Ұсыныс- пікірлер айтылды

0

Мемлекет басшысы Қасым – Жомарт Тоқаевтың «Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы» Жарлығына сәйкес, барлық деңгейдегі әкімдердің 2026 жылға арналған жоспарына сәйкес, аудан әкімі С.Мамытовтың Қамқалы ауылдық округіне қарасты Жайлаукөл ауылында халықпен есеп беру жиыны өтті.

Жиынға аудандық билер кеңесінің төрағасы Қалмырза Жандарбек, аудандық қоғамдық кеңестің төрағасы Сахарап Қырғызбаев, аудандық құқық қорғау органдары саласының өкілдері, аудан әкімдігінің салалық мекеме, бөлім басшылары мен ауыл тұрғындары қатысты.
Жайлаукөл ауылында өткен есепті кездесуде Сәкен Мамытов 2025 жылы ауданда атқарылған жұмыстар мен алдағы атқарылатын жұмыс жоспарлары туралы есебіне баяндама жасады.
Өткен есептік кездесуде тұрғындар тарапынан көтерілген мәселелердің шешілу барысы туралы айтылды.
Жиында тұрғындар жарыссөзге шығып, 2,5 пайыздық несие алу, жайылымдылық жерлерді зерделеу мәселесі, ауылдағы амбулаторияға жедел жәрдем көлігі қажеттігі айтылды. Ауыл тұрғындарының ұсыныс-пікірлерін тындаған аудан басшысы С. Мамытов әр сұраққа жауап беріп, ең алдымен халықтың ұсыныстарын шешуге жұмыс жасалатындығын жеткізді. Жиын соңында ауыл тұрғындары атқарылған жұмыстарға оң бағасын беріп, алдағы жұмыстарға сәттілік тіледі.
Одан кейін аудан әкімінің есептік жиналысы Дос­бол ауылдық округінде жалғасын тапты. Аудан әкімі Сәкен Мамытов округ тұрғындарымен кездесті. Кездесу жиынында аудан басшысы сөз алып, ауданда өткен жылы атқарылған жұмыстарға жан-жақты тоқталды. Сондай-ақ алдағы жылдар ішінде атқарылатын жұмыстарды тілге тиек етті. Сонымен қатар, Досбол ауылдық округінде де жүзеге асқан жобалар мен алдағы округте жоспарланған жұмыстарға тоқталды.
Кездесуде ауыл тұрғындары Үлкен, Кіші Көкдала ауылдарына сексеуіл отынын кіргізуге рұқсат ету, Досбол — Тараз бағытындағы автобус сенбі — жексенбі күндері Шағалалы елдімекеніне де қатынаса, ауылдағы дәрігерлік пункттің жағдайы, Досболдағы көпірді қайта қалпына келтіру мәселелерін көтерді.
Есептік кездесу барысында аудан басшысы көтерілген мәселелердің шешімін табуға ықпал ететінін жеткізді.
Ауылдың тыныс-тіршілігін толықтай камтыған жиында шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту мен қолдау мақсатында қолға алынған жұмыстар да қамтылды. Ауыл тұрғындары аудан әкімінің есепті баяндамасын талқылауда белсенділік танытты. Тұрғындар тарапынан айтылған орын-ды ұсыныстар, құнды ой-пікірлер ауылдарды көркейтуге бағытталған. Әрі нақты жауаптар кайтарылып отырды. Аудан әкіміне алдағы ел игілігіне арналған жоспарларына сәттілік тіледі. Кездесу соңында Сәкен Үмбетұлы жеке мәселе бойынша қабылдау өткізді.
Сонымен қатар Тоғызкент ауылдық округінде аудан әкімі Сәкен Мамытов округ тұрғындарымен кездесу жиынын өткізді.
Жиында күн тәртібіндегі мәселе бойынша «2025 жылы атқарған жұмыстары» туралы есебіне баяндама жасады.
Барша тұрғындардың берекелі тірлігінің арқасында ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуының барлық саласында он динамика қалыптасты.
«Ауыл аманаты» пилоттық жобасы, кәсіпкерлік саласы, ірі компаниялар мен инвестициялық жобалар, тұрғын үй бойынша, құрылыс жұмыстары, инженерлік-коммуникациялык инфрақұрылым, елді мекендерді ауыз сумен қамту, автокөлік жолдары, елді мекендерді газдандыру, аудандағы әлеуметтік сала, бюджеттік-инвестициялық жобалар, мобильді байланыс және интернет туралы, жолаушылар тасымалы және жарықтандыру бойынша тоқталып өтті.
Есептік кездесуде тұрғындар тарапынан Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкестігін анықтау мақсатында, жер үлестерінің бөлінуі мен берілуіне қатысты мәселелерді заң аясында зерделеу, Әбілда ауылының ішкі жолына күрделі жөндеу жүргізу, елдімекендегі дәрігер тапшылығы туралы өзекті мәселелер айтылды.
Бұл сұраққа аудан басшысы көтерілген мәселелер бойынша жүмыстар жүргізілетіндігін жеткізіп, бақылауға алып, жұмыс жасау үшін жауапты мекеме басшыларына тапсырмалар берді. Биылғы жылы да аудан тұрғындарының әлеуетін арттыруға бағытталған ауқымды жүмыстарды бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығара отырып, бірлесе атқару керектігін айтты. Ауыл тұрғындары ауданда атқарылып жатқан жұмыстарға оң бағасын берді. Жиын сонында азаматтарға жеке мәселелерімен қабылдау өткізді.

Сәулет ЕСҚАРА, «Sarysý»

Leave A Reply

Your email address will not be published.