбие ала алатын білім ошақтары қызмет атқаруда.

Осынау жаймашуақ жаздың алғашқы күнінде біздің ауданымызда Балаларды қорғау күніне арналған алуан түрлі іс-шаралар өткізілуде.

Балаларға деген қамқорлық тек осы күндерде ғана емес, үнемі көрсетілгені дұрыс. Сонда ғана біздің балаларымыз еліміздің ертеңі, тәуелсіз Қазақстанның мықты азаматтары болып шығады.

Сіздерге зор денсаулық, баянды бақыт және құт-береке тілейміз!

Leave A Reply

Your email address will not be published.