АУЫЛДЫҚТАРДЫң ҚУАНЫШЫ

0

Қазақстан озық отыз елдің қатарына қосылу мақсатында цифрлық технологияларды меңгеру межесін алға қойды.

Өйткені әлем елдері цифрландыруға мән беріп, салаларды сандық технологияға бейімдеуде. Ол үшін жоғары жылдамдықты интернетті кәдеге жаратып, телекоммуникациялық инфрақұрылымның өрісін кеңейте түсуіміз шарт.

Бүгінде аудан бойынша барлық елді мекендер ғаламтор желісіне қосыла бастады. Цифрлық технологияларды дамытудың басты мақсаты – халықтың қолжетімділігін арттыру.

Көптен күткен Түркістан ауылдық округіне қарасты Үшбас ауылына 3G интернет желісі келді. Ауылдықтардың қуанышы шексіз.

 «Ғаламтордан қалыс қалып, қоғамда болып жатқан жаңалықтардан қол үздік» деген ауыл тұрғындарының қуанышында шек жоқ. Осыған дейін ауылдағы ата- аналар карантин уақытысында мектеп жастағы балаларының онлайн сабаққа жөнді қатыса алмайтындығын айтып, шағымданып келген. Бұл туралы Jambyl  телеарнасының «Уәде мен үде» бағдарламасында қозғалған. Осы орайда тиісті министрліктің «Мемлекеттік – жекеменшік әріптестік» жобасы аясында  ұялы операторының базалық кеңжолақты жүйесі аталған ауылдық округке де жеткенін қуанышпен айтамыз.

«ACTIV» байланыс операторының елді мекендерге байланыс желісін орнатудағы шарты халық саны 250 адамнан асу болса, Үшбас ауылындағы адам саны 170 адамды құрайды. Бұл олқылықты ауыл тұрғындары байланыс мұнарасын  және электр энергиясына қажетті бағандарды өз күштерімен (жеке қаржыларына) орнату себепті орындалды. Ал, ауылдықтар болса араға жыл салмай ауылдық округ әкімінің халық алдында берген уәдесінде тұрып, «Көп тілегін — көл» етіп отырғандығын айтып риза.

ТҮРКІСТАН АУЫЛДЫҚ ОКРУГІ ӘКІМІНІҢ АППАРАТЫ

Leave A Reply

Your email address will not be published.